37. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ереженің 29-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстардың тізбесін қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Осы Ереженің 29-тармағында көрсетілген құжаттардың әрбір парағы, инвестициялық ұсынысты жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен қол қойылады. Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі үшін файлдар оны редакциялауға мүмкіндік бермейтін электронды қорғалған форматта беріледі.
ТЭН талап етпейтін бірдей (біртектес) БИЖ-ді жоспарлаған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ бойынша бірыңғай инвестициялық ұсыныстарды құруы мүмкін.
38. ТЭН-ді әзірлеуді талап етпейтін инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды жүргізуге қажетті құжаттар болмаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган құжаттар пакеті түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қайтарады.
39. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ТЭН-ді жасауды талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобаларын 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны осы Ереженің 2 қосымшасындағы нысанға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
ТЭН әзірлеуді талап етпейтін бірдей (біртектес) БИЖ бойынша бірыңғай инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындысы барлық жобалар кешенінде не әрбір жобаға жекеше, не болмаса аймақтардың бөлінісінде берілуі мүмкін.
40. Тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытынды мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) БИЖ (-дердің) атауы;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен қаржыландыруға ұсынылатын ТЭН-ді жасауды талап етпейтін БИЖ-дің (-дердің) ЖСҚ-сын әзірлеу (байланыстыру) бойынша құнының есептері (ЖСҚ жоқ болған жағдайда);
3) мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органмен қаржыландыруға ұсынылатын ТЭН-ді жасауды талап етпейтін БИЖ-дің (-дердің) ЖСҚ-сын әзірлеу (байланыстыру) бойынша құнының есептері (ЖСҚ жоқ болған жағдайда);
4) ЖСҚ жобасының мемлекеттік сараптамасына және ЖСҚ-ны бекіту туралы бұйрығына сәйкес жобаның құны (ЖСҚ болған жағдайда);
5) БИЖ-дің (-дердің) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі;
6) міндеттерді орындаудан күтілетін нәтиже.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу тәртібі
1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау тәртібі
41. БИЖ-ді қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган байланыс және ақпарат саласында және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген ТЭН және БИЖ-дің ТЭН-ге экономикалық сараптама қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
42. БИЖ-дің ТЭН-і әзірленгеннен және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалар жүргізілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері БИЖ-дің ТЭН-ін жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен әрбір парағына қол қойылады, олардың түпнұсқаларын және көшірмесін БИЖ-дің ТЭН-інің электронды нұсқасын, оның ішінде БИЖ бойынша қаржылық-экономикалық үлгілерін ұсына отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі үшін файлдар оны редакциялауға мүмкіндік бермейтін электронды қорғалған форматта беріледі.
43. БИЖ-ге экономикалық қорытынды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда берілетін БИЖ-дің экономикалық талдауын кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады және осы Ереженің 41, 49-51-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық пакеті келіп түскеннен кейін қырық бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі, онда тиісті заңды тұлғалар жүзеге асыратын БИЖ-дің ТЭН экономикалық сараптамаға отыз жұмыс күні беріледі.
44. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган құжаттар пакеті түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды мына жағдайларда бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қайтарады:
1) олардың болуы БИЖ-дің ТЭН-іне экономикалық сараптама жүргізу үшін қажет сараптамалардың болмауы;
2) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге ТЭН-де белгіленген талаптарға сәйкес қажет бөлімдердің болмауы.
45. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган БИЖ-дің ТЭН-ге экономикалық сараптамасының қорытындысының негізінде БИЖ-ді қарайды және ол бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жібереді.
46. Республикалық БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
47. Жергілікті БИЖ ТЭН-інің, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланған жергілікті БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асыруы мүмкін.
48. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган БИЖ-дің ТЭН-і бойынша құжаттардың толық пакеті түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТЭН түпнұсқалары мен тиісті сараптамаларды қоса бере отырып, заңды тұлғаға БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптама жүргізу қажеттілігі туралы хат жібереді.
49. БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасы ұсынылған БИЖ ТЭН-інің және жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін сараптамалардың тиісті оң қорытындылары негізінде жүргізіледі, атап айтқанда:
1) жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасы;
2) салалық сараптаманың қорытындысы;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық сараптамасы;
4) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
5) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның сараптамасы.
