«Ретке келтіру жүйесі» (7) - олардың траекториясын түзету үшін ұшуды басқару жүйелеріне командаларды есептейік және жібере отырып көлік құралдарының күйі мен жылдамдығын өлшеу мен есептеу процесін біріктіретін жүйелер (навигация).
«Ыстық изостаттық модификация» (2) - құйылатын нысандарда ішкі жақтауларды төмендету немесе жою үшін барлық бағыттар бойынша тең күштер құруға арналған түрлі орта арқылы (газ тәрізді, сұйық, қатты бөлшектер және басқалар) дерметикалық көлемде 375 К (102оС) жоғары температура кезінде құйылатын қалыптарды сығымдау процесі.
«Будан ЭЕМ» (4) - мынадай барлық функцияны орындауға арналған жабдық:
а. деректерді қабылдау;
б. ұқсас, сондай-ақ сандық көріністерде де деректерді өңдеу; және
в. деректердің шығуын қамтамасыз ету.
«Буданды интегралды схема» (3) - интегралдық схемалардың немесе «схема элементтері» немесе «дискретті компоненттері» бар, белгілі бір функцияларды орындау үшін бірге құрамдастырылған және барлық мынадай сипаттамаларға ие интегралды схеманың өздігінен болатын комбинациясы:
а. Кем дегенде бір корпуссыз құрылғысы бар;
б. Компоненттер бір-бірімен интегралдық схемалар өндірісінің үлгілік әдістерін пайдалана отырып қосылады;
в. Бірыңғай тұтастық ретінде ауыстырылады; және
г. қалыпты жағдайда бөлшектенуге жатпайды.
Айрықша ескертпе: 1. «Схема элементі» бөлек белсенді немесе электрондық схеманың пассивті деталі, бір диод, транзистр, резистр, конденсатор және осы секілділер.
2. «Дискретті компонент» - өзінің сыртқы шығуларымен бөлек корпустағы «схеманың элементі».
«Сапасын жақсарту» (4) - уақыт жағынан қосу, сүзгіден өткізу параметрлерін бағалау, таңдап алуын түзету, орамдау немесе көріністердің түрлі салаларының арасында түрлі жаңғыртулар (мысалы, Фурье немесе Волш тез жаңғыртуы) секілді алгоритм арқылы ақпаратты жеткізетін бейнелерді өңдеу, мұндай өңдеулерге ілгерілеу, белгілерді алу, тіркеу немесе дұрыс бояу секілді тек сызықтық жаңғыртуларды немесе жеке бейнелердің айналуын пайдалана алатын алгоритм кірмейді.
«Иммунды токсиндер» (1) - сырқат клеткаларға іріктемелі түрде әсер ететін бір клеткалы көп каналды антиденелермен «токсиндердің» немесе «қосалқы токсиндердің» коньюганты.
«Қоғамдық салада» - одан әрі таралуына шектеу қойылмайтын «технологияны» немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» білдіреді (авторлық құқықтарға байланысты «технологияны» немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» жалпы қол жететін санаттан шығармайтын шектеулер).
«Ақпаратты қорғау» (4,5) - ақаулықтардың алдын ала алатын құралдар мен функцияларды қоспағанда ақпараттың немесе байланыстың қолжетімділігін, құпиялығын немесе бүтіндігін қамтамасыз ететін барлық құралдар мен функциялар. Оған «криптография», «криптоталдау», өзінің шағылысуынан қорғау және компьютерді қорғау кіреді.
Айрықша ескертпе: «Криптоталдау»: криптографиялық жүйелерді немесе ашық мәтінді қоса алғанда құпия параметрлерді немесе сезімтал ақпаратты алу мақсатында оның кіру және шығу сигналдарын талдау.
«Жиіліктердің белдеулерінің қағым сәттік ені» (3,5,7) - өткізу белдеуі, онда шығу сигналының қуатының деңгейі негізгі жұмыс параметрлерін құрусыз 3 децибель шектерінде тұрақты түрде қалады.
