Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік органдарды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға, олардың функцияларын өзгертуге байланысты бекітілген (нақтыланған) бюджет көрсеткіштерін түзету жөніндегі қаулылардың жобаларын әзірлейді және оны тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен жоспарлы тағайындауларға көшіру бөлігінде берілетін, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген берілген бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде көшіру бөлiгiнде өзгерістер енгiзедi. Жүргізілген кассалық шығыстарды көшіруді аумақтық қазынашылық бөлімшелер жүзеге асырады.
Жоспарлы тағайындаулар мен бұрын жүргізілген кассалық шығыстарды көшiруді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның хатының негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері мынадай жағдайларда:
құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, орталық мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олардың оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының функциялары мен лимиттері өзгерген,
республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерді нақтылау;
ҚР ББС-ға өзгерістер ензіген;
аумақтық қазынашылық бөлімшеде мемлекеттік мекеменiң қызмет көрсетілу орны өзгерген;
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерінің құрылымына шығыстардың түрлерін өзгерту бөлігінде өзгерістер енген;
ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті орталықтандыру/орталықсыздандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған деңгейінен төмен тұрған деңгейіне беру кезінде нысаналы трансферттер бойынша жоспарлық тағайындаулардың пайдаланылмаған қалдықтарының сомаларын көшіру жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 62-1-тармақпен толықтырылды
62-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей инвестициялық жобаларды қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері және жоспарлау сатыларынан өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған кредиттер бойынша (бұдан әрі - кейінге қалдыру шарты бар жобалар) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттама ұсынады:
1) бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша:
техникалық экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, экономикалық сараптамасымен қоса, белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме;
ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалардың инвестициялық ұсынысына және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша оң экономикалық сараптама;
2) мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталған бюджеттік инвестициялар бойынша:
экономикалық сараптаманы қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздеме;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған оң экономикалық қорытынды;
3) бюджеттік кредиттер бойынша:
қаржы агенттері бюджеттік кредиттерді, бюджеттік инвестициялық жобаларды және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға жіберген жағдайда оң экономикалық қорытындымен қоса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған техникалық-экономикалық негіздеме.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей нысаналы даму трансферттерінің қаражаты және кредиттердің есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша жоғарыда санамаланған құжаттарды тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған құжаттаманы бюджет және өзге заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан қарайды.
Барлық құжаттама болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шарттарды тіркеу және төлемдер жүргізу рұқсат етілетін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі бар хабарлама хат жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне шарттарды тіркеу және төлемдерді жүргізу рұқсат етілетін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі туралы хабарлама-хаттың көшірмесін жібереді.
Егер кейінге қалдыру шарты бар жекелеген жобалар бойынша құжаттама берілмеген жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджетті нақтылау немесе оны түзету жүргізілгенге дейін шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге жол берілмейтін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесімен бірге хабарлама-хат жібереді.
3-бөлiм. Бюджеттiң атқарылуы
6-тарау. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер
63. Бюджеттiң атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсiмдерiнiң түрлерiн толық және уақтылы төлеумен, оларды Бiрыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрi - БҚШ) есепке алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған iс-шараларды iске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етiледi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 64-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64. Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. БҚШ-ға түсімдерді есепке алу және оларды БҚШ-дан есептен шығару жөніндегі операциялар ақша нысанында есептеледі.
Түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді беру нысанын, тәртібі мен мерзімдерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген мерзімде түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 64-1-тармақпен толықтырылды
64-1. Бюджеттерді атқаруды және оларға кассалық қызмет көрсетуді аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, уәкілетті органдардың құжаттарды қағаз және магнит тасығыштарда беруімен де, құжаттардың электрондық түрлерін қалыптастыру және жөнелту, «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымы ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «Қазынашылық-клиент» АЖ) арқылы есептерді қалыптастыруы арқылы да жүзеге асырады. «Қазынашылық-клиент» АЖ-де жұмыс істеу үшін мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, уәкілетті органдар аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеме арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім (бұдан әрі - ЭЦҚ туралы келісім) жасасады.
4-бөлім. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі
7-тарау. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 65-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
65. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары (бұдан әрі - ҚБШ) мына:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді есептеумен және республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны есептеуімен және олардың есебінен шығыстарды жүргізумен;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына аударумен;
3-1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Кеден одағына мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелер алатын демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны олардың есептеуімен және жұмсауымен;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар туған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;
6) бюджеттік ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдаланумен;
7) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен байланысты операцияларды есептеуге арналған.
66. Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін есептеу мен республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі - тиісті бюджеттердің ҚБШ) бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ашылады.
Тиісті бюджеттің ҚБШ түрлері:
республикалық бюджеттің ҚБШ;
облыстық бюджеттердің ҚБШ;
республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ҚБШ;
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ҚБШ.
67. Тиісті бюджеттердің ҚБШ-сынан түсімдер және жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар ҚР ББС және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
8-тарау. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру
68. Республикалық және/немесе мемлекеттік бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жеті мәнді кодтар беріледі. Мұнда бірінші үш белгі ҚР ББС-қа сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодын білдіреді, келесі төрт белгі әр мемлекеттік мекеме үшін жеке болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 69-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
69. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге кодтар беру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінімді ұсынады.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 10-тарауында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім жібереді.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінімде көрсетілген деректемелердің шынайылығын қамтамасыз етеді.
70. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге арналған өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей кодтар беріледі.
71. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кодтар берген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрдегі хат арқылы берілген кодтар туралы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және аумақтық қазынашылық бөлімшелесіне хабарлайды.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан хат алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы жерлікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне хабарлайды.
72. Мемлекеттік мекемелердің берілген кодтарын тіркеу ҚБАЖ-да қалыптастырылатын мемлекеттік мекемелер анықтамалығында жазылады.
73. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің кодтарын ашқаны туралы тиісті салық органына салық қызметінің тиісті органдарына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
9-тарау. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекемелерге қолма-қол ақшаны бақылау
шоттары мен шетел валютасындағы шоттар ашуы
74. Мемлекеттік мекемелердің мынадай қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және шоттары болуы мүмкін:
1) мемлекеттік мекемелер өздерінің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан қалған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ақылы қызмет ҚБШ);
2) демеушілік, қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ);
3) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ);
4) нысаналы қаржыландырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі - нысаналы қаржыландыру ҚБШ);
5) шетел валютасындағы шоттар.
75. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ны ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және жергілікті уәкілетті орган осы Ереженің 33-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат береді;
76. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашуға рұқсат тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатының негізінде беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мынаны қамтуы тиіс:
ҚБШ ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
ашу талап етілетін ҚБШ-ның атауы;
мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджет түрі;
мемлекеттік мекеменің заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы;
қаржыландыру көздері;
баптың, тармақтың, тармақшаның нөмірлерін көрсете отырып, бюджет қаражатынан басқа өзге қаржыландыру көздеріне жол беретін заңнамалық актінің атауы және күні.
77. Мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашуға рұқсат бір рет беріледі және осы Ереженің 12-тарауында көзделген жағдайлардағы олар жабылғанға дейін әрекет етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 78-тармақ өзгертілді
78. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге шетел валютасындағы шоттарды ашу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 34-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат береді.
Шетел валютасындағы шотты ашуға рұқсат валюта түрлері және шығыстар түрлері бойынша рұқсаттың әрекет ету мерзімі ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін көрсетілген, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде валюта түрлері және шығыстар түрлері бойынша беріледі.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолдаухаты мынаны қамтуы тиiс:
шот ашылатын мемлекеттік мекеменің атауы мен коды;
БСН;
шоттың атауы;
валюта түрi (Ұлттық Банк олар бойынша айырбастау және қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын валюталар түрлерінің тізбесіне сәйкес);
шығыстарды бағыттау мақсаттары;
шетел валютасында шот ашу үшін негіз.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 79-тармақ жаңа редакцияда
79. Мыналар:
1) халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру немесе шетел валютасында операциялар жүргізу көзделген нормативтік құқықтық актілері;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент еместерімен жасалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шарт;
4) мемлекеттік мекемелерде оларға сәйкес шетел валютасында міндеттемелер туындаған халықаралық соттардың шешімдері бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шетел валютасында шот ашуына қолдаухат беруге негіз болып табылады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі шетел валютасында шот ашуға қолдаухат беру негізділігін қамтамасыз етеді.
80. Демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарды ашуға жазбаша рұқсат үш данада ресімделеді, олардың екеуі кейіннен мемлекеттік мекемеге және мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілетін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берілу үшін бағдарламалар әкімшісіне беріледі, үшінші данасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органда қалады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 81-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер ҚБШ-сын ашу үшiн мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтiнiм бередi.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеден алынған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтінімнің негізінде осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердің қолма-қол ақшасын бақылау шотын ашуға өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ережеге 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға өтiнiм бередi, ол:
1) ақылы қызметтердің ҚБШ үшін - мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуден түскен түсiмдер жоспарының және ақшаның жұмсалуының;
2) демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ үшін - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган берген рұқсаттар негізінде жасалады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 83-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
83. Бюджетті атқару жөніндегі аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уәкілетті органнан алған қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімнің негізінде осы Ереженің 36-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға ашуға арналған өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінім мемлекеттік мекемеге немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмеген не болмаған немесе:
1) ашылатын қолма-қол ақшаны бақылау шотының түрі;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы немесе коды;
3) мемлекеттік мекеменің атауы немесе коды;
4) бюджет түрі;
5) қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашу үшін негіздер дұрыс көрсетілмеген жағдайда орындаусыз қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
84. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын шетелдік валютада шот ашуға жазбаша рұқсатының және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ақылы қызметтердің қолма қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жазбаша рұқсаттар берілген күні және аумақтық қазынашылық бөлімшелерден қолма қол ақша шотын ашуға арналған өтінімдері түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей республикалық бюджеттен;
аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен ҚБШ ашуға өтінім түскеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотын ашуға рұқсаттың берілген күні, аталған рұқсаттың және аумақтық бөлімшелерінің ҚБШ ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар ашуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
85. Мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгерген жағдайда республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн қоса бере отырып, осы Ережеге 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгертуге өтiнiм бередi.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 86-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86. Мемлекеттiк мекеменiң атауы өзгерген жағдайда жергiлiктi уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн қоса бере отырып, осы Ережеге 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң атауын өзгертуге өтiнiм бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
87. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшесінен осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерткеннен кейін оған осы тарауда белгіленген тәртіппен жаңа рұқсат беріледі, бұл ретте бұрын берілген ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ немесе шетел валютасындағы шот өзгеріссіз қалдырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.04.08. № 793 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-тармақ өзгертілді
88. Нысаналы қаржыландыру ҚБШ-сын, шетел валютасындағы шоттарды және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу, жүргізу және жабу тәртібі Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, анықталады.
89. Ашылған тиісті бюджеттер, ақылы қызмет, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ тіркеу осы Ереженің 38-қосымшасына сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттер, ақылы қызмет, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының тізбесі» нысанының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде көрсетіледі.
Ашылған шетел валютасындағы шоттарды тіркеу осы Ереженің 39-қосымшасына сәйкес 8-08 «Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі» нысанының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде көрсетіледі.