3. Осы баптың ережелері мынадай шарттардың біріне сай келетін салық төлеушілерге:
салық төлеуші ретінде тіркелген күннен бастап осы баптың 1-тармағында көзделген өтініш беру күніне дейінгі кезең бес жылдан аз болса;
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және (немесе) есепке жазылған сомаларының салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылғы түзетуді есепке алмай заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициенті уәкілетті орган белгілеген орта салалық мәннен төмен болса, қолданылмайды.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш салық органына өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жылға корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталғанға дейінгі кезеңде табыс етілген кезде салық жүктемесiнiң коэффициенті өтініш беру күніне корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі басталған соңғы күнтізбелік жылға түзетуді есепке алмай, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және (немесе) есепке жазылған сомаларының заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына (дара кәсіпкердің табысына) қатынасы ретінде айқындалады.
4. Егер салық төлеуші (салық агенті) өзіне қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты осы баптың 1-тармағында белгіленген өтінішті беру мерзімін өткізіп алса, онда мұндай салық төлеуші (салық агенті) өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында, осы тармақта көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстің 48-бабы 3-тармағында көрсетілген салық қызметі органына өтініш және қолдаухат табыс етуге құқылы.
Осы тармақтың ережелері ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған уақытта оларды алмастыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Өткізіп алған өтініш беру мерзімін қалпына келтіру туралы қолдаухатқа:
осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын;
осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса беріледі.
5. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту күнтізбелік отыз алты айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі.
6. Салық қызметі органы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай шешімдердің:
1) салық төлеушімен келісілген, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын салық міндеттемесін орындау графигін қоса бере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;
2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту негіздерін көрсете отырып, одан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
7. Салық қызметі органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын осындай шешім қолданылатын мерзім ішінде бекітілген графикке сәйкес ай сайын тең үлестермен төлеуді жүргізуге міндетті.
8. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
9. Салық төлеуші (салық агенті) осы тараудың ережелерін сақтамаған және (немесе) шарттарына сәйкес келмеген жағдайларда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылданады.»;
17) 52-баптың тақырыбы мен 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданысын тоқтату»;
«2. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылады, оның ішінде:
1) салық төлеуші салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың бүкіл сомасын шешімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда;
2) салық төлеуші салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау графигін бұзған жағдайда;
3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салық қызметі органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде мұндай салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық қызметі органы осы Кодекстің 51-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.»;
18) 56-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы баптың 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган бекіткен қағидаларға, осы тарауға және осы Кодекстің 7-1-тарауына сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер осындай арнаулы салық режімі қолданылатын қызмет бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысанда дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салықтық есепке алу саясаты, осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін - бастапқы есепке алу құжаттарын;»;
19) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есепке жазу әдісі - есепке алу әдісі, оған сәйкес операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген, тауарлар мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп жіберілген және берілген күннен бастап танылады.»;
20) 58-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын табыстар пайда болған кезде, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режіміндегі салық міндеттемелерінен бөлек жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық міндеттемелерін есептеп шығару мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.»;
4-тармақтың 21) тармақшасы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
21) 59-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық түрде жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды қоспағанда, осындай құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін табыс етуге міндетті.»;
22) 60-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуге қолданылатын цифрлардың ең үлкен саны.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 5), 9), 10) және 11) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
23) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
«7-1-тарау. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері
60-1-бап. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізуі және салық міндеттемелерін айқындау және орындау тәртібі бөлігінде осы Кодекстің нормаларын қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
1) активтер - дара кәсiпкер бақылап отыратын, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн мүлік;
2) бастапқы есепке алу құжаттары - салықтық есепке алуды жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжат жүзіндегі растамасы;
3) биологиялық актив - ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік;
4) капитал - дара кәсiпкердiң активтерінде барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiн қалатын үлес;
5) материалдық емес актив - физикалық пішіні жоқ, өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға жалға беруге арналған, сәйкестендірілетін ақшалай емес актив;
6) мiндеттеме - дара кәсiпкердiң мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады;
7) негізгі қаражат - материалдық активтер, олар:
тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға жалға беруге арналған;
бір жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуы болжанатын материалдық активтер;
8) табыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң түсуі немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаның жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеледі;
9) тауар-материалдық қорлар - сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте, әкімшілік мақсаттар үшін немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер.
60-2-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары мен оларды жасау жөніндегі талаптар
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер бастапқы есепке алу құжаттарын қолданады, олардың нысандары мен жасау жөніндегі талаптарын уәкілетті орган бекітеді.
2. Салық тіркеліміндегі жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі.
60-3-бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері
1. Дара кәсіпкерлер шетелдік валютамен жасалған операцияларды операция жасалған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағам айырмашылығы салық салу мақсатында ескерілмейді.
2. Салықтық есепке алуда тауар-материалдық қорлар (бұдан әрі - қорлар) оларды дара кәсіпкер не ол уәкілеттік берген тұлға алған кезде, оның ішінде оларды дара кәсіпкер құрамынан өзге де активтерді ауыстыру арқылы негізгі құралдарды бөлшектеу нәтижесінде өндіргеннен кейін өзіндік құны бойынша танылады.
Қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге арналған шығындарды және оларды ағымдағы жай-күйіне жеткізу және ағымдағы орналасу орындарына дейін жеткізіп беру мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.
Сатып алуға арналған шығындар импорт баждарын, салықтарды (өтелетіндерінен басқа), тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстарды және тікелей сатып алуға байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Өнім беруші ұсынған сауда жеңілдіктері, өнім берушінің төлемдерді қайтаруы және өзге де осыған ұқсас жеңілдіктер мен қайтарулар шығындарды айқындаған кезде шегеріп тасталады.
Қорларды қайта өңдеу шығындары шикізатты дайын өнім етіп қайта өңдеумен тікелей байланысты шығындарды, оның ішінде еңбекке ақы төлеуге арналған тікелей шығындарды, сондай-ақ өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.
Салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құны қорлардың осындай бірлігіне осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген нақты шығындар бойынша айқындалады.
Дара кәсіпкер салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құнын орташа өлшемді құн әдісі бойынша айқындауға құқылы. Орташа өлшемді құн әдісі бойынша қорлардың өзіндік құны қорлардың кезең басындағы өзіндік құны мен кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) ұқсас қорлардың өзіндік құнының орташа мәні ретінде айқындалады. Бұл әдісті таңдауды дара кәсіпкер салықтық есепке алу саясатында көрсету арқылы жүзеге асырады.
Тауарлар өндіруді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер қорларды олардың келіп түсуі мен шығып қалуы кезінде салық тіркелімдерінде ескереді, олардың нысанын дара кәсіпкерлер өздері әзірлейді.
Қорлардың ішкі ауыстырылуы арқылы түсуі дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды. Қорлардың ішкі ауыстырылуы деп олардың дара кәсіпкер тағайындаған бір материалдық жауапты тұлғадан сол дара кәсіпкер тағайындаған басқа материалдық жауапты тұлғаға ауысуы түсініледі.
Дара кәсіпкердің қорларды сақтауға немесе алыс-беріс шикізаты ретінде беруі салықтық есепке алу мақсаттары үшін қорлардың шығып қалуы болып табылмайды.
Қорларды сақтауға алуды дара кәсіпкер сақтау шартының негізінде немесе егер дара кәсіпкер қорларды алған және осы қорларды берушілердің төлем талаптары шоттарының акцептінен және оларды төлеуден заңды негізде бас тартқан жағдайда, акцептен бас тарту туралы өтініштің негізінде жүзеге асырады. Осындай қорлардың құны дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды.
Мыналар:
1) актив ретінде тануды, оның ішінде қорларды басқа жаққа өткізген, өтемсіз берген, өндіріс процесінде, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде және басқа да мақсаттарда пайдаланған, жарғылық капиталға жарна ретінде берген кезде, айырбастаған кезде, түгендеу кезінде кемшіліктер анықталған, мүліктер ұрланған, бұзылған, сақтау мерзімдері өткен, моральдық тұрғыдан тозған және өзге де тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан кезде тануды тоқтату;
2) активті қайта сыныптау, оның ішінде негізгі құралдардың, өзге де активтердің құрамына аудару қорлардың шығып қалуы болып табылады.»;
23) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 63-баптың 3-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет туындаған салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда - салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;»;
25) 65-баптың 2-тармағы үшінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруға байланысты есептен шығарылуға жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;»;
4-тармақтың 26) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
26) 66-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып түскен сомасын қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.»;
27) 67-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац пен 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық агенттері, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес (оңайлатылған декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімдерін қолданатындарды қоспағанда) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация:
1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін табыстары;»;
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияларға қосымшалардың нысандары құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың есептелген сомалары, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.»;
28) 69-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40 - 42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салықтық есептілікті кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 37-1, 38, 40 - 43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.»;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы «қате берілген» деген сөздер «табыс етілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық органдары мынадай мерзімдерде:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініші негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - осындай өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
2) салық органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімі негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - хабарламаны орындау үшін көзделген, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы бап осы Кодекстің 276-22-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
29) 70-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.»;
5-тармақтың 3) тармақшасындағы «бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.» деген сөздер «бөлігінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталған салық кезеңіндегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
5) ағымдағы салық кезеңінде 20 қаңтардан кейін - алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
6) ағымдағы салық кезеңінде 20 желтоқсаннан кейін - алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;
7) резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.»;
30) 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушіде осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініш берген күні алдыңғы он екі айлық кезеңдегі мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімдерін бұзу фактісі болған жағдайда қабылданады.»;
31) 72-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: