«Атырауэнерго» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 24 қазандағы № 1295 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Атырау облысында энергетиканың қаржылық және шаруашылық қызметiн дамыту және аймақты энергиямен жабдықтауды сенiмдi әрi үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігімен бiрлесiп бiр ай мерзiмде заңда белгiленген тәртiппен «Атырауэнерго» республикалық мемлекеттік кәсiпорын ашық түрдегi акционерлік қоғам етiп қайта ұйымдастырсын.
Әлеуметтiк сала объектiлерi заңда белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдарға берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi осы құрылып жатқан ашық түрдегi акционерлік қоғамның мемлекеттік акциялар пакетiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң келісімiмен сатады.
3. «Электр энергетикасындағы жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 мамырдағы № 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы , 1996 ж., № 25, 210-құжат) 1-қосымшадағы Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігінiң 1996 жылы коммуналдық меншiкке берiлетiн энергетикалық жүйесiнiң мемлекеттік кәсiпорындары мен құрылымдық бөлiмшелерi тiзбесiнен:
«Атырау жылу топтары АҚ бiрге (Атырауэнергия)» деген жол алынып тасталсын.
4. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың Тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) бекітілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындар Тiзбесiнен реттiк нөмiрi 96-жол алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi