5-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:
1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;
2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;
8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;
9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;
10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
«8-бап. Миссионерлік қызмет
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.
2. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары құжаттар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.
3. Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
4. Миссионерлер тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдарға мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін;
2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiшті;
3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесiн;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай құжаттарды:
1) миссионер өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын қосымша ұсынады.
Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс
тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының төлнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
5. Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды дінтану сараптамасының теріс қорытындысы негізінде, сондай-ақ, егер олардың миссионерлік қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады.
6. Миссионерлердің діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін жол беріледі.»;
2) 15-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға дінтану сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарына тексеру үшін діни бірлестіктер құруға бастамашы азаматтар тізімдерінің көшірмелерін жібереді.»;
3) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілген мерзім өткен соң өздерінің құрылтай құжаттарын осы Заңның талаптарына сәйкес келтірмеген заңды тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтініші бойынша сот тәртібімен таратылады.».
52. «Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат):
1-баптың 10) тармақшасындағы «және экономикалық» деген сөздер «, экономикалық және бюджеттік» деген сөздермен ауыстырылсын.
53. «Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 6-құжат):
13-баптың 4-тармағындағы «бюджеттік» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 50-тармағы 10) тармақшасының он бірінші абзацын және 22) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы маусымның 13-і.
№ 102-V