Құжат жергілікті атқарушы органның елтаңбалы мөрінің үлгісін, аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы тиісті мәслихат шешімінің (жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін - оны мәслихат сайлағанға дейін шығып кеткеннің орнына аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы шешімінің) нөмірі мен күнін көрсете отырып ресімделеді. Жергілікті атқарушы органның арнайы шотынан 002 «Сайлау өткізу» бағдарламасы бойынша қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттілігі сайлау, республикалық референдум өткізу не қайта дауыс беру не қайта сайлау мерзіміне және олар аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күнге дейін ғана белгіленеді.
389. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының қаражатты жұмсауға арналған өкiлеттiк мерзiмi қаржы жылының соңына келген жағдайда, сайлау бойынша төлемдер жүргiзу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен және қазынашылық бөлiмшелерi белгiлеген мерзiмде ҚБЕО төлем жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн қаржы жылы аяқталған соң жүзеге асырылады.
390. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары ақша қаражатына билiк етедi және қаржылық құжаттардың қаржы мәселелерi бойынша сайлау комиссияларының шешiмдерiне сәйкес келуiне жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 391-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
391. Республикалық бюджет қаражатынан мыналарға жұмсалған:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметiне:
сайлау комиссияларының босатылған мүшелерiнiң жалақысына;
сайлау комиссиялары мүшелерiнiң қосымша еңбекақысына;
жалақыға есептеуге;
техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алуға, жабдықтарды жалға алуға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықты сатып алуға және жасауға);
көлiк шығыстарына;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
байланыс қызметтерiне, почта-телеграф шығыстарына;
еңбек келісімдерi негiзiнде штаттан тыс қызметкерлер орындалатын жұмыстарға;
полиграфиялық шығыстарға;
кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәмiздер үшiн материалдар сатып алуға;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) iссапар шығыстарына;
4) консультанттардың, сарапшылардың, лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеуге;
5) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтiн сөздерiне;
6) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың көпшiлiкке сайлау алдында iс-шаралар өткізуге және партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;
7) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiк шығыстарына.
8) сайлау комиссиясы үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенке, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне кандидаттар туралы, партия тізімін берген саяси партиялар туралы, сондай-ақ республикалық референдум туралы ақпараттық плакаттар дайындауға жұмсалатын шығыстар өтеледі.
392. Аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының төрағаларына тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша iссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік мекемелердiң басшылары және басшыларының орынбасарларына белгiленген мөлшерде, ал учаскелiк сайлау комиссияларының төрағалары мен сайлау комиссияларының мүшелерiне - мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ережемен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 393-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
393. Жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражатты жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүргізіледі:
аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландыру жоспарларының шегінде ақша аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беретіндей етіп беріледі, орындалған жұмыстар және сайлау учаскелеріне сатып алынған материалдық құндылықтар үшін шығыстар төленеді. Пайдаланылмаған есеп берілетін сомалардың қалдығын сайлаулар, республикалық референдум аяқталғаннан кейін үш күн мерзімде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады;
аумақтық сайлау комиссияларының шығыстары Орталық сайлау комиссиясы бекіткен олардың қаржыландыру жоспары шегінде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бекіткен, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжат ұсынылғаннан кейін төленеді. Аумақтық сайлау комиссиясының шығыстарына арналған қолма-қол ақшаны беру осы комиссияның төрағасының өкімі бойынша жүргізіледі. Аванстық есепті алғаннан кейін әкім аппаратының бас бухгалтері (қаржы қызметінің басшысы) растайтын, оның негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжаттардың ресімделу дұрыстығын тексереді және оларды осы комиссия төрағасыңың бекітуіне береді.
Есеп берілетін соманың пайдаланылмаған қалдығын аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары сайлау, республикалық референдум аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеу үшін әкім аппаратының кассасына тапсырады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 394-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
394. Сайлау науқандарына, оның iшiнде кандидаттарға, республикалық референдумға бөлiнген республикалық бюджет қаражатын жұмсауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 395-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
395. Кандидатурасын алып тастауға немесе кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жоюға байланысты және сайлау комиссиясының республикалық бюджет қаражатынан сайлау науқанын өткізуге жұмсалған шығыстар бөлігін кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бірлестіктің шотына жатқызу туралы шешімі болған кезде, егер республикалық бюджеттен шығыстар және қаражатты қалпына келтіру бір қаржы жылында жүргізілсе, соңғысы жергілікті атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына сайлауларды, республикалық референдумды өткізу жөніндегі кассалық шығыстарды қалпына келтіруге қаражат аударады. Республикалық бюджеттен шығыстарды бір, ал қаражатты қалпына келтіру келесі қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, бұл қаражатты кандидат «Республикалық бюджетке түсетін өзге салықтық емес түсімдер» коды бойынша республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Бұл ретте көрсетілген шешімді: Президентті сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясы, Сенат депутаттарын сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссиялары, Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде округтік сайлау комиссиялары қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 396-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
396. Президенттi, партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын, республикалық референдумды өткізуге бөлiнген бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 47-1-тараумен толықтырылды
47-1. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібі
396-1. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша бюджет кірістерін орындау есепті кезеңге бекітілген жоспарлы көрсеткіштерден артқан жағдай туындаған кезде, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік-экономикалық даму өлшемдерін жақсартуды болжамдаған жағдайда бекітілген бюджеттік бағдарламаларға қосымша бөлінеді.
