3. Шарттың нысанасы
1. Осы шарттың талаптары бойынша қаржы агенті мынадай жағдайларда ______________ (банк/лизингтік компанияның атауы) алынған кредит/лизинг бойынша кәсіпкердің сыйақы ставкасының бір бөлігіне субсидиялауды жүзеге асырады:
Банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты | ___ж. ___________ № ____ |
Мақсатты жұмсалуы | |
Осы шарттың жасалған күніндегі кредит/лизинг сомасы | |
Сыйақы ставкасы | |
Кредит/лизинг мерзімі | |
2. Субсидиялау Қағидаларға сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Осы шартты жасасқаннан кейін банк/лизингтік компания осы шарттың барлық қолданылу мерзіміне кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтпауға міндеттенеді.
4. Осы шартты жасасқаннан кейін банк/лизингтік компания қаржы агентіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кәсіпкермен жасалған өтеу кестесімен қоса берілген банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шартының көшірмесі (лауазымды тұлғаның қолымен және лизингтік компанияның/банк мөрімен расталған көшірмесі);
2) субсидиялау шартының түпнұсқасы.
4. Субсидияларды беру шарттары
1. Кредит/лизинг бойынша сыйақының ________ мөлшеріндегі бір бөлігі субсидиялауға жатқызылады, бұл ретте ______ мөлшеріндегі сыйақы ставкасының бір бөлігін кәсіпкер төлейді, ал сыйақы ставкасының ________ мөлшеріндегі қалған бөлігін осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес қаржы агенті төлейді.
2. Банктің/лизингтік компанияның есебіне жазылған және мерзімі өткен несие берешегі бойынша кәсіпкер төлемеген сыйақы субсидиялауға жатқызылмайды.
3. Субсидиялау мерзімін есептеу _________________ ж. басталады.
4. Барлық операциялар ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі.
5. Кредитті/лизингті уақтылы және толық қайтару және оның субсидияланбайтын сыйақы ставкасының бір бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерді тиісінше атқармағаны үшін кәсіпкер банк/лизингтік компания алдында барлық жауапкершілікті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес мойнына алады. Бұл ретте осындай жауапкершілік қандай да бір жағдай болсын қаржы агентіне жүктелуі мүмкін емес.
5. Шарт бойынша Субсидиялау тәртібі
1. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенті банк/төлем агенті банкіндегі ағымдағы шотқа тоқсан сайын осы шартқа төлем кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен жүзеге асырады.
2. Субсидиялау мерзімі кәсіпкердің, банктің/лизингтік компанияның осы шартқа қол қойған сәтінен басталады. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер лизинг бойынша сыйақыны есепке жазу кәсіпкер, банк/лизингтік компания субсидиялау шартына қол қойған күннен кейін басталған жағдайда, субсидиялау кезеңіне кәсіпкер, банк/лизингтік компания субсидиялау шартына қол қойған күн қосылмайды.
Субсидиялау кезеңі банк/лизингтік компания және кәсіпкер субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап басталады.
3. Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/ қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша сыйақының субсидияланбайтын бөлігіне сыйақы төлеуді жүргізеді.
4. Кәсіпкердің сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне толық төлем жүргізу фактісі бойынша банк/төлем агенті банкі қаржы агентінің ағымдағы шотынан кәсіпкердің кредиті/төлем агенті банкі бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу шотына ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
5. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, банк/төлем агенті банкі кәсіпкердің берешегін өтегенге дейін сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агентін (қаржы агенті субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамаған жағдайда) хабардар етеді.
6. Субсидияларды төлеу күні қаржы агентінің субсидиялау шартына қол қойғанға дейін болған жағдайда:
1) Қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның шотында қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде кәсіпкер төленген соманы қаржы агентінің кейіннен өтеуімен төлемді дербес жүргізеді;
2) Қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның арнаулы шотында қаражат болған және жеткілікті болған кезде банк/лизингтік компания осы кәсіпкердің кредиті/қаржы лизингі шарты бойынша шоттан қаражатты есептен шығаруды жүргізеді.
7. Егер банк/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының талаптарын өзгертсе банк/лизингтік компания тиісті хаттың негізінде Бағдарламаның үйлестірушісін хабардар етеді. Бағдарламаның үйлестірушісі жеті жұмыс күні ішінде жүргізілген қаржыландыру талаптарының өзгертулерін келіседі немесе келісуден бас тартады.
8. Тараптар осы шарттың шеңберінде егер төлем күні жұмыс емес немесе мереке күніне келген жағдайда, төлем одан кейінгі келетін жұмыс күні жүргізіледі деп келісті.
6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру негіздемелері
1. Субсидиялауды тоқтату және қайта калпына келтіру туралы шешімді қаржы агентінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.
2. Мынадай фактілер белгіленген кезде қаржы агенті кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК тоқтату туралы шешім қабылдайды:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдалану;
2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанасы алмауы;
3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына сәйкес келмеуі;
4) Бағдарламаға қатысушының шоттарына тоқтату салыну және/немесе сотта қарауды жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда кәсіпкерден лизингтің нысанасын алдырту;
6) кәсіпкердің 3 (үш) ай бойы қатарынан банк/лизингтік компания алдындағы төлемдерін төлеу міндеттемелерін банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына төлемдері кестесіне сәйкес төлемеуі;
7) кәсіпкердің 2 (екі) немесе одан да көп рет қатарынан қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес банк/лизингтік компания алдындағы лизингтік төлемдерді енгізу міндеттемелерін орындамауы.
3. Субсидиялар төлеу тоқтатылған жағдайда осындай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хатпен қаржы агенті банк/лизингтік компаниясын, кәсіпкерді, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісін субсидиялауды тоқтата тұру себептерін көрсете отырып хабардар етеді.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі қаржы агентінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК мәжілісі өтетін күнді, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.
5. ӨҮК өткізілетін мәжіліс шеңберінде мынадай іс-әрекетті жүзеге асырады:
1) қаржы агенті ұсынған ақпаратпен бірге күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте шешімде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау үшін негіздеме көрсетіледі.
6. ӨҮК мәжілісінің хаттамасы ӨҮК мәжілісі өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қаржы агентіне, банкке/лизингтік компанияға мәлімет ретінде жібереді.
8. Субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдау кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын себептерді жойған жағдайда ӨҮК шешім қабылдағанға дейін мүмкін болады.
9. Кредит/лизинг бойынша субсидиялауды қайта бастауға субсидиялаудың мынадай себептері кезінде жол беріледі:
1) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
2) Бағдарламаға қатысушының шоттарына тыйым салу және/немесе сот талқылауларының жүргізілуі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда кәсіпкерден лизингтің нысанасын алдырту;
4) кәсіпкердің 3 (үш) ай бойы қатарынан банк алдындағы төлемдерін төлеу міндеттемелерін банктік қарыз шартына төлемдері кестесіне сәйкес төлемеуі;
5) кәсіпкердің 2 (екі) немесе одан да көп рет қатарынан қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес банк/лизингтік компания алдындағы лизингтік төлемдерді енгізу міндеттемелерін орындамауы.
Кәсіпкер жаңа кредитті мақсатсыз пайдаланған кезде немесе кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын лизингтің нысанасын алмаған кезде кредит бойынша субсидиялауды қайта бастауға тыйым салынады.
10. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенті тиісті хатпен банкті/лизингтік компаниясын және кәсіпкерді субсидиялауды төлеуді қайта бастау туралы хабардар етеді.
Сонымен бір мезгілде тоқтатылған кезеңде олар төлемеген субсидияларды төлеуді жүзеге асырады. Осы бөлімнің 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша субсидиялау тоқтатылған кезде кәсіпкердің мерзімі өткен кезеңге шыққан күнінен бастап төленуі тиіс субсидияларды төлеуді жүзеге асырады.
11. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенті тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға шартты біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күнін және бұзу себебін көрсетеді.
12. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтату үшін негіз болып табылатын себептерді жойған жағдайда субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін банк/лизингтік компания Бағдарламаның үйлестірушісіне мәселені ӨҮК-ге шығару туралы хатпен жүгінеді. Бұл ретте хатта жоба бойынша субсидиялауды тоқтату (ӨҮК хаттамасын қоса береді) және субсидиялауды тоқтатуға алып келген себептерді кәсіпкердің жоюы себептерін көрсетеді.
13. Бағдарламаның үйлестірушісі мен ӨҮК осы шарттың 6-бөлімінде белгіленген рәсім мен тәртіпке сәйкес іс-қимыл жасайды.
Бұл ретте субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда субсидиялау мерзімі субсидиялау шартының бастапқы жасалған күнінен бастап үш жылдан аспауы тиіс.
14. Отырыс нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім келісілген жағдайда қаржы агенті тиісті хатпен банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді субсидиялауды төлеудің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Бұл ретте субсидиялау тоқтатылған сәттен немесе кәсіпкердің мерзімін өткізген күнінен бастап және ӨҮК субсидиялауды қайта бастау туралы жаңа шешім қабылдағанға дейін кәсіпкердің субсидиялар сомасы қайтарылмайды.
15. Мынадай жағдайларда субсидиялар төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады:
1) кәсіпкер банктің/лизингтік компанияның алдындағы банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты бойынша кредитті/лизингті толық өтесе. Кәсіпкердің банкке/ лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялауды тоқтату күні деп есептеледі;
2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдау;
3) субсидиялау шартын бұзу туралы кәсіпкердің бастамасы бойынша.
16. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агентін кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
Сонымен бір мезгілде, кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агентіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгерістерімен бірге субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
17. Кәсіпкердің орынсыз пайдаланылғаны анықталған кредиті бойынша банк қаржы агентіне кредитті орынсыз пайдалану фактілерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген құжаттарды ұсынады.
7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Қаржы агенті:
1) қаржы агентіне өтініш білдірген Кәсіпкерлерге Бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібі туралы консультацияны жүзеге асыруға;
2) осы шартта Тараптар үшін көзделген міндеттемелердің орындалу мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
3) жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің кәсіпкердің жобалары бойынша ақша қаражатын уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;
4) осы шарттың іске асырылуына, оның ішінде банктің/лизингтік компанияның міндеттемелерді орындауы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға;
5) банкке/лизингтік компанияға жедел қызметіне араласпай, оның орналасқан жерінде осы шарттың іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға;
6) банкке/лизингтік компанияға хатпен алдын ала хабарлама жібере отырып кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасындағы бағдарламаның банктік қарыз шартында/қаржы лизингі шартында көзделген құқықтар шеңберінде жоба іске асырылатын жерге барып субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті/лизингті кәсіпкердің мақсатты пайдалануына мониторингті жүзеге асыруға;
7) өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыруға;
8) лизингтік компаниядан/банктен кәсіпкердің банктік қарау шарты/қаржы лизингі шарты бойынша төлемдерді төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асыру жөніндегі банк/лизингтік компания алдындағы міндеттемелерінің орындалу барысы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға;
9) осы шартта көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.
2. Қаржы агенті:
1) банкте/төлем агентінің банкінде ашылған ағымдағы жаңа шотқа субсидиялардың сомасын аударуға;
2) осы шартта көзделген мониторингті жүргізуге;
3) ӨҮК-ге осы шартта көзделген ақпаратты беруге міндеттенеді.
3. банк/лизингтік компания:
1) өз қалауы бойынша және өзі тәуекелге барып, кәсіпкерлерге кредит беру мәселелері жөнінде шешімдер қабылдауға;
2) қаржы агентінен осы шарттың шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;
3) ағымдағы тоқсанда кәсіпкерлерді субсидиялауға арналған қаражаттың жеткіліксіздігі туралы қаржы агентін хабардар етуге құқылы.
4. Банк/Лизингтік компания:
1) келісімде көзделген мерзімдерде және нысанда есептер беруге;
2) банкке/лизингтік компаниясына кәсіпкер сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігіне қатарынан 3 (үш) ай ақы төлемеген жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы қаржы агентін хабардар етуі тиіс. Мұндай жағдайда субсидиялау қаржы агентіне көрсетілген мән-жайлардың туындағаны туралы хабар келіп түскеннен бастап тоқтатылады;
3) қаржы агентін осы шарттың талаптарын орындауға ықпал ете алатын барлық мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуге;
4) қаржы агентін 3 (үш) жұмыс күні ішінде банк/лизингтік компания алдындағы банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті/лизингті мерзімінен бұрын толық/ішінара өтеу фактісі туралы хабардар етуге міндетті.
5. Кәсіпкер:
1) банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша өз міндеттемелерін уақтылы әрі толық көлемде орындауға;
2) қаржы агентіне кредиттің мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргізу құқығын ұсынуға;
3) қаржы агентінің сұрауы бойынша банктік қарыз шартын/қаржылық лизинг шартын және осы шартты орындаумен байланысты құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
4) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы шарттың талаптары мен іске асырылуы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге және ашпауға міндетті.
6. Кәсіпкер қаржы агентінен сыйақының субсидия берілетін ставкасы бөлігінде банкке/лизингтік компанияға субсидияларын төлеуді талап етуге құқылы.
8. Шарттың қолданылу мерзімі
1. Осы шарт 20__ ж. ________ бастап күшіне енеді және 20__ ж. _____________ дейін әрекет етеді.
2. Осы шартты осы шарттың 6-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен қаржы агенті біржақты тәртіппен бұзуы мүмкін.
9. Жауапкершілік
Осы шарт бойынша тараптар осы шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалмағаны және/немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапты болады.
10. Форс-мажор
1. Тараптар егер форс-мажорлық мән-жайлардың салдары орындамау мүмкіндігі болса, осы шарт бойынша өздерінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
2. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде ол үшін осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін емес жағдайлар туындаған Тарап дер кезінде ол туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапты осындай мән-жайлар туралы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте форс-мажорлық жағдайлардың сипаты, әрекет ету кезеңі, туындау фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
3. Уақтылы хабардар ету болмаған жағдайда, Тарап басқа Тарапқа хабарламағаннан немесе уақтылы хабарламағаннан келген зиянды өтеуге міндетті.
4. Форс-мажорлық мән-жайлар туындауы олардың әрекет ету кезеңінде осы Шарттың орындау мерзімін ұлғайтуды туындатады.
5. Егер осындай мән-жайлар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
11. Дауларды шешу
1. Осы шартты орындаумен байланысты туындаған қандай да болмасын дау болған жағдайда Тараптардың кез келгені келіссөздер жолымен барлық дауларды реттеу үшін күш жұмсайды.
2. Егер туындаған дауды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.
12. Хат-хабарлармен алмасу
1. Тараптардың осы шарт шеңберінде бір-біріне жолдаған кез келген хат-хабары жазбаша түрде ұсынылады және осы шартқа сәйкес қараудың ерекше тәртібі көзделген хат-хабарларды қоспағанда, Тараптардың тапсыру туралы белгісі бар хат-хабарды алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қаралатын болады.
2. Хат-хабар ол тиісінше ресімделген жағдайда (хат-хабар ол бланкте ұсынылған немесе мөрмен бекітілген, басшы қол қойған және тіркелген нөмірі, күні болғанда, тиісінше ресімделген деп саналады), жеке өзіне тапсырылған, пошта бойынша (хабарламасы бар тапсырысты хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайы бойынша курьерлік байланыспен жеткізілген жағдайда тиісінше ұсынылған немесе жолданған деп саналады.
3. Осы шарттың қолданылу ету барысында Тараптардың жауапты тұлғалары факсимильді байланыс және/немесе электрондық пошта арқылы ақпараттық сипаттағы хат-хабарларды басқа Тарапқа жіберуді жүзеге асыруы мүмкін.
4. Бұл ретте жіберуші Тарап басқа Тарапқа хат-хабардың жіберілгенін растауға міндетті. Қабылдаушы тараптың қабылдау туралы белгісімен немесе жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы факсимильді аппараттың көшірмесі болған жағдайда барлық хат-хабардың мәтінін қоса беру жолымен факспен жөнелту кезінде растау тиісті түрде жүзеге асырылған деп саналады.
13. Құпиялылық
1. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ олар осы шартты жасау және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және үшінші тұлғаларға ашуға жатқызылмайды деп келіседі.
2. Құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беру, жариялауы немесе Тараптың өзге де жариялауы осы шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда болуы мүмкін.
3. Тараптар осы шарттың болуы мен талаптарының кұпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы шартты іске асыру барысында алған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге не беруге тыйым салынады.
4. Тараптардың кез келгені осы шартты талаптарын бұза отырып, кұпия ақпаратты жария ету не тарату жағдайында кінәлі Тарап, осындай ақпаратты жария ету салдарынан басқа Тарапқа келуі мүмкін болатын зиянын өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді.
14. Мәлімдемелер, кепілдіктер және келісімдер
1. Кәсіпкер қаржы агентіне мыналарды мәлімдейді және кепілдікке береді:
1) кәсіпкер осы шартта көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын және жарамдылыққа сәйкес келетіндігін растайды;
2) Қаржы агенті көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес.
2. Кәсіпкер мыналарды растайды және кепілдік береді:
1) оның бизнесіне, оның қаржылық жағдайына, активтеріне теріс әсерін тигізуі мүмкін және өзінің міндеттемелері бойынша жауап беруге қабілеттілігі туралы қандай да болмасын мән-жайлар кәсіпкерге белгісіз екендігін;
2) сондай-ақ кәсіпкер кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы шартқа қол қоятын тұлғаға осы шартты жасауға мүмкіндік беретінін растайды.
3. Кәсіпкер осы шартты жасау сәтінде осы шарттың бұзылуына, оның жарамсыз деп танылуына себеп болуы мүмкін негіздердің жоқ екендігін растайды.
4. Кәсіпкер барлық ақпараттың, сондай-ақ оның қаржы агентіне беретін (ұсынатын) немесе көрсетілетін барлық құжаттамалардың нақты және шындыққа сәйкес екендігі мәлімдейді және растайды. Қаржы агенті берілген немесе берілетін құжаттамалардың нақтылығы мен дәлдігін тексеруге міндетті емес. Жалған, толық емес және/немесе расталмаған мәліметтерді бергені үшін кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.
5. Кәсіпкер осы шартта қамтылған барлық талаптардың, онымен жасалған іс-қимылдың құқықтық мәнінің оған айқын әрі түсінікті екендігін мәлімдейді.
15. Қорытынды ережелер
1. Осы шартқа қол қоюмен кәсіпкер қаржы агентіне мыналарға:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/лизинг бойынша осы шарт шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды қаржы агентінің мүдделлі үшінші тұлғаларға беруге;
2) қаржы агентінің бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкердің атауын, жоба іске асырылатын өңірдің атауын, кәсіпкердің жобасының атауы мен сипаттамасын, сондай-ақ саланы жариялауға келісім береді.
2. Осы шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Осы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша түрдегі және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған келісімі бойынша жасалған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін рас және міндетті деп танылады.
3. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден екі данада жасалды. Осы шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі оқулар туындаған жағдайда, Тараптар шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
4. Осы шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
16. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Қаржы агенті | Банк/Лизингтік компания | Кәсіпкер |
| | |
| | |
| | |
_______________ №___
Субсидиялау шартына
1-қосымша
Негізгі борышты өтеу күні | Негізгі борыш қалдығының сомасы | Негізгі борышты өтеу сомасы | Қаржы агенті төлейтін сыйақы сомасы | Кәсіпкер төлейтін сыйақы сомасы | Барлығы есептелген сыйақы сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
Қаржы агенті | Банк/Лизингтік компания | Кәсіпкер |
________________ МО | ________________ МО | ________________ МО |