519. Егер қанат үсті авариялық шығулар арқылы адамдардың эвакуациясы аяқталатын қанат орны шассилері шығарылған ӘК қалыпты жағдайы кезінде жер бетінен 1800 және одан да көп арақашықтықты болса, онда адамдардың жерге түсуін жеңілдету үшін құралдар көзделуі тиіс.
Бұл құрал ӘК қалыпты жағдайы мен шассилерінің бір немесе одан да көп тірегі тиісті сынуының кез келген мүмкін болатын жағдайы кезінде адамдарды қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Егер эвакуация жолы жабынды арқылы өтетін болса, онда оның артқы жиегінің орналасу биіктігі Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың көрсетілген ең аз қону бұрышы, оның ішінде ұшудың ерекше жағдайлары кезінде жабындылардың ауытқуы жағдайында өлшенуі тиіс.
520. Авариялық шығуды, оның ішінде экипаж кабинасы ашпакөздерінің жиектерінде авариялық эвакуация кезінде жолаушылар мен экипаж үшін қауіп төндіретін өткір қыр, шығыңқылар т.б. болмауы тиіс.
521. Егер авариялық шығуды ашу үшін күш беру жетектері қолданылатын болса, онда шығу орнын қолмен ашу мүмкіндігі де қамтамасыз етілуі керек.
522. Егер авариялық шығу сақтандырғыш қоршауымен (таспасымен) жарақталса, онда ұшу кезінде оны авариялық шығудың ойығын жаппайтын жағдайда бекітуге арналған құрал көзделуі тиіс.
523. Жолаушыларға арналған фюзеляж бортындағы жолаушылар кабинасына кіретін әрбір есік А, І және II үлгі авариялық шығулар ретінде жіктеліп, бұл типтің авариялық шығуларына қойылатын талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Егер мұндай есікте пайдалану трапы орнатылған болса, онда ол белгілі бір жүктемелердің ықпалынан кейін және шассидің бір немесе одан да көп тірегі сынған кезде адамдарды осы шығу арқылы эвакуациялау жағдайын нашарлатпайтын түрде жобалануы тиіс.
524. Әрбір есікте және авариялық шығу қақпағында иллюминаторлар немесе басқа да баламалы құрылғылар көзделуі тиіс, олар:
1) авариялық люкті ашу алдында ӘК қалыпты жағдайы кезінде адамдарды жерге түсіруге арналған орнатылған жұмыс жағдайындағы көмекші құралдардың төменгі шеті қайда тұрғанын тексеруді;
2) тәуліктің жарық уақытында фюзеляж ішіндегі авариялық шығуларға, авариялық шығуларды ашу құралдарына таяу, өткін маңын жарақтандыруды, авариялық шығу маңына орналасқан авариялық-құтқару құралдарының таңбалануы қамтамасыз етілуі тиіс.
Ескертпе: авариялық шығуға тікелей жақын орналасқан иллюминаторларды фюзеляж ішін жарықтандыру үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
81. Таңбалау
525. ӘК барлық авариялық-құтқару құралдарын таңбалау көзделуі тиіс.
526. Жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығуды таңбалау және олардың орналасуы ӘК ішіндегі түске қатысы бойынша көрінбелі және кабина еніне тең ара қашықтықта бірден көзге түсетін болуы тиіс.
527. Жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығудың орналасуы «Шығу» деген жазбамен белгіленуі (қажет кезде нұсқама көрсеткішпен), жолаушылар мен экипажға кабина еніне тең қашықтықтан бойлық өту бойынша шығуға таяуы кезінде көрінетін болуы тиіс.
