2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады.
3. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттік органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртібі мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. Темір жол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi.
Локомотивтiк тартқыш операторы шартқа сәйкес локомотивтік инфрақұрылым операторының қызметтерін пайдаланады.
Локомотивтік тартқыш операторы бірiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн Ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Жылжымалы құрамды тiркеу
Жылжымалы құрам Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркелуге тиiс.
10-бап. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)
11-бап. Сәйкестікті растау
1. Темір жол көлігінің қызметіне жататын өнімдердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды болып саналады.
12-бап. Тарифтер және ақы төлеу
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Магистралдық темір жол желісінiң операторы көрсететiн қызметтердің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгерді
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi органдар жолаушылардың ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан күшіне енеді); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша барлық жүру жолында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушының залалдары Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.
3. Халықаралық қатынаста тарифтi (тасымалдау ақысын) қолдану ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi.
13-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру
Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған (толық көлемiнде жүзеге асырылмаған) тасымалға алдын ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi ақша қаражатын қайтарып алуға немесе тасымалдаушының келісімiмен осы тасымалға талап ету құқығын басқаға беруге құқылы.
2-тарау. Темір жол көлігіндегі басқару
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Темір жол көлiгіндегі мемлекеттік басқару
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Ұлттық темір жол компаниясының мәртебесiн белгiлеу;
3) Ұлттық темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегі мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылының тәртібін белгiлеу;
4) Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасын бекіту;
5) Магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру қағидасын бекіту;
6) магистральдық темір жол желісіне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекіту;
7) Темір жол көлiгiнiң қауiптілігi жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темір жолдар арқылы жүру және өту қағидасын бекіту;
8) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін белгiлеу;
9) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасын бекіту;
10) темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
11) Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау қағидасын бекіту;
12) әлеуметтiк мәнi бар облысаралық жолаушы қатынастарын айқындау;
13) Залалдары республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту;
14) әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;
15) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
15-1) темір жол көлiгiндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерiн нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
16) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тасымалдауды шектеу туралы, багаж, жүк және жүк-багаж әкелуге, әкетуге, олардың транзитiне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
17) темір жол көлiгіндегі техникалық реттеу объектілеріне және оның тiршілiк циклiнiң процестерiне қойылатын техникалық регламенттердi бекіту;
18) Темір жол көлiгіндегі қауiпсiздiк қағидасын бекіту;
19) Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру қағидасын бекіту;
20) Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту;
21) Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидасын бекіту;
22) Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
23) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2. Уәкілетті органның құзыретіне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) темір жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
3) магистральдық темір жол желісінiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерінiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
4) Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;
5) темір жол көлiгiнiң жұмыс iстеу, оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттік бақылау;
6) жылжымалы құрамды тiркеу тәртібін әзірлеу;
7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгiлеу;
8) қозғалыс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистральдық темір жол желісінiң, темір жолдар мен жылжымалы құрамның объектілерін пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;
9) темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекіту;
10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
11) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, темір жол көлігімен тасымалданатын жүкті кедендік ресімдеу кезіндегі Қазақстан Республикасының кеден органдары мен тасымалдаушының өзара іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;
12) темір жол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби үздік белгiсiмен марапаттау тәртібін бекіту;
13) қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;
15) темір жол көлігінде сигнализация жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
16) экспедиторлар қызметiн ұсыну тәртібін айқындау;
17) вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер тәртібін айқындау;
18) локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету тәртібін айқындау;
19) Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту;
20) магистральдық темір жол желісінде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар саласындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
22) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту;
23) поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
24) Жүк және жолаушылар вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызметін пайдалану мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту;
25) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) Қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оларды пайдалану режимiн айқындау және бөлiнген белдеуде темір жол көлiгiнiң қажетi үшiн жердi пайдалану жөніндегі қағиданы бекіту;
27) Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту;
28) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темір жол көлiгiндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекіту;
29) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру тәртібін бекіту;
30) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31) Қазақстан Республикасының аумағында темір жол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;
32) поездар қозғалысына байланысты қызметтік терминдерді бекіту;
33) жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
35) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкілді органдарының темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалды уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
3) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды айқындау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асыру жатады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушы
1. Ұлттық тасымалдаушы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi; соның iшiнде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi.
16-бап. Тасымалдау процесiн басқару
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Магистралдық темір жол желісінiң операторы тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқаруды және ұйымдастыруды жүзеге асырады, Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасына сәйкес тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред.қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Магистральдық темір жол желісінiң операторы Магистральдық темір жол желісіндегі техникалық пайдалану, қозғалыс қауіпсіздігі қағидасына, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жiбермеуге мiндеттi.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Магистралдық темір жол желісінің операторы концессионермен концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қарым-қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.
17-бап. Темір жол станциясы
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темір жол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады. Тиісті жол дамытылымы бар темір жол станциясында поездарды құрастыру және тарқату жөніндегі маневрлік жұмыстар және поездармен техникалық операциялар жүргізілуі мүмкін.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темір жол станциялары жұмыс режимiнiң талаптарын, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елдi мекендердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен келісім бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Шекара, кеден, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа органдар темір жол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн темір жол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.
4. Темір жол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау жөніндегі операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткізуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Темір жол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Темір жол вокзалы
1. Темір жол вокзалында билет кассалары, күту үй-жайлары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар және ақпараттық қызмет көрсететін объектілер, медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті қорғау пункті болуға тиіс.
2. Темір жол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
3. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
4. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде темір жол вокзалдарын иеленуші тұлғалар темір жол вокзалдарына кіреберістерді және таксилердің, сондай-ақ халыққа қызмет көрсетуге арналған жеке және қоғамдық автокөліктің тұрақ орындарын күтіп ұстауды және жөндеуді қамтамасыз етеді.
5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс.
6. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде темір жол вокзалдарын иеленуші тұлғалар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық регламенттің талаптарын сақтауға тиіс.
7. Темір жол вокзалдары тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс.
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар
18-бап. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер
1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушысына өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.
2. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай темір жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:
1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (темір жол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);
2) кiрме жолдарға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы темір жол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бірге темір жол станцияларына;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) темір жолдардың бөлінген белдеулері мен қорғалатын аймақтарына;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) концессия шарттары бойынша темір жолдар мен темір жол көлігінің объектілеріне бөлінген жерлер жатады.».
3. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттік органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.
4. Тасымал процесiне қатысушылар өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
19-бап. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi бөлу мен пайдалану тәртібі
1. Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жер учаскелерi темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекітілетiн нормативтер бойынша берiледi.
3. Бөлiнген белдеудегi темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
20-бап. Темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары
1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелеріндегі объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.
2. Темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темір жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.
3. Темір жол көлiгi қорғалатын аймақтарының жерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар бұл жердi белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.
21-бап. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануды шектеу
1. Темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында:
1) темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келісімiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;
2) көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады.
2. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықта болады.
4-тарау. Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері
22-бап. Темір жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын реттеу ерекшелiктерi
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Темір жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, осы Заңмен, бас келісіммен, салалық (тарифтiк) келісімдермен, еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледi.
2. Темір жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi кәсiби даярлығы мен денсаулығы жөнiнен уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сай болуға тиiс.
210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Темір жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердің жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алынуының ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
23-бап. Темір жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетудiң қосымша негiздерi