5-тармақта:
2), 2-1), 5) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
4-тармақтың 120) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«2) шот-фактураның жазып берiлген күні. Шот-фактура электрондық түрде жазып берілген кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактура тіркелген күн жазып берілген күн болып табылады;
2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының тұрған жері көрсетілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының мекенжайы.»;
«5) қосылған құн салығын төлеуші - өнім берушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі;»;
«10) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші немесе алушы заңды тұлға болып табылса, осы тармақтың 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғаның деректемелері көрсетілуге тиіс.
Егер заңды тұлға атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет етсе және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген болса, сондай-ақ егер заңды тұлға атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің алушы болса:
осы тармақтың 2-1), 3), 3-1) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге жол беріледі;
осы тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талаптарды орындау мақсатында құрылымдық бөлімшесі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын қосылған құн салығын төлеуші - заңды тұлғаның қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі көрсетілуге тиіс.»;
7-тармақта:
4-тармақтың 120) тармақшасының отызыншы - отыз үшінші абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және:
қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда - өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтізбелік бес күннен;
электрондық түрде жазып берілген жағдайда - өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтізбелік жеті күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн, коммуналдық қызметтер көрсетудi, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызметтер көрсетудi, вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін көрсетуін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызмет көрсетудi, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазып беріледі.»;
8-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шот-фактура салық төлеушінің бұйрығымен оған уәкілеттік берілген қызметкердің қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін. Бұл ретте бұйрықтың көшірмесі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушылардың көріп-танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге шот-фактураға қол қоюға уәкілетті адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкілетті адам куәландырған көшірмесін беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жүгінген күні орындауға міндетті.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салық төлеуші жазып берген шот-фактураны оның шешімі бойынша заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлімшесінің заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген мөрімен куәландыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және есептік саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізсе, бас бухгалтердің қолының орнына «көзделмеген» деп көрсетіледі.
4-тармақтың 120) тармақшасының қырық жетінші - қырық тоғызыншы абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
Осы тармақтың ережелері электрондық түрде жазып берілген шот-фактураларға қолданылмайды.»;
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6) - 10) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме, сондай-ақ оның атауы қамтылуға тиіс.»;
10, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазып беретін шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомасы енгізілместен, қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы негізінде көрсетіледі.»;
«12. Шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны және қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудің құнын және қосылған құн салығының сомасын шетел валютасымен қосымша көрсетуге тыйым салынбайды.
4-тармақтың 120) тармақшасының елу үшінші - елу бесінші абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
13. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі данада жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушыға беріледі.»;
14-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қағаз жеткізгіште жазып берілген, түзетiлген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бірiнiң болуына:»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:
1) бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, коммуналдық қызмет көрсеткені, байланыс қызметін көрсеткені үшін банктер арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған;
2) әуе көлігінде берілетін электрондық билетті қоспағанда, жолаушы тасымалдау жол жүру билетімен ресімделген;
3) әуе көлігінде берілетін жолаушы тасымалдау электрондық билетпен ресімделген;
4) осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзілген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;
5) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;
6) осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.
16. Осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру туралы талаппен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi осы баптың ережелерiн ескере отырып, бұл талапты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адам арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.
Осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы өнім берушіге осындай өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында әуе көлігімен ұшу фактісін растау үшін өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші:
жеке тұлғаның әуе көлігімен ұшу фактісін растайтын құжатты
немесе
жазып берілуі осы баптың ережелері сақталып, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адамы арқылы әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде жүзеге асырылуға тиіс шот-фактураны тегін жазып беруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураларды жазып беру:
1) осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні және одан кешірек жүзеге асырылады. Бұл ретте шот-фактураларды жазып беру күнімен қатар, қызмет көрсетуді беруші айналым жасалған күні қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;
2) осы баптың 15-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда - тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету өткiзілген орын бойынша жүзеге асырылады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi көрсетiлген сақталмау орын алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактураны жазып беруге мiндеттi, онда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi (қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы қосылмаған) қамтылуға тиiс;
2) мүлiктi қаржы лизингі бойынша сыйақының есепке жазылған сомалары бөлiгiнде қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi, оларда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс.»;
121) 264-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жүк тасымалдауға шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.
Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.
Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік экспедициясы шарты бойынша сыйақының экспедитордың салық салынатын айналымының мөлшеріне қосылатын сомасы шот-фактурада бөлек жолмен жазып көрсетілуге тиіс.»;
4-тармақтың 121) тармақшасының сегізінші - жиырмасыншы абзацтары 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда экспедитор шот-фактураны екі данада жазып бередi.
Шот-фактураның бірінші данасы көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа беріледі.
Шот-фактураның екінші данасы экспедиторда қалады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедиторда тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарттың шеңберінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететін құжаттың болуы міндетті.
Бұл ретте мұндай құжат экспедиторда осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде сақталады.
Құжатта мынадай деректер көрсетілуге тиіс:
1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің шот-фактурасының реттік нөмірі және жазып берiлген күні;
2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы;
4) егер тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;
5) тасымалдаушы және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны бөлек көрсетіледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.»;
4-тармақтың 122) тармақшасы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
122) 265-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi жазып бередi және қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растайды.»;
123) 266-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«266-бап. Қосылған құн салығын есептеу
Қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есепке жазылған қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Бұл ретте:
1) оң айырма осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;
2) теріс айырма есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі болып табылады.»;
124) 267-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізуге құқылы.»;
2-тармақтың он төртінші абзацындағы «ұйымдар» деген сөз «заңды тұлғалар» деген сөзбен ауыстырылып, бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың мақсаты үшін ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында осы бап қолданылған кезде:
1) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі - қосылған құн салығы сомасының асып кетуі) болмаған жағдайда - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға азайтылады;
2) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі болған жағдайда - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының сомасынан асып кетуі 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы бапты қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға осы баптың ережелерін күнтізбелік жылға кіретін барлық салық кезеңіне қолдануға міндетті.»;
4-тармақтың 125) тармақшасы 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
125) 270-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы Кодекстің 68-бабында және осы тармақта өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың декларацияға қосымша болып табылатын тізілімдері ұсынылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысандарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште де, электрондық түрде де жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.
Егер қосылған құн салығын төлеуші:
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық түрде ғана жазып берген жағдайда, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі салық органдарына табыс етілмейді;
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық түрде ғана алған жағдайда, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына табыс етілмейді.»;
126) 271-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеуші бюджетке төленуге жататын салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей, әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.»;
127) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
127) 273-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 267-бабының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге қайтарылмайды.»;
128) 274-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшердегі қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады;»;
129) 276-6-баптың 2-тармағының бесінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның көшірмесі) негізінде;»;
үшінші абзацтағы «күн айқындалады.» деген сөздер «күн;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«халықаралық почта жөнелтілімдері бойынша тауарларды жөнелту кезінде - Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында почта штемпелі қойылған күн айқындалады.»;
130) 276-8-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.
2. Осы баптың мақсаты үшін сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаттары негізінде айқындалады.
Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасы негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.
Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте, сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда аталған шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.»;
6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық қызметi органдары Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.
Бұл ретте салық төлеуші жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпті және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін өз бетінше түзетеді.»;
131) 276-11-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша тауарлар экспорты, зат түрінде қарыз беру жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операциялар бойынша өздері алған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.»;
2-тармақтың 7) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.»;
132) 276-13-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Кодекстің 635-бабының 4-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасы аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар.»;
133) 276-15-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мынадай:
1) осы Кодекстiң 255-бабы 1-тармағының 1), 3) - 6), 6-1), 7) - 13) тармақшаларында көзделген тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақта көрсетiлген Кеден одағы шеңберiнде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
134) 276-19-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.»;
135) 276-20-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш ұсынылмаған жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады.
Тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс етілмеген жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады.»;
136) 276-21-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеуші осы Кодекстің 276-20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжатты салық органына:
1) тауарлар экспорты кезінде тауарларды өткізу бойынша;