7. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат):
4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) медиация жүргізу кезінде, төрелікте, аралық сотта және дауларды шешетін өзге де органдарда істерді талқылауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;».
8. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 14, 93-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.»;
2) 2-бапта:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аралық келiсiм - тараптардың азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi;»;
«3) аралық сотта талқылау - аралық сотта дауды қарау және аралық соттың шешім қабылдау процесi;»;
3-1)мынадай мазмұндағы 3-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) аралық сотта талқылау тараптары - араларында аралық келісім жасасылған қуынушы мен жауапкер;»;
«5-1) Қазақстан Республикасының жария тәртiбi - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негіздері;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) құзыреттi сот - тараптар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар туралы iстердi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес бiрiншi сатыда қарауға уәкiлеттiк берілген Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты;»;
3) 5-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нақты дауды қарауға арналған аралық сотты тараптар өздерiнiң азаматтық-құқықтық қатынастарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және ол осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасында аралық соттар мемлекеттiк органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жанынан құрыла алмайды, сондай-ақ оларды табиғи монополиялар субъектілері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілер құра алмайды.»;
4) 7-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы «әрекетке қабілетсіз» деген сөздер «әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Аралық сот мүлiктiк қатынастарға байланысты емес, адамның өмiрі мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұғылмаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, атын алу құқығына байланысты жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын дауларды қарауға құқылы емес.»;
5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Аралық келісім және құзыретті сотта даудың мәні бойынша қуыным беру
1. Аралық сотта талқылау нысанасы бойынша қуыным берілген құзыретті сот, егер тараптардың кез келгені даудың мәні бойынша өзінің алғашқы өтінішін беруден кешіктірмей бұл туралы өтініш білдірсе, егер аралық келісімді жарамсыз, күші жойылған немесе орындала алмайды деп таппаса, тараптарды аралық сотқа жіберуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қуынымды құзыретті сотқа беру, құзыретті сот аралық сотта талқылау нысанасының өзінде қаралуға жататындығы туралы мәселені қарағанша, басталуы немесе жалғастырылуы және аралық шешім шығарылуы мүмкін аралық сотта талқылауды шектемейді.»;
6) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қажеттi бiлiмге ие, жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде екі жыл жұмыс өтілі бар, жиырма бес жасқа толған және аралық судьяның мiндеттерiн орындауға келiсiм берген, тараптардан тәуелсiз және iстiң нәтижесiне мүдделi емес жеке тұлға аралық судья болып сайлануы (тағайындалуы) мүмкiн.»;
7) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот қызметінің шарттары
Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот өзінің аралық судьяларының тізілімін жүргізеді. Заңды мекенжайын және регламентін қоса алғанда, тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот туралы ақпарат, сондай-ақ аралық судьялар тізілімі жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда да орналастырылады. Аралық соттың шешімдері туралы ақпарат дау тараптарының келісімі болған кезде орналастырылады.
Аралық судьялар тізілімі аралық судьяның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы мен жұмыс кезеңі көрсетіле отырып, жұмыс тәжірибесін, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағын (болған кезде), қараған істерінің санын қамтуға тиіс.»;
8) 44-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аралық сотта талқылау тараптары не құқықтары мен міндеттері қозғалған үшінші тұлғалар аралық сот шешiмiне Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен құзыреттi сотқа шағым жасауы мүмкін.»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аралық сот шешімiне, егер аралық сот шешімінің күшін жою туралы арыз берген аралық сотта талқылау тарапы не құқықтары мен міндеттері қозғалған тұлға:».
9. «Халқаралық коммерциялық төрелiк туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 152-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық төрелiк туралы»;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық төрелiктiң қызметi процесiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ халықаралық төрелiк шешiмдерiн Қазақстанда тану және орындау тәртiбi мен шарттарын реттейдi.»;
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қолданылу аясы
Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған, халықаралық төрелiк шешетiн дауларға қатысты қолданылады.»;
4) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының жария тәртiбi - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекiтiлген мемлекеттiк және қоғамдық құрылыстың негiздерi;
2) құзыреттi сот - азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар туралы iстердi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес бiрiншi сатыда қарауға уәкiлеттiк берілген Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты;
3) төрелiк - нақты дауды қарау үшiн арнайы құрылған халықаралық төрелiк немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiк не дауды жеке-дара қарайтын төрешi;
4) төрелiк келiсiм - тараптардың азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды төрелiктiң қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi, бұл шартта төрелiк ескертпе түрiнде немесе субъектiлерді және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, телетайпограммалар, факстар, электрондық құжаттар немесе өзге де құжаттар алмасу арқылы жасалуы мүмкiн;
5) төрелiкте талқылау - төрелiк шешiм шығарумен дауды төрелiкте қарау процесi;
6) төрелікте талқылау тараптары - араларында төрелік келісім жасасылған қуынушы мен жауапкер;
7) төрелiктiң регламентi - тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық төрелiк қызметiн ұйымдастыру тәртiбi;
8) төрелiк шешiм - төрелiк шығарған шешiм;
9) төрешi - дауды төрелiкте шешу үшiн осы Заңға сәйкес тараптар сайлаған немесе тараптармен келiсiлген тәртiппен тағайындалған жеке тұлға;
10) iскерлiк айналымының әдет-ғұрыптары - қандай да бiр құжатта тiркелгенiне-тіркелмегеніне қарамастан, қолданылатын құқыққа қайшы келмейтiн, азаматтық-құқықтық шарттар саласында қалыптасқан және кеңiнен қолданылатын мiнез-құлық қағидалары.»;
5) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.»;
6) 6-бапта:
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тараптар төрелiк келiсiмдi қандай да бiр нақты азаматтық-құқықтық қатынас бойынша тараптар арасында туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты жасасуы мүмкiн.»;
«4. Егер тараптардың ең болмағанда бiреуi Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасындағы даулар тараптардың келiсiмi бойынша төрелiкке берiлуi мүмкiн.»;
7-тармақтағы «әрекетке қабілетсіз» деген сөздер «әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Төрелік мүліктік қатынастарға байланысты емес, адамның өмiрі мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұғылмаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, атын алу құқығына байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастардан туындайтын дауларды қарауға құқылы емес.»;
7) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік қызметінің шарттары
Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік өзінің төрешiлерiнiң тізілімін жүргізеді. Заңды мекенжайын және регламентін қоса алғанда, тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік туралы ақпарат, сондай-ақ төрешілердің тізілімі жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда да орналастырылады. Төреліктің шешімдері туралы ақпарат дау тараптарының келісімі болған кезде орналастырылады.
Төрешілердің тізілімі төрешінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы мен жұмыс кезеңі көрсетіле отырып, жұмыс тәжірибесін, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағын (болған кезде), қараған істерінің санын қамтуға тиіс.»;
8) 29-баптың 2-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«төрелiкте талқылау тарапы болып табылатын заңды тұлға таратылған;»;
9) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төрелікте талқылау тараптары не құқықтары мен міндеттері қозғалған үшінші тұлғалар төреліктің шешiмiне Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен құзыреттi сотқа шағым жасауы мүмкін.».
10. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар):
27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулардың осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлуі мүмкін болмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, сондай-ақ «Халықаралық төрелiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы.».
11. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
4-баптың 1-тармағының 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«34) халықаралық төрелікте немесе халықаралық коммерциялық төрелікте және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;».
12. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
11-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төрелiктiң немесе аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар - үш жыл iшiнде;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төрелiктiң немесе аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлген атқарушылық парақтарды орындау кезiнде - шешiм күшiне енгеннен кейiнгi күннен бастап;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы шілденің 3-і.
№ 125-V