4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаттары бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
5) инвестициялық алтынды;
6) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;
7) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;
8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде туындайды.
2. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кездегі құн өсімінен түсетін табыс осы баптың 3 - 7-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады.
3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен салық төлеушінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
5. Жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер бұдан бұрын осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе ол бойынша бұдан бұрын осы Кодекстің 96-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын табысқа қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
6. Жеке тұрғын үйді беретін тұлға салған жеке тұрғын үйді, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнге нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
Бұл ретте осындай нарықтық құнды салық төлеуші мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүргізілген салық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген, осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін табыс:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
2) осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган неғұрлым кеш күндердің біріне:
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құны болып табылады;
3) осы баптың 1-тармағының 5) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің бағасы (құны) мөлшерінде болып табылады.
8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін табыс:
1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте, жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды заңды тұлғаның жарғылық капиталына салу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.
9. Сенім білдірілген тұлға механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен шығаруға құқық беретін, басқаруға арналған сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген, жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының меншік иесіне осы көлік құралының өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу құнын және оның өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу күнін хабарлайды немесе көлік құралы меншік иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы меншік иесінің салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
180-3-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс
1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауар-материалдық қорлар және талаптар болып табылмайтын мынадай активтер жатады:
1) осы Кодекстің 180-1-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, негізгі құралдар;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған жабдық;
4) материалдық емес активтер;
5) биологиялық активтер;
6) егер дара кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған салықтық кезеңдерде осындай негізгі құралдар тіркелген активтер болып табылған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
7) егер дара кәсіпкер бұдан бұрын жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер.
2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді өткізген жағдайда өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 115-бабының 1) - 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындар жиынтығы өзге активтердің бастапқы құны болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Егер өзге актив өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген осы активтің құны бастапқы құн болып табылады.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге активті өткізу кезінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерде осы активке меншік құқығы туындаған күні мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құны болып табылады.
Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны осындай мүлік өткізілген салық кезеңіне арналған жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
6. Мынадай жағдайларда:
1) өзге активке меншік құқығы туындаған күні оның айқындалған нарықтық құны болмаған кезде;
2) осы баптың 5-тармағында белгіленген нарықтық құнды айқындау мерзімі сақталмаған кезде;
3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда;
4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша өзге активтің бастапқы құны нөлге тең болады.»;
79) 183-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 427-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.»;
80) 184-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған медиаторлардың табыстары.»;
81) 191-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
82) 192-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтер көрсетуді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар.
Осы бөлімнің мақсатында:
сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;
банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасы резидентінің құрылымдық бөлімшесіне банк шоттарын ашу және жүргізу, аудару, кассалық операциялар, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда);
орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі қаржылық қызметтерді көрсету деп танылады;»;
4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң іс жүзінде орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстары.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өздеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге органның) мүшелері жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бірақ шетелде іссапарларда болған мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған шығыстар;
күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табысы болып табылмайды. Бұл ретте басқарушылық міндеттерді орындайтын орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуге тиіс.»;
83) 193-бапта:
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер салық салынуға жатпайды.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілген болса, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстарды ескере отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар енгізілген болса, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома мұндай шығыстардан бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады;»;
3) тармақшада:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төлейтіндерді қоспағанда, бiр мезгiлде мынадай:»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын дивидендтер төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салынуға жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
7) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда, бір мезгілде мынадай:»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар.»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
15) тармақшаның үшінші абзацындағы «табыстар салық салуға жатпайды.» деген сөздер «табыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі табыстар;
4-тармақтың 83) тармақшасының жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2014 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
17) банктің сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарында қамтылған, қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелер тізбесіне енгізілген міндеттемелерін резидент емес кешірген жағдайларда, осындай міндеттемелер бойынша шегерімге жатқызылған, есепке жазылған және төленбеген сыйақылар түріндегі табыстар салық салынуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелері дауыс беретін акцияларының 80 пайыздан астамын банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке қолданылмайды.»;
84) мынадай мазмұндағы 196-1-баппен толықтырылсын:
«196-1-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктері
Табыс салығын осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес есептейтін резидент еместер корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 149-бабында белгіленген мерзімде орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етеді.»;
85) 197-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша «резидент еместің» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасындағы көздерден» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Кодекстің осы бабының және 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) заңды тұлға активтерінің құнындағы мүлкінің үлесі акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу немесе дивидендтерді төлеу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің осы бабының және 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы мүлкінің үлесі қатысу үлестерін өткізу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құны сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны:
1) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесінің;
2) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.
Дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның барлық активтері баланстық құнының сомасы осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құны болып танылады.
Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе ондағы қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе осындай консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:
1) дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнгі жеке қаржы есептілігінің;
2) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күні жеке қаржы есептілігі болмаған кезде - дивидендтер төлеу немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығын сатып алушыға беру күнінің алдындағы соңғы есепті күнгі жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін салық агентіне жүктеледі.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, сондай-ақ қызметі осы Кодекстің немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиалының, өкілдігінің болуына немесе болмауына қарамастан, салық агенті болып танылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде табыс алатын резидент емес осындай табыс сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Салық агентi табыс салығының сомасын бюджетке аударуды осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
Осы баптың 5-1-тармағына сәйкес есептелген табыс салығын бюджетке аудару салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.