396-2. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша және кейіннен, ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тоқсан сайынғы негізде есептік статистикалық деректер негізінде өткізілген ағымдағы жылға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді тоқсан сайынғы бағалауды есепке ала отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет кірістері түсімдерінің болжамын айқындайды.
396-3. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша және кейіннен ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тоқсан сайынғы негізде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға:
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет кірісінің атқарылуын бағалауды;
2) республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы туралы және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді, нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді іске асыру туралы талдамалы есепті;
3) аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде ашылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы бұрын алынған қаражат бойынша бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпаратты ұсынады.
396-4. Осы Ереженің 396-2 және 396-3-тармақтарында көрсетілген ақпарат негізінде бюджеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларға қосымша бөлуге жататын тоқсан сайын шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың жалпы көлемін тоқсан сайын айқындайды.
396-5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітілген бюджеттік бағдарламаларға шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды қосымша бөлу туралы шешімді қабылдаған кезде Бюджет кодексінің 41-1-бабында көзделген критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан:
1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және жергілікті атқарушы органдармен есепті кезеңде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалы есептің деректері негізінде бюджет қаражатын игеру. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау жүргізу кезінде міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелердің толықтығы мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қабылданған міндеттемелердің орындалуы ескеріледі;
2) бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелердің аяқталу мерзімдері. Бұл ретте міндеттемелері аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелген бұрын басталған және жалғастырылып жатқан объектілердің ағымдағы қаржы жылының аяғына дейінгі жобаларының (іс-шараларының) іске асырылуының аяқталу мерзімдері ескеріледі;
3) әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар (жобалар) үшін шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың әлеуметтік бағыттылығын талдауды жүзеге асырады.
Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесіне енгізілген, бірақ олар бойынша ағымдағы қаржы жылында бюджеттік қаражат жоспарланбай, жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші қаржы жылдарында базалық шығыстарда көзделген бюджеттік бағдарламалар шығыстардың әлеуметтік бағыттылығының критерийлерін және/немесе ағымдағы қаржы жылында бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелердің аяқталу мерзімдерін сақтай отырып, қаржыландырылатын болады.
Мынадай:
1) есепті кезеңге міндеттемелер қабылданбаған;
2) бұрын алынған қаражат бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде ашылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында есепті күнге бюджет қаражатының қалдықтары бар заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу жүргізілмейді.
396-6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізілген талдау негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
396-7. Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесінде көзделгеннен аз көлемде қаражат бөлінген шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың есебінен қаржы бөлінген республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бойынша ұсыныстарға нақтыланған есеп айырысуларды ұсынады.
396-8. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу туралы Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың есебінен ағымдағы қаржы жылына тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлық мақсаттарын ұлғайту бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын дайындайды және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес түсімдердің жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
396-9. Жекелеген бюджеттік инвестициялық жобалар және/немесе іс-шаралар қарқынды іске асырылған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттік инвестициялық жобалар мен өңірлер арасында осы Ереженің 59-1-тармағына сәйкес бекітілген бюджет шеңберінде бюджет қаражаттарын қайта бөлуге рұқсат етіледі.
396-10. Тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың есебінен қаражатты пайдалану осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қабылданған тиісті нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
48-тарау. «Өкiлдiк шығындар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2124 Қаулысымен 397-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
397. Өкiлдiк шығындар - тиiстi қаржы жылына арналған және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне шетел делегацияларын қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге iссапарлары уақытында өкiлдiк мақсаттарға бөлiнетiн қаражат.
Өкiлдiк шығындарға:
1) Қазақстан Республикасына iс-шараларға қатысу үшiн шақырылатын тұлғалардың өмiр сүруiне және белгiленген пунктiне дейiнгi көлiк шығындарына ақы төлеуге;
2) ресми түскi ас, кешкi ас, кофе-брейк, фуршеттерге;
3) ресми қабылдауларды музыкалық сүйемелдеуге;
4) сувенирлер, естелiк сыйлықтар сатып алуға;
5) автокөлiктiк қызмет көрсетуге;
6) аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеуге;
7) залды жалға алуға;
8) сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган рұқсат берген өзге де шығыстарға арналған шығындар жатады.
Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың өкiлдiк шығындарына:
1) автокөлiктiк қызмет көрсету;
2) аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеу;
3) автокөлiк жүргізушінің және/немесе аудармашының қонақ үйде тұруына және тамақтануына, егер олар Қазақстан Республикасының атынан байқаушы ретінде байкау жүргізілетін жерде тұрақты тұрмаса, ақы төлеу.