Жазбалар:
1) шығудың орналасуын керсету үшін - жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығудың маңында өткін үстінде немесе егер бұл әрбір шығулар осы жазба арқылы тез табылатын, бірден астам шығудың орналасуын көрсетуге қызмет ететін жағдайларды қоспағанда, егер бұл барынша ыңғайлы болса, төбенің басқа да тұсында;
2) авариялық шығуды белгілеуге арналған - егер бір жазба олардың екеуі де бұл жазбадан гөрі жақсы көрінетін болып, бірден астам шығудың орналасуын көрсету үшін қызмет еткен жағдайларды қоспағанда, жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығулардың үстінде немесе жанында;
3) жолаушылар кабинасын бөліп тұрған қабырға артындағы авариялық шығуларды көрсету үшін - әрбір қабырғада орналасуы тиіс.
528. ӘК ішіндегі әрбір авариялық шығу үшін ашу құралының (тұтқасының) жанында таңба және шығуды ашу жөніндегі нұсқаулық көзделуі тиіс, олар былайша орындалуы тиіс:
1) әрбір авариялық шығу үшін - 760 мм арақашықтықтан оқуға болатын шығуда немесе оның жанындағы жазба түрінде. Бұдан өзге III және ІV типтерінің авариялық шығуларын ашу құралдары кемінде 0,5 кд/м2 бастапқы жарықпен жарықталуы тиіс. Егер бұл шығуларды ашу құралдары қақпақпен жабылған болса, онда кемінде 0,5 кд/м2 бастапқы жарықпен жарықталған, қақпақты алу туралы көрсеткіші бар жазба көзделуі тиіс;
2) А, І және II үлгілері үшін әрбір авариялық шығуға арналған мына түрдегі айналып қозғала ашылатын тұтқа тетігі болуы тиіс:
тұтқаның 3/4 ұзындығына тең радиусі бар доға ұзындығы кемінде 700 болатын ұшы енінен екі есе үлкен негізі бар, ені кемінде 20 мм қызыл түсті (немесе ӘК ішіндегі түстен басқа өзге түсті) көрсеткіш;
биіктігі кемінде 25 мм, тиісінше ұшу маңына және көрсеткіш негізіне көлденең, қызыл түсті (немесе ӘК ішіндегі түстен басқа өзге түсті) әріптермен жазылған «Ашық» және «Жабық» деген сөздер;
тұтқаның тиісті шеткі жағдайларын көрсететін «Ашық» немесе «Жабық» деген сөздер маңына қара немесе қызыл шектеме белгі.
529. Сырттан ашылатын әрбір авариялық шығу мен оны ашу құралдары оның орналасуын және оны ашу тәсілін көрсететін фюзеляж сыртында тиісті таңбасы болуы тиіс.
530. Фюзеляждың әрбір бортында орналасқан жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығуды сырттан таңбалау ені 50 мм шығыстың түрлі-түсті жиектемесін қамтуы керек.
531. Шығуды түрлі-түсті жиектеуді қоса алғанда, әрбір сыртқы таңба фюзеляж маңындағы беттен түсі бойынша жеңіл ерекшелейтін түспен айрықшалануы тиіс.
532. Егер авариялық шығуды ашу құралдары фюзеляждың бір бортында орналасқан болса, онда бұл ерекшеліктерді көрсеткен таңбалау фюзеляждың екінші бортына да салынуы керек.
533. Қанат үстіндегі авариялық қанат үсті шығуларының маңына адамдардың эвакуациясының бағытын көрсететін қанаттың ашық түсі сұлбасында ені 40 мм қара түсті үзік желілермен көрсеткіш - нұсқамалар салынуы тиіс.
534. Егер фюзеляж сыртынан қосымша авариялық шығуларды ашу орындары көзделсе, онда осы тұста көлемі 90x90x30 мм болатын «Осы тұстан ашу керек» деген бұрыш көлемде жазулар болуы тиіс. Бұрыштама және жазба түстері фюзеляждан ерекшеленуі тиіс. Егер бұрыштама арасындағы ара қашықтық 2000 мм астам болса, онда олардың арасында мөлшері 90x30 мм болатын аралық белгі салынуы тиіс.
535. ӘК ішіндегі және сыртындағы авариялық-құтқару жабдығына қатысты жазбалар әдетте, орыс және ағылшын тілдерінде - ақ түс үстіне қара әріптермен орындалуы тиіс.
Ескертпе: дайындаушы мемлекет пен тіркеу мемлекеті арасындағы келісім бойынша жазбалар басқа да екі тілде жазылуы мүмкін.
Негізгі жазбалар кемінде биіктігі 40 мм үстіне кемінде биіктігі 20 мм әріптермен, қосымша түсіндірме жазбалар - кемінде биіктігі 20 мм үстіне кемінде биіктігі 10 мм әріптермен орындалуы тиіс.
82. Авариялық жарықтандыру
536. ӘК электрмен жарақтандыру жүйесіне ӘК тәуелсіз авариялық жарықтандыру жүйесі көзделуі тиіс.
537. Авариялық жарықтандыру жүйесі мыналарды қамтуы тиіс:
1) ішкі авариялық жарықтандыру - авариялық шығулар мен эвакуация жолдарының таңбаларын, кабиналардың жалпы жарықтандыру көздерін жарықтандыру, авариялық шығуларды жарықтандыру;
2) сыртқы авариялық жарықтандыру.
538. Авариялық шығулар тақтайшасы мына талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
1) 10 және одан да көп жолаушылар орын саны бар ӘК:
әрбір тақтайшада жарықтандырылған ашық түс үстінде биіктігі кемінде 38 мм болатын қызыл әріптермен жазылған жазба және әріптерді қоспағанда, кемінде 135 смІ алаңы болуы тиіс. Жарықтандырылған түс пен әріп арасындағы айырма кемінде 10:1 болуы тиіс. Әріптердің биіктігі мен олардың қалыңдығына қатынасы 7:1 аспайтын және 6:1 кем емес болуы керек. Түстік бастапқы көрнекілігі кемінде болуы 85 кg/м2 тиіс. Түстің жарықтану тепе-теңдігі 3:1 аспауы керек;
Әрбір тақтайшаның әріптерді қоспағанда, кемінде 135 см2 алаңы бар, жарықтанатын ақ түс үстінде кемінде биіктігі 38 мм болатын қызыл әріптермен болуы тиіс. Тақтайшаның түс үстіндегі бастапқы көрнекілігі кемінде 1,3 кg/м2;
2) кемінде 10 тақтайшасы жолаушылар орын саны бар ӘК немесе жолаушылар кабинасында биіктігі кемінде 50 мм ақ түс үстінде биіктігі кемінде 25 мм қызыл әріптермен жазу болуы тиіс. Тақтайшаның түс үстіндегі бастапқы көрнекілігі кемінде 85 кg/м2;
3) барлық тақтайшаларда ішкі электрлік жарықтануы немесе электрлік емес құралдар есебінен өздігінен жанатын болуы тиіс. Жазбалардың және негізгі қабырға түстері, егер тақтайша электрлік емес құралдар есебінен өздігінен жанатын болса, қарама қарсы өзгертілуі мүмкін.
539. Жолаушылар кабинасын жалпы авариялық жарықтандыру жүйесі жолаушылар үшін бойлық өту (немесе өткіндер) және 1000 мм ара- қашықтықтағы кресло шынтағы биіктігіндегі бойлық өткіндер арасындағы көлденең өткіндер осінің бойымен өлшенетін кемінде 0,55 люкс жарықтануының орташа деңгейін және әрбір 1000 мм ішкі арақашықтық сайын кемінде 0,10 люкс жарықтану деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
Ескертпе: жолаушылар үшін бойлық өткін алдыңғы авариялық шығулардан немесе жолаушы креслосынан бастап жолаушыларға арналған артқы авариялық шығуға немесе жолаушылар кабинасының алдыңғы және артқы бөлігінде орналасуына қарай жолаушы креслосына дейінгі жолаушылар кабинасының бойлық өткіні болып табылады.
540. Көлденең өткіннен бастап авариялық шығу ойығына дейінгі еден деңгейіндегі әрбір авариялық шығуға бастайтын әрбір көлденең өткіннің жарықтану деңгейі еденнен 150 мм биіктіктегі орташа өткін бойынша өтетін желілерді өлшеу кезінде кемінде 0,22 люкс болуы тиіс.
541. Авариялық жарықтандыру жүйесі өз жарықтанушылығының көмекші құралдары бар жағдайларды қоспағанда, мына талаптарды ескере отырып, жобалануы тиіс:
1) ішкі және сыртқы жарықтандыру көздері экипаж кабинасынан қолмен және борт жолсерігінің жақын креслосынан (отырғышынан) жеңіл қол жеткізуге болатын жолаушылар кабинасының орнынан қосылуы тиіс;
2) ішкі және сыртқы жарықтандыру көздері жануын тоқтатпауы (олар сөнгеннен кейін) немесе электрмен жабдықтанудың мұндай үзігі тік бөлініспен немесе ӘК авариялық қону кезінде фюзеляждың бөлінуінен туындаған жағдайларды қоспағанда электрмен жабдықтауды қалыпты үзу кезінде автоматты түрде жану тиіс. Авариялық жарықтандыру жүйесін басқару тумблерін (немесе басқа да жетекті) абайсыз ажырату мүмкіндігінің алдын алу керек;
3) экипаж кабинасында ӘК электр қорегі қосылып, ал авариялық жарықтандыру жүйесінің құрылғысы басқармасы қосылмаса жұмыс істеуі тиіс сигнал беру құрылғысы болуы тиіс.
542. Сыртқы авариялық жарықтандыру жүйесі мынадай жарықтандыруды қамтамасыз етуі тиіс:
1) әрбір қанат үсті авариялық шығуларын:
эвакуацияланатын адам кабина сыртына бірінші қадамын жасайтын жер беті кемінде 0,32 люкске (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде);
А үлгі шығысы үшін ең аз ені 1070 мм және қалған авариялық шығулар үшін 610 мм шығудан барынша алыс эвакуация жолының тайғанақ емес бөлігінің бойлық 30 %-ын кемінде 0,55 люкске (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде);
адамдарды түсіру үшін көмекші құралдар қажет емес, әрбір қанат үсті шығуында, шассиі сынбай түсірілген ӘК кезінде эвакуацияланатын адам бірінші қадамын жасайтын жер үсті кемінде 0,32 люкс (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде);
2) шассиі сынбай түсірілген ӘК кезінде эвакуацияланатын адам бірінші қадамын жасайтын жер үсті кемінде 0,32 люкс (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде).
543. Адамдарды жерге түсіруге арналған көмекші құралдар ӘК оның жұмыс жағдайын көруге болатын түрде жарықтандырылуы тиіс.
544. Егер адамдарды түсіруге арналған көмекші құралдар авариялық жарықтандырудың сыртқы жүйесімен жарықтандырылса, онда ӘК қалыпты жағдайы кезінде де шассиінің бір немесе одан да көп тиісті сынығының кез келген мүмкін жағдайы кезінде де жұмыс жағдайында тұрған кемекші құралдың жердегі шеті 0,32 люкс болуы тиіс люкс (түсетін жарыққа жапсарлас бағыт өзгерген кезде).
545. Егер адамдарды түсіруге арналған көмекші құралды жарықтандыру үшін басқа көмекші құралдарды жарықтандыру үшін пайдаланылмайтын, ӘК авариялық жарықтандыру жүйесіне тәуелсіз және көмекші құралды жұмыс жағдайына орнату кезінде автоматты түрде қосылатын жарықтандырудың жеке жүйесі пайдаланылса, онда жекелеген жарық жүйесі:
1) көмекші құралды ӘК жинау және орналастыру кезінде ақауланбауы;
2) жарықтандыру деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
546. Авариялық жарықтандыру жүйесінің әрбір элементінің электрмен жарақтанушылығы ӘК авариялық қонғаннан кейін кемінде 10 мин бойы жарықтандырудың талап етілетін деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
547. Егер авариялық жарықтандыру жүйесін қоректендіру үшін аккумуляторлар қолданылса, онда зарядталу тізбегі ол ақауланған кезде аккумуляторлары өздігінен отыру мүмкіндігін болдырмайтындай жағдайда ӘК электрмен жабдықтау жүйесінен қоректенуі мүмкін.
548. Авариялық жарықтандыру жүйесінің элементтері (аккумляторлар, реле, шамдар, қайта қосқыштар т.б. қоса алғанда) ӘК авариялық қону кезінде жүктемелер ықпалынан кейін жұмыс қабілетін сақтауы тиіс.
549. Авариялық жарықтандыру жүйесі ӘК авариялық қону кезінде фюзеляждың кез келген жеке көлденең тік ажырауынан (бөлінуі) кейін:
1) фюзеляждың бөлінуі кезінде тікелей ақауланған таңбадан басқа, осы кабина үшін талап етілетін авариялық электр шамдарының көп дегенде 25 % істен шығатындай;
2) фюзеляждың бөлінуі кезінде тікелей ақауланған таңбадан басқа, шығулардың әрбір таңбаларының электрмен жарықтануы жұмыс істеуін жалғастыра алатындай;
3) фюзеляждың бөлінуі кезінде тікелей ақауланған электр шамдарынан басқа, фюзеляждың әрбір бортына арналған авариялық шығулардың қажет болатын сыртқы электр шамдарының ең азы біреуі жұмыс істейтіндей жағдайда жобалануы тиіс.
550. Жолаушылар кабинасында қосылған тақтайша кезінде кез келген жолаушы креслосынан көрінуі тиіс, кемінде биіктігі 40 мм ақ түс үстінде биіктігі кемінде 20 мм болатын қызыл әріптерімен орыс және ағылшын тілдерінде немесе дайындаушы мемлекет пен тіркеуші мемлекет арасындағы келісім бойынша екі тілде жазылған «Белдік» бекітілсін. «Темекі шегуге болмайды» деген жазулары бар жанбалы тақтайшалар орнатылуы тиіс.
Тақтайша экипаж кабинасынан қосылуы тиіс.
83. Авариялық шығуларға өткіндер
551. Жолаушы кабинасының креслолар арасындағы бойлық (креслоның мүмкін болатын кез келген жағдайы кезінде және өткінге шығатын қозғалмалы элементтері) ені 9-кестеде келтірілген мәндерден кем болмауы тиіс:
9-кесте
Кабинадағы жолаушылар орындарының саны | Өткіннің ең аз ені, мм |
Еденнен 635 мм кем биіктікте | Еденнен 635 мм және одан астам биіктікте |
10 аспайтын | 305 | 380 |
11-19 | 305 | 510 |
20 және одан көп | 380 | 510 |
552. Жолаушылар кабинасындағы бір бойлық өткіні бар ӘК өткіннің әрбір жағы үшін бір қатарда үштен аспайтын жолаушылар орны (кресло, отырғыш) болуы тиіс.
Жолаушылар кабинасында екі және одан да көп бойлық өткіндері бар ӘК әрбір бойлық өткінге өткіннің әрбір жағынан кез келген бір қатарға үштен аспайтын жолаушылар орны (кресло, отырғыш) тиісті болуы керек.
553. І және II үлгісіндегі әрбір авариялық шығуға әрбір бойлық өткіннен жолаушылар кабинасы мен көлденең өткіндер арасындағы қабырғаларда ені 510 мм болатын кедергісіз өткіндер көзделуі тиіс.
554. Әрбір өткіннен III және ІV үлгілерінің әрбір авариялық шығуына көлденең өткін кезделуі тиіс:
1) 19 және одан кем жолаушылар орын саны бар ӘК - ені кемінде 305 мм;
2) 20 және одан астам жолаушылар орын саны бар ӘК - ені кемінде 380 мм.
555. Әрбір авариялық шығудың ойығы креслолармен (креслоның мүмкін болатын кез келген жағдайы және оның өткінге шығуын қозғалмалы элементі), отырғыштармен және басқа да шықпа элементтерімен жабылмауы тиіс.
