Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 ақпандағы № 260 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік ресурстарға астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп екi апта мерзiмде Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясын жүз процент мемлекеттік акцияларының пакетiмен «Азық-түлiк контракт корпорациясы» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамы етiп заңмен белгiленген тәртiпте қайта құрсын және акционерлеу күнгi кiтаптық қалдығы бойынша мемлекеттік ресурстар астығы мен оның өңделген өнiмдерiн қабылдап алу-өткізу актiсiне қол қойсын.
2. Құрылатын акционерлік қоғамның негiзгi функциялары:
мемлекеттік ресурстардағы астық және оның өңделген өнiмдерiн сатып алу, есепке алу, сақталуын ұйымдастыру, жаңарту және сату;
бюджеттік ұйымдар мен арнайы тұтынушыларды астықпен және оның өңделген өнiмдерiмен жабдықтау болып айқындалсын.
3. ҚР Үкіметінің 21.04.99 ж. № 433 қаулысымен алынып тасталды
4. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнен рет саны 44-шi жол алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi