өзінің қарауындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін;
заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекіту;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) мыналарды:
республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын;
табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын;
жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын;
осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін;
өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібін;
табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесін әзірлеу және бекіту;
7) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарау;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) өзінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларының әзірленуін ұйымдастыру және бекіту;
10) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
11) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларда күзету, қорғау және қалпына келтіру іс- шараларын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізілуін қамтамасыз ету;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті ұйымдастыру;
13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу;
14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келісу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру мен мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің туристік және рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) өздеріне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды
14-3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеулік аулауды, молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу және бекіту;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6), 16-7) және 16-8) тармақшалармен толықтырылды
16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
16-2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін әзірлеу;
16-3) республикалық маңызы бар табиғаттың мемлекеттік ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимі түрін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
16-4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биоалуандылығын сақтауға және дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар тізбесін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
16-5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келісу;
16-6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қордағы жерлерге ауыстыру тәртібін әзірлеу;
16-7) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалды аймақтандыруды түзету жобаларын келісу;
16-8) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлеу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың аймақаралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттарды іске асыруды жүзеге асыру;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді
19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Аумақтық бөлімшелер өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.
9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдардың құзыретi
Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар өздерінің құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту бағдарламалары бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды уәкілетті органға табыс етеді;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерінің қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етіп және осы негiздемелердiң жобаларын кейіннен уәкілетті органның бекітуіне енгізе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірлеуді ұйымдастырады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекітеді, паспорттардың уәкілетті органда тіркелуін (қайта тiркелуiн) жүзеге асырады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және оларды уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді;
5) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
7) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары өз құзыреті шегінде:
1) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және олардың жұмыс істеуіне жұмсалатын шығыстарды жергілікті бюджеттер құрамында бекітеді;
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілейді;
2) өздерінің қарауындағы жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен олардың қызметі туралы, соның ішінде мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау мәселелері бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілер жүйесін дамыту бағдарламасы, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға енгізеді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді ұйымдастырады және оларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;
3) уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
4) уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде шешімдер қабылдайды;
5) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын бекітеді;
6) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлейді және бекітеді, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
7) заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекiтедi және паспорттарды уәкілетті органға тіркеуге (қайта тіркеуге) береді;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрін құру үшін жерді резервте қалдыру жөнінде шешімдер қабылдайды;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегінде осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің, экологиялық дәліздердің жай-күйіне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режиміне теріс әсер ететін қызметтің барлық түрін шектей отырып, осындай аймақтарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдайды;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
13) уәкілетті органның ұсынымы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимінің түрлерін бекітеді.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдарына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекітуге ұсынады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумақтарын кішірейтеді;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
3-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi
12-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi
1. Жеке тұлғалар:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;
3) табиғат қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
4) қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған қорлар құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметіне қатысуға;
5) тиісті мемлекеттік органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық желілердің жай-күйі мен олардың жұмыс істеу мәселелеріне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
2. Жеке тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
13-бап. Заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерi
1. Заңды тұлғалар:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбелерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және экологиялық желілер жүйесін дамыту бағдарламаларын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілер саласындағы бағдарламалар мен жобаларға қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге;
3) табиғат қорғау ұйымдарымен жасалған шарт бойынша мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшін қызметі өтеусіз қаржылай көмек көрсетуге бағытталған қорлар құруға және олардың қызметі мен оларды басқаруға қатысуға;
5) тиісті мемлекеттік органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілердің жұмыс істеуі, оларды күзету, қорғау және пайдалану мәселелеріне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми-техникалық кеңестерінің жұмысына қатысуға құқылы.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшін гранттар, қаржылай және техникалық көмек беруге маманданған заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын биоалуандылықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесіне енгізіледі.
3. Заңды тұлғалар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
4-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру
14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлерi
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады.
2. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік табиғи қорықтар;
2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
3) мемлекеттік табиғи резерваттар;
4) мемлекеттік зоологиялық парктер;
5) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
6) мемлекеттік дендрологиялық парктер;
7) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
8) мемлекеттік табиғи қаумалдар;
9) мемлекеттік қорық аймақтары.
3. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;
2) мемлекеттік зоологиялық парктер;
3) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
4) мемлекеттік дендрологиялық парктер;
5) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
6) мемлекеттік табиғи қаумалдар.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бірегейлігі сипатының ішінара немесе толық жоғалуына байланысты жүргізіледі.
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешімді жаратылыстану-ғылыми негіздеме жасалған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде:
1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды «республикалық маңызы бар» санатынан «жергілікті маңызы бар» санатына ауыстыруға жол берілмейді.
15-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің құқықтық жағдайы
1. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттік мекеме нысанында құрылады.
2. Табиғат қорғау мекемелеріне жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен беріледі.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері табиғат қорғау мекемелеріне жедел басқару құқығымен беріледі.
4. Табиғат қорғау мекемесін қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
16-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы
1. Мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар және мемлекеттік дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылады.
2. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен беріледі.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен беріледі.
4. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерінің міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшамен жауаптылықта болады.
Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.
5. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
17-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы
1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының заңды тұлға ретінде мәртебесі болмайды және олар мемлекет қорғауында болады.
Заңды тұлға болып табылмайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекет меншігінде болатын жылжымайтын мүлік объектілерін жедел басқару құқығы өзінің қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ болатын табиғат қорғау мекемесіне немесе мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесіне беріледі.