Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар сараптамалық қорытынды ұсынған және сарапшылық кеңес мүшесі сарапшылық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады.
Бұл ретте сарапшылық кеңестің отырысы сарапшылық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы жүргізілуі мүмкін.
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
Нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.
7. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады.
8. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары тиісті органда немесе сарапшылық кеңестiң отырысында қаралғанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.»;
3) 8-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылық кеңестердiң жұмысына қатысуға;»;
4) 14-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;»;
5) 17-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;»;
6) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу үшін аккредиттелуге үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері:
республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектiлерiнiң республикалық бiрлестiктерi;
облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері түрінде кәсіпкерлер бірлестіктерін құрады.»;
7) 25-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
8) 26-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «сарапшылық кеңестерге» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының,» деген сөздермен толықтырылсын.
17. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;»;
2) 44-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісу бойынша кіреді.»;
3) 45-1-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Әлеуметтік әріптестік:
1) республикалық деңгейде;
2) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде комиссиялар құру арқылы тараптардың өзара іс-қимылы жолымен жүзеге асырылады.
4. Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.».
18. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Шешім қабылдау кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін ескеру
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының уәкілетті өкілдері жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына тұрақты негізде (дауыс беру құқығымен) қатысуға құқылы.»;
2) 17-бапта:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі жылға жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратты жинау және талдау;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, көмірсутек шикізатын өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық балансын, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық балансты әзірлеу;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратты жинау және талдау;».
19. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат):
17-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Акционерлер басқарушы компанияның директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған адамдар арасынан, лауазымы бойынша басқарушы компанияның директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитетін басқаратын тәуелсіз директорды сайлайды.».
20. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне сервистік қолдау шараларын ұсынуды және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарта отырып жүзеге асырады.».
21. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) сервистік инфрақұрылым - адамдар мен көлік құралдарының жүріп-тұру, жүктердің (тауарлардың) өткізілу жағдайларын жақсартуға және өткізу пункттеріндегі бақылаушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге арналған аумақ, ғимараттар мен құрылыстар;»;
2) 55-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарды айқындайды;».
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 11-тармағының 1) тармақшасын, 14-тармағының төртінші абзацын және 15-тармағын;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы шілденің 4-і.
№ 130-V