2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру шараларын орындау жөніндегі әскери-экономикалық, командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізудi ұйымдастырады;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері өз құзыреті шегінде:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады;
3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға тиісті азаматтарды дер кезінде хабардар етуді және жеткізуді, жиналу орындарына немесе әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша олардың басқаруындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру жоспарларын әзірлейді және бекітеді, жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасады;
8) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
10) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемін көздейді;
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері өз құзыреті шегінде:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады;
3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға тиісті азаматтарды дер кезінде хабардар етуді және жеткізуді, жиналу орындарына немесе әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша олардың басқаруындағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру жоспарларын әзірлейді және бекітеді, жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығы мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасады;
8) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері өз құзыреті шегінде:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмыстарына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады;
3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
5) жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға тиісті азаматтарды дер кезінде хабардар етуді және жеткізуді, жиналу орындарына немесе әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3 тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру
саласындағы ұйымдар басшыларының мiндеттерi, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi
10-бап. Ұйымдар басшыларының мiндеттерi
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ұйымдардың басшылары:
1) жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытына арналған жұмылдыру дайындығының жай-күйi, жұмылдыру дайындығы мүдделерiнде жасалған шарттар (келісім-шарттар) мен тапсырыстардың орындалуы үшiн жеке жауап бередi, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген жұмылдыру қуаттары мен жұмылдыру резервтерiнiң сақталуын және оларға ешкiмнiң тимеуiн ақылы негiзде қамтамасыз етедi;
3) өндiрiстi жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытына арналған тапсырыстарды орындау жөніндегі шарт мiндеттемелерiн орындау мақсатына дайындауды жүзеге асырады;
4) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мүдделерiнде шарттарға (келісім-шарттарға) сәйкес өнiм беруге, жұмыс жүргiзуге, қызмет көрсетуге арналған тапсырыстарды орындайды;
5) жұмылдыру жарияланған кезде жұмылдыру жоспарларына сәйкес өндiрiстi соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiнде шаралар жүргiзедi;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жергілікті әскери басқару органдарының жұмысына жәрдем көрсетедi, өздерiмен еңбек қатынастарында тұрған және шақырылуға тиiстi азаматтардың есебiн алуды ұйымдастырады, оларға мерзiмiнде хабар берудi және жиналу орындарына немесе әскер бөлiмдерiне азаматтарды жеткізудi, техника берудi қамтамасыз етедi, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында олардың құнын кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен өтеу арқылы жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, коммуникацияларды, көлiктi және басқа да материалдық құралдарды қорғаныс мұқтаждарына бередi;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) басшыларды, мамандарды, әскери міндеттілер арасынан біліктi жұмысшылар мен қызметшiлердi жұмылдыру, соғыс уақыты кезеңi мен соғыс уақытына арнап бекітіп қою жөніндегі жұмыстарды атқарады;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жұмылдыру дайындығы жөніндегі мiндеттердi орындау үшiн арнаулы құрамалардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Оларды ұстау жөніндегі шығындар тиiстi органдар мен ұйымдар арқылы мемлекеттік бюджеттен толықтырылады.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруге міндетті;
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын тиісті мемлекеттік органдармен, тапсырыс беруші ұйымдармен келіседі және оларды бекітеді.
2. Ұйымдардан жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытына арналған мемлекеттік қорғаныс мүдделерi көзделген мемлекеттік тапсырмаларды орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.
11-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы әскери қызметшісінің құқықтарын пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету мақсатында:
1) тұрғылықты жерi бойынша әскери есепте тұруға;
2) өзiнiң әскери қызметке қатыстылығын анықтау үшiн шақыру бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келуге;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждарына жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, көлiк құралдарын және өздерiнiң меншiгіндегі басқа да мүлiктi олардың құнын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен кейiн мемлекет тең мөлшерде өтейтiндей етiп беруге мiндеттi.
3. Жергілікті әскери басқару органдарының жұмылдыру ұйғарымдамасын немесе шақыру қағазын алған Қазақстан Республикасының азаматтары оларда айтылған талаптарды орындауға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында мемлекеттiң қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды орындауға тартылады, сондай-ақ белгiленген тәртiппен арнаулы құрамаларға қосылады.
5. Әскери есепте тұрған азаматтарға жұмылдыру жарияланған кезден бастап тұрғылықты жерiнен жергілікті әскери басқару органы басшысының рұқсатынсыз кетiп қалуға тыйым салынады.
4 тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру, оны қаржыландыру тәртібі
12-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртібі
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, экономикасы мен аумағын жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру мен оның тәртібі осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарының, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртiбi осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
13-бап. Жұмылдыру органдары
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бейбіт уақытта жұмылдыру тапсырыстары (тапсырмалары) бар мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жұмылдыру дайындығы жөніндегі шаралардың өткізілуін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау жұмылдыру органдарына (бөлімшелерге немесе жекелеген қызметкерлерге) жүктеледі. Жұмылдыру органдарының (бөлімшелерінің немесе жекелеген қызметкерлердің) құрылымы, штат саны, өкілеттігі осы тапсырыстардың (тапсырмалардың) сипаты мен ауқымы тұрғысынан айқындалады.
Жұмылдыру органдары (бөлімшелер немесе жекелеген қызметкерлер) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тікелей бірінші басшысына бағынады.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жұмылдыру тапсырыстары (тапсырмалары) бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары жұмылдыру органдарына (бөлімшелерге немесе жекелеген қызметкерлерге) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Әскери-көлiктiк мiндет
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытына арнап Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскер құрамаларын көлiк құралдарымен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының аумағында әскери-көлiктiк мiндет белгiленедi.
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әскери-көлiктiк мiндет Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, көлiк құралдары бар ұйымдар мен азаматтарға, сондай-ақ көлiк құралдарының жұмысын қамтамасыз ететiн өзге де ұйымдарға қолданылады.
3. 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-бап. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру бюджет қаражаты мен ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Ұйымдардың өз бастамасы бойынша олардың тұрақты жұмыс iстеуi мен жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында жүргiзiлетiн жұмылдыру дайындығы жөніндегі жұмыстар ұйымдардың қаражаты есебiнен қаржыландырылуға тиiс.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Жұмылдыру резервi
Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтары Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн тек жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында ғана пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайда және тәртіппен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау, гуманитарлық көмек көрсету үшін жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары бейбіт уақытта пайдаланылуы мүмкін.
5 тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында
арнап бекітіп қою және шақыру
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07 № 183-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қоюдың құқықтық негізі
1. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қою мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07 № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі
1. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысқа басшылықты Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия жүзеге асырады.
3. Бекітіп қоюға жататын лауазымдар мен мамандықтардың тізбесін Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.
4. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға бекітіп қойылған әскери міндеттілер өздеріне берілген кейінге қалдыру мерзімінің қолданыстағы уақытында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіндегі және соғыс уақытындағы шақырудан босатылады.».
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру
Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентi iшiнара немесе жаппай жұмылдыруды жариялау туралы жарлығына сәйкес жүргiзiледi.
6 тарау. Қорытынды ережелер
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жасалған шарттар шеңберiнде, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі өзара мүдделi шараларға әзiрлеп және iске асыра отырып, өзара тиiмдi әскери және экономикалық байланыстарды сақтай отырып қатысады.
21-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және өткізу режимi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жұмысты жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
22-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңдарын бұзған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н.Ә. Назарбаев |