Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Каменский» мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 352 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Каменский» мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Каменский» мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып анықталынсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 44-49-жол мынадай редакцияда жазылсын:
»44-49 Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің «Каменский»
мемлекеттік мал тұқымын
асылдандыру зауыты»
республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (шаруашылық Алматы облысы
жүргізу құқығында) Қарасай ауданы»;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
»26 »Каменский» мемлекеттік мал тұқымын
асылдандыру зауыты» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны ».
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |