Төлем құжатының «Бюджеттік сыныптама кодтары» ашық жолағына деректемелер бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген ҚР ББС-қа сәйкес толтырылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік сыныптама кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаперіне жеткізеді.
Түсімдердің жинақ шотына есептеу үшін төлем құжаты бенефициарының банктік деректемелерін салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы төлеушілерге одан әрі хабарлау үшін банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаперіне жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 129-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
129. Түсімдерді тиісті ҚБШ-да жинақтап, оларды кейіннен бөлу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын банкішілік транзиттік шот түсімдердің жинақ шоты болып табылады. Түсімдердің жинақ шотынан республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - ҚР Ұлттық қоры) арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке төленетін түсімдер сомасын қайтару, түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында немесе аумақтық салық қызметі органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті органдардың арасында артық (қате) төленген соманы есепке алу жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 130-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
130. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган күн сайын:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының (бұдан әрi - ҚБЕО) төлем жүйесi арқылы екiншi деңгейдегi банктерден немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан бюджетке түсетiн түсiмдер жөніндегі электрондық төлем құжаттарын заңнамада белгiленген тәртiппен қабылдауды жүзеге асырады;
2) электрондық төлем құжаттарының ресiмделу дұрыстығын және толықтығын тексерудi жүзеге асырады;
3) түскен электрондық төлем құжаттары негiзiнде Түсiмдердiң жинақ шотына түсiмдердің түсуiн есепке алуды жүргiзедi;
4) республикалық, жергілікті бюджеттер және Ұлттық қор арасындағы түсімдер сомасын бөлуді жүзеге асырады;
5) Ұлттық қорға жiберiлетiн бюджетке түсетiн түсiмдер сомасын осы Ереженің 514-тармағына сәйкес ҚР ҰБ-дағы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударуды жүзеге асырады;
6) ҚР ҰБ ашылған Кеден одағына мүше мемлекеттердің шоттарына сомаларды аударуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 131-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
131. Төлем құжаттарын ЖСК, БСК, БСН бар-жоғына және сәйкестiгiне, ҚР ББС бюджеттiк сыныптама кодының бар-жоғына тексеру жүзеге асырылады.
Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тура салықтарды және мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерді, оның ішінде мұнай келісім-шарттарының ережелерін бұзғаны үшін түсімдерді тексеру төлеушінің мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкестігіне жүзеге асырылады.
Төлемнің мақсатын және/немесе аумақтық тиесілігін анықтауға мүмкіндік бермейтін электрондық төлем құжаттарында көрсетілген деректемелер болмаған немесе жалған болған, осы өңірге БСК қолдануға келмейтін және төлеушінің Мұнай секторы ұйымының тізбесіне сәйкес келмеген кезде түсімдер сомасы «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шотына электрондық төлем құжаттарын қабылдау күні есептеледі. «Ұлттық валютада анықтағанға дейін өзара есеп айырысу бойынша аударылған сомалар» шоты - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында ашылатын қолма-қол ақшаның бақылау шоты.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 132-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
132. Республикалық және жергілікті бюджеттердің, Ұлттық қордың арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін «Бюджет деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шоты арасындағы түсімдер сыныптамасының түсімдерін бөлу» кестесінің және орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісім-шарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымы тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің І сатысы).
Облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) арасындағы түсімдерді бөлу облыс мәслихатының шешімімен белгіленген облыстық бюджеттер мен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің ІІ сатысы).
133. Төлем құжаттары қабылданғаннан және түсімдерді бөлгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган түсімдердің бөлінуіне және түсімдер бойынша операциялық күнді жабу рәсімдеріне бақылауды жүзеге асырады.
15-тарау. Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 134-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
134. ҚР ББС бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды және (немесе) есептеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару және (немесе) есептеу салық органдарының:
1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзырет шегінде салықтық емес түсімдердің тізбесі бойынша салық органдарының қорытындылары негізінде;
2) салық органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, салықтық емес түсімдерді өндіріп алғаны үшін жауапты уәкілетті органның қорытындысы негізінде ұсынылған салық органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.
Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында, салық қызметі органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушілерге бюджеттен қайтару (бұдан әрі - қайтару және (немесе) есептеу) үшін салық органы аумақтық қазынашылық органына 2 данада:
1) осы Ереженің 54-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмаларының тізілімін;
2) бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органның қорытындысын;
3) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша беру кезінде салық органдары салық органы басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның және салық органының уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ қол қойылған салық органының немесе бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті органның қорытындысының сканерленген түрін тіркей отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша төлем тапсырмасының электрондық түрін ұсынады.
Ақша алушылар анықтамалығында деректемелер болмаған немесе өзгерген жағдайда бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтаруға салық органы «Қазынашылық-клиент» АЖ-да осы Ереженің 62-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушыны енгізуге арналған өтінімнің немесе осы Ереженің 55-қосымшасына сәйкес салық органы немесе бюджетке түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган қорытындысының сканерленген түрін қоса бере отырып, осы Ереженің 63-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушы деректемелерінің өзгерістерін енгізуге өтінімнің электрондық түрін қалыптастырады.
Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелерін өзгертуді енгізуге өтінімді ресімдеудің дәйектілігіне және дұрыстығына салық органы жауап береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы бекіткен және мемлекеттік мекемелерге жеткізілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесіне сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін салық органдарынан қағаз тасығышта төлем тапсырмаларын және қорытындыларды қабылдауды жүзеге асырады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жұмыс күні ішінде сағат 13.00-ге дейін «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша салық органдарынан түскен төлем тапсырмалары мен қорытындыларды қабылдауды жүзеге асырады. Сағат 13.00-ден кейін түскен құжаттар орындалады не келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындаусыз қайтарылады.
135. Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган - өздері әкімшілік ететін түсімдердің толық және уақтылы түсуіне жауапты және олардың түсуіне, артық, қате немесе дұрыс емес түскен түсімдер сомасын қайтарылуына немесе оларды бюджетке берешекті өтеу шотына есептеуіне мониторингті жүзеге асыратын орган.
136. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын қайтару және/немесе есептеу үшін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген салық органдарының құзыреті шегінде салық органы жасайды.
Мұнай секторы ұйымдарының Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған резидент еместердің кірісінен ҚР Ұлттық қорына төлеген салықтарды қайтару және (немесе) есептеу резидент емеске жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 137-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 137-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
137. Салық органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді, трансферттер түсімдерін, бюджет кредиттерін өтеуді, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді, қарыздар түсімдерін қоспағанда, салықтық емес түсімдер сомасын қайтару және (немесе) есептеу үшін қорытындыны бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган жасайды.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органға төлеушілерден төлеу орны бойынша төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріле отырып, жазбаша өтініш беріледі.
Төлеушінің - заңды тұлғаның, жеке тұлғаның (жеке кәсіпкердің) қайтару және (немесе) есептеу туралы өтінішінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) өтініш берушінің атауы (заңды тұлғалар, құрылымдық бөлімшелер, филиалдар үшін) немесе тегі, аты мен әкесінің аты (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлері, адвокаттар және нотариустар үшін);
2) ЖСН/БСН (резидент емес болса көрсетеді), БСК, ЖСК (олар болған кезде);
3) өтініш берушінің мекенжайы;
4) жеке куәліктің, паспорттың немесе оларды алмастыратын құжаттың нөмірі және кімнің бергені (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлері, адвокаттар және жеке нотариустар үшін);
5) уәкілетті органдар әкімшілік ететін түсімдер бойынша артық (қате) төленген сома пайда болғандардың атауы;
6) қайтаруға және (немесе) есептеуге жататын сома;
7) есептеген жағдайда - бюджеттiк сыныптама коды, артық (қате) төленген сома есептелетiн бюджет түсiмдерiнiң атауы, БСН және салық органының атауы;
8) бюджетке төленетін төлем туралы төлем құжаттарының деректері - төлем құжатының нөмірі және күні;
9) бюджетке іс жүзінде енгізілген сома;
10) банктік шотқа қайтарған жағдайда - банктік шотты алушының нөмірі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктің немесе ұйымның атауы, БСК, ЖСК.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 138-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
138. Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Ереженің 55-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төрт данада жасайды, оның екеуін түсімдерді қайтаруға және/немесе есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін қолын қойдырып, қолма-қол мынадай мерзімдерде:
- төлеушiден есептеуге өтiнiм түскен күннен бастап төрт жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
- төлеушiден қайтаруға өтiнiм түскен күннен бастап сегiз жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына ұсынады.