556. Көмекші құралдармен жарақталған әрбір авариялық шығу маңында экипаж мүшелері өткін енін азайтпай-ақ жолаушыларға көмек көрсете алатындай ені кемінде 600 мм және тереңдігі кемінде 300 мм болатынын еркін кеңістік көзделуі тиіс.
557. Жолаушылар кабинасын бөлетін ешқандай қабырғада есіктер орнатылмауы тиіс. Жолаушылар кабинасының арасындағы өткінде, егер олар ашық жағдайда бекітілетін және бұл ретте өткін ойығын жаппайтын болса партьердің болуына рұқсат етіледі.
558. Барлық өткіндердің баспалдақтары болмауы, ал еденнің жүзбелі өткіндері 5о аспауы тиіс. Өткіндер еденінің жабындары тайғанақ болмауы тиіс және үстімен адам жүрген кезде қозғалмайтындай болуы керек.
559. Егер жоғары авариялық шығуларға өту үшін қосымша құрылғылар арналған болса, онда бұл құрылғы үнемі жұмыс жағдайында болуы немесе құралдарды т.б. қолданбай-ақ бір адамның қимылымен жеңіл және тез жұмыс жағдайына келтірілуі тиіс.
560. ӘК жүктелім жағдайында авариялық қонуы кезінде кабиналардағы қол жүктерінің салдарынан авариялық шығулар мен өткіндерді үюді болдырмау шаралары қабылдануы тиіс.
84. Қосымша авариялық-құтқару жабдықтары
561. ӘК әрбір жолаушылар орнына, борт жолсерігінің жұмыс орнына, ас үйге, әжетханаларға және адамдар болуы мүмкін басқа да үй-жайларға анық естілетін хабарламаларды айтуды қамтамасыз ететін жолаушыларға хабарлау жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Жүйе жұмыс орнынан экипаж кабинасына және аға борт жолсерігіне (жолаушыларды эвакуациялауға жауапты) хабарламаларды беруді қамтамасыз етуі тиіс.
562. Егер ӘК борт жолсеріктерінің орны көзделген болса, онда ӘК жолаушыларға экипаж кабинасы мен әрбір жолаушы кабинасының, сондай-ақ жолаушылардың негізгі кабинасының деңгейінен жоғары немесе төмен орналасқан әрбір ас үй бөлігі арасындағы екі жақты байланысты қамтамасыз ететін жүктемемен қамтамасыз етілуі тиіс.
Байланыс құралдары мұндай орындардан кабина едені деңгейінде орналасқан жолаушылар кабинасына барлық авариялық шығуларды бақылау қамтамасыз етілетіндей борт жолсеріктерінің жұмыс орындарының санына қарай орнатылуы тиіс.
Егер ӘК борт инженерлер болмаса, онда жолаушылар кабинасынан экипаж кабинасына ақпаратты беру мүмкіндігі көзделуі тиіс.
563. Экипаж борт жолсеріктерін шақыру басымдығына ие болуы керек, яғни экипаж кабинасынан болатын хабарлар басқа барлық хабарларды жабуы тиіс. Байланыс желісі ӘК тоқсызданған кезде авариялық электр қорегіне автоматты түрде қосылуы тиіс.
564. Экипаж кабинасында (жолаушылар орнының санына қарамастан) автономды қорек көзі бар бір қол мегафон дыбыс ұлғайтқыш болуы тиіс.
20 және одан астам жолаушылар орын саны бар жолаушылар кабинасында мұндай мегафон-дыбыс ұлғайтқыштар 10-кестеге сәйкес болуы тиіс:
Барлық мегафон-дыбыс ұлғайтқыштар тиісті таңбамен белгіленген жеңіл қол жететін жерлерде орналасуы тиіс (кабинада борт жолсерігі болған кезде - олардың жұмыс орындарында).
10-кесте
Кабинадағы жолаушылар орын саны | Кабинада қажет болатын мегафондар саны |
20-99 | 1 |
100-199 | 2 |
200-299 | 3 |
300 және одан астам | 4 |
565. Экипаж кабинасында (ӘК жолаушылардың орын санына қарамастан) ұшу кезінде бірінші медициналық көмек көрсету құралдары бар авариялық дәрі қобдишасы болуы тиіс. Жолаушылар кабинасындағы мұндай авариялық дәрі қобдишалары 11-кестеге сәйкес болуы тиіс:
11-кесте
ӘК жолаушылар орнының саны | Талап етілетін дәрі қобдишаларының саны |
1-50 | 1 |
51-150 | 2 |
151-250 | 3 |
251 және одан астам | 4 |
Барлық дәрі қобдишалары тиісті таңбамен белгіленген жеңіл қол жететін жерлерде орналасуы тиіс (кабинада борт жолсерігі болған кезде - олардың жұмыс орындарында).
566. Шөлейт, арктикалық немесе тропикалық аудандар үстінен ұшып өту үшін ӘК ұшу жүзеге асырылатын ауданның жағдайларына сәйкес келетін, адамдардың өмір тіршілігін қамтамасыз ету құралдары мен сигнал беру құралдары бар жарақты орналастыру мүмкіндігі көзделуі тиіс.
Бұл жарақты орналастыру және бекіту үшін мақсатына сәйкес оны орналастырудың арнайы орындары анықталуы тиіс.
567. Экипаж кабинасында бір авариялық балта болуы тиіс.
85. Су кеңістігінің үстінен ұшу кезінде авариялық-құтқару жабдығы
568. Суға мәжбүрлі қону кезінде ӘК жүзген күйі қалып, барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерін авариялық эвакуациялауға қажетті уақыт ішінде орнықты қалыпта қалуы тиіс.
569. ӘК суға мәжбүрлі қону мүмкіндігін растау және оның жүзбелі орын өлшемдерін анықтау үшін мына тиісті зерттеулер жүргізілуі тиіс:
1) суға мәжбүрлі қону кезінде ӘК басқару режимі мен әдістері;
2) ӘК жүзбелі қалпы және уақыты;
3) ватер желілер және су бетінен ӘК орталықтамасының рұқсат берілетін диапазонындағы авариялық шығулардың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтығы.
570. Су кеңістігі үстінен ұшу кезінде ӘК мынадай авариялық-құтқару құралы болуы тиіс:
1) ұшу ұзақтығы жағалаудан 30 мин аз кезінде - жолаушылар мен экипаж мүшелерінің санына қарай ересектер мен балалар үшін жеке жүзу құралдары - құтқару кеудешелері, сондай-ақ үлгі кеудешелері болуы тиіс.
Креслода отырған адамдар тез және жеңіл алатындай мүмкіндігі қамтамасыз етілетін түрде кеудешелер жолаушылар креслоларының үстінде және экипаж бен борт инженерлердің жұмыс орындарының маңында орналасуы тиіс.
Балалар мен үлгі кеудешелерінің саны мен орналасу орындары ӘК жолаушылар орнының саны мен орналасуына қарай белгіленеді.
Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кеудешелері үлгілік бола алмайды;
2) ұшу уақыты жағалаудан 30 минуттан астам болса осы тармаққа 1) тармақшаға қосымша:
ӘК бортындағы барлық адамдардың орналасуы үшін жеткілікті санда, бір сал жоғалған жағдайда барынша басым сыйымдылығы бар топтық құтқару жүзу құралдары - үрмелі құтқару салдары (және оларға өмір-тіршілігін қамтамасыз ету құралдары бар авариялық қорлар);
суға қону кезінде эвакуациялауға арналған авариялық шығулардың маңындағы орындарда (салмен бірге немесе оның жанында) орналасуы тиіс сипаттамалары бар автоматты жүзбелі радиоманарлар.
571. Құтқару салдары мен авариялық қорлар оларға жеңіл және еркін қол жеткізу мүмкіндігі және ӘК әрбір салды екі адамнан аспайтын адам үшін тастау мүмкіндігі қамтамасыз етілетін, сондай-ақ кездейсоқ ақаулану және ӘК ішінде салдардың кездейсоқ үрленуін болдырмайтындай түрде суға қону кезінде эвакуацияға арналған авариялық шығу маңында орналасуы тиіс.
Құтқару салдары ӘК кабинасынан тыс орналасуы да мүмкін, бұл ретте экипаж кабинасынан (немесе борт жолсеріктерінің жұмыс орындарынан) басқарылатын олардың автоматты түрде іске қосылуы және автоматты жүйе жұмыс істемей қалған кезде қолмен іске қосу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, ал олардың орналасу орындары оларды пайдалану тәсілдерін түсіндіретін таңбамен белгіленуі тиіс.
572. Суға қону кезінде эвакуацияға арналған әрбір авариялық шығу маңында салдарды, авариялық қорлар мен авариялық радиоманарларды ұстауға арналған доғалар (тұтқалар) болуы тиіс. Доғалар (тұтқалар) әдетте шығу маңында орнатылуы және салдың ажыраған байлама бөлігінің құрылымын ұстау жүктемесіне шыдауы тиіс.
573. Егер ӘК авариялық қорлардан тыс авариялық сигнал беру және байланыстың қосымша құралдары көзделсе, онда олар жеңіл қол жететін орындарда орналасып, бұл құралдарды пайдалану тәсілін түсіндіретін таңбамен жарақтануы (оралуы) тиіс.
86. Авариялық эвакуацияны үлгілеме көрсету
574. Авариялық эвакуацияны үлгілеме көрсеткенге дейін авариялық-құтқарудың барлық кешеніне, оның ішінде әрбір авариялық шығуға сынақтар аяқталуы тиіс.
575. 11 және одан да көп жолаушылар орнының саны бар ӘК жолаушылар мен экипаж мүшелерінің (борт жолсеріктерін қоса алғанда) максималды саны кезінде барлық адамдарды ӘК-н эвакуациялау 90 с ішінде болатыны көрсетілуі тиіс.
Жерүсті тұғырын немесе трапты пайдалана отырып, эвакуацияланған адам олар тұғырдың негізіне немесе траптың төменгі бөлігіне жеткен кезде олар жерде тұр деп есептеледі.
Үлгілеме көрсету мына жағдайлар кезінде жүргізілуі тиіс:
1) тәуліктің қараңғы уақытында немесе жасанды түнгі қараңғылық жағдайында тәуліктің жарық уақытында. Бұл ретте ӘК жердегі қалыпты жағдайы кезінде тек авариялық жарықтандыру жүйесі, фюзеляждың бір бортының авариялық шығулары немесе авариялық шығулардың барлық тепе-тең 50% және бұл шығуларға арналған авариялық-құтқару жабдығы қолданылуы тиіс;
2) барлық авариялық-құтқару жабдығы ӘК осы үлгісі үшін қабылданған тізбеге сәйкес белгіленуі керек;
3) әрбір сыртқы есік пен шығу және әрбір ішкі есік немесе портьер қалыпты ұшуға сәйкес жағдайда болуы тиіс;
4) бел және иық белдіктері бекітілген болуы тиіс;
5) жолаушылар құрамы мынадай болуы тиіс:
кемінде 40%-ы әйелдер;
5%-ы әйелдер тең санда жасы 62-тан асқан адамдар.
6) шығулар мен авариялық жабдықтарды қолдану тәжірибесі бар адамдар үлгілеме көрсету кезінде экипаж мүшелері ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл адамдар ұшу және қону кезінде ұйғарылған экипаж мүшелерінің орындарында болулары және егер бұл орын ұшу және қону уақытында осы экипаж мүшесі үшін ұйғарылған орын болып табылмаса, ешкім де авариялық шығудың жанында отырмауы тиіс. Олар эвакуация басталғаны туралы белгі берілгенге дейін ұйғарылған орындарында қалып, жолаушылар эвакуацияланатын авариялық шығулар арқылы эвакуациялануы тиіс;