3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын заңдарда белгiленген біліктілік талаптарын бұзуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 309-3-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
309-3-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүзеге асыру тәртібін бұзу
Фитосанитариялық есептілікті табыс етпеу, сол сияқты уақтылы табыс етпеу, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.21.07. № 299-III ҚР Заңымен 309-4-баппен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 309-4-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
309-4-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзу
1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтамен жүргізілген операциялар көрсетілетін құжаттарды есепке алу мен сақтаудың белгіленген тәртібін бұзуы - шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мақта талшығының тиісті сапа паспортынсыз мақта талшығын өткізу - жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге — он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасымен белгіленген талаптарды бұзғаны туралы уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамау не тиісінше орындамау - жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысудан жалтару - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мақта өңдеу ұйымдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңында тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңының талаптарын бұза отырып, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге қоюы, сондай-ақ оларсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын немесе айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, негізгі құрал-жабдықтарды мақта өңдеу ұйымының иеліктен шығаруы - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мақта қолхатын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін оларды құжаттамалық растау талабымен үнемі (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) бұрмалау - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензиаттың лизенция алу кезінде көрінеу жалған ақпарат беруі - лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқарған кезеңде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңын бұзуы - жеке және лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұру мерзімі өткен соң, осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 309-5-баппен толықтырылды
309-5-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын нысаналы пайдаланбау, егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын сақтамау -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде тіркелген бағаларды сақтамау -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.24.07 № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 310-бап өзгертілді
310-бап. Ветеринария туралы заңдарды бұзу
Ветеринария туралы заңдарды:
1) мiндеттi ветеринариялық - санитариялық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту және оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн бұзу;
2) карантин мен шектейтiн iс-шаралардың шарттарын және талаптарын сақтамау;
3) ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды өз уақытында немесе толық өткiзбеу;
4) ауру жұқтыратын малды тарату;
5) малды өсiру кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi сақтамау;
6) республика аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындамау;
7) малды тасымалдау (айдап апару) кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi бұзу;
8) ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, қоймалық үй-жайларда, карантин базаларында, тиеу-түсіру алаңдарында және көлік құралдарында ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтердің талаптарын сақтамау;
8-1) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті қорытындысынсыз жаңа, жетілдірілген ветеринария препараттарын қолдану;
8-2) ветеринариялық-санитариялық объектілерді салу мен ұстауды қамтамасыз етпеу;
9) iндеттiң немесе өзге де ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және өкiлдi органдарының iндетке қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі шешiмдерiн бұзу түрiнде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 310-1-баппен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 310-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
310-1-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық куәлік берусіз асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректер есебін жүргізуден бас тартуы және есептілік бермеуі;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;
6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымды малды өз төлiнен өсiру мақсатында пайдалануы;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды малды бағалау нәтижелерін бұрмалауы;
8) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тізілімінде тіркеу үшін жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды мал туралы деректер беруден бас тартуы түрінде бұзуы;
11) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен өсіру мақсатында сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін бұзуы, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген хабарлама жасауға жататын міндеттерді сақтамауы -
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 311-бап өзгертілді
311-бап. Иттердi және мысықтарды күтiп-ұстау ережелерiн бұзу
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттердi ұстау қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде мысықтарды күтiп ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бірге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 20-1-тараумен толықтырылды (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді)
20-1-тарау. Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен 311-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
311-1-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу
1. Педагог қызметкердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне ұқыпсыз немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқыту және тәрбиелеу процесінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен қызметкерлерінің денсаулығына жеңіл нұқсан келтірсе, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Лицензиаттың білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережелерін, білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелерін, білім алушыларды ауыстыру және оқуына қайта қабылдау ережелерін бұзуы -
лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Берілетін білім беру қызметтерінің білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын өзгеше бұзу -
лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7. Осы баптың бірінші-алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әркеттер (әрекетсіздік) -
лицензиядан айырып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің - оннан он беске дейінгі, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
21-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 312-бап өзгертілді
312-бап. Өрт қауiпсіздiгi ережелерiн бұзу немесе орындамау
1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсіздiгi ережелерiмен, құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезіндегі ережелермен, ұлттық стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өрттi табу мен өшiрудiң автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау ережелерiн бұзу немесе орындамау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрт қауiпсіздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның оны бұзуы, егер ол адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрген өрттiң шығуына әкеп соқтырса, қылмыс құрамы болмаған кезде, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi елу айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома елеулi мөлшердегi залал деп танылады.
2010.28.06. № 295-ІV ҚР Заңымен 312-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
312-1-бап. Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу кезінде бұзу
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесін табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу -
сарапшы ұйымға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2 Объектінің өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы дұрыс емес ақпараты бар, өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыны табыс ету -
сарапшы ұйымға айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша көрінеу жалған қорытындыны табыс ету -
сарапшы ұйымға аккредиттеу аттестатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 313-бап өзгертілді
313-бап. Өрт қауiпсіздiгi талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткізу
Техникалық регламенттердің талаптарын қоспағанда, жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткізу не мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөніндегі қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып табылады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 314-бап жаңа редакцияда
314-бап. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау
1. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты адамның оларды бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулі залал келтірсе, қылмыс белгілері болмаған кезде, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 315-бап өзгертілді
315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсіздiк талаптарын бұзу
Уәкілетті мемлекеттік органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсіз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың біліктілігiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсіндегі жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 316-бап өзгертілді
316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу
Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртібін бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектілерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 317-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 317-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 317-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 317-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)