Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп
оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 12 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 416-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«416-3. | «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы»; |
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» деген сөздер «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |