Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек дәрілік құралдар орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қазандағы № 1081 Қаулысы
(2008.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек дәрілік құралдар орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі -Ұлттық орталық) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Ұлттық орталық қызметінің негізгі мәнісі денсаулық сақтау саласында дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік-шаруашылық қызметті, сондай-ақ жаңа бірегей дәрілік құралдарды әзірлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық орталықты мемлекеттік басқарушы орган болып белгіленсін.
4. ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 837 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Ұлттық орталықтың Жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бөлімінде:
реттік нөмірі 9-31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«9-31. Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медицина техникасын сараптау
ұлттық орталығы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы;»
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік кәсіпорындар бөлімінде:
реттік нөмірі 57-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Дәрілік құралдарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды және медицина
техникасын сараптау ұлттық орталығы.»
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қосымша ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 837 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)