57. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар немесе Тапсырыс беруші немесе Мердігер бақылай алмайтын қандай басқа бір басқа форс-мажорлық оқиға Шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.
58. Мердігер орындалған жұмыстарды және жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
59. Тапсырыс беруші Мердігердің жоғарыда айтылған себептермен оларды толық аяқтағанға және қабылдағанға дейін жұмыстардың қандай да бір зияны немесе зақымдануы үшін жауапкершілік көтермейді және Мердігер қосымша өтеусіз қандай да бір зиянды барлық түзетуді, қандай да бір зақымдануды және өзге де жоғары айтылғандар нәтижесінде өзге де ақауларды жүзеге асырады.
60. Мердігер өнім беруді ұйымдастыру, Мердігер беретін, Объектіге жеткізілуге тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдау, тиеу және сақтау үшін жауапты болады. Өнімді беру тек қана Мердігердің атына жүзеге асырылады. Ешқандай жағдайда да Тапсырыс беруші өнім беруге, өңдеуге, сақтауға және көлік құралдарының тоқтап тұруына ақы төлеуге байланысты шығыстар үшін жауап беруге тиіс емес. Ешқандай да өнім беру Тапсырыс берушінің атына жіберілмейді.
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 61-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
61. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшін Тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкін. Егер Мердігер өзінің материалдары мен жабдықтарын тиеуді және сақтауды кідіртетін болса, және егер мұндай кідірту тұтастай алғанда жұмыстарды жүзеге асыруға зиян келтіретін болса, Тапсырыс беруші Мердігердің материалдары мен жабдықтарын тиеу мен сақтауды Мердігердің есебінен жүзеге асыруы мүмкін (бірақ құны жасауға міндетті емес). Бұл жағдайда Тапсырыс беруші кемінде бір жұмыс күні бұрын Мердігерді жұмыстардың басталған күнін және орнын көрсете отырып, мұндай жұмыстардың жүзеге асырылуы туралы хабардар етуге міндетті. Егер тиеуді немесе Тапсырыс жүзеге асыратын болса, жоғарыда айтылғанның зиянына немесе зақымдануына байланысты бүкіл тәуекелді Мердігер көтереді.
62. Тапсырыс беруші беретін материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесіп қабылдайды және тексереді. Құрылыс алаңында тиеуді Мердігер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау Мердігер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуға тиіс. Кез келген кем шығу немесе осындай материалдар мен жабдықтарға қолданылатын зақымдану қабылдау туралы жазбаша құжатта нақты белгіленуге тиіс. Осындай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейін Мердігер осындай материалдар мен жабдықтардың өңделуі мен сақталуы үшін толық жауап береді және, жоғарыда көрсетілген жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауап береді. Мердігер өзінің жұмыстарын аяқтағаннан кейін қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артылғаны Тапсырыс берушіге қайтарылуға тиіс.
63. Егер Шартта Тапсырыс берушінің материалдарын немесе жабдықтарын беру көзделген болса, Мердігер Тапсырыс берушіні оларды беру үшін қажет болуы мүмкін мерзім туралы күні бұрын хабардар етуге тиіс. Бұл мерзімдер Мердігердің жұмыс кестесінде көзделген болуы тиіс.
64. Егер Шартқа сәйкес Тапсырыс беруші осы Шартта көзделген жұмыстарды орындау үшін негізді көлемде электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етуге тиіс болса, Мердігер қосудың орындалуы үшін және су мен электр энергиясын Тапсырыс беруші белгілеген қосу нүктесінен бөлу үшін жауап береді. Осы қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыстардың ұзақтығын өзгерту үшін негіз болып табылады.
65. Мердігер Учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын әкетуге және Учаскені жедел түрде тәртіпке келтіруге тиіс.
66. Егер Мердігер Учаскені осы Шарт талап ететіндей таза ұстауға жағдайы келмесе, Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, осы жұмысты орындауы мүмкін.
67. Мердігер Шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.
68. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі.
69. Жұмыс комиссиясы актісінің күні жұмыстар аяқталған күн болып саналады.
70. Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Шалалықтарды жою күні Шарттың аяқталған күні болып саналады. Барлық шалалықтарды жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.
71. Форс-мажорлық шарттарды қоспағанда, егер мердігер Шартта айтылған мерзімде жұмысты орындамаса Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиянсыз Шарттың бағасынан әр бір мерзімі өткен күнге 0,1 пайыз сомасында тұрақсыздық айыбын есептеп шығарып отырады.
72. Осы Шарттың күніне енетін күні жұмыстардың басталған мерзімі болып саналады (не осы күн Шартта белгіленеді).
73. Мердігер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жұмыстар басталғаннан кейін (күн саны көрсетілген) күнтізбелік күннен кешіктірмей аяқтауды қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 73-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 73-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
73-1. Өнім беруші (мердігер) жергілікті қамтуды конкурстық өтінімге (болған кезде) сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.
74. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша орындалған көлем үшін осы Шартта айтылған соманы төлеуге міндеттенеді.
75. Мердігер орындаған жұмыстардың сомасынан ай сайын (немесе басқа кезең көрсетілсін) Тапсырыс беруші барлық жұмыстар орындалғаннан және шалағайлықтар мен ақаулар тізбесін жойғаннан кейін Мердігерге төленетін орындалған жұмыстар құнының 5%-ын ұстап қалады (бұдан әрі - Түпкілікті ақы төлеу).
76. Осы Шарт бойынша Мердігерге түпкілікті ақы төлеуді Тапсырыс беруші Мердігер осы Шарт бойынша міндеттемелерді және Ақауларды түзету жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда жүргізеді.
77. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Мердігер белгіленген тәртіппен келіскен өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.
78. Мердігер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті (егер осындай қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделсе).
79. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін) және Мердігер Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
80. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тапсырыс беруші _____________________________ (толық атауы) _____________________________ _____________________________ (мекен-жайы) _____________________________ (телефоны, факсы) _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) ________ж. «__»__________ М.О. | Өнім беруші _____________________________ (толық атауы) _____________________________ _____________________________ (мекен-жайы) _____________________________ (телефоны, факсы) _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) ________ж. «__»__________ М.О. |
Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер үшін):_____________________
Осы Мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Тапсырыс берушінің жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші конкурс қорытындылары негізінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өз жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Мердігердің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 6 қосымшаның тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Ережеге
6-қосымша
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру туралы хабарландырудың нысаны
____________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, почталық және электрондық мекен-жайлары)
мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы хабарлайды:______________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________
(тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру орны және олардың көлемі көрсетіледі) (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілгеніне сілтеме жасауға құқылы).
Тауарларды берудің (жұмыстарды орындаудың/қызметтерді көрсетудің) талап етілетін мерзімі________________________________
Конкурсқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамаға ақы төлеу туралы құжатты
(егер мұндай конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда) бергеннен кейін
___жылғы «____»___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда
(конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыт пен күні көрсетілсін) мына мекен-жай бойынша:
________, бөлме №__сағат____-дан____-ге дейін және/немесе мына мекен-жай бойынша_______ электрондық почтамен алуға болады.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі бумасының құны______________________________________ теңгені құрайды
және__________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тиісті шоты көрсетілсін) шотына енгізіледі (егер төлем көзделмеген болса, осы абзац алынып тасталады).
Конвертке желімделген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер
______________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін)
мына мекен-жай бойынша_____________________________________________________________________________
(толық мекен-жайы, бөлменің № көрсетілсін)
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі__________________________________________________дейін.
(уақыты мен күнікөрсетілсін)
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер_________________________________________________________
(уақыты мен күні көрсетілсін)
мына мекен-жай бойынша______________________________________________________________________ ашылады.
(толық мекен-жайы, бөлменің № көрсетілсін)
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға
болады:_______________________________________________________________________________________________
(қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетілсін)
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының
уәкілетті өкілі______________________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы және байланыс телефоны көрсетіледі)
Ережеге
7-қосымша
Әлеуетті өнім берушілермен ________________________
(конкурстың атауы)
конкурстық құжаттамасын түсіндіру жөніндегі кездесу
хаттамасы
__________________ (Кездесу өтетін орын) | ____________________ (уақыты мен күні) |
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдіретін адамдар:
_______________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының және әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген тартылған сарапшылардың Т.А.Ә., байланыс телефондарын көрсете отырып)
мынадай адамдарға______________________________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә., сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесуде әлеуетті өнім берушіні білдіретін осындай адамның өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, олар туралы) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде кездесу өткізді.
2. Кездесуде конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде мынадай сұрақтар қойылды:
________________________________________________________________________________________________________
(қандай ережелер бойынша сұрақтар қойылды)
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілдері қойылған сұрақтарға мынадай жауаптар берді:
__________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қатысқан өкілдерінің Т.А.Ә., байланыс телефондарын көрсете отырып, олардың қайсысы жауап бергені көрсетілсін).
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөніндегі кездесу нәтижесінде мынаны ШЕШТІ:
1) өзгерістер (толықтырулар) талап ететін конкурстық құжаттаманы тану
__________________________________________________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманың атап айтқанда қандай ережесін өзгерту (толықтыру) қажеттігін көрсету)
2) конкурстық құжаттамаға өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігінің болмауын тану
___________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә., сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесуде әлеуетті өнім берушіні білдіретін өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, олардың қолдары)
____________________________________________________
__________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының және әлеуетті өнім берушілермен кездесуде сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген тартылған сарапшылардың Т.А.Ә. көрсете отырып, олардың қолдары)
Ережеге
8-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға
өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасы
___________________________________________________
(конкурстың атауы)
__________________ (Ашу орны) | ____________________ (уақыты мен күні) |
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:
__________________________________________________________________
(конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің Т.А.Ә., конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді:
_____________________________________________.
(конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы)
3. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері
__________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы көрсетіледі)_______________________ негізінде ашылмай қайтарылды.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін оларды белгіленген мерзімде ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:
__________________________________________________________________
(конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру уақыты конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен) ашылды және конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушыларға таныстырылған мыналарды қамтиды:
__________________________________________________________________
(өтінімдегі құжаттардың тізбесі, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат, конкурстық өтінім құжаттарының парақ саны көрсетіледі).
5. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты:
__________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы, олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә.)
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының Т.А.Ә., қолдары
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-қосымша өзгертілді
Ережеге
9-қосымша
Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
_______________________сатып алу жөніндегі конкурс
(конкурстың атауы)
__________________ (Орналасқан жері) | ____________________ (уақыты мен күні) |
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:
__________________________________________________________________
(Конкурстық комиссияның құрамын көрсету)
__________________________________ мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады
2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерде ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігі жөнінде қорытындыларды берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімі:
__________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен жайы, конкурсқа қатысуға өтінім беру уақыты, өтінімде көрсетілген құжаттар тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және оның өзгеруі туралы ақпарат және басқа ақпарат хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) конкурстық комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланған.
4. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілмейді:
__________________________________________________________________
(себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі: біліктілік талаптарына сәйкес келмейді; конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді, Заңның 6-бабының талаптары бұзылған).
5. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері_____________________________________________ (әрбір лот бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізбесі жеке көрсетіледі).
6. Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген өлшемдердің осы конкурсқа қатысуға берілген барлық өтінімдерге қатысты мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат.
Әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсеткен кезде конкурсқа қатысуға жіберу туралы жалпы хаттаманы ресімдеуге жол беріледі.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:
1. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін:__________________________ (конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету). Төменде көрсетілген нысанға сәйкес Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін бағалау өлшемдерінің келесідей мәні айқындалсын.
2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін:
____________________________________________________
(конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету).
3. Конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдау орны, күні, уақыты________________________________________ белгіленсін.
4. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы______________ белгіленсін.
(конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысының уақытын, күнін, орнын көрсету, бірақ мүдделі адамдарға хабарлаған күннен бастап үш жұмыс күнінен ерте емес).
5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберу туралы осы хаттаманың көшірмелері
__________________________________________________________________
(олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушілерді көрсету) берілсін (жіберілсін) және осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің __________________________ интернет-ресурсына орналастырсын.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
Қарсы дауыс __________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
Әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасына пайыздық әсерді есептеу
Р/с № | Әлеуетті өнім берушінің атауы | Лот нөмірi | Мынадай бағалау өлшемдерін ескере отырып, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасына пайыздық әсері, пайызбен |
Өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесi | Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауар өндіруші үшін тауарларды ерікті сертификаттау туралы құжаттың болуы | Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуы | Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификат талған жүйелерінің болуы) және (немесе) техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкес келуін растаулардың болуы |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
кестенің жалғасы
Мынадай бағалау өлшемдерін ескере отырып, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасына пайыздық әсері, пайызбен | Конкурстық өтінімінің шартты бағасына сомалық пайыздық әсерінің жиыны | Мыналарды ескере отырып, шартты бағаға пайыздық әсер, пайызбен | Барлығы |
Тауарлард ың функциона лдық сипаттама лары | Тауарл ардың техникалық сипатт амалар ы | Тауарлар дың сапалық сипаттам алары | Пайдалану ға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар | Отандық тауар өндірушінің, отандық жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушінің мәртебесi | Жергілікті мазмұн |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |