9) байланыс саласындағы қызметті лицензиялаған кезде лицензия беру шарттарын айқындау және біліктілік талаптарын бекіту;
10) радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласындағы қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақы тәртібі мен мөлшерін айқындау;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, сондай-ақ нысанды киім үлгілерін бекіту;
12) почтамен жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекіту;
14) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізудің ережелері мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту;
2010.29.12. № 373-IV ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды
14-3) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 373-IV ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды
14-4) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14-5), 14-6), 14-7) және 14-8) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-5) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту;
14-6) трафиктi өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерін қосу және олардың әрекеттестігі қағидаларын бекіту;
14-7) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;
14-8) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектронды құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын бекіту;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14-9) тармақшамен толықтырылды
14-9) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
15) өзіне Қазақстан Республикасы Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті
1. Уәкілетті органның құзыретіне:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу және метрология қызметтеріне қатысуды қоса алғанда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары және басымдықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және оны іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және орнықты жұмыс істеуін арттыру;
4) байланыс саласындағы қызметті салааралық үйлестіру;
5) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
6) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;
7) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8) тармақша өзгертілді
8) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шет елдерден әкелу тәртібін, байланыс қызметтерін көрсету ережесін және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісін, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін құру тұжырымдамаларын әзірлеу және қабылдау;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттаманың, нұсқаманың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу және бекіту;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 8-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды
8-4) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау;
10) почта ақысы мемлекеттік белгілерінің түрлерін және шығарылу көлемін бекіту;
11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру;
12) пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін айқындау және тізбеде көрсетілмеген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге және пайдалануға рұқсат беру құқығын өзінің аумақтық бөлімшелеріне беру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) пайдалану және (немесе) құқығына рұқсаты болмаған, техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
14) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желісі технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
16) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
17) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тiзiлiмдерiн жүргiзу;
19) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды; 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-2) тармақша өзгертілді
19-2) телекоммуникациялар және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 19-3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
19-3) телекоммуникациялар және почта байланысы қызметтерін көрсету нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-4) тармақшамен толықтырылды; 2010.29.12. № 373-IV ҚР Заңымен 19-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-4) телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
2010.29.12. № 373-IV ҚР Заңымен 19-5) тармақшамен толықтырылды
19-5) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19-6) тармақшамен толықтырылды
19-6) байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) байланыс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және радиожиілік спектрінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
3) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
4) байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
5) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды олар пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілгендер тізбесінде болмаған немесе техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда өшіру;
7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттары, телекоммуникация желілері құрылысының жоспарларын келісуге және пайдалануға қабылдануына қатысу;
9) байланыстың барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте заңсыз жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдарды анықтау және пайдаланудың жолын кесу мәселелерін шешу кезінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-2) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы почта жөнелтiлiмдеріне почта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды
9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желілері мен құрылғылары құрылыстарының және почта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкестігін тексеру;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 9-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды
9-5) почта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 9-6) тармақшамен толықтырылды
9-6) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары
1. Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді жүзеге асыратын радиожиілік органдары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;
Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы.
2. Уәкілетті органның радиожиілік спектрін реттеу кезіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиілікті құрылғыларды пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеу;
2) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағында радиожиілік спектрін пайдалануға, іске қосуға және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды шетелден әкелуге рұқсат беру және оның тәртібін айқындау;
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес радиобақылауды жүзеге асыру;
7) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
8) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) және 10) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
10) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту.
3. Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлектеу және пайдалану жөнінде қажетті келісулерді жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) радиосигналдар параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін байқауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлекторондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді;
2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді;
3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;
4) Халықаралық электр байланысы одағындағы Қазақстан Республикасының орбиталық-жиілікті ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеуді;
5) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі:
1) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;
2) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;
3) почта операторларының өндірістік объектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайлар бөледі, сондай-ақ почта операторларының олардың аумағына өндірістік объектілерді орналастыруына жәрдемдеседі;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.
11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.
Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуді радиожиілік органдары жүзеге асырады, бұл радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.
Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы шектеулі ұлттық ресурс болып табылады.
2. Радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиілік спектрі мен байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы байланыс операторлары қауымдастықтары (одақтары) мен байланыс қызметтерін және радиожиілік спектрін пайдаланушылар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жүзеге асырады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Шектеулі ұлттық ресурс болып табылатын радиожиілік спектрін пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары, оны есептеу мен мемлекеттік бюджетке төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)