48. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, басқа мемлекеттер басшыларына құжаттар Үкімет немесе Премьер-Министр бланкілерінде дайындалып жіберіледі және Премьер-Министр екі данада қол қояды. Екінші данасында орындаушының, тиісті құрылымдық бөлімше басшысының және қажет болған жағдайда Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының, Кеңсе Басшысының, құқықтық сипаттағы мәселелер болған жағдайда Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) бұрыштамасы болуы тиіс. Көрсетілген шығыс құжаттары белгіленген тәртіппен электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар (хабарламалар) форматында жөнелтілуі (берілуі) мүмкін.
Жекелеген ағымдағы мәселелер бойынша хаттарға Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары қол қоя алады. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерге сәйкес белгіленген үлгідегі тиісті бланкілерде орындалған хатқа Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары қол қоя алады.
Президент Әкімшілігіне жіберілетін құжаттар А-4 форматындағы қағаз парағының бір жағына, мөлшері 14-қаріппен (ТПЫК) 1 жоларалық интервалмен, Мемлекет басшысына баяндауға жататындар - мөлшері 16-қаріппен (Агіаl) 1,5 интервал арқылы тиісті ресми бланкілерге басылады. Соңғы бетінде төменгі сол жағында немесе беттің артқы жағында орындаушының тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі көрсетіледі. Барлық деректемелер басылуы тиіс. Түзетулер мен тазартуға жол берілмейді. Электрондық құжаттың мазмұны мен деректемелері қағаз құжатпен бірдей болуға тиіс.
Президент Әкімшілігіне жіберілетін ақпарат пен басқа құжаттардың көлемі 3, ал ірі мәселелер бойынша - 5 беттен аспауға тиіс. Құжаттардың мәтіндері анық, дәйекті, қысқа айтылуға тиіс.
Электрондық кұжаттың карточкасы БЭҚАЖ талаптарына сәйкес толтырылады. Жіберілетін құжат тілінде қысқаша мазмұны беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 48-1-тармақпен толықтырылды
48-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және тікелей тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндеттерін орындайтын тұлға) немесе Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қойылады.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 48-2-тармақпен толықтырылды
48-2. Үкіметтің немесе Кеңсенің Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігіне жіберетін есептік ақпаратына Премьер-Министр (оның міндеттерін орындаушы тұлға) немесе Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыты (мәселесі) жөніндегі орынбасары не Кеңсе Басшысы қол қояды.
49. Республикалық органдар басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне тапсырмаларға, нұсқауларға Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес өздері жетекшілік ететін мәселелер бойынша Премьер-Министр, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы (ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы тұлға), сондай-ақ Кеңсе Басшысы белгілеген құзыреті мен өкілеттіктеріне сәйкес Кеңсе Басшысының орынбасарлары қол қояды.
50. Дайындалатын хатқа, әдетте, қысқа тақырып беріледі. Хат өтінішке немесе сауалға жауап ретінде жолданатын барлық жағдайда мекен-жайдан кейін (сол жағынан) бұл өтініштің немесе сауалдың нөмірі мен күні көрсетіледі (мысалы: «04.01.2000 № 101-ге»).
Құжатқа (хатқа, анықтамаға, есепке, баяндамаға) қосымшалар, әдетте, оның мәтінінен кейін парақтары мен даналарының саны көрсетіле отырып санамалануға тиіс.
51. Шығыс құжатының толық немесе қысқартылған түрде келтірілген күні (күні, айы, жылы) (мысалы: 2008 жылғы 4 маусым немесе 04.06.2008) мен тіркеу нөмірі болуы тиіс. Күннің қысқартылған жазуы, әдетте, анықтамаларға, баяндамалық жазбаларға және т.с.с. қойылған қолдан кейін қойылады.
Құжаттың шығыс нөмірі мынадай тәртіппен қойылады: алдымен Кеңсенің оны дайындаған құрылымдық бөлімшесінің индексі көрсетіледі; одан кейін құжат орындалған соң тігілуі тиіс істің номенклатура бойынша нөмірі сызықша арқылы көрсетіледі; одан кейін таяқша арқылы шығыс құжатының реттік нөмірі көрсетіледі (мысалы: 17-16/180). Құрылымдық бөлімшелердің индекстерін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі әзірлейді және Кеңсенің Басшысы бекітеді.
52. Шығыс құжатын дайындаған орындаушының тегі мен оның қызметтік телефонының нөмірі, әдетте, құжаттың соңғы парағының сырт жағына жазылады (мысалы: А.И. Исаев, тел. 159798).
53. Қайтару талап етілетін құжатты жолдау кезінде құжаттың бірінші парағына, жоғарғы бөлігінің оң жағына «Қайтарылуға жатады» деген мөртаңба қойылады.
54. Барлық шығыс құжаттары (хат-хабары) жөнелту үшін іс жүргізу және мұрағат секторына жұмыс күндері сағат 12.30-ға дейін, ал сенбі күндері - сағат 11.00-ге дейін, шұғыл хат-хабар (орындалу мерзімі 5 күнге дейінгі) жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күндері - сағат 12.00-ге дейін тапсырылады.
Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) нұсқауы бойынша шұғыл хат-хабар жөнелту үшін басқа уақыттарда да тапсырылуы мүмкін.
55. Шығыс жеделхаттарын тіркеу ағымдағы хат-хабармен бірдей жүргізіледі.
56. Үкіметтік жеделхаттарға Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы қол қояды. Жеделхаттардың мәтіні қысқаша, түзетусіз жазылады және машинкаға басылған бір беттен аспауы тиіс. Жеделхаттағы қол жеделхатқа қол қоюшы тұлғаның лауазымы мен тегі көрсетілетін жеке жолға ресімделеді. Жеделхатты ресімдеудің үлгісі - 6-қосымша.
57. Мәтіні бірдей жеделхатты бірнеше мекен-жайларға жөнелту қажет болған жағдайда орындаушы оны адресаттар санына сәйкес көбейтеді.
Мұндай жеделхаттарда әрбір данасында оны қайда жеткізу керек екендігі туралы мекен-жай деректері бар бір ғана белгіленген пункт жеке көрсетіледі.
Жеделхатқа Кеңсенің жеделхатты дайындаған құрылымдық бөлімшесінің басшысы растаған тарату көрсеткіші қоса беріле отырып, адресаттарды жинақтап көрсетуге рұқсат етіледі (мысалы: «министрлерге және агенттіктердің төрағаларына»).
58. Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзып ресімделген жеделхаттарды іс жүргізу және мұрағат секторы жөнелтуге қабылдамайды.
Арнайы байланыс органдары арқылы жөнелтілетін жеделхаттарды ресімдеу тәртібі арнайы нұсқаулықпен белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 59-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
59. Шығыс құжаттарын Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тездетіп (шұғыл шығыс құжаттарын - дереу) жөнелтуге дайындайды, бұл ретте олар есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, басшылықтың қарарларын (тапсырмаларын, нұсқауларын) тіркеу карточкаларына енгізеді. Қол қойылғаннан және құ-рылымдық бөлімшеге берілгеннен кейін кем дегенде екі жұмыс күнінен кейін жөнелтуге тапсырылатын шығыс құжаттарын іс жүргізу және мұрағат секторы шығыс құжатын жөнелтуге уақтылы дайындамаған құрылымдық бөлімшенің және (немесе) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшылары бұл туралы Кеңсе Басшысына баяндағаннан кейін қабылдайды және жөнелтеді.
Одан кейін шығыс құжаттары мен оларға орындау мерзімдері көрсетілген, оның ішінде «өте шұғыл», «шұғыл», «жылдамдатылсын» деген белгісі, сондай-ақ құжатты бақылауға алу туралы тапсырма не «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» деген және т.с.с. белгілері бар қарарлар міндетті түрде бақылау секторына ұсынылады, ол бұларға «Бақылауға» немесе «Бақылауға алынды» деген мөртаңба қояды.
Қызметкерлер жөнелтуге дайындаған құжаттар мен қарарларды, адресаттардың санына қарай олардың көшірмелерін және құрылымдық бөлімше басшылығы бекіткен тарату көрсеткішін (төрттен артық мекен-жайға жіберу кезінде) қызметкерлер адресаттарға жөнелту үшін іс жүргізу және мұрағат секторына береді.
60. іс жүргізу және мұрағат секторында жөнелту алдында шығыс құжаттарын ресімдеудің дұрыстығы тексеріледі. Үкімет Регламентінде және осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды бұзып ресімделген құжаттар түзету үшін Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қайтарылады. Жөнелтуге жауапты қызметкер құжаттар мен қарарлардың көшірмелерін олардың төлнұсқаларымен салыстырады, одан кейін оларды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырады, одан кейін онда жөнелтілетін құжаттардың адресаттарын, нөмірлерін және дана санын көрсете отырып, жөнелтілетін құжаттардың тізілімін (таратылым есебін, біржолғы қолхат) жасайды, осы деректерді құжаттың тіркеу-бақылау карточкасына енгізеді, жөнелтілетін құжаттарды нақты адресаттарға жөнелтуге арналған конверттерге салады және конверттерді адресаттарға жеткізу үшін тізілімдермен (бағыт парақтарымен, біржолғы қолхаттармен) бірге мемлекеттік фельдъегерлік немесе почта қызметінің қызметкеріне береді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 61-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
61. Құжаттарды адресаттарға мемлекеттік фельдъегерлік немесе почта қызметі оларды жеткізу шұғылдығына қарай жөнелтеді. Құжатты жеткізу шұғылдығы дәрежесін жөнелтуші анықтайды. «Шұғыл» деген белгісі бар хат-хабар таяу арадағы авиарейспен, автомобиль немесе темір жол фелдъегерлік бағытымен бірінші кезекте жеткізіледі. Мемлекеттік фелдъегерлік қызметке жедел басшылық етуді Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 62-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
62. Хат-хабарды (шығыс құжаттарын, оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды) жөнелту (беру) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі белгілеген кесте бойынша жүргізіледі. Құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторынан өтпей жөнелтуге тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 63-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
63. іс жүргізу және мұрағат секторы құжаттарды жөнелткеннен кейін тіркеу-бақылау карточкаларының артқы бетінде және деректерді электрондық құжат айланымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне қайтарылатын құжаттар мен оларға қарарлардың даналарында жөнелтілгені туралы белгі жасайды. Жөнелтуге тапсырылған құжатта көрсетілген дұрыс емес мекен-жай бойынша құжатты таратқаны (бергені) үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің құжатты әзірлеген орындаушысы жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 64-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64. Адресаттардың тиісті бөлімшелері қызметкерлерінің құжаттардың тапсырылғанын растайтын қолдары бар жөнелтілген құжаттарға арналған тізілімдерді, сондай-ақ қандай да бір себеппен адресаттарға тапсырылмаған, тиісті белгісі бар құжаттар салынған конверттерді фелдъегерлер фелдъегерлік қызмет экспедициясының (кезекшісінің) белгісімен бірге іс жүргізу және мұрағат секторына қайтарады. Құжаттарды жөнелтуге (тапсыруға) арналған тізілімдер, бағыт парақтары және біржолғы қолхаттар іс жүргізу және мұрағат секторында бір жыл бойы сақталады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65. Іс жүргізу және мұрағат секторының жөнелтуге жауапты қызметкері фельдъегерлік қызметтің немесе почта бөлімшесінің тізілімдер бойынша жөнелтуге пакеттерді қабылдауды ресімдеудің, сондай-ақ тізілімдер немесе бағыт парақтары бойынша хат-хабарды адресаттарға тапсырудың (қолхатпен) дұрыстығын тексереді және құжаттарда көрсетілген мекенжайларға сәйкес шығыс хат-хабарын уақтылы жөнелту үшін жауапты болады.
66. Жөнелтілген құжаттардың төлнұсқаларын не олардың екінші даналарын іс жүргізу және мұрағат секторының жөнелтуге жауапты қызметкері есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына енгізе отырып, тіркеу-бақылау карточкасында және/немесе тарату көрсеткішінде жөнелту туралы белгімен Кеңсенің жөнелтілетін құжаттарда қозғалатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесінің арнайы стеллажының мекен-жай жәшігіне орналастыру жолымен жөнелтеді.
67. Электрондық құжат айналымы жүйесін және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген тиісті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесінде анықталады.
68. Құжатты жөнелту туралы белгі жөнелту күні мен іс жүргізу және мұрағат секторының жөнелтуді жүзеге асыратын қызметкерінің қолын көрсете отырып, осы құжаттың екінші данасында «Жөнелтілді» деген сөзді жазып жүргізіледі.
69. Үкімет пен Кеңсе Басшылығының, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының бір адресатқа жолданатын хаттары, әдетте, төлнұсқада жөнелтіледі, ал екінші данасы есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, Кеңсенің тиісті бөлімшесіне қайтарылады. Егер адресаттар бірнешеу болса, онда оларға Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері таратылады немесе көшірмелер электрондық құжаттар форматында берілуі мүмкін, ал жөнелтілгені туралы белгісі бар төлнұсқа тіркеу-бақылау карточкасының бірінші данасымен бірге есептік деректерді электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына бір уақытта енгізе отырып, тиісті құрылымдық бөлімшеге қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 70-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның), сондай-ақ Кеңсе Басшысы белгілеген өздерінің құзыреті мен өкілеттіктеріне сәйкес Кеңсе Басшысы орынбасарларының қарарлары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырылған түрде ғана таратылады, ал олардың төлнұсқалары өздерінің құзыретіне сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде қалады. Қолмен жазылған қарарлардың (тапсырмалардың, нұсқаулардың) көшірмелерін жөнелтуге жол берілмейді.
71. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
72. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73. Құжаттарды факсимильдік байланыс арқылы жөнелту кезінде орындаушы адресаттың факсимильдік байланыс аппаратының дәл нөмірін көрсетуі және құжаттың төлнұсқасы мен көшірмесін тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы қабылдау бөлмесінің қызметкеріне немесе Үкімет немесе Кеңсе Басшылығының тиісті қабылдау бөлмесінің қызметкеріне (көмекшіге, кеңесшіге) не іс жүргізу және мұрағат секторына тапсыруы тиіс. Жөнелтілгеннен кейін құжаттың факсимильдік байланыс арқылы жөнелтілгендігі туралы белгісі бар көшірмесі және төлнұсқасы Кеңсенің құжатты дайындаған құрылымдық бөлімшесіне қайтарылады, одан кейін төлнұсқа осы Нұсқаулыққа сәйкес почтамен дереу адресатқа жөнелтіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
74. Парламенттің Мәжілісі қайтаратын заң жобаларын фельдъегерлік қызмет тіркеусіз Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне жеткізеді және Үкімет Регламентіне сәйкес шешім қабылдау үшін кеңесші (қабылдау бөлмесінің қызметкері) арқылы Кеңсе Басшысына баяндалады. Бұл ретте көрсетілген заң жобаларына ілеспе хаттардың көшірмелерін Кеңсе Басшысының кеңесшісі (қабылдау бөлмесінің қызметкері) Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі Өкілдігіне белгіленген тәртіппен береді.
5. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу
75. «Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі - «ҚПҮ») деген белгісі бар құжаттардағы, істер мен басылымдардағы таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа тартылуына шектеулер қызметтік қажеттіліктен туындаған, Кеңсенің немесе басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты мәліметтер жатады.
Ашық баспасөзде жариялауға, радио мен теледидар бойынша, ашық электрондық байланыс және Интернет желілерінде таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты беруге тыйым салынады.
76. Кеңсеге келіп түскен «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттар іс жүргізу және мұрағат секторында қабылданады, тіркеледі және есепке алынады. Бұл ретте карточкалардағы тіркеу нөмірлеріне «ҚПҮ» деген белгі қосылады және дананың нөмірі қойылады.
77. Кеңсе бөлімшелерінде таратылуы шектелген мәліметі бар құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде оларға «ҚПҮ» деген белгісі мен дананың нөмірі қойылады.
«ҚПҮ» деген белгіні қоюдың қажеттілігін орындаушы және/немесе құжатқа қол қойған басшы айқындайды.
78. Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, егер алған құжаттағы мәліметтер таратылуы шектеулі мәліметтердің тізбесіне кірмейтін болса, одан «ҚПҮ» деген белгіні алып тастауға құқығы бар. Олар осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен бұл құжаттардың көшірмелерін жасауға рұқсат бере алады. «ҚПҮ» деген белгісі бар ксерокөшірме құжаттар есебін жүргізу әр данасы бойынша жүзеге асырылады. «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттар басқа құпия емес құжаттардан бөлек, металл сейфтер мен шкафтарда сақталуы тиіс.
79. «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттарды іс жүргізу және мұрағат секторына жөнелтуге тапсырар алдында оларға даналарының нөмірлері қойылады. Мұндай құжаттарды бірнеше мекен-жайға жөнелту кезінде құжаттармен бірге жөнелтілетін даналардың нөмірлері көрсетіле отырып, Кеңсенің құжатты дайындаған құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі немесе оның орынбасары қол қойған тарату көрсеткіші қоса беріледі. «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттар пакеттеріне де «ҚПҮ» деген белгі қойылады.
80. Кеңсе қызметкерлері «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттарды жоғалтқаны, таратылуы шектеулі ақпараттарды жариялағаны немесе таратылуы шектеулі мәліметтерді қамтитын ақпараты бар құжаттармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
6. Үкімет мәжілістерін және Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі мен оның орынбасарлары өткізетін
кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 81-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
81. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерінде қаралуға жататын мәселелердің тізбесін тоқсан сайын Премьер-Министрдің келісімі бойынша Кеңсе Басшысы бекітеді.
82. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мәжіліске дейін 5 күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленген нысан бойынша Үкімет мәжілісі күн тәртібінің жобасын, шақырылғандардың алдын ала тізімін жасайды және оларды Кеңсе Басшысына қол қоюға береді.
83. Кеңсе Басшысы қол қойған Үкімет мәжілісінің күн тәртібін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі дереу 1 жұмыс күні ішінде онда баяндамашылар ретінде көрсетілген мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ Кеңсенің күн тәртібіне енгізілген мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жібереді. Телефонограмма Үкімет мәжілістеріне қатысушылардың көмекшілері мен қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 84-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
84. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Үкімет мүшелерінің, агенттіктер төрағаларының (жауапты хатшылардың немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың), ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар басшыларының және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар өкілдерінің, құрылымдық бөлімшелер басшыларының мәжіліске келуіне жауап береді.
Басқа да шақырылған тұлғалардың келуін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 85-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
85. Мәжіліс залын техникалық дайындауды (дыбыс күшейткішті, дыбыс жазбаны және микрофондарды, электрондық дауыс беру пульттерін, бейнепроекторды, экранды, сусынды, жазу керек-жарақтарын, тиісті жарық беруді және кондиционерлеуді, слайдтар көрсетуге дайындықты қамтамасыз ету және т.б.) Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі жүзеге асырады.
86. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей, ал таныстырулардың электрондық нұсқаларын мәжіліс болатын күннің алдындағы күнгі сағат 17.00-ден кешіктірмей енгізеді.
87. Үкімет мәжілістері Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша жедел тәртіппен өткізілетін ерекше жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға тікелей мәжілісте жеткізілуі мүмкін.
88. Кеңседе материалдардың уақтылы енгізілуі жөніндегі бақылау үшін мәжілісте қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болып табылады.
89. Үкімет мәжілісіне материалдар уақтылы тапсырылмаған, сондай-ақ олар толық емес көлемде және сапасыз пысықталған түрде ұсынылған жағдайда Премьер-Министр не оның келісімі бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
90. Үкімет мәжілісіне материалдар хаттамалық шешімнің жобасын, көлемі 5 беттен аспайтын анықтамаларды, салыстырма кестелерді, слайдтарды, ақпараттық (талдамалық) және Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтуы және мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 91-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
91. Қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер материалдарды талдауды жүргізеді, жүргізу тәртібінің жобасы бойынша ұсыныстар және қажет болған кезде материалдар бойынша анықтама жасайды және егер Кеңсе Басшысы өзге мерзім белгілемеген болса, мәжіліске дейін 4 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсе Басшысының қарауына енгізеді.
Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі көрсетілген материалдар Кеңсе Басшысының қарауына шығарылғанға дейін оларды Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келіседі.
92. Жүргізу тәртібінің жобасы, материалдар бойынша анықтама, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзім белгілемеген болса, мәжіліске дейін кемінде 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшемен, Кеңсе Басшысымен келісіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 93-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
93. Кеңсе Басшысымен келісілген және құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қойған жүргізу тәртібінің жобасы, ақпараттың қағаз және электрондық жеткізгіштердегі анықтамасы, сондай-ақ олардың электрондық нұсқасы пысықтау үшін Премьер-Министрдің кеңесшісіне жіберіледі.
Көрсетілген материалдарға Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қосымша бұрыштама қоюы Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде талап етіледі.
94. Үкімет мәжілісіне шақырылғандар тізімінің түпкілікті нұсқасын жасау үшін мәжіліс алдындағы күні Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі шақырылғандардың тізімін нақтылайды.
95. Мәжіліске қатысушылардың құрамындағы барлық өзгерістер туралы Кеңсе Басшысына баяндалады. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі анықтама жасайды, онда Үкімет мәжілісінің кворумын және себептерін көрсете отырып, қатыспаған Үкімет мүшелерінің тізімін анықтайды.
96. Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың түпкілікті тізіміне Кеңсе Басшысы қол қояды.