«Инструменталды қашықтық» (6) - радардың әрекетінің бір мәнді айқындалатын қашықтығы.
«Оқшаулау» (9) - ракетаның двигателінің компоненттеріне (корпус, сопла, кіру тесігі, корпустардың қақпақтары) қолданылады және термо өңделген немесе жартылай термо өңделген толтырылған каучукты жапырақты материалды қамтиды. Бұған, сондай-ақ амортизациялық жапсырмалар немесе ашпалы есіктер де кіреді.
«Өзара байланысты өлшемді РЛС» (6) - екі немесе одан көп өлшемдік РЛС уақыттың нақты ауқымында ақпараттармен өзара алмасқан жағдайда өзара байланысты деп есептеледі.
«Ішкі қаптау» (9) - қатты ракета отыны мен корпусының немесе оқшаулымы қаптаудың арасындағы үстіңгі бет, әдетте бұл отқа төзімді немесе оқшауламалық материалдардың негізіндегі сұйық полимер, мысалы, түпкі корбоксилді топтарымен көміртегі толтырылған полибутадиен (КТКП) немесе тозаңданатын немесе вулканизациялық қоспалармен корпустың ішіне орналастырылған басқа полимер.
«Ішкі магнитті градиометр» (6) - магниттік өрістің градиентін өлшейтін бөлек элемент және онымен байланысты электронды блок, оның шығу сигналы магниттік өрістің градиентінің өлшемі болып табылады.
Айрықша ескертпе: сондай-ақ «магниттік градиометрді» қараңыз.
«Оқшауландырылған тірі дақылдар» (1) - активті емес түрдегі және құрғақ препараттар түрдегі тірі дақылдарды қамтиды.
«Изостатикалық нығыздаулар» (2) - дайындамаға барлық бағыттар бойынша осы герметикалық көлемнің осының ішінде қысымға тең герметикалық көлем жасау үшін түрлі орталарда (газ, сұйық, қатты бөлшектер және басқалар) герметикалық көлемде нығыздауға қабілетті жабдық немесе материал.
«Лазер» (0,2,3,5,6,7,8,9) - компоненттердің жиынтығы, ол кеңістікте де, сондай-ақ уақыт бойынша да сәулеленудің ынталандырылған эмиссиясы арқылы күшейтілетін когеринтті жарықтық сәулеленуді жасайды.
Айрықша ескертпе: қараңыз, сондай-ақ:
«Химиялық лазер»;
«Мықтылығының модуляциясы мен лазер»;
«Аса жоғары қуатты лазер»;
«Қайта құрылатын лазер»;
«Сызықтық» (2) (әдетте сызықтық еместік параметрлері арқылы өлшенеді) - шын мәніндегі сипаттамасының барынша жоғары ауытқуы (жоғары және төменгі шкалаларының көрсеткіштері бойынша орташа), барынша жоғары ауытқуды теңестіру және барынша азайту үшін солай орналасқан тіке сызықтан оң немесе терістігі.
«Локальды желі» (4) - барлық мынадай сипаттамаға ие деректерді беру жүйесі:
а. Тәуелсіз «Ақпараттық құрылғылар» өздігінен пайда болатын санына тікелей бір-бірімен байланысуға мүмкіндік береді; және
б. Орташа мөлшердегі шектеулі географиялық аймақ (мысалы, қызметтік ғимараттардың, зауыттың корпустар тобының немесе қойма үй жаймаларының шектерінде).
Айрықша ескертпе: «Ақпараттық құрылғы» цифрлық деректерді жүйелі түрде беруге немесе қабылдауға қабілеті бар жабдықты білдіреді.
«Магниттік градиентометрлер» (6) - осы приборға қатысы сыртқы болып табылатын көздердің магниттік өрістерінің кеңістіктік өзгерулерін өлшеуге арналған құрылғы. Олар көптеген «магнитометрлерден» және магниттік өрістің градиенті өлшенетін шығуындағы тиісті электронды блоктан тұрады.
Айрықша ескертпе: қараңыз, сондай-ақ «Ішкі магниттік градиентометрлерді».
«Магниметрлер» (6) - приборға қатысты сыртқы болып табылатын көздердің магниттік өрісін өлшеуге арналған құрылғылар. Магниттік өрістің жеке өлшеу элементінен және шығарында магниттік өріс өлшенетін онымен байланысты электронды блоктан тұрады.
«Оперативті жад» (4) - орталық процессордан тез қол жеткізуге арналған деректерді немесе командаларды сақтайтын негізгі орын. «Сандық компьютердің» ішкі жадынан және кэш-жад немесе параллельді қол жеткізілетін кеңейтілген жад секілді оның иерархиялық кеңейтілуінің кез келген құралдарынан тұрады.
«UF6» (0) коррозияға төзімді материалдар» (0) - мыс, топтанбайтын болат, алюминий, алюминий қышқылы, алюминий қорытпа, никель немесе 60% одан көп бар (салмағы бойынша) және бөліну процесінің тиісті түріне сәйкес келетін U6-ға төзімді фторланған көмір сутегілі полимерлер.
«Матрица» (1,2,3,9) - жіп тәрізді криссталдармен немесе талшықтармен, бөлшектермен толтырылған бірыңғай берік зат.
«Өлшеудің кінараттылығы» (2) - 95 процент ықтимал ауыспалы өлшенетін шын мән өлшенген мәннің маңындағы қандай диапазонда екендігін айқындайтын сипатты параметр. Бұл шамаға өтем жасалмаған ұдайы болатын ауытқулар, өтем жасалмаған люфт және кездейсоқ ауытқулар кіреді (ISO10360-2 немесе VDI/VDE 2617 қараңыз).
«Механикалық лигерлеу» (1) - байланыстыру, ұнтақтау нәтижесінде пайда болатын қорытпаның түзілу және бір-бірімен механикалық соғу нәтижесінде таза металдар ұнтақтары бөлшектері мен лигатуралардың арасында пайда болатын жаңа байланыстардың түзілу процесі. Қорытпаға тиісті ұнтақтарға қосымша ретінде металл емес бөлшектер де енгізілуі мүмкін.
«Қорытпаның экстракциясы» (1) - өнімнің таспалар немесе қорытпалардың жіптері түрінде балқытылған металл қорытпаның ваннасына айналып тұратын салқындатылатын дискінің қысқа сегментін енгізу арқылы экстракция және «тез қатаю» процесі.
Айрықша ескертпе: «тез қатаю» - балқыған материалдың салқындатудың 1000 К/с астам жылдамдығы кезіндегі қатаюы.
«Қорытпаны спинингтеу» (1) - айналып тұрған салқындататын дискіге құлайтын сымдар, ленталар немесе қабыршақ немесе қытырлақша нысанындағы бөлшектер түрінде өнімді қалыптастыратын балқытылған металдың ағынын «тез қатайту процесі».
Айрықша ескертпе: »тез қатаю» - 1000 К/с асатын салқындату жылдамдығы кезінде материалдың балқымасының қатаюын қамтитын процесс.
«Микрокомпьютердің микросхемасы» (3) - ішкі жадтағы деректерге қолданымды ішкі есте сақтайтын құрылғының жалпы мақсаттағы командаларды жүйелі түрде орындауға қабілетті, арифметикалық қисындық құрылғысы бар (АҚҚ) «тұтастай құйылған интегралды схема» немесе «көп кристалды интегралды схема».
Айрықша ескертпе: Ішкі жад сыртқы жадпен кеңейтілуі мүмкін.
«Микропроцессордың микросхемасы» (3) - сыртқы есте сақтауда жалпы мақсаттағы командаларды жүйелі түрде орындауға қабілетті, арифметикалық қисындық құрылғысы бар (АҚҚ) «тұтастай құйылған интегралды схема» немесе «көп кристалды интегралды схема».
Айрықша ескертпе: 1. «Микропроцессордың микросхемасында» әдетте оперативті жады бар қол желілерді пайдалануға болмайды, дегенмен қисындық функцияны орындау кезінде микросхеманың жадын пайдалана алады.
Айрықша ескертпе: 2. Осы айқындама «микропроцессордың микросхемасының» жұмыс істеуіне арналған интегралды микросхеманың қондырғысын қамтиды.
«Микроорганизмдер» (1,2) - «оқшауландырылған дақылдар» түріндегі немесе әдейі осындай дақылдар жұқтырылған немесе ластандырылған қоректік ортаны қоса алғанда материал ретіндегі табиғи шыққан немесе өзгерген бактериялар, вирустар, микоплазма, рекитцелер, хломиделер немесе саңырауқұлақтар.
«Зымыран» (1,3,6,7,9) - кем дегенде салмағы 500 кг жүкті кем дегенде 300 км қашықтыққа жеткізуге қабілетті күрделі зымырандық жүйелер немесе адам ұшпайтын ғарыштық аппараттар.
«Моноталшық» (1) немесе жіп - ең кіші талшықтан тұрады, әдетте диаметрде бірнеше микрометр.
«Тұтастай құйылған интегралды схема» (3) - пассиві немесе белсенді «схемалар элементтерінің» комбинациясы, ол:
а. Диффузиялық процестер, инплантация процестері немесе микро кристалл деп аталатын жартылай өткізгіш материалдың бөлек бір бөлшегінің ішіне немесе үстіңгі бетіне шөгу арқылы жүргізіледі;
б. Ажырамастай қосылған болып есептеліне алады; және
в. Схеманың функцияларын орындай алады;
Айрықша ескертпе: 1. «Схема элементі» бөлек белсенді немесе электрондық схеманың пассивті деталі, бір диод, транзистр, резистр, конденсатор және осы секілділер.
«Бейнелердің моноспектральді бергіштері» (6) - бір дискретті спектральды диапазоннан бейне туралы ақпаратты алуға қабілетті бергіштер. Бейнелерді көп спектральды бергіштер.
«Көп кристалды интегралды схема» (3) - ортақ «төсемдегі» екі немесе одан көп «тұтастай құйылған интегралды схема»
«Көп ағымды өңдеу» (4):
а. Деректердің ағынын орталықтандырылған басқару архитектурасы
(SIMD);
б. Деректердің ағынын параллельді-орталықтандырылған архитектурасы (МSIMD);
в. Тығыз байланысқандарын жақын байланысқандарын немесе әлсіз байланысқандарын қоса алғанда деректердің ағынын орталықсыздандырылған архитектурасы (МІМD); немесе
г. Систологиялық массивтерді қоса алғанда өңдеу элементтерінің массивтерін құрылымдау секілді әдістер арқылы бір немесе одан көп командалы жүйесімен басқарумен екі немесе одан көп деректердің жүйесін бір мезгілде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «микробағдарлама» немесе жабдықтардың архитектурасының әдісі.
Айрықша ескертпе: «Микробағдарлама» - арнаулы жадтағы элементарлар командалардың жүйесі, оларды орындау командалық регистрге команданы енгізумен жүргізіледі.
«Бейнелердің көпсектральды бергіштері» (6) - екі және одан көп дискретті спектральды диапозондардан бейне деректерді бір жолғы немесе жүйелі жинауды жүзеге асыруға қабілетті бергіштер. Жиырма дискретті спектральды диапазоны көп бергіштер бейнені гиперспектральды бергішгер ретінде белгілі.
«Табиғи уран» (0) - табиғи жағдайларда кездесетін изотоптардың қоспасы бар уран.
«Желіге қол жеткізетін контролер» (4) - коммутациялық желімен бөлінген физикалық интерфейс. Ол беруді басқара отырып (мысалы контролерді немесе әкеле жатқанды табуды) сандық берудің бірдей жылдамдығы кезінде жұмыс істейтін жалпы ортаны пайдаланады. Ол кез келген басқаға қатыссыз өзіне бағытталған деректер пакетін немесе деректер топтарын таңдайды (мысалы, ІЕЕЕ802). Бұл компьютерге қондырылатын блок, немесе жүйеге қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялық жабдық.
«Нейронды ЭЕМ» (4) - нейронның немесе нейрондардың жиынтығының мінез-құлқын көрсету үшін жобаланған немесе модификацияланған есептеу құрылғысы, мысалы, алдында болған ақпараттың негізінде есептеу компоненттерінің көп шегінің өзара байланыстарының салмағы мен санын модульдейтін қабілетті аппаратура ретінде сипатталатын есептеу құрылғысы.
«Шудың деңгейі» (6) - шудың спектральды тығыздығының параметрлері арқылы білдірілген электр сигналы. Шудың деңгейі мен дыбыстың ең жоғары деңгейінің арасындағы арақатынас мынадай формуламен көрініс табады: S2рр = 8 N0(f2-f1), мұндағы SРР - дыбыстың ең жоғары деңгейі (мысалы, нанотесладағы), N0 - қуаттың спектральды тығыздығы (мысалы, (нанотесло) 2/Гц) және (f2-f1) - жиіліктердің белдеуі.
«Ядролық реактор» (0) - реактордың ішіндегі немесе корпусына қосылған барлық заттар, белсенді аймақта энергияның деңгейін басқаратын жабдық және әдетте тікелей қатынаста болатын немесе реактордың белсенді аймағының бірінші контурының салқандатқышын басқаратын компоненттер.
«Сандық бағдарламалық басқару» (2) - құрылғы жүзеге асыратын, сандық деректерді пайдаланылатын әдетте процестің өту шамасына қарай енгізілетін процесті автоматты басқару (көзі - 1502382).
«Объектілік код» (9) - бір немесе одан көп процестердің ыңғайға келетін көрінісін нысанын атқаруға жатады (бағдарламаның мәтіні немесе бағдарламаның тілі), ол бағдарламаланатын жүйемен жаңғыртылған.
«Оптикалық күшейту» (5) (оптикалық байланыстар) - электр сигналына жаңғыртусыз, мысалы, жартылай өткізгіш оптикалық күшейткіштерді талшықты, люминисцентті күшейткіштерді қолдана отырып, жеке оптикалық көзбен байланысқан оптикалық сигналдарды күшейту әдісі.
«Оптикалық ЭЕМ» (4) - деректерді, есептеу қисынының элементтері ұсыну үшін жарықты пайдалану мақсатымен жобаланған немесе модификацияланған немесе аппаратура. Ол тікелей байланысқан оптикалық құрылғыларға негізделген.
«Оптикалық интегралды схема» (3) - фотоқабылдағыш немесе фотокатот немесе оптикалық немесе электрооптикалық функцияларды орындау ретіндегі жұмысқа арналған бір немесе одан көп бөліктерден тұратын тұтастай құйылған интегралды схема немесе будан интегралды схема.
«Оптикалық коммутация» (5) - сигналдарды электр сигналдарына жаңғыртусыз оптикалық нысанда маршруттау немесе коммутация.
«Токтың жиынтық тығыздығы» (3) - соленойдтың көлденең қиылысуының ортақ алаңында бөлінген (аса өткізгіш жіптерді, матрицаны, металл, аса өткізгіш жіп, қабықшадағы материал, салқындату каналы және тағы басқалар орналастырылған металл матрицаны қоса алғанда) солинойдтағы ампер жіптердің жалпы саны (яғни әрбір жіптің барынша жоғары тоғына көбейтілген жіптердің санының жиынтығы).
«Қатысушы мемлекет» (7,9) - бұл Вассенар Уағдаластығының қатысушысы болып табылатын мемлекет. (См. www.wassenaar.оrg)
«Ең жоғары қуат»(6) - импульстің джоулдегі, импульстің секундтағы ұзақтығына бөлінген энергия.
«Дербес смарт-карта» (5) - смарт-картада белгілі бір қолданыс үшін алдын ала бағдарламаланған және кез келген басқа қолданыс үшін пайдаланушы қайта бағдарламалай алмайтын микросхема болады.
«Қуатты басқару» (7) - сигналдардың алгометрімен берілетін ұшу аппаратының биіктігіндегі қабылданған сигналдың қуаты әрқашан да биіктікті айқындау үшін талап етілетін ең аз деңгейде қолданылатындай етіп өлшеу.
«Қысым бергіштері» (2) - электр сигналында қысым өлшемдерін түрлендіруге арналған құрылғылар.
«Алдын ала бөлу» (0 1) - бақылаудағы изотоптың шоғырлануын ұлғайту мақсатында кез келген процесті қолдану.
«Ұшуды тікелей басқару» (7) - ұшу аппаратын тұрақтандыру немесе күш көздерімен (импульспен), мысалы, аэродинамикалық басқарылатын тегістіктермен немесе салмақ векторын өзгерту арқылы маневр жасау.
«Негізгі элемент» (4) - элементтің қатысы бар жүйенің жалпы бағасы 35% құрайтын оның ауыстыру құны болған жағдайда негізгі болып есептеледі. Жүйенің өндірушісі немесе жүйенің жинаушысы ол үшін төлейтін баға элементтің бағасы болып есептелінеді. Жалпы баға өндіру немесе берулерді жинақтау орнында қалыпты халықаралық баға болып табылады.
«Өндіріс» - барлық сатыны: құрастыруды, әзірлеуді, жинауды (орнатуды), тексеруді, сынақтан өткізуді, сапасын қамтамасыз етуді қамтиды.
«Өндірістік жабдық» (9) - аспаптық құралдардың, үлгілердің, қысқыш бейімдемелердің, жақтаулардың, айналдырмалардың, жалаушалардың, арматураның, реттеуге арналған тетіктердің жиынтығы, сынақтан өткізуге арналған жабдық, «өндірістердің» бір немесе одан көп кезеңдерінде «өңдеу» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған басқа жабдық пен оған арналған компоненттер.
«Өндірістік қондырғылар» - «өндірістердің» бір немесе одан көп кезеңдерінде «өңдеуге» арналған жабдықты монтаждау процесінде орнатылатын жабдық пен ол үшін арнайы әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету.
«Бағдарламалар» (2,6) - компьютердің атқаруына жататын нысанды орындауға немесе жаңғыруға арналған командалардың жүйелілігі.
«Импульсты қысу» (6) - РЛЖ үлкен ұзындықтағы сигналын оны импульстың жоғары энергиясының басымдығын сақтай отырып кеші ұзындықтағы сигналға айналдыру үшін кодтау және өңдеу.
«Импульстің ұзақтығы» (6) - импульстың толық ұласуынан жартысы бойынша өлшенген лазерді зерделеу импульсының ұзақтығы.
«Мықты модуляциялы лазер» (6) - энергия орналасу инверсиясында немесе оптикалық резонаторда жиналатын және импульстік режимде кейін сәулеленетін лазер.
«РЛЖ қайта құрылатын жиілікпен» (6) - импульстердің немесе импульстердің топтарының арасында импульстың жиіліктерінің белдеуінің еніне тең немесе одан асатын шамаға РЛЖ бергішінің жиілігін жеткізетін жалған кездейсоқтық жүйелілігіне сәйкес өзгеретін кез-келген әдіс.
«РЛЖ спектрін кеңейту» (6) - жиіліктердің тар белдеуіне қатысты кездейсоқ немесе жалған кездейсоқ кодтау әдістерін қолдану арқылы жиіліктердің мейлінше кең белдеуінде шоғырланған сигналдың энергиясын бөлуге арналған модуляцияның кез келген әдісі.
«Уақыттың нақты масштабындағы жиілік белдеуі» (2 3) сигналдардың динамикалық талдауыштары үшін - талдауыш бейнелеуші немесе еске сақтаушы құрылғыға талдаудың үздіксіздігін бұзусыз кіру ақпаратын бере алатын сигнал жиілігінің мейлінше кең диапазоны. Уақыттың нақты масштабында жиіліктердің белдеуін бағалау кезінде көп каналды талдауыштар үшін осы параметрдің мейлінше көп мәнімен каналдың конфигурациясы пайдаланылуы тиіс.
«Уақыттың нақты масштабындағы өңдеу» (6,7) - жүйелерді сыртқы оқиғалармен қозуы жағдайында жүктеменің деңгейіне қатыссыз жүйе реакциясының кепілдік берілген уақыт ішіндегі ресурстардың функциясының қызмет көрсетудің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін ЭЕМ деректерін өңдеу.
«Талап етілетін» - технологияға немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге қолданымда тек технологияның немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаттамалардың немесе функциялардың бақыланатын деңгейіне қол жеткізетін немесе одан асыға мүмкіндік беретін асатын бөлігін ғана білдіреді. Мұндай талап етілетін технология немесе бағдарламалық қамтамасыз ету түрлі жабдықты өндіру технологиясында бола алады.
«Рұқсат» (2) - өлшеу құрылғысындағы көрсеткіштердің мейлінше аз өсуі, сандық приборларда - кіші мәні бар бит (кезі - АМSВ - 89.1.12).
«Робот» (2,8) - үздіксіз түрде немесе белгілі бір нүктелердің арасында қозғалыс жасап, өлшеу бергіштеріне ие болып және мынадай сипаттамалардың бәрі болатын манипулятор:
а. Көп функцияналдылық;
б. үш өлшемді кеңістікте қайта құрылатын қозғалыстар арқылы белгілі бір күйді орнатуға немесе материалды, детальдарды, аспаптарды немесе арнайы құрылғыларды бағдарлау қабілеті.
в. Тұйық немесе қусырылған контурмен, оның ішінде қадамдық двигательдермен үш немесе одан көп серло ретке келтірушілерді басқара алады; және
г. Бағдарланатын қисынды контролер бола алатын, яғни аралық механикалық операцияларсыз еске сақтау мен немесе компьютерді пайдалану есебінен оқыту әдісі арқылы «бағдарламалау мүмкіншілігімен қолжетімді пайдаланушы» бар.
Айрықша ескертпе: жоғарыда келтірілген анықтамаға мынадай приборлар кірмейді:
1. Тек қолмен немесе телеоператормен ғана басқарылатын манипуляторлар;
2. Тіркелген жүйеліктегі операциялары бар манипуляторлар, оған қозғалыстардың механикалық тіркелген бағдарламаланатын түрлеріне сәйкес жұмыс істейтін автоматтандырылған жұмыс істейтін құрылғылар жатады. Бағдарлама штивтер немесе жұдырықшалар секілді тіркегіштермен механикалық шектелген, қозғалыстардың жүйелігі және траекторияларды немесе бұрыштарды таңдау механикалық, электрондық немесе электр құралдарымен өзгертілмейді немесе алмастырылмайды;
3. Операциялардың ауыспалы жүйелігімен механикалық басқарылатын манипуляторлар, оларға қозғалыстардың механикалық тіркелген бағдарламаланатын түрлеріне сәйкес жұмыс істейтін автоматтандырылған жұмыс істейтін қозғалатын құрылғылар жатады. Бағдарлама тіркелген, бірақ штивтер немесе жұдырықшалар секілді қайта құрылатын бейімдемелермен шектелінген, қозғалыстардың жүйелігі және траекторияларды немесе бұрыштарды таңдау бағдарламаның орнатылған құрылғының шеңберінде ауыспалы болып табылады. Бағдарламаның бір немесе бірнеше координаттарға қатысты құрылымының өзгеруі немесе модификациясы (мысалы, штивтердің өзгеруі немесе жұдырықшалардың ауысуы) тек механикалық операциялар арқылы ғана жүзеге асырылады;
4. Қозғалыстардың механикалық тіркелінетін бағдарламаланатын түрлеріне сәйкес жұмыс істейтін автоматтандырылған қозғалатын құрылғыларға жататын ауыспалы жүйеліктегі әрекеттерімен сервобасқарылмайтын манипуляторлар. Бағдарлама өзгертілуге жатады, бірақ оперециялардың жүйесі тек механикалық тіркелген электр приборлардан немесе қайта құрылатын тіркегіштерден болатын екі ұдай сигналдың көмегі кезінде ғана өзгереді;
5. Материалдарды ұсақтау үшін бункерлердің ажырамас бөлігі ретінде дайындалған және жүктеу немесе жүктен босату үшін осы бункерлердегілерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған декарттық координаттардағы манипулятордың қатарына жататын перфокарт қабылдағышы бар көтергіш құрылғылар.
«Орталықтан тепкіш тозаңдану» (1) - ағынның немесе ваннадағы балқыған металлдың орталықтан тепкіш күштер арқылы диаметрі 500 мкм немесе одан кіші тамшыларға айналу процесі.
«Тегістегіш» (1) - параллельді шүйкелерге шамалас орам (әдетте 12-120).
Айрықша ескертпе: »Шүйке» - «шамамен параллель орналасқан көп талшықтардың орамы» (әдетте 200 астам).
«Соғу» (2) - айналаның сыртқы немесе ішкі үстіңгі бетінде өлшеу нүктесінде шпинделдің перпендикулярлы білігінің жазықтығында өлшенген негізгі шпинделдің бір айналымдағы радиялды өзгеру (көзі - ІSO230/1-1986, 5?61)
«Масштабты коэффициент» (7) («героскоп немесе алселерометр») - шығу сигналының өзгерісінің кіретін өлшенетін сигналдың өзгерісіне қатынасы. Масштабты коэффициент әдетте тік сызықтың қисаюы ретінде бағаланады, ол берілген диапазонның шектерінде кіру сигналының өзгеруі кезінде алынған деректерге сәйкес мейлінше аз квадраттардың әдісімен құрылуы мүмкін.
«Орнығу уақыты» (3) - шығу сигналына өзгергіштің кез келген екі деңгейінің арасында қайта іске қосылу кезінде оның түпкі мәнінен биттің жартысының деңгейіне қол жеткізу үшін талап етілетін уақыт.
«АЖҚЛ» - «Аса жоғары қуаттағы лазер».
«Сигналдарды талдауыш» - көп жиілікті сигналдың бір жиілікті модасының негізгі сипаттамаларын өлшеуге және бейнелеуге арналған аппаратура (3-Санат).
«Сигналды өңдеу» (3,4,5,6) - уақыт жағынан қысу, сүзу параметрді бағалау селекция, корреляция көріністің бір аясынан екіншісіне аудару немесе жаңғырту секілді алгоритмдер арқылы ақпарат әкелетін сырттан алынған сигналдарды өңдеу (мысалы Фурьені жаңғырту немесе Вольшті жаңғырту)
«Бағдарламалық қамтамасыз ету» (бүкіл Тізім) - көзден кез келген түрінде жазылған бір немесе одан көп «бағдарламалардың» немесе «микробағдарламалардың» жиынтығы.
Айрықша ескертпе: »Микробағдарлама» - орындалуы командалар тіркеліміне енгізілген жіберуші команданың бастамасымен орындалатын, арнайы жадта сақталатын қарапайым командалардың реттілігі.
«Соңғы код» (немесе соңғы тіл (4,6,7,9) - бағдарламалаушы жүйенің жабдықпен («объектілік код» немесе объектілік тіл) орындалатын нысанға айналдыруына болатын бір немесе бірнеше процестерді тиісінше ұсыну.
«Ғарыштық аппараттар» (7,9) - белсенді және пассивті спутниктер мен зондтар.
«Ғарышта қолдану үшін жарамды» (3, 6) - 100 км немесе одан астам биіктіктерде жұмыс істейтін спутниктерді немесе биіктікті ұшу аппараттарын ұшыру және өрістету кезінде қолдануға арналған жұмыс істеу шартында арнайы электрлік және механикалық талаптарға немесе жұмыс істеу талаптарына сәйкестікке жобаланған, жасалған және сынақтан өткізілген жабдық.