Қорытындының үшінші данасы төлеушіге тапсырылады, төртінші данасы уәкілетті органда қалады.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қайтаруға және/немесе есептеуге қорытынды жасаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын, қорытындыда қамтылған деректердің шынайылығын қамтамасыз етеді және оларды сақталмағаны/сәйкессіздігі үшін жауап береді.
Қорытындыларды уәкілетті орган осы Ереженің 56-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және/немесе есептеуге төлем құжаттарын тіркеу журналына тіркейді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 138-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
138-1. ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 139-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
139. Салық органы бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органнан ол әкімшілік ететін түсімдер сомасын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытынды алған кезде 5 жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасын жасайды және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрін қалыптастырады және жібереді).
Төлем тапсырмаларын салық органы осы Ереженің 57-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және (немесе) есептеуге арналған төлем тапсырмаларын тіркеу журналында тіркейді.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган түсімдерінің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытындыны салық органы осы Ереженің 58-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Салық органдары әкімшілік етпейтін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтару және (немесе) есептеу қорытындысын тіркеу журналында тіркейді.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 140-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
140. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтаруды және (немесе) есептеуді жүзеге асырғаннан кейін қағаз тасығыштағы қорытындының және төлем тапсырмасының, атқарылуы туралы белгісі бар төлем тапсырмалары тізілімінің бір-бір данасын салық қызметі органына қайтарады. Төлем тапсырмасының тізілімі және атқарылуы туралы қорытынды мен төлем тапсырмаларының бір-бір данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша тапсыру кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтаруды және (немесе) есептеуді жүзеге асырғаннан кейін салық органына құжаттың орындалғандығы туралы хабарлама жіберіледі. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріндегі орындалған қорытындылар мен төлем тапсырмалары «Қазынашылық-клиент» АЖ-да электронды түрде сақталады.
141. Қайтаруға және/немесе есептеуге құжаттар аудан (облыстық маңызы бар қала) түсімдерінің бюджет сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және/немесе есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап түсімдері қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе есептеу тұтастай алғанда республика бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кіші сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі, бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы кіші сыныбы бойынша дебеттік қалдықтар жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 141-1-тармақпен толықтырылды
141-1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) түсімдерінің бюджет сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және/немесе есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе есептеу) тұтастай алғанда республика бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі, бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы сыныбы бойынша дебеттік қалдықтарға рұқсат етіледі.
142. Қайтару және (немесе) есептеу жөніндегі құжаттарды орындау не оларды қайтару себептері көрсетіліп, олар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 143-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 143-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143. Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар өздері әкімшілік ететін түсімдердің мониторингін жүзеге асыру үшін жазбаша өтініштің негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен төлеушілер бөлінісінде түсімдер туралы ақпаратты бюджет түсімдерінің сыныптамасының коды бойынша алады.
Уәкілетті органдардың тиісті есепке алуды, бақылау мен мониторингті, сондай-ақ артық төленген, қате немесе дұрыс түспеген түсімдердің сомасын қайтаруды немесе оларды бюджетке берешекті өтеу есебіне есептеуді жүзеге асыруы үшін бюджет түсімдері сыныптамасының коды бойынша әкімшілік айыппұлдар түсімдері туралы ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі ай сайын, есептіден кейінгі айдың бірінші күніне осы Ереженің 116, 117-қосымшаларына сәйкес 2-14 «Бір айдағы түсімдерді жинау жөніндегі есеп», 2-43 «Бюджет сыныптамасының коды бойынша түсімдер» деген нысандар бойынша қалыптастырады, кейіннен өздерінің аумақтық және/немесе құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізуі үшін есептіден кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Көрсетілген ақпаратты бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган осы Ереженің 59-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдерді тіркеу журналына жазады.
144. Шетел валютасында бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтару үшiн салық органы не бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел валютасыдағы ақшаны алушыны енгізуге өтінім бередi.
Шетелдік берушінің бірегей коды берілгеннен кейін салық органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне салық органының немесе уәкілетті органның тиісті қорытындысын, төлем тапсырмасын, шетел валютасын айырбастауға өтінімді, шетел валютасын аударуға өтінішті осы Ереженің 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді. Шетел валютасын айырбастау және аудару бойынша операциялар осы Ереженің 35-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Қайтару Түсiмдердiң жинақ шотынан оны кейiннен бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның валюта түрлерi бойынша шетел валютасындағы корреспонденттiк шоттарға есепке ала отырып, жүзеге асырылады. Құжаттарды салық органдарына беру Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жуапты салықтық және уәкілетті орган шетел валютасында бюджетке түсетін түсімдерге қайтаруға арналған жоғарыда көрсетілген құжаттардың шынайылығына және дұрыстығына жауапты болады, аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді .
Шетел валютасында қайтару бойынша құжаттарды орындау не оларды қайтару себептерін көрсете отырып қайтару олар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне түскен күні жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-тарау. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды, нысаналы трансферттерді аудару тәртібі мен мерзімдері
ҚР Үкіметінің 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен 145-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
145. Бюджеттік алып қоюлар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген сома шегiнде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берiледi.
Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен деңгейінен жоғары деңгейіне берген кезде нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке түсімдер мен төмен тұрған бюджет төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде беріледі.
146. Бюджеттік алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде көзделген, келесi қаржы жылына бекітілген төмен тұрған бюджет кiрiстерi түсiмдерiнiң (азаматтарға пәтерлердi сатудан түсетiн соманы қоспағанда, салық, салықтық емес түсiмдер және негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер) сомасына бюджеттік алып қоюлар сомасының қатынасы ретiнде пайызбен жоғары тұрған деңгейдегi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды және бекiтедi.
Төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi атқарушы орган 25 желтоқсаннан кешiктiрмей жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі органға келесi қаржы жылына арналған кiрiстердiң болжамдық көлемiн және түсiмдердiң жиынтық жоспарының жобасын алдын ала айға бөлудi (ерекшелiктер деңгейiне дейiн) бередi.
Жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган төмен тұрған бюджеттер кiрiстерiнiң мөлшерi мен ай сайынғы болжамдық көлемi негiзiнде бюджеттік алуларды айға сайынғы бөлуді айқындайды және жоғары тұрған бюджеттiң түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың қаперіне жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 147-тармақ өзгертілді
147. Төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде бюджеттік алулар сомасын төмен тұрған бюджеттiң түсiмдерiнің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген айлық сома шегiнде жоғары тұрған бюджет түсiмдерi бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодын көрсете отырып, ағымдағы айдың жиырма бесінші күнiне дейiн аударады.
Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақыны төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жәрдемақыларды, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулардың сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Тиісті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беру кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған төлеуге берілетін шоттың негізінде нысаналы трансферттер сомасын төмен тұрған бюджеттің түсімдерінің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджет түсімдері бюджеттік сыныптамасының тиісті кодын көрсете отырып, аударады.