радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға;
радиоактивтi ластау ошағын оқшаулау және радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдануға;
радиациялық авария кезiнде радиациялық аварияның өршуiне және радиациялық жағдайдың өзгеруiне талдау жасап, болжам әзiрлеуге;
радиоактивтi авария жойылғаннан кейiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар аумағында радиациялық жағдайды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдануға;
қызметшiлер мен халықтың жеке сәуле алу мөлшерiн бағалау жөнiнде және бұл деректердi денсаулық сақтау органдары мен басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдарға беру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
18-бап. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi
1. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға, құтқару және шұғыл жұмыстар мен дезактивизацияға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi тек адамдарды құтқару қажеттiгiне және олардың одан да көп сәуле алуына жол бермеуге ғана байланысты болуы мүмкiн.
2. Радиациялық авариялардың зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерiне олардың ерiктi келісімiмен және сәуле алудың мүмкiн мөлшерi мен денсаулық үшiн қатерi туралы алдын ала хабарлай отырып, олардың өмiр кезеңi iшiнде бiр рет жол берiледi.
3. Өтемнiң түрлерi мен мөлшерi және аталған жұмыстарды орындауға тартылатын адамдардың денсаулығына радиациялық әсер келтiрген зиянның орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
5-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ
РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
19-бап. Азаматтардың радиациялық қауiпсiздiкке құқығы
Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауiпсiздiкке құқығы бар. Бұл құқық иондаушы сәулелендiрудiң адам организмiне белгiленген нормалардан жоғарғы радиациялық әсер етуiне жол бермеу жөніндегі шаралар кешенiн жүргiзу, сондай-ақ иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын азаматтардың және ұйымдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындауы арқылы қамтамасыз етiледi.
20-бап. Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ақпарат алуға құқығы
Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың атом энергиясын пайдалану жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңдарына сәйкес радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында ақпарат алуға құқығы бар.
21-бап. Азаматтардың иондаушы сәулелендiруден сәуле алу кезiнде немесе радиациялық авария салдарынан өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның, мүлiктiк залалдың орны толтырылуына құқығы
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың иондаушы сәулелендiрудiң белгiленген шегiнен тыс немесе радиациялық авария салдарынан сәуле алуға байланысты өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның орны толтырылуына және мүлiктiк залалдардың орны толтырылуына құқығы бар.
2.2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред .қара)
3. Радиациялық әсерден зардап шегушiлерге:
радиациялық аварияны жою кезiнде белгiленген мөлшерден артық сәуле алған адамдар;
ионданушы сәулелендiру көздерiнен қызметшiлер үшiн радиациялық қауiпсiздiк нормаларында белгiленген шектен артық сәуленiң әсерлi мөлшерiн алған және осы сәуле алумен тiкелей байланысты ауруы бар адамдар;
егер ата-анасының бiреуi радиациялық әсерден зардап шеккендер қатарына қосылса, солардан туып, иондаушы сәулелендiру ықпалына байланысты аурулар тiзбесiнде белгiленген аурулардың жекелеген түрлерiнен зардап шегушi балалар жатады.
22-бап. Азаматтардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттерi
Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар атом энергиясын пайдалануды реттейтiн заңдарды сақтауға, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі нормалар мен ережелердiң талаптарын орындауға мiндеттi. Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар аумағында осы ұйымдардың лауазымды адамдардың талаптарын орындауға мiндеттi.
6-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫН
БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
23-бап. Радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету талаптарын бұзуға кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
7-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР
24-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдарында бар нормалардан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының