«Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 наурыздағы № 323 Қаулысы
(2004.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Спорттық резерв пен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң қарамағына берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгi» бөлiміндегі реттiк нөмiрi 9-32-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 517-8-жолмен толықтырылсын:
«517-8 «Спорт медицинасы мен
оңалту орталығы» қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 527-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде реттiк нөмiрi 62-жол алынып тасталсын;
3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі