1-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
16-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
3) тармақшадағы «айқындайтын көлемде және тәртіппен өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәлiметтер беруге мiндеттi.» деген сөздер «айқындайтын тәртіппен өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беруге;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) өз қызметі процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сақтаудың, қорғаудың және сақталуының тиісті режимін қамтамасыз етуге міндетті.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3, 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберуі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының санкциясымен жүзеге асырылады.
Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген істер мен материалдар бойынша сұрау салуды жібереді.
4. Күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсыну қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
5. Уәкілетті органның қаржы мониторингіне жататын операция туралы, оның ішінде күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
16-тармақтың 11) тармақшасының он төртінші абзацы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
6. Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырып, кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгіленген мерзімде міндетті түрде уәкілетті органға ұсынады.»;
12) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты беру шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша, ол сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда қолданылмайтын не уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін шартпен жүзеге асырылады.
Шет мемлекеттің құзыретті органдарына заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты беру, егер ол адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғамаса және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтірмесе, жүзеге асырылады.».
17-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат):
16-баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде:
8) тармақшадағы «болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн тексерулердi қоспағанда, осы орган тексерiлетiн әрбiр субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерулердi қоспағанда, осы орган тексерiлетiн әрбiр субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.».
18. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат):
30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заң, шет мемлекеттердің және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы әуе кемелерімен транзитіне тыйым салу бөлігінде 20-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шет мемлекеттердің және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы әуе кемелерімен транзитіне тыйым салу бөлігінде осы Заңның 20-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 5) және 7) тармақшаларын, 11-тармағының 3) тармақшасын, 16-тармағының 3) тармақшасын, 5) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарын, 6) тармақшасын, 11) тармақшасының бесінші және он төртінші абзацтарын;
2) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларын, 6-тармағын, 11-тармағы 1) тармақшасының бірінші - бесінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 17-тармағын;
3) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы маусымның 21-і.
№ 19-V