екінші дәреже - уәждеменің едәуір төмендеуіне немесе организмнің негізгі жүйелерінің айқын функционалдық жеткіліксіздігіне немесе соматикалық денсаулықтың бұзылуына орай танымдық және ойын қызметін нәтижелі жүзеге асырудың мүмкін болмауы. Орнын толтыру құралдары мен түзеу әдістерін қолданудың тиімсіздігі;
үшінші дәреже - ойын қызметіне қабілетінің болмауы немесе күрт төмендеуі және басқа адамдарға толық тәуелділік;
9) қозғалыс белсенділігіне қабілетінің шектелуі;
бірінші дәреже - жүру ұзақтығының қысқаруы және сапасының нашарлауы, өздігінен жүріп-түруға жалпы қабілетінің сақталуы кезінде қарапайым орнын толтыру құралдарын немесе тіректі пайдалану, жекелеген қозғалу актілерін орындау немесе жасына қарай көзделген қашықтықты еңсеру кезінде тұрақты көмекті пайдалану аясында еңсеретін қашықтық алыстығының азаюы. Ұсақ манипулятивтік қозғалыстардың дамуы екі эпикриздік мерзімге артта қалған. Дене жағдайын ұстау қабілетінің төмендеуі қосымша фиксация құралдарын пайдалану қажеттілігінсіз қозғалу режимінің сақталуын талап етеді;
екінші дәреже - жүру арқылы қашықтыққа қозғалыстың көмекші құралдар орнын толтыра алмайтындай бұзылуы. Қозғалыс кезінде ересектер тарапынан тұрақты көмек қажет. Денені белгілі бір жағдайда ұстап тұру кабілетінің шектелуі фиксацияның, түзеу әдістері мен т.б. қосымша тәсілдерін талап етеді. Тепе-тең қозғалу сапасының күрт төмендеуі мен санының азаюы, манипулятивтік қозғалыс дамуының айқын бұзылушылығы байқалады;
үшінші дәреже - кеңістікте қозғалу, дене жағдайын сақтау мен манипулятивтік қызмет қабілетінің күрт шектелуі немесе толық болмауы. Қозғалыс функциясын сырттан тұрақты күтіммен немесе көлік кұралын (кресло-арба) пайдалану есебінен толық ауыстыру, сондай-ақ толық көлемдегі тұрақты қосымша күтім қажет.
Медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізу ережесіне
3-қосымша
Мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін анатомиялқ кемістіктердің тізбесі
1. Мүгедектіктің бірінші тобы белгіленетін анатомиялық кемістіктер:
1) екі қолдың буынының барлық саусақтарының болмауы немесе екі қолдың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі;
2) екі аяқтың санның үштен бірінен жоғары бөлігіндегі тұқылы;
3) екі көздің де толық көрмеуі.
2. Мүгедектіктін екінші тобы белгіленетін анатомиялық кемістіктер:
1) екі қолдың анатомиялық кемістіктері: біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінің, екі қолдың буынының болмауы;
біріншісін қоса алғанда, барлық үш саусақтың бақай сүйектерінің, екі қолдың буынының болмауы; екі қолдың буынының тиісті алақан сүйектерімен бірінші және екінші саусақтың болмауы; екі қолдың тиісті алақан сүйектерімен үш саусақтың болмауы; қолды иық буынынан кесіп тастау;
2) екі аяқтың анатомиялык кемістіктері: Шопар бойынша табан тұқылдары; тізе тұқылдары, оның ішінде Пирогов бойынша табанды кесіп тастау; жамбас санды буыннан кесіп тастау; протездеуге келмейтін санның көп бөлігінің кесілуі; екі аяқтың жіліншіктің немесе санның буынының протезделген кесілген тұқылдары;
3) аяқ-қол анатомиялық кемістіктерінің өзге де ақаулармен және аурулармен үштасуы:
тізе тұқылы немесе барлық төрт бақай сүйектерінің болмауымен немесе бір қолдың көп бөлігінің кесілуімен ұштасқан бір аяқтың көп бөлігінің кесілуі; бір қолдың тұқылы және бір көздің болмауы немесе толық көрмеуі; бір аяқтың түқылы және бір көздің болмауы немесе толық көрмеуі.
3. Мүгедектіктің үшінші тобы белгіленетін анатомиялық кемістіктер:
1) қолдың тұқылы (түқылдары) және басқа да кемістіктері: біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінін болмауы; біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың бақай сүйектерінің болмауы; тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың бірінші және екінші саусактарының болмауы; тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың үш саусағының болмауы;
екі қолдың да бірінші саусақтарының болмауы; бір қолдың кесілген тұқылы; айқын білінетін контрактура (буындағы козғалыс көлемі 10 градусқа дейін) немесе функционалдық қолайсыз қалыптағы (60 градустан кем немесе 150 градустан артық) немесе ең шеткі супинациядағы немесе ең шеткі пронациадағы жағдайда білектің қозғалуы кезіндегі шынтак буынынын анкилозы; резекциядан кейінгі иықтың немесе шынтактың бос буыны; жедел емдеуге болмайтын болса, иықтың немесе білектің екі сүйегінің жалған буыны;
анкилоз немесе біріншісін қоспағанда, төрт саусақтың немесе біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың функционалдық қолайсыз жағдайдағы айқын білінетін контрактурасы (қозғалыстың 5-8 градус шегінде шектелуі);
2) аяқтың және омыртқаның тұқылы (тұқылдары) және басқа да кемістіктері:
Пирогов бойынша кесілгеннен кейінгі табан тұқылы, Шопар буыны деңгейіндегі ақаулы тұқыл және бір аяқтың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі; Шарп бойынша табан сүйектері бастарының резекциясы бар табанның екі жақты тұқылдары; аяқтың 10 және одан да көп сантиметрге қысқаруы; айқын білінетін контрактура немесе жамбас-сан буынының функционалдық қолайсыз жағдайдағы анкилозы (170 градустан артық және 150 градустан кем); тізе буынының функционалдық қолайсыз жағдайдағы анкилозы (170 градустан кем);
жедел емдеуге келмейтін санның немесе тізенің екі сүйегінің жалған буыны; резекциядан кейінгі жамбас-санның бос буыны; айқын білінетін контрактура немесе табанның ақаулы қолайсыздығымен қоса, тізе-табан буынының анкилозы немесе екі тізе-табан буынының анкилозы; операциялық араласу нәтижелері тиімсіз болғандағы жамбас-сан буынының туа біткен немесе пайда болған шығып кетуі; түзету операциясын жасауға болмайтын IV дәрежедегі кифосколиоз; ығысқан және ішкі органдардың анық білінетін функционалдық бұзылған қабырғалар анық майысқан IV дәрежедегі сколиоз;
3) басқа да туа біткен және пайда болған кемістіктер мен аурулар: егер протездеу шайнауды қамтамасыз ете алмаса, операциялық емдеуге жатпайтын жақтың немесе қатты таңдайдың кемістіктері; кеңірдектің болмауы салдарынан тұрақты канюля киіп жүру;
есту протезін қою мүмкін болмағанда IV (71-90 дБ) дәрежедегі екі құлақтың кереңдігі, керең-мылқаулық, екі құлақтың кереңдігі (90 дБ астам); бір көздің толық көрмеуі немесе бір көздің болмауы; гастрэктомия; тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі пульмонэктомия;
тыныс алу жеткіліксіздігі болғанда 5 және одан көп қабырғаның резекциясымен торакопластика; гипофизарлы нанизм, остеохондропатия, аласа бойлылықты остеохондродистрофия (әйелдер үшін - 130 см-ден төмен, ерлер үшін -140 см-ден төмен);
қол буынының немесе қолдың сал болуы, аяқтың сал болуы, едәуір трофикалық бұзылған екі қолдың немесе екі аяқтың айқын парезі: иық буынының гипотрофиясы - 4 см-ден жоғары; білек - 3 см-ден жоғары; сан -8 см-ден жоғары; сирақ - 6 см-ден жоғары.
Медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізу ережесіне
4-қосымша
Мүгедектерді жүріп-түру құралдарымен қамтамасыз ету үшін берілетін медициналыайғақтардың
тізбесі
1. Бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық айғақтар:
1) созылмалы қан айналымы жеткіліксіздігінің III дәрежесі;
2) өкпе-жүрек жеткіліксіздігінің III дәрежесі;
3) гемиплегия, гемипарездің едәуір немесе айқын білінетін айқындалған түрі;
4) параплегия, төменгі парапарездің айқындалған түрі;
5) триплегия, трипарездің айқындалған түрі;
6) тетраплегия, тетрапарездің айқындалған түрі;
7) айқын білінетін атаксия, гиперкннетикалық амиостатикалык синдром;
8) екі балтыр тұқылы немесе келтенің одан да жоғары деңгейлері;
9) аяқ буындары функцияларының IV дәрежеде бұзылуы;
10) аяқтардың туа біткен кемістігінен жүріп-тұрудың айқын білінетін бұзылуы;
11) паркинсонизм, акинеттік-регидті түрі.
2. Серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз етілетін медициналық айғақтар:
1) гемиплегия, гемипарездің айқын білінетін түрі;
2) параплегия, төменгі парапарездің айқын білінетін түрі;
3) триплегия, трипарездің айқын білінетін түрі;
4) тетраплегия, тетрапарездің айқын білінетін түрі;
5) екі балтыр тұқылы немесе келтенің одан да жоғары деңгейлері;
6) аяқ буындары функцияларының IV дәрежеде бүзылуы;
7) аяқтардың туа біткен даму кемістігінен жүріп-тұрудың айқын білінетін бұзылуы.
8) қан айналымының III дәрежедегі созылмалы жеткіліксіздігі.
3. Еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру зардабы бар мүгедектерді арнайы автокөлікпен қамтамасыз ететін медициналық айғақтар:
1) бір аяқтың сал болуы немесе өте айқын білінетін парезі;
2) параплегия, аяқ парапарезінің айқын білінетін түрі;
3) гемиплегия, гемипарездің айқын білінетін түрі;
4) аяқтардың тромбо-облитерация ауруларының күре тамырларының созылмалы жеткіліксіздігінің Ш-ІУ дәрежесі;
5) аяқтардың көк тамыр ауруларының созылмалы жеткіліксіздігінің ІІІ-ГУ дәрежесі;
6) бір аяқтың немесе екі бірдей аяқтың кемінде 2 ірі буынының қозғалмай шор болып немесе қолайсыз бітуі;
7) Шарп әдісі бойынша екі табанның бірдей келтелілігі (табан сүйектерінің басын кесіп тастау) және екі табанның одан да жоғарырақ келте болуы;
8) аяқтың балтырдан келте болуы және аяқтың одан да жоғары кесілуі;
9) жамбас пен сан буындардың кейіннен шығып кетуі;
10) жамбас пен санның немесе тізенің жансыз болып қалған буындары;
11) жамбас пен сан буындарының шор болып бітуі немесе айқын білінетін қолайсыз бітуі (қозғалу көлемі 10 градустан кем);
12) тізе буынының 150 градустан кем және 170 градустан артық шор болып бітуі немесе айқын білінетін функционалды қолайсыз болып бітуі;
13) екі аяқтың да сирақ буындарының шор болып қатып қалуы немесе айқын білінетін қолайсыз болып бітуі;
14) екі сан немесе екі балтыр сүйектерінің 170 градустан кем дұрыс бітпеген сынықтары;
15) аяқтардың 2 және одан да көп ірі сүйектерінің созылмалы жыланкөзбен іріндеп-қабынуы (2 жылдан астам), жарықшактанып шіруі, терең жара болуы;
16) екі сан немесе екі балтыр сүйектерінің 170 градустан кем болып дұрыс бітпеген жалған буындары немесе ірі сүйек (сүйек аумағының жартысынан астамының көлденеңінен немесе шетінен бұзылуы бар) кемістігі немесе балтыр жілігінің ақауы;
17) бір аяқтың 10 сантиметрге және одан да көбірек қысқаруы;
18) жарақаттанудың салдарынан ұзақ уақыт бойы жазылмайтын (6 айдан астам) немесе жиі қайталанатын балтырдағы алаңы 20 шаршы сантиметр, табанның үстіңгі жағындағы алаңы 10 шаршы сантиметр, табандағы кемінде алаңы 2 шаршы сантиметр және одан да көп көлемдегі трофикалық жаралар;
19) омыртқа сүйектерінің айқын білінетін бұзылуы бар IV дәрежедегі қисаюы.