6. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат):
1) 24-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестірілген стандарттарда белгіленген талаптарға қайшы келмеген, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмаған жағдайда, осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты осындай халықаралық, өңірлік стандарттарға және шет мемлекеттердің стандарттарына қолданылмайды.»;
2) 33-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақ хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды.».
7. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушіде техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес келетін мөлшерде қаржылай қамтамасыз етудің болуы туралы талап Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушіге қолданылмайды.»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін шетелдік заңды тұлғаларға осы баптың 2-тармағының 7), 8) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талап қолданылмайды.»;
3) 11-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген, «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтінім беретін өтініш берушіге қатысты бұл мерзім бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.».
8. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу тәртібін айқындайды;»;
2) 8-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу тәртібін әзірлейді;».
2-бап. Осы Заңның 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы желтоқсанның 3-і.
№ 151-V