4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиялар жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсынатын шот-фактуралары бойынша шығыстарға:
әуежайдан қонақ үйге/қонақ үйден әуежайға трансферге;
қала ішінде жол жүрулерге (байқаушыларды кездесу өтетін жерге/кері тасымалдау);
ел ішіндегі сапарларға (байқаушы орналасқан жерге/жерден);
байланысқа арналған шығыстарға (СИМ-карталар/ұялы телефондарды пайдалану);
брифингке арналған шығыстарға (брифингтер, дебрифингтер өткізу, брифингке материалдар дайындау, кофе-брейктер) ақы төлеу жатады.
398. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік органдардың ұсынысы негiзiнде және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражат көлемiнен шыға отырып, өкiлдiк шығындарды талап ететiн жылдық Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
Бiр жыл iшiнде мемлекеттік органдардың ұсынысы негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган болжамдалмаған iс-шаралар өткізудiң саяси маңыздылығын және бөлiнген қаражат көлемiн ескере отырып Жоспарды түзете алады.
399. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражатты бөлу туралы өтiнiштерiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган мыналар болған жағдайда қарайды:
1) iс-шаралар өткізу қажеттiлiгiнiң негiздiлiгi;
2) деңгейi мен форматы бойынша делегацияның келу бағдарламалары;
3) iс-шаралар дайындау мен өткізудiң жұмыс жоспары;
4) iс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
5) шығыстардың әрбiр ерекшелiгiн негiздей отырып қаржыландыру жоспарлары;
6) осы Ереженiң 398-тармағына сәйкес жоспарда тиiстi iс-шаралардың болуы кезiнде.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi өкiлдiк шығыстарды өтеуге қаражат бөлу туралы өтiнiш жасаған кезде нақты шығыстарды растайтын құжаттарды да (түбiртектер, шот-фактура, жөнелтпе құжат) ұсыну қажет.
400. Осы Ереженiң 397-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында көзделген өкiлдiк шығындар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi тауарлар мен қызметтер құнын, сондай-ақ көрсетiлген тауарлар мен қызметтердi ұсынатын ұйымның деректемелерiн көpceтe отырып, заңнамада белгiленген тәртiптiң сақталуын растайтын құжаттарды бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 401-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
401. Жоспардың және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялауға Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн және тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органға көзделген қаражат есебiнен қаржыландыру жүзеге асырылатын трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиiмдi пайдалануға қатысты мәселелермен байланысты өкiлдiк шығындарды, қоспағанда, осы Ереженің 100-қосымшасына сәйкес өкiлдiк шығындардың нормаларына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне өкiлдiк шығындарға қаражат бөлудi жүзеге асырады.
Өкілдік шығыстарға бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органға Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешіміне оның өзгерісті уақтылы енгізуі үшін өкілдік шығындарға бөлінген ақшаның пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған сомалары туралы мәліметті жібереді.
402. Өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты бөлу сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiмен ресiмделедi.
Iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары кезіндегі өкiлдiк мақсаттарға қаражат бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiмен ресiмделетiн халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретiнде жiберiлетiн, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына автокөлiктiк қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеуге қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiмен ресiмделедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы шешiмдерi жоспарланған iс-шаралар басталғанға дейiн қабылданады.
Егер объективтік себептерге байланысты ерекше жағдайларда сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiн жоспарланған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмағанда, белгiленген тәртiппен сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның өкiлдiк шығыстарды өтеу туралы шешiмi қабылдана алады.
403. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi.
404. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары, сондай-ақ республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын жiберу кезiнде өкiлдiк шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
бөлiнген қаражатты айырбастау үшiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Астана қаласының Қазынашылық департаментiнде шетел валютасында шот ашады;
ҚР ҰБ орталық филиалы Астана қаласы Қазынашылық департаментiнiң өтiнiшi бойынша шетел валютасын айырбастауды жүргiзедi және оны шетел валютасындағы шотқа есептейдi;
Астана қаласының Қазынашылық департаментi ҚР ҰБ-ның орталық филиалының үзiндiсi негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шетел валютасындағы шотына шетел валютасын есептеудi жүргiзедi;
ай сайын 10-күнiне дейiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Астана қаласының Қазынашылық департаментiне келесi күнтiзбелiк айда тиiстi айдағы жоспарлы тағайындалымдарға барабар сомада қолма-қол шетел валютасын алуға арналған өтiнiм жiбередi;
өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы қабылданған шешiмнiң негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенімхат беру үшiн ресми делегацияның құрамына енетiн тұлғаны көрсете отырып, Астана қаласының Қазынашылық департаментiне хат жiбередi. Астана қаласының Қазынашылық департаментi сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның хатында көрсетiлген тұлғаға Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы орталық филиалында қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенімхат бередi.
405. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады.