32. Шартты Тараптардың кез келгенi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұза алады. Бұл ретте Тараптардың барлық қаржылық мiндеттемелерi Шарттың бұзылатын күнiне дейiн толық көлемiнде орындалуы тиiс.
33. Шарт бұзылғанға дейiн реттелмеген өзара қаржылық өзара қарым-қатынастар, ол бұзылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында реттеледi.
34. Шарт бұзылған немесе оның қолданылуы тоқтатылған (оның iшiнде Тараптардың өзара жазбаша келісімi, байланыс саласындағы және табиғи монополия саласындағы және реттелетін нарықтардағы уәкiлетті органның шешiмi бойынша) жағдайда, Шарттың 33 және 48-тармақтарының ережелерi оны бұзғаннан немесе тоқтатқаннан кейiн де алдағы уақытта күшiнде болады.
35. Шартқа енгізiлетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілеттi өкiлдерi қол қойған және Тараптардың мөрлерiмен бекітілген Шартқа қосымша келісім түрiнде ресiмделуге тиiс.
9. Хабарламалар мен хабарлар
36. Шарт бойынша Тараптар бiр-бiрiне жолдайтын барлық хабарламалар және (немесе) хабарлар, егер олар жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкiлетті өкілдерi қол қойса және тапсырыс хатпен немесе курьерлiк қызметпен жiберiлсе немесе оларды алғандығы туралы белгiмен Тараптардың шартта көрсетiлген мекен-жайлары бойынша қолына берілсе, күшінде болады және жеткiзiлдi деп саналады.
37. Хабарламаларды және (немесе) хабарларды, егер хабар және (немесе) хабарлама жедел шешiм қабылдауды талап ететiн шұғыл сипатта болса (байланыс әрекетінiң тоқталуы, алдын алу жұмыстары, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу және т.б.), Шарттың 36-тармағында көрсетiлген тәртiппен кейiннен жолдай отырып, факс арқылы жiберуге жол берiледi.
38. Хабардың және (немесе) хабарламаның факс арқылы жiберiлген күнi немесе хабардың және (немесе) хабарламаның адресат Тарапқа жеке тапсырылған күнi оның алынған күнi болып саналады. Хабар және (немесе) хабарлама, егер бұл хабарда және (немесе) хабарламада көрсетiлмесе, алу бойынша жеткiзiлген деп саналады.
39. Тараптар бiр-бiрiн өз атауының, заңды мекен-жайының, iс жүзiнде орналасқан жерiнiң және Шарттың талаптарын орындауға қажетті өзге де деректемелерiнiң өзгергенi туралы жедел хабардар етуге мiндеттенедi.
10. Қосымша шарттар
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 22 тамыздағы № 727 қаулысымен 40 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
40. Шартта реттелмеген басқа да барлық өзара қатынастар Тараптар арасында жеке шарттарда және (немесе) қосымша келісімдерде ескеріледі.
41. Тараптардың Қосылатын байланыс операторы желісінiң санатына тәуелдi өзара iс-әрекеттерiнiң жеке шарттарын Тараптар Шартқа қосымшаларда белгiлейдi.
42. Шартқа сәйкес Қосылатын байланыс операторының қосымша желілік ресурстарын қосу қажет болған кезде, Қосылатын байланыс операторы Қосатын байланыс операторына жазбаша өтінiм бередi. Қосатын байланыс операторында техникалық мүмкiндiк болған және Қосатын байланыс операторының алдында Қосылатын байланыс операторының мерзiмi өткен берешегі болмаған кезде, алдыңғысы сұратылған ресурстарды Шартқа сәйкес бөледi. Бұл жағдайда Тараптар Шартқа iске қосылған ресурстардың саны туралы қосымша келісімдi екi жақты тәртіппен жасайды және оған қол қояды. Қажет болған кезде, техникалық шарттарға тиiстi өзгерістер енгiзiледi. Ресурстарды бөлудің техникалық мүмкiндігі болмаған жағдайда, Қосатын байланыс операторы бұл туралы Қосылатын байланыс операторын 10 күннен аспайтын мерзiмде жазбаша хабардар етедi және Қосылатын байланыс операторына желiнiң сыйымдылығын кеңейтуге арналған техникалық шарттарды бередi.
43. Қосылатын байланыс операторында синхродабылдың меншiктi көзi болмаған жағдайда, Қосатын байланыс операторы техникалық мүмкiндiгі болған кезде Қосылатын байланыс операторының жазбаша сұрауы бойынша өтеулi негiзде Қосылатын байланыс операторының жабдығын тактiлi желiлiк синхрондау жүйесiне қосуды жүргiзуi мүмкiн.
44. Тараптар рұқсат етілмеген телефон қосылыстарына тергеу жүргiзу, шара қабылдау және олардың алдын алу мәселелерiнде ынтымақтасуға мiндеттенедi.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 22 тамыздағы № 727 қаулысымен 45 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
45. Тараптар шарттық негiзде бiр-бiрiне жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон трафигі, Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не) телефон трафигі және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигі бойынша деректердi есепке алу мен өңдеу жөнiнде қызметтер көрсете алады.
46. Тараптар екiншi Тараптың желісінен шығатын телефон трафигiнiң барлық түрлерiнiң сапасына жауапты болмайды.
Тараптар пайдаланушылардың алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
11. Қорытынды ережелер
47. Тараптардың арасында Шарттың талаптарын орындау процесiнде туындаған даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер арқылы шешедi.
Егер Тараптар келiссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
48. Шарттың, сондай-ақ оған барлық қосымшалар мен қосымша келісімдердiң мазмұны құпия ақпарат болып табылады және байланыс саласындағы және табиғи монополия саласындағы және реттелетін нарықтардағы уәкiлеттi орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғаларға ашылмауға (берiлмеуге) тиiс.
49. Шарт Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес Тараптардың әрқайсысына бiр данадан әрқайсысының бiрдей заң күшi бар бiрдей екi данада жасалған.
50. Шартқа барлық қосымшалар Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады және егер жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкiлетті өкiлдерi қол қойса әрi Тараптардың мөрлерiмен бекітілсе күшiнде болады.
12. Тараптардың заңды мекен-жайлары
Қосатын байланыс операторы: Қосылатын байланыс операторы:
___________________________ ___________________________
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
_________, _________ қаласы _________, _________ қаласы
_________ көшесі __________ _________ көшесі __________
Тараптардың қолдары: Тараптардың қолдары:
Қосатын байланыс операторы: Қосылатын байланыс операторы:
___________________________ ___________________________
2005 жылғы "____"__________ 2005 жылғы "____"__________
М.О. М.О.
ҚР Үкіметінің 2006.08.08. № 748 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен үлгі шарт өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194
қаулысымен бекітілген
Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін
көрсетуге арналған үлгі шарт
______________________ 200_ жылғы «__»________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрі оператор деп аталатын, магистральдық темір жол желісінің қызметтерін (магистральдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну; магистральдық темір жол желісі бойынша жылжымалы құрамды
өткізуді ұйымдастыру) ұсынатын______________________________________
(қызметті ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай
___________________________________________________________________
құжаттары, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
____________________________________________негізінде әрекет ететін
__________________________________тұлғасында бір тараптан және бұдан
әрі тасымалдаушы ден аталатын_______________________________________
____________________________________________________негізінде әрекет
ететін қызметтер ұсынушы____________________________________________
(тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары,
_______________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
_________________________тұлғасында екінші тараптан, мына төменгілер
(лауазымы, Т.А.Ә.)
туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Оператор осы Шартқа сәйкес магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсынады, тасымалдаушы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде оларға ақы төлейді.
2. Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсынуға арналған шарт тасымалдаушымен жеке тәртіппен жасалады.
2. Магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру
жөніндегі қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттары
3. Тасымалдаушының операторға магистральдық темір жол желісін пайдалану құқығын алуға өтінім беруі, оны қарау мен поездардың қозғалыс кестесіне енгізу Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына және осы мәселелерді регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес жүргізіледі.
4. Тасымалдаушының поездар қозғалысының учаскелері бойынша поездар қозғалысының оператор бекіткен кестесінен үзінді-көшірме осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
5. Оператор белгілеген тәртіппен бекіткен поездар қозғалысы кестесінің негізінде, тасымалдаушы тасымалдау мерзіміне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын тасымалдарды жүзеге асыру кезінде магистральдық темір жол желісінің қызметтерін пайдалануға арналған өтінімде көрсетілген поездар өлшемдерінің өзгерістері туралы мәліметтерді қамтитын тасымалдар жоспарын операторға ұсынады.
Тасымалдар жоспары__________________________________________
(берудің нысаны мен тәсілі көрсетіледі)
______________________________________________________________
(оператордың жауапты адамы және/немесе тасымалдаушының поезын қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлімшесi көрсетіледі)
_________________________________________________________беріледі.
6. Оператор белгіленген тәртіппен бекіткен поездар қозғалысы кестесінің негізінде тасымалдаушының тасымалдарының техникалық жоспарында көрсетілген тасымалдау мерзіміне дейін тәулік/сағат бұрын тасымалдаушы операторды поезды техникалық және/немесе коммерциялық тексеруге берудің уақыты туралы хабардар етеді.
Хабарлама_____________________________________________________
(хабарлама берудің нысаны мен тәсілі көрсетіледі)
_____________________________________________________________
(оператордың жауапты адамы және/немесе тасымалдаушының поезын қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлімшесi көрсетіледі)
___________________________________________________________беріледі.
7. Егер тасымалдаушының құрамды қалыптастыруды-таратуды (вагондарды өңдеуді), вагондарды ағымдағы жөндеуді өздігінен жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оператор тасымалдаушыға тасымалдардың техникалық жоспарымен бір мезгілде берілетін тасымалдаушының өтінімдері бойынша осы қызметтерді көрсетеді.
Өтінім______________________________________________________
(берудің нысаны мен тәсілі көрсетіледі)
_____________________________________________________________
(оператордың жауапты адамы және/немесе тасымалдаушының поезын қалыптастыру станциясындағы оператордың құрылымдық бөлімшесi көрсетіледі)
___________________________________________________________беріледі.
8. Жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жіберген кезде тасымалдаушы темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен жылжымалы құрамға арналған есептік құжатты операторға ұсынады.
9. Толтырылған тасымалдау құжаттарының бір данасын таcымалдаушы поезды жөнелтетін станциядағы операторға береді.
Тасымалдау құжаттарының негізінде оператор поездың нақты парағын_____ данада ресімдейді.
10. Қатынас жолындағы поезд құрамының барлық өзгерістері туралы оператордың өкілдері поездың нақты парағының барлық данасына белгі соғады.
11. Поезд межелі станцияға келгеннен кейін тасымалдаушы операторға поездың нақты парағының____ данасын және тасымалдау құжаттарын____данадан береді.
12. Поездың межелі станциясында оператор есептелген төлемдердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
13. Поездың тасымалдау құжаттары мен нақты парағы осы Шарттың
талаптарына сәйкес қызметтер көрсету фактілерін және олардың іс жүзіндегі көлемін растайтын құжаттар болып табылады және магистральдық темір жол желісі көрсеткен қызметтер үшін түпкілікті есеп айырысулар жүргізуге негіз болады.
14. Тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне оператордың тасымалдау процесі мен вагон ағыстарын жоспарлау, ұйымдастыру мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу тасымалдаушы ақпарат беруi_______________________________________
(ақпарат берудің мерзімі көрсетіледі)
тасымалдаушының әрбір өтініші бойынша жеке__________________________
(ақпарат берудің нысаны мен тәсілі көрсетіледі)
жүзеге асырылады.
3. Есеп айырысулар тәртібi
15. Магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргізіледі.
16. Магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне ақы төлеуді вагондарды ағымдағы ағытпалық жөндеу бойынша қызметтерге ақы төлеуді қоспағанда, осы Шартты жасасқаннан кейін 10 банктік күн ішінде мәлімделген (келісілген) қызметтердің көлемі құнының 100%-ының алдын-ала төленуі шартымен тасымалдаушы жүргізеді.
17. Ағымдағы ағытпалық жөндеу бойынша қызметтерге ақы төлеуді іс жүзінде көрсетілген қызметтердің көлемі үшін жасалған екіжақты актілер мен шот-фактуралардың негізінде тасымалдаушы жүргізеді.
18. Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсеткені үшін түпкілікті есеп айырысу ic жүзінде көрсетілген қызметтердің көлемі үшін екіжақты актілер мен шот-фактуралардың негізінде қызметтер көрсетілген айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
19. Осы Шартта көзделген төлемдердің мерзімі өткен жағдайда, тасымалдаушы операторға төлем күнін қоса алғанда, әрбір мерзімі өткен күн үшін берешек сомасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді.
20. Оператордың кінәсінен осы Шартта көзделген көлемнен кем көлемде магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуге байланысты тасымалдаушы артық төлеген соманы қайтаруды оператор кешіктірген жағдайда, оператор тасымалдаушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасының тұрақсыздық айыбын төлейді.
21. Магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне ақы төлеу бойынша тасымалдаушының міндеттемелерін орындау деп________________
(есептелген төлемдердің
___________________________________________________________________
барлық сомаларын тасымалдаушының енгізу фактісі немесе оператордың
шотына есептелген төлемдердің барлық сомаларының түсу фактісі көрсетіледі)____________________________________фактісі танылады.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
22. Оператор:
1) тасымалдаушы осы Шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тасымалдаушыны осы қызметтерді көрсетуді іс жүзінде тоқтатқанға дейін бес күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етуі шартымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуді тоқтатуға;
2) магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсынғаны үшін ақыны уақтылы алуға;
3) тасымалдаушының кінәсінен келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
4) тасымалдаушыдан магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға;
5) табиғи және техногендік сипаты бар төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ тасымалдауға кедергі келтіретін төтенше жағдайлар мен өзге де жағдайлар енгізілген кезде тасымалдаушы өздігінен не уәкілетті органдардың шешімдерінің негізінде жүзеге асыратын тасымалдарды уақытша тоқтату не шектеу туралы шешім қабылдауға;
Бұл ретте оператор тасымалдаушыны жылжымалы құрамды уақытша тоқтату не оған қол жеткізуді шектеу туралы қабылданған шешім туралы себептерін көрсете отырып, хабардар етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
23. Оператор:
1) тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсыну жағдайларын қоспағанда, магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
2) тасымалдау кезінде жүктердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;
3) поездардың қозғалыс кестесін, технологиялық нормаларды, техникалық-бөлу актілерін, станциялардың технологиялық процестерін және станциялар мен кірме жолдар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін сақтауға;
4) қызметтер көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін қоспағанда, магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тасымалдаушымен келісілген көлемдерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тасымалдаушы мәлімдеген көлемдерін іс жүзіндегі мүмкіндіктерден асырып жіберген жағдайда, оператор Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуге;
5) тасымалдаушы поезының қатынас жолдарындағы магистральдық темір жол желісінің қызметтерін Шартта көзделген мерзімдер мен талаптарға сәйкес көрсетуге;
6) осы Шарт бойынша қызметтер көрсету кезінде тасымалдаушының диспетчерлік қызметіне тасымалдау процесі мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, тасымалдаушы поездарының қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесін орындау үшін қажетті ақпараттар беруді жүзеге асыруға;
7) қауіпсіздік пен технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес магистральдық темір жол желісінің белгіленген сападағы қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етуге;
8) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санын есепке алу мен оған бақылау жүргізуге, қызмет көрсетуде бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
9) магистральдық темір жол желісінің объектілерін белгіленген жылдамдықтармен поездарды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ететін жағдайда ұстауға;
10) магистральдық темір жол желісін Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережесінің және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының Техникалық пайдалану ережесінің, Темір жолдарда белгі беру жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың және темір жол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарын орындауға;
12) тасымалдаушыны магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) өзгерістері туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін он күннен кешіктірмей хабардар етуге;
13) тасымалдаушыны себептерін көрсете отырып, қабылданған жылжымалы құрамға қол жеткізуді уақытша тоқтату немесе шектеу шешімі туралы дереу хабардар етуге;
14) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жіберуге жол бермеуге;
15) қатынас жолында тасымалдаушының жылжымалы құрамының темір
жол көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен жүкті сақтаудың техникалық және технологиялық талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, тасымалдаушының жылжымалы құрамының қозғалысын тоқтатуға;
16) жылжымалы құрамға қызмет көрсететін персоналдың темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, тасымалдаушының персоналын тасымалдау процесіне жібермеуге;
17) тасымалдаушы өтінімінің негізінде поездар қозғалысының кестесін әзірлеуге және бекітуге;
18) бекітілген қозғалыс кестесіне, қалыптастыру жоспарына және белгіленген технологиялық нормаларға сәйкес техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді келісуді қоса алғанда, поездар қозғалысын орталықтан басқаруды жүзеге асыруға;
19) магистральдық темір жол желісінің жарамды жағдайда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
20) тасымалдаушыға магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуге байланысы жоқ қызметтерді, сондай-ақ үшінші адамдармен міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша шарттарды жүктемеуге міндетті.
24. Тасымалдаушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа сәйкес магистральдық темір жол желісін пайдаланудың тең құқығын алуға;
2) Шарттың талаптарына сай қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес магистральдық темір жол желісінің белгіленген сападағы қызметтерін алуға;
3) осы Шарттың мерзімі мен талаптарына сәйкес поездың қатынас жолындағы магистральдық темір жол желісінің қызметтерін алуға;
4) оператордан поездардың қозғалыс кестесіндегі қызметтердің шартта көзделген магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетудің мерзімі мен шарттарын өзгертуге алып келетін өзгерістер туралы жазбаша нысандағы ақпаратты оператор көрсетілген өзгерістерді (дүлей зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де жағдайлар) енгізгенге дейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей алуға;
5) оператордан тасымалдау процесі мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, поездар қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесін орындау үшін қажетті ақпарат алуға;
6) оператордан магистральдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну жөніндегі қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгерту туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін он күннен кешіктірмей ақпарат алуға;
7) оператордың кінәсінен келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;
8) себептерін көрсете отырып, оператордың вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешімін қабылдауы туралы ақпарат алуға;
9) магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетумен байланысы жоқ қызметтерден, сондай-ақ үшінші адамдардың алдында міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша талаптардан бас тартуға;
10) осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін оператордың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
25. Тасымалдаушы:
1) магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесін, Жүктерді тасымалдау ережесін, нормативтік құқықтық кесімдерде көзделген темір жолдың жылжымалы құрамын техникалық пайдалану талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
3) операторға магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат ұсынуға;
4) технологиялық нормаларды, поездар қозғалысының бекітілген кестесін, техникалық-бөлу актілерін, станциялардың технологиялық процестерін және станциялар мен кірме жолдар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін сақтауға;
5) Техникалық пайдалану ережесінің, Қазақстан Республикасының темір жолдарында белгі беру жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы поездардың қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың және темір жол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарын орындауға;
6) операторға осы Шарт бойынша қызметтер алуға байланысты олар жүзеге асыратын қызмет түрлеріне арналған лицензия ұсынуға және операторды көрсетілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру не күшін жою туралы уақтылы хабардар етуге;
7) оператордың поездар қозғалысының қауіпсіздік талаптарын, қозғалыс кестесінің нормативтерін, поездарды қалыптастырудың жоспары мен тәртібін, магистральдық темір жол желісінің инфрақұрылымдық желілік бөлімшелері жұмысының технологиялық процестерін қамтамасыз етуге қатысты өкімін орындауға;
8) осы Шартта көзделген мерзім мен талаптарды сақтауға;
9) операторды магистральдық темір жол желісін пайдалануға арналған тараптармен келісілген өтінімдерде көзделген қызметтерді алудан бас тарту туралы Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабардар етуге;
10) операторға магистральдық темір жол желісі объектілерінің табылған ақаулары, сондай-ақ үшінші адамдардың Техникалық пайдалану ережесін бұзушылықтары туралы хабарлауға;
11) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның магистральдық темір жол желісін пайдалану бөлігіндегі талаптарын сақтауға;