ҚР Үкіметінің 2013.27.02. № 188 Қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)JLNK1002926021
50. Құрылыс қызметін көздейтін БИЖ бойынша салалық сараптама, ТЭН-ге мемлекеттік, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары, сондай-ақ ТЭН-ді әзірлеу тапсырмасына қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жаңа объектілерді салуды көздейтін жобалар бойынша жер учаскелерін бөліп беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері (қажет болған жағдайда жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есебін қоса бере отырып) және жұмыс істеп тұрған объектілерді қалпына келтіруді көздейтін жобалар бойынша жылжымайтын мүліктің тиісті құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелері талап етіледі.
Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда салалық уәкілетті мемлекеттік органның және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (қосу-қалыпқа келтіру жұмыстары) шығыстары бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасының қорытындысы талап етіледі.
Құрылыс қызметін қамтитын БИЖ-дің ЖСҚ ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ-ді қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті сараптамадан өткен ТЭН бекітілгеннен кейін әзірленеді.
ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1566 Қаулысымен 50-1-тармақпен толықтырылды
50-1. Үкіметтік сыртқы қарыз қаражатынан және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанған БИЖ-дің құнына техникалық көмекке, тауарларға, оқытуға, жоба құрылысын басқару, сүйемелдеу, институционалдық дамыту, қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерге арналған шығыстар қосылады.
51. Ақпараттандыру саласындағы БИЖ бойынша салалық сараптама мен ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қорытындысы талап етіледі.
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қорытындысы мыналарды қамтиды:
1) БИЖ ТЭН-інің БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаға сәйкестігін бағалау;
2) саланың ағымдағы жай-күйінің проблемаларын бағалау. Бұл бөлімде құрылып жатқан БИЖ-дің іске асырылуы арқылы шешілетін сала проблемасы айқындалады;
3) тиімділік көрсеткіштерінің ұсынылған мәндеріне сәйкес өтініш иесі ұйымының стратегиялық және операциялық көрсеткіштеріне арналған БИЖ-ді іске асырудың жоспарланған тиімділігін бағалау;
4) технологиялық және техникалық шешімдерді бағалау. Бұл бөлім жобаның шеңберінде сатып алынған жабдықтардың техникалық сипаттамалары сәйкестігінің бағасын, жоба архитектурасын іске асырудың ұсынылған нұсқаларының бағасын, сондай-ақ жабдықтың мемлекеттік және әлемдік стандарттарға сәйкестігіне таңдау бағасын, пайдаланылудағы жабдықтармен технологиялық үйлесімділігін қамтиды;
5) электронды үкіметтің базалық құрауыштарымен интеграциялау үшін БИЖ-дің техникалық талаптар мен стандарттарға сәйкестігін бағалау. Сондай-ақ бұл бөлімде БИЖ-дің мемлекеттік ведомствоаралық ақпараттық жүйелермен интеграциясы бойынша ұсынымдар да сипатталады;
6) БИЖ арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін автоматтандырудың тиімділігі мен орындылығын бағалау. Бұл бөлімде БИЖ-дің өтініш беруші ұйымының оның құзыретіне жататын мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мемлекетік қызметтерге әсері бағаланады;
7) қолданыстағы ақпараттық жүйелер шеңберінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері құрған БИЖ-дің іске асырылу дәйектілігін, орындылығын және нәтижелілігін бағалау;
8) БИЖ-дің құрылатын ақпараттық жүйелері мен құрамдауыштарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестілігін бағалау;
9) БИЖ-ді таңдаудың негіздемесімен бірге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған барлық шешімдердің баламалы нұсқаларының талдауын қамтитын, атап айтқанда жобаны меңгеру құны, дайын шешімдерді пайдалану және аутсорсинг баламалы нұсқаларды бағалау;
10) БИЖ іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы мүмкін болатын тәуекелдерді бағалау.
52. Сондай-ақ инновациялық және/немесе ғарыштық қызметті көздейтін БИЖ бойынша салалық сараптама және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы талап етіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.27.02. № 188 Қаулысымен 53-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)JLNK1002926021
53 БИЖ-дің салалық сараптамасының қорытындысы мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы мыналарды көздейді:
1) БИЖ ТЭН-інің БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаға сәйкестігін бағалау;
2) саланың одан әрі дамуына әсер ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын бағалау;
3) БИЖ іске асыру көзделетін қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды бағалау;
4) өнімге/қызметтерге қазіргі және болжамды (БИЖ тіршілік циклі кезеңінде) сұраныстың немесе осы өңірдегі бәсекелестікті ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктің көрсеткіштерін бағалау;
5) БИЖ-ді іске асырудан болатын пайда мен шығындарды бөлуді бағалау;
6) БИЖ ТЭН-де қабылданған технологиялық, техникалық шешімдерді оның ішінде БИЖ-ді іске асыру кестесін бағалау;
7) бағалық шешімдерді бағалау, оның ішінде БИЖ ТЭН-інде келтірілген оның ішінде инвестициялық және пайдалану шығындарының барлық құрауыштары бойынша баға-сапа қатынасының тиімділігін тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге жоспарланған бағаларды тиісті нарықтық бағалармен салыстырылуын бағалау;
8) БИЖ таңдаудың негіздемесімен бірге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған балама нұсқаларды бағалау;
9) БИЖ іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқаларын бағалау;
10) салалық уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру шығындарының негізділігі.
54. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыру жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметі көзделмейтін БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасы БИЖ-дің ТЭН-і және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасына БИЖ-ді іске асыру көзделген мемлекеттердің заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалар және осы қызметті реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілер ұсынылады. Қажет болған жағдайда тиісті сараптамалар мен талап етілетін нормативтік құқықтық актілердің аудармасын қамтамасыз етуді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
55. Егер БИЖ-ді республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылса, салалық сараптаманы тиісті саланың орталық уәкілетті органы жүргізеді.
Егер БИЖ-ді жергілікті бюджет қаражаты немесе жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асыру ұсынылса, салалық сараптаманы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргізеді.
56. Салалық сараптамаға мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға, не жауапты хатшы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен рәсімделеді.
57. Қажет болған жағдайда БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгіленген тиісті заңды тұлғалар қосымша ақпарат беруді және/немесе БИЖ-дің ТЭН-де және жүргізілген сараптамада қамтылмаған және/немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптаманы, сондай-ақ тәуелсіз сараптаманы талап ете алады.
Қажетті ақпаратты ұсыну және/немесе қосымша сараптаманы және/немесе тәуелсіз сараптаманы жүргізу бойынша сауалды тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне сауалдың көшірмесі осы Ереженің 41, 49-51-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық пакеті түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.
58. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сауал түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша бірақ күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімнің қажеттілігі туралы хабарлайды.
Сауал жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат түскенге дейін экономикалық сараптама жүргізу мерзімі тоқтатылады.
59. Жүргізілген сараптамада қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптаманы, сондай-ақ тәуелсіз сараптаманы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қамтамасыз етеді.
Қосымша сараптамаларға мыналар жатады:
1) банктік сараптама;
2) мемлекеттік сараптама;
3) экологиялық сараптама;
4) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
5) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;
6) уәкілетті мемлекеттік органдардың сараптамалары.
Қосымша сараптама немесе тәуелсіз сараптама жүргізу қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттар пакеті кейіннен тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жіберу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға қайтарылады.
60. БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасының қорытындысын БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгіленген тиісті заңды тұлғалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.
61. БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасының нәтижелері оң қорытынды немесе теріс қорытынды немесе пысықтауға жіберу қорытындысы болып табылады.
БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы құрылымы мен мазмұны БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және БИЖ ТЭН-інің бекітілген техникалық-экономикалық параметрлері расталатын, сондай-ақ жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігінің алғышарттары бар БИЖ ТЭН-іне ұсынылады.
БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасының теріс қорытындысы бағалау нәтижелері жобаның жүзеге асырыла алмайтындығын және/немесе тиімсіздігін көрсететін БИЖ ТЭН-ге ұсынылады.
Пысықтауға жіберілетін қорытынды мазмұны БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігі алғышарттарының болуын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда БИЖ ТЭН ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1566 Қаулысымен 61-1-тармақпен толықтырылды
61-1. Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанған БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасының қорытындысы техникалық көмекке, тауарларға, оқытуға, жоба құрылысын басқару, сүйемелдеу, институционалдық дамыту, қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерге арналған шығыстарды бағалауды қамтиды.
