14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Оралман мәртебесiнiң тоқтатылуы
Оралман мәртебесi:
1) оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн;
2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылған жағдайда;
3) егер ол Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш бермеген болса, оралман мәртебесiн алған күннен бастап жеті жыл өткен соң;
4) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың iшiнде оралман мәртебесін алған кезде қоныстану үшiн белгiленген өңiрден тыс жерге оралман өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi көшiп-қонған жағдайда тоқтатылады.»;
15) 26-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «және (немесе) оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзу» деген сөздер алып тасталсын;
16) 34-баптың 3) тармақшасындағы «көшіп келушілер.» деген сөздер «көшіп келушілер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) еңбекші көшіп келушілер - еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер.»;
17) мынадай мазмұндағы 43-1 және 43-2-баптармен толықтырылсын:
«43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары
Еңбекші көшіп келушілердің мынадай талаптарға сай келуі:
1) Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімде визасыз болу мүмкіндігін көздейтін визасыз келу және болу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдердің азаматтары болып табылуы;
2) кәмелеттік жаста болуы;
3) еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан кету үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсынуы;
4) соттылығының бар не жоқ екендігінің растамасын ұсынуы;
5) таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі болатын ауруларының жоқ екендігін растайтын медициналық анықтамасын ұсынуы;
6) медициналық сақтандыруының болуы тиіс.
2. Еңбекші көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді және еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне ұзартады.
Еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үзіліссіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.
43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі
1. Рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріледі және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат берудің ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс.
Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде күнтізбелік отыз күн өткен соң беріледі.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын, сондай-ақ рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі.
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру кезінде еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру жүргізіледі.
2. Еңбекші көшіп келушінің өтініші бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше рет ұзартылады және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат алдыңғы кезеңде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындағанын (қызметтер көрсеткенін), сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат ұзартылатын кезеңге жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде ұзартылады.
3. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайды.
4. Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсат көшіп келушінің жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шартын жасасуы үшін негіз болып табылады.
5. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді.
6. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат еңбекші көшіп келушіге ол берілген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) құқық береді.»;
18) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер
Көшіп келушінің Қазақстан Республикасына келуіне:
1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;
2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
4) егер ол ұлтаралық және дiни араздықты тудырса;
5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
6) егер ол террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілі болса, террористiк немесе экстремистік іс-әрекетi үшiн сотталған болса не оның іс-әрекетін сот аса қауіпті рецидив ретінде таныса;
7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;
8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпеген болса;
9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;
10) егер ол келу туралы өтiнiш хат жолдаған кезде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде тыйым салынады.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген көшіп келушілерге шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
Қабылдаушы тұлғалардың көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағында жүріп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылса, қаралмайды.»;
19) 49-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «оралмандарды немесе» деген сөздер «оралмандарды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген этникалық қазақтарды,» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқан;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың iшiнде оралман мәртебесін алған кезде қоныстандыру үшiн белгiленген өңiрден тыс жерлерге оралман өзiнiң ерiк қалауымен өз бетiнше iшкi көшiп-қонған жағдайда;».
8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат):
12-баптың 3-тармағының 22) тармақшасындағы «жүзеге асыруға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) халықтың көші-қоны саласындағы заңнама талаптарының сақталуына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.».
9. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару органдары арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 9, 51-құжат):
1) 1-баптың 50-тармағы 10) тармақшасының он бірінші абзацы алып тасталсын;
2) 2-баптағы «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 50-тармағы 10) тармақшасының он бiрiншi абзацын және 22) тармақшасын қоспағанда» деген сөздер «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 50-тармағы 22) тармақшасын қоспағанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы желтоқсанның 10-ы.
№ 153-V