74) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;
75) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бланк өнімін өткізу қызметтері үшін бюджет кірісіне түсетін төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;
76) шағын кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
77) қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу;
78) көліктің жұмыс істеу тәртібін, олардың бұзушылықтарын анықтауды және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
79) көлік қызметтерін тұтынушылар құқықтарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
80) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
81) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау кезінде сапаны талап ететін жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;
82) ақылы автомобиль жолдарын құру мен пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;
83) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін жолдың көліктік-пайдаланылу сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзімді жер пайдалануға беру;
84) автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
85) халықаралық және облысаралық қатынаста жолаушылардың тұрақты автомобиль тасымалына рұқсаттың болуын тексеруді және жолаушылар мен багаждың тұрақты емес автомобильдер тасымалы кезінде қозғалыс бағыты мен кестесінің сақталуын, сондай-ақ жолаушылар тізімінің болуын бақылауды жүзеге асыру;
86) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік тасымалдаушылардың каботаждық тасымалдауын анықтау және жолын кесуді жүзеге асыру;
87) шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кіру фактілерін анықтау;
88) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
89) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
90) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;
91) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруын, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
92) жүргізушілердің белгіленген еңбек және тынығу режимін сақтауы, оның ішінде тахографтармен жабдықталуға тиіс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тасымал түрлерін жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның ішінде мамандандырылған (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын бақылауды жүзеге асыру;
93) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру;
94) жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
95) автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
96) автокөлік құралын жарақтандырудың, автокөлік құралында тахографтың болуы және жарамдылығы бөлігінде халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыт талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
97) Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекеттер тасымалдаушыларының автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
98) қозғалыс қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жай-күйі жауап бермейтін магистральдық темір жол объектілерін, темір жолдар мен жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұру және тоқтатуды жүзеге асыру;
99) тасымалдаушылардың халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдауды орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыру;
100) тасымалдаушылардың жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
101) темір жол көлігіндегі, соның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
102) жылжымалы темір жол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;
103) магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыру;
104) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшудың негізгі қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелермен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
105) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдың кәсіби дайындығы мен денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
106) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларын қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
107) азаматтық, эксперименттік авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігінің және авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін және азаматтық және эксперименттік авиацияның өзге де қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
108) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеуді жүзеге асыру;
109) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
110) әуе кемесі, оның компоненттері, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
111) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру;
112) басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
113) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
114) әуеайлақ (тікұшақ айлақ) объектілерінің, қону алаңқайларының күтіп-ұсталуын және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 1-тармағының 1)-7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген әуежай қызметінің сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
115) азаматтық авиация әуеайлағы ауданында объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
116) халықаралық әуе тасымалдарын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
117) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
118) азаматтық әуе кемесі данасы конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру;
119) азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
120) порттық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
121) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асыру;
122) ішкі су жолдарында орналасқан кемелердің (соның ішінде шағын көлемді), салдардың және өзге де жүзу объектілері мен құрылыстардың кемені пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;
123) кемелермен, соның ішінде шағын көлемді кемелермен ішкі су жолдарында болған көлік оқиғаларын тергеуді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу;
124) алкогольден, есірткіден және уытқұмарлықтан мас күйдегі шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан шеттету және оларды медициналық тексеруге жіберу;
125) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүргізуді жүзеге асыру;
126) порттың теңіз әкімшілігі жүргізетін теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тергеуді және есепке алуды бақылауды жүзеге асыру;
127) жеке және заңды тұлғалардың ішкі су жолдарында жүзу қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
128) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
129) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, ішкі су көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
130) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
131) кемелерде техникалық пайдалану қағидаларының, қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
132) ішкі су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеме иелерінің, кеме экипажы мүшелерінің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
133) кемені пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін кемелерді (соның ішінде шағын көлемді), салдар мен өзге де жүзу объектілерін ұстауды жүзеге асыру;
134) кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қауіп болған кезде кемелердің (соның ішінде шағын көлемді), салдар мен өзге де жүзу құрылыстарының қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салуды жүзеге асыру;
135) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз кемелерін және шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды, теңіз кемелерінде және шағын көлемді кемелерде тексеру жүргізуді жүзеге асыру;
136) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті қарау, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
137) шетелдік сыныптау қоғамдарының немесе Кеме қатынасы тіркелімінің теңіз кемелеріне техникалық қадағалау жүргізуді және олардың сыныпталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
138) қысқы тұрақта тұратын, пайдаланудағы теңіз кемелеріне уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің байқау жүргізуін бақылауды жүзеге асыру;
139) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
140) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру;
141) кеме қатынасы су жолдарының және навигациялық жабдық құралдарының тиісті күтіп-ұсталуын бақылауды жүзеге асыру;
142) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
143) Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы Қазақстан Республикасының теңіз порттары арасындағы, сондай-ақ тиеу портынан (пунктінен) түсіру портына (пунктіне) дейінгі қатынастағы тасымалдарды және тіркеп сүйреуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
144) ішкі су көлігін, соның ішінде шағын көлемді флотты пайдалану қауіпсіздігін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
145) сервис орталықтарын (шеберханаларды) бақылауды жүзеге асыру;
146) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру;
147) жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау және қадағалау, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;
148) өз құзыретінің шегінде тексерулер нәтижелері бойынша актілер жасау және су көлігінің қызмет ету тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларының анықталған бұзылуын жою туралы ұйғарымдар енгізу;
149) кемеде кеме құжаттарының бар болуын тексеруді жүзеге асыру;
150) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
151) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) бекіту;
152) азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру;
153) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру;
154) теңгерімінде жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару;
155) техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
156) міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
157) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
158) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту;
159) телекоммуникация және пошта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметі аясындағы табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылау;
160) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысы қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеу;
161) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды шарттық негізде беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;
162) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
163) телекоммуникация және пошта байланысының жалпыға қолжетімді қызметтері саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифті (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту;
164) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлеу және бекіту;
165) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;
166) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уақытша өтемдік тарифті бекіту;
167) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
168) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері шикізат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;
169) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту;
170) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестесін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
171) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
172) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді жүзеге асыру;
173) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;
174) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
175) ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
176) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу және бекіту;
177) бөлінетін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
178) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
179) депозитарий жүргізуді тексеру;
180) ақпараттандыру саласындағы және байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау;
181) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау;
182) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингісін жүзеге асыру;
183) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауын тексеруді жүргізу;
184) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып қолданылатын радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және алдын алу;
185) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
186) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және пошта байланысы желілері мен құрылыстары құрылғыларын техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі техникалық нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру;
187) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру;
188) халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіру;
189) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
190) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
191) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
192) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеу;
193) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау мәніне ақпараттандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
194) ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;
195) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
196) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
197) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігін аттестаттау;
198) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
199) ақпаратты алу, көшіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;
200) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану;
201) Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерін және электронды ақпараттық ресурстарды тіркеуді жүзеге асыру;
202) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтілімдеріне пошта штемпелін қолдану қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
203) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатты Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия шешімінің негізінде беру;
204) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және телерадио хабарларын таратудың мемлекеттік стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
205) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптарды сақтау бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
206) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;