62. Осы Ереженің 44-тармағында көзделген, сондай-ақ БИЖ-дің ТЭН-ін пысықтау қажет болған жағдайларда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде осы Ереженің 41, 49-51-тармақтарында көзделген тәртіпте пысықталған құжаттарды қайта енгізеді.
63. Тиісті сараптаманың оң қорытындысын алған БИЖ-дің ТЭН-і мен ЖСҚ-ны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілері немесе уәкілетті мемлекеттік органдар бекітеді.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібі
64. БИЖ-ді іріктеу мен тиісті бюджет комиссиясының қарауына ұсынуды әлеуметтік-экономикалық даму болжамы құрамындағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 66-бабы 1-тармағында көрсетілген басымды бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру шегіндегі құжаттарды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті немесе орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
65. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің БИЖ-дің ТЭН-ін олардың қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуі растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның БИЖ-ға экономикалық қорытындысын ескере отырып, бюджет комиссиясының қарауына олар бойынша қорытындыны енгізеді.
66. БИЖ-дің бекітілген ТЭН-інің, БИЖ бойынша оң экономикалық қорытындының және тиісті бюджет комиссияның оң шешімінің негізінде БИЖ тиісті бюджет жобасына енгізіледі.
67. Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін БИЖ-дің белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, сондай-ақ бекітілген БИЖ-дің ТЭН-де көзделмеген қосымша құрауыштарды қосу қажеттілігі жағдайында, кейіннен БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес мемлекеттік жоспарлау және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органдар белгілейтін сараптама жүргізе отырып, БИЖ-дің ТЭН-ін түзету жүргізіледі.
Республикалық БИЖ-дің ТЭН-ін түзетуге байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджеттен іске асырылатын БИЖ-дің ТЭН-ін, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланған жергілікті БИЖ-ді түзетуге байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу тәртібі
68. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ бюджеттік баєдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімінің және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.
ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Құрылыс қызметін көздейтін БИЖ-дерге жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есебін қоса бере отырып) қоса беріледі.
69. Тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар тиісті бюджет жобасына енгізіледі.
70. Тиісті қаржы жылының бюджетіне қосылған, ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ЖСҚ әзірлеуді қамтамасыз етеді.
71. Бірыңғай техникалық параметрлері бар жобалар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес үлгі жобаны әзірлеу жүзеге асырылады.
72. Жобаларды іске асыру кезінде үлгі жобаларды қолдану нақты құрылыс алаңына байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.
4. Сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобаларды қарау және іріктеу тәртібі
73. ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған қосымша құрауыштар енгізуге байланысты республикалық БИЖ сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.27.02. № 188 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)JLNK1002926021
74. ЖСҚ-ны түзету немесе оған қосымша құрауыштар енгізуге байланысты жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар тиісті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған жағдайда стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша компоненттерді енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен астамын құрайтын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
75. ЖСҚ-ны түзетуге немесе оған бекітілген ТЭН-де немесе БИЖ-дің үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша құрауыштарды енгізуге байланысты БИЖ-дің құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.
76. Республикалық немесе жергілікті бюджетке енгізілмеген БИЖ бойынша ЖСҚ әзірлеуге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2013.27.02. № 188 Қаулысымен 77-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)JLNK1002926021
77. Сметалық құнын ұлғайтуды көздейтін республикалық БИЖ-ді және стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттің нысаналы даму трансфеттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту жобалау-сметалық құжаттаманы түзетумен немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгі жобада көзделмеген қосымша компоненттерді қосумен байланысты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды қарауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.27.02. № 188 Қаулысымен 78-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)JLNK1002926021
78. Стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттің нысаналы даму трансфеттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгі жобада көзделмеген қосымша компоненттерді қосуға байланысты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен астамын құрайтын жергілікті БИЖ-ді қоспағанда, жергілікті БИЖ-ді, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен жоғары тұрған бюджеттің сметалық құнды ұлғайтуды болжайтын кредиттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жергілікті БИЖ-ді қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
79. БИЖ-дің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару тәртібі екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең - бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған құжаттар негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жобалау құжаттамасын түзету орындылығын айқындау жөніндегі бюджет комиссиясының шешімі.