8) Парламент депутаттарының сауалдарын, депутаттар бастамашылық еткен заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының мәлімдемелерін;
9) прокурорлық қадағалау актілерін.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Бақылаудағы құжаттар олардың орындалуын бақылау үшін Кеңсе Басшысы бекіткен осы бөлімшелер мен олардың функционалдық міндеттері туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрі - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бекітіп беріледі.
Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарын бекітетін Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкімді орындаушыға (қаулы немесе өкім жобасының Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне) жүктеледі.
Бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру Кеңсе Басшысының қарары негізінде Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте құрылымдық бөлімшенің іс жүргізушісі бақылау карточкасына және электрондық дерекқорына құжат келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей орындаушының тегін, атын, әкесінің атын енгізеді.
5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы бөлімшеге бекітілген әрбір бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетін бөлімшенің қызметкерін (бұдан әрі - орындаушы) айқындайды.
6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды Кеңсенің бақылаудағы нақты құжаттар оған бекітіп берілген құрылымдық бөлімшесі мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторы (бұдан әрі - бақылау секторы) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Егер бақылаудағы құжаттарда нақты орындалу мерзімі көрсетілмесе, онда мұндай құжаттар бір ай мерзімде, ал «өте шұғыл» белгісі болған кезде - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» белгісі болған кезде - он жұмыс күні ішінде орындалады.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторы бақылаудағы тапсырманы орындаудың белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде, тиісті ескертпені қағаз немесе электрондық тасығыштарда мемлекеттік органдардың атына жібереді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күнінен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және лауазымды тұлғалар орындауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының орындалу мерзімдерін ұзартуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмаларын көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы күні бұрын белгіленген мерзімге дейін бір күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырма берген лауазымды тұлғасының атына (не мемлекеттік орган басшысының қолы қойылып - Кеңсенің лауазымды тұлғасының атына), орындаудың ағымдағы жай-күйін, орындау мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, орындаудың нақты мерзімі, нақты жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды және ұйымдардың жауапты лауазымды тұлғаларын міндетті түрде көрсете отырып хат жібереді.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Егер Басшылық тапсырманы Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшесіне берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестіру жөніндегі жұмысты тапсырмада бірінші көрсетілген құрылымдық бөлімше не оның атауының жанында «(жинақтау)» белгісі бар бөлімше жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелер - тапсырмаларды бірге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлімшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзімі өткенге дейін бір күннен кешіктірмей енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Егер бақылаудағы құжаттарда Премьер-Министр Кеңсесінің бірнеше құрылымдық бөлімшесінің құзыретіне жататын тапсырма болса, онда құжаттың орындалуын толығымен бақылау бекітіліп берілген құрылымдық бөлімше үш жұмыс күні ішінде нақты тармақтарын орындауды бекітіп беруді Премьер-Министр Кеңсесінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірге (әрбір тармақ бойынша Кеңсенің нақты құрылымдық бөлімшесіндегі орындаушы мен орындау күні көрсете отырып) жасайды және келіседі, оны Кеңсе Басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам бекітеді. Бекітілген бекітіп берудің көшірмелері тартылған құрылымдық бөлімшелерге, іс жүргізу және мұрағат секторына және бақылау секторына жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Бақылау секторы Үкімет Регламентінде көзделген әр түрлі іс-шаралар жоспарларын бекітуді көздейтін енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын тіркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтіндерінде және іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктерді, оның ішінде негізделмеген орындау мерзімін, аяқталу нысанының дұрыс еместігін және орындаушыларды дұрыс белгілемеуді анықтаған кезде бұл жобалар әзірлеушіге тіркеусіз қайтарылады.
Кеңседе тіркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгізілгенге дейін бақылау секторымен келісілуге (бұрыштама соғылуға) тиіс. Басшылық кеңесшілеріне (көмекшілеріне) және қабылдау бөлмелерінің аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келісімінсіз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Орындаушы Президенттің және Yкіметтің бақылауға алынған әрбір кесіміне, Премьер-Министрдің өкіміне жинақтаушы папка (ic) ашады, және тіркеу-бақылау кәртішкесін толтырады.
Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртіппен топталады:
бақылаудағы кесімнің (қаулының, өкімнің) көшірмесі;
құжатты бақылаудан алу туралы жазба және тапсырма;
бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
Президенттің кесімдерін, Үкіметтің қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау жөніндегі құжаттар бар істер толық орындалып, бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы мүмкін, одан кейін мұрағатқа тапсырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 11-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары - құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне, ал олардың көшірмелері Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) бекіткен немесе оның тапсырмасымен бекітілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
Егер орталық немесе жергілікті атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы есептерді белгіленген мерзімде немесе толық көлемде тапсырмаса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органдар үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін орындалу мерзімінің бұзылу себептері туралы Басшылыққа хабарлауға және осы бақылаудағы құжаттың одан әрі орындалуы жөнінде ұсыныс енгізуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300; 2005.14.04. № 358 Қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда
12. Премьер-Министр Кеңсесіндегі тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылау үшін жауапты орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан есеп алғаннан кейін (құжаттың, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттың әрбір бақылаудағы тармағы бойынша) есептің орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәніне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар қызметтік жазба не тиісті қарардың жобасын дайындайды. Бақылаудағы және бақылаудағы емес құжаттар бойынша есептерге талдау жүргізу мерзімі олардың Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау нәтижелеріне қарай орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Басшылыққа:
1) Президенттің актілері мен тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу туралы (егер тапсырма толық көлемде орындалса) не орындау мерзімін ұзарту туралы не құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президент Әкімшілігіне нақты орындалу мерзімдері мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып, негізді хаттың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын;
2) үкіметтік шешімдер, хаттамалар және Басшылықтың тапсырмалары бойынша - Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы қызметтік жазба, ал хаттамалық тапсырмаларды (хаттамаларды) орындау аяқталғаннан кейін орындау тіртібімен мемлекеттік органдардан келіп түскен ақпараттың (деректердің) негізінде бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстармен бірге үкіметтік шешімді, хаттаманы және Басшылықтың тапсырмасын нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, талдау нәтижелерін ескере отырып, орындау туралы қорытынды ақпарат дайындайды не бақылаудан алу туралы қарардың жобасын ресімдейді (заңға қол қойылған, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің актісі, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары қабылданған жағдайда).
Нақты орындау мерзімін көрсете отырып бақылаудан алу, мерзімін ұзарту Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарарымен бөлімнің жазбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орындаушы мемлекеттік органдарды үкіметтік шешімдер мен Басшылық тапсырмаларының нақты орындалу мерзімін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы дереу хабардар етеді;
3) мемлекеттік органның тапсырманы сапасыз орындағаны белгіленген кезде Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты бөлімі тапсырма берген Үкімет Басшылығының немесе Кеңсе Басшысының атына сапасыз орындалғанын негіздей отырып, жазба дайындайды;
4) депутаттық сауалдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашы болған заң жобаларына қорытындылар мен Үкімет бастамашы болған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша - Парламент депутаттарына жауаптың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын немесе Үкіметтің тиісті қорытындысының жобасын дайындайды.
13. Оларға Басшылықтың қарарлары бар, орындалу мерзімі көрсетілген құжаттарды, соның ішінде «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» белгісімен, не оны бақылауға қою туралы нұсқау болса немесе «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» және т.с.с. белгілері бар құжаттар адресаттарға жіберілуден бұрын міндетті түрде бақылау секторына тапсырылады да, ол құжатқа «БАҚЫЛАУҒА» немесе «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» мөртабанын қояды да, одан кейін құжаттар нысанасына қарай жіберу үшін іс жүргізу және мұрағат секторына тапсырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өткен кеңестер хаттамаларының тармақтарын, сондай-ақ Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмаларын бақылауға қоюды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
Бұл ретте, бақылауға қою туралы ұсыныстар бақылау секторына құрылымдық бөлімшелердің басшылары (олардың міндеттерін орындайтын тұлғалар) қол қойған қағаз жеткізгіште немесе ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық форматта ЭҚАБЖ арқылы беріледі.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 14-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет Бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Басшылықтың аймақтар әкімдеріне берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізуінде жүзеге асырылады.
17. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің Басшысымен келісім бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргізуге және бұзылуы анықталған фактілер туралы шешім қабылдау үшін Басшылыққа баяндауға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды
18-1. Бұрыштама соғар және қол қою алдында Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының атына орындалуы туралы жауаптардың жобаларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына нөмірге сілтеменің, құжат нөмірі мен тапсырма тармағының дұрыстығын тексеру үшін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды
18-2. Премьер-Министрде бақылау тәртібімен қаралатын тапсырмалар (Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрдегі кеңестердің хаттамалары) бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі апта сайын әр сенбіде сағат 11-ден кешіктірмей ақпаратты бақылаудағы әрбір тармағы бойынша бөлім меңгерушісінің, ал ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы тұлғаның қол қоюы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді. Мұндай тапсырмалардың тізбелерін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің атына Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі апта сайын әр бейсенбіде жібереді.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда
19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрі сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдер жобаларының әзірленуіне, олардың Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрдің қарауына ұсынылуы үшін жауапкершілік орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жүктеледі. Бұл ретте, көрсетілген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлімшелер мен лауазымды адамдарды белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы үшін бақылауды мынадай лауазымды тұлғалар жүзеге асырады:
1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы және орындаушылық тәртіптің сақталуы үшін бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының жанында «(жинақтау)» белгісі бар орган жауапты болып табылады. Жауапты органның бірлесіп орындаушылармен келіскеннен кейін орындау мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
Тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген жағдайда, яғни «(жинақтау)» белгісі болмаса, тапсырмада санамаланған барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар тапсырма берушіге өз жауаптарын жібереді.
Тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган қажеттілік болған жағдайда, бірлесіп орындаушылармен бірге кеңес өткізеді.
Егер Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасында «өте шұғыл», «шұғыл» және «жеделдетілсін» белгілері бар болса, онда Премьер-Министрдің Кеңсесі дереу (сол күні) оларды орындаушы мемлекеттік органға (ұйымға) және бірлесіп, орындаушы мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар):
1) тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде - «өте шұғыл» белгісі бар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей - «шұғыл», «жеделдетілсін» белгісі бар, шұғыл бақылауға;
2) егер тиісті тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, қысқа мерзімді бақылауға;
3) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, тапсырманы белгіленген орындау мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей орта мерзімді бақылауға;
4) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей ұзақ мерзімді бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (ұйымға) өз ұсыныстарын енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттар Үкімет және Кеңсе басшылығының атына енгізілгенге дейін олар ведомстволық бақылау қызметтерімен оларда Басшылық тапсырмаларына (Президент және Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшылығының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күніне және нақты тармағына әрі берілген деректемелерге мөр қойылуға тиіс) олардың ресімделуінің дұрыстығына сілтемелердің болуы, сондай-ақ Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының орындалу мерзімдерінде және олармен бекітілген іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктердің жоқтығы мәніне келісілуі (бұрыштама қойылуы) тиіс.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-2. Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды орындау туралы есептерді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, егер тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оларды орындау мерзімдері аяқталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал орындау мерзімі бес күннен кем тапсырмалар бойынша - тиісті хаттама келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде Кеңсеге ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 20-3-тармақпен толықтырылды
20-3. Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы өткізген кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалардың орындалуы туралы есептер берген кезде жинақтауға жауапты орындаушы мемлекеттік орган хатпен әрбір тармақ бойынша атқарылған жұмыс және орындау туралы жиынтық ақпарат, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелерін береді.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда
21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептерді) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
22. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
23. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
24. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
25. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 26-тармақпен толықтырылды
26. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ депутаттық сауалдарды, Парламенттің хаттары мен Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобаларына қорытындыларды алған кезде Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал «өте шұғыл» белгісі бар тапсырманы - дереу, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырма дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 27-тармақпен толықтырылды
27. Орындалу мерзімі ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан келер жылғы 5 қаңтарға дейінгі кезеңді қоса алғанда аяқталатын бақылаудағы құжаттарды орындау бойынша ақпараттар, есептер жыл сайын ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне берілуге тиіс
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 28-тармақпен толықтырылды
28. Президент, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Үкімет, Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының актілері мен тапсырмаларын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың орындау сапасына бақылау жүргізуге, сондай-ақ Президент Әкімшілігі бекітетін жыл сайынғы кестеге сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлігіне қорытындыларды беруге Премьер-Министр Кеңсесінің мынадай құрылымдық бөлімшелері жауапты болып табылады:
1) орталық мемлекеттік органдар бойынша - Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі;
2) жергілікті арқарушы органдар бойынша - Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «қызметтік хат-хабар секторында», «қызметтік хат-хабар секторы», «қызметтік хат-хабар секторының» деген сөздер тиісінше «іс жүргізу және мұрағат секторында», «іс жүргізу және мұрағат секторы», «іс жүргізу және мұрағат секторының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және
олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Осы Нұсқаулық «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Кеңсе) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін регламенттейді.
2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.