4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауын республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаты есебiнен бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері
163-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерді қабылдауы
1. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы:
1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлер тiзбесiн қалыптастыру;
2) мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердiң қаржылық шектерiн және оларды қабылдаудың басымдықтарын белгiлеу;
3) жасалған концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының әрбiр жеке концессиялық жоба бойынша шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.
164-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер қабылдауын шектеу
1. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң белгiленген лимитiмен шектеледi.
2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауы
Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауын жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.»;
14) 228-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекет кепiлгерлiгiн беру, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болған кезде жүзеге асырылады.»;
15) 229-бапта:
бірінші абзацтағы «Заңды тұлғалар», «заңды тұлғаларға» деген сөздер тиісінше «Тұлғалар», «тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларды қоспағанда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша белгiлейтiн, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыру.».
5-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
116-бапта:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, түскен кезде халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;
2) концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің (құқық мирасқорының немесе концессия шартын iске асыру үшiн тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаның) иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар: концессия шарты шеңберінде құрылған және (немесе) концессионер алған концессия объектілері болып табылатын автомобиль жолдарын қоспағанда, автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;».
6. «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
1) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-5) тармақшамен толықтырылсын:
«4-5) концессиялық ұсынысты, концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, концессия шартына табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды келіседі;»;
2) 15-1-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Өз қызметiн концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекітудің Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртібі концессия шартында көзделеді.».
7. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
18-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «ең төменгі» деген сөздер «айлық» деген сөзбен ауыстырылсын.
8. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар):
1) бүкіл мәтін бойынша «ықтимал концессионерлердің», «ықтимал концессионерлерге», «ықтимал концессионердiң», «ықтимал концессионерлер», «ықтимал концессионерлермен», «Ықтимал концессионер», «ықтимал концессионер», «Ықтимал концессионерге», «ықтимал концессионерге» деген сөздер тиісінше «әлеуетті концессионерлердің», «әлеуетті концессионерлерге», «әлеуетті концессионердiң», «әлеуетті концессионерлер», «әлеуетті концессионерлермен», «Әлеуетті концессионер», «әлеуетті концессионер», «Әлеуетті концессионерге», «әлеуетті концессионерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері - қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, объектілер кешендері;
3) жекешелік концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарты бойынша концессионер қабылдаған міндеттемелер;
4) концедент - Қазақстан Республикасы, оның атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын жасасуға уәкiлеттік берген мемлекеттiк органдар әрекет етеді;
5) концессионер - концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға (мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда);
6) концессия - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
7) концессия бойынша конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы) - концессионерді таңдау жөніндегі конкурстар өткiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
8) концессиялық жоба - концессияны жүзеге асыру бойынша шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар жиынтығы;
9) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу - конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, тәуелсiз сарапшылар көрсететiн қызметтер;
10) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;
11) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi - маркетингтiк, техникалық-технологиялық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық зерттеулердiң нәтижелерi, сондай-ақ концессиялық жобаны iске асырудың орындылығы мен мүмкiндiгiн негiздейтiн институционалдық шешiмдер, қаржылық шешiмдер, тәуекелдердi бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қолдау түрлерi мен мөлшерiн айқындау жөнiндегi, сондай-ақ жобаны iске асыру кезiнде оның мемлекеттiк бюджетке ықпал етуi жөнiндегi шешiмдер және тұтас экономика мен оның салаларының дамуына әлеуметтiк-экономикалық әсер қамтылатын жоба алдындағы құжаттама;
12) концессиялық ұсыныс - мемлекеттік орган әзірлейтін, тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін тұжырымдамасы;
13) концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым - концессия мәселелерi бойынша қызметтер көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған ұйым;
14) концессия объектiсi - концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
15) концессия объектісін құру - Қазақстан Республикасының аумағында бұрын болмаған концессия объектісін құру, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде құру, концессия объектісінде жаңа өндірістік жабдық орнату, концессия объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де жұмыс түрлерін жүргізу;
16) концессия объектісін пайдалану - концессионердің концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен және жағдайларда концессия объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;
17) концессия объектісін реконструкциялау - жаңа технологияларды енгізу, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, техникалық жағынан ескірген және (немесе) физикалық тұрғыдан тозған жабдықты жаңғырту және неғұрлым өнімді жаңа жабдықпен алмастыру негізінде қайта құру, сондай-ақ концессия объектісінің немесе оның жекелеген бөліктерінің технологиялық немесе функционалдық мақсатын өзгерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге де бөліктерін немесе тұтас ғимаратты өзгерту, концессия объектісінің сипаттамалары мен пайдаланылу қасиеттерін жақсарту жөніндегі өзге де іс-шаралар;
18) концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;
19) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету обьектілерін қаржыландыруға, құруға, реконструкциялауға және (немесе) пайдалануға бағытталған мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы ынтымақтастық нысаны;
20) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
21) республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi аясында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
22) техникалық ұсыныс - концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысушы ұсынған және маркетингтік, техникалық-технологиялық және экологиялық зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ концессия объектісін құру құнын негіздейтін қаржылық шешімдерді қамтитын техникалық және (немесе) технологиялық жоба алдындағы құжаттама;
23) тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы - мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
24) тiзбе - концессияға ұсынылатын объектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, орта мерзiмдi кезеңге арналған тiзбесi.»;
3) 4-баптағы «объектiлер» деген сөз «әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Концессия шарты бойынша меншiк құқығы
1. Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын және жылжитын мүлік, концессия объектілері бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты айрықша құқықтар концессия шартында көзделген тәртіппен концессионердің уақытша иеленуіне және пайдалануына беріледі.
2. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия обьектілерінде жүргізілген жақсартулар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс обьектілері және концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтар мемлекеттік меншікке беріледі.
3. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектілері құрылғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі.
4. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионердiң концессия объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде алған өнiмi мен өзге де табыстары оның меншiгi болып табылады.
5. Концессия объектiлері концессия шарты қолданылған мерзiм ішінде кепiл нысанасы бола алмайды.
6. Концессия объектiлері концессия шарты қолданылған мерзiм ішінде иелiктен шығарылуға жатпайды.
7. Егер концессия шартында өзгеше белгіленбесе, концессионер өзiне концессия шарты бойынша иеленуге және пайдалануға берiлген мемлекеттiк мүлiктiң, сондай-ақ концессия шартын орындау нәтижелерi бойынша пайда болатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну тәуекелiн көтереді.
8. Концедент концессиялық жобаны қоса қаржыландырған және (немесе) концедент концессионерге инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеген кезде, концессия объектісі мемлекеттік меншікке беріледі.»;
«7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері
1. Мыналар:
1) концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;
3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу;
4) экономиканың тиісті саласында (аясында) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстар көлемі шегінде концессионердің пайдалану шығындарын өтеу;
5) мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы;
6) концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi болып табылады.
2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады және осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі ескеріле отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасының белгілі бір үлестерімен бірыңғай төлемдер түрінде жүргізілетін, бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдерді қамтиды.
3. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы әлеуметтік маңызды санатқа жатқызылатын концессиялық жобаларға қатысты ғана қолданылуы мүмкін.
4. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi концессионерді таңдау жөніндегі конкурс нәтижелерінің негізінде айқындалады.»;
5) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
«1-1 тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
7-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлері
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді.
2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік заңды тұлғалардың қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттің және жеке кәсіпкерлік субьектілерінің қатысуымен іске асырылады.
3. Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік концессия, мүліктік жалдау және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарттары шеңберінде осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен іске асырылады.
7-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттары
Мыналар мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттары болып табылады:
1) дәйектілік қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қатысушылары арасында шарттық негізде орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынастар орнату;
2) конкурстық қағидат - жекешелік әріптесті конкурстық негізде айқындау;
3) теңгерімділік қағидаты - тәуекелдерді, пайданы, кепілдіктер мен міндеттерді мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қатысушылары арасында өзара тиімді бөлісу;
4) нәтижелілік қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштерді белгілеу.»;
6) 8-бапта:
4) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концессиялық ұсыныстарды ұсыну, қарау және iрiктеу қағидаларын бекiтедi;
4-1) экономиканың тиiстi саласында (аясында) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстар көлемi шегiнде концессионердiң пайдалану шығындарын өтеу қағидаларын және концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызды санатқа жатқызу критерийлерін бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) концессия шарттарының мониторингін және концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу қағидаларын бекітеді;
7-2) концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
7) 9-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) техникалық-экономикалық негiздемелерге сараптамалардың немесе концессиялық ұсыныстарға сараптамалардың нәтижелерiн ескере отырып, тiзбенi қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) концессиялық жобаларды ұйымдастыру саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
7-2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органға жібереді;»;
8) 10-баптың 4), 5) және 7-1) тармақшаларындағы «концессиялық» деген сөз «мемлекеттік концессиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 11-баптың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;»;
«5) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;»;
10) 12-баптың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және бақылау нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;»;
«6) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;»;
11) 13-баптың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша концессия шарттарының мониторингін, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және мониторинг пен бақылау нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
8) концессия шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;»;
12) 14-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Концессионерлердiң қызметiн қолдау мақсатында мемлекеттiк қолдаудың мынадай бір немесе бірнеше түрлерi ұсынылады:»;
7) тармақша алып тасталсын;
2, 2-1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік меншікке берілуге жатпайтын концессия объектісі құрылған кезде, концессионерге осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылмайды.
2-1. Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
3. 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессия объектісін концессионердің қаражаты есебінен құру (реконструкциялау) құнынан аспауға тиіс. Концессия шарты шеңберінде концессионерге концессия объектісін құру үшін берілетін жер учаскелерінің не реконструкцияланатын концессия объектісі орналасқан жер учаскелерінің құны мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құнының есебіне қосылмайды.»;
13) 15-2-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған, олар бойынша концессиялық ұсыныстарды қалыптастыратын тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылдаған концессиялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және сараптау осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;