4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және жағдайларда өтеттіруге құқығы бар.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілейдi.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ауыл шаруашылығы жануарлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті бірдейлендіруге жатады.
1-1. Процессингтік орталық:
1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;
2) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеуді;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындауды;
4) жеке нөмірлердің эмиссиясы жөнінде дерекқор жүргізуді;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін оларды беру процесінде ішінара алуды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті бақылау және қадағалау мақсатында есептік нөмірлер беруге жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар жатады.
5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың
біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет
33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
1. Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуға тиіс.
2. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар байқаудан өткізілуге тиіс.
3. Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру
Ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламалар міндетті түрде уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Әлеуметтік қолдау
1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария мамандарына, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына әлеуметтік қолдаудың мынадай қосымша шаралары:
1) жергілікті өкілді органдар айқындаған мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтер мен отынға арналған шығыстарды өтеу;
3) малы барларды жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөппен және мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен қамтамасыз ету ұсынылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, ветеринария қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілей алады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және қазақстан республикасының ветеринария саласындағы
заңнамасын бұзғаны yшін жауаптылық
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 35-бап өзгертілді
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздері
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Мыналарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады:
1) уәкілетті органды ұстауға арналған шығыстар;
2) мемлекеттік ветеринариялық мекемелерді ұстауға арналған шығыстар;
3) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
4) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою;
6) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелеріне олардың құнын өтеу;
7) ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекцияларын сақтауға арналған шығыстар.
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) жануарларды бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды, ветеринариялық паспортты сатып алуға арналған шығыстар.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері иелерінің есебінен мыналар орындалады:
1) ветеринариялық препараттарды, жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізу, серияларын бақылау және оларға тіркеу сынағын жүргізу, сондай-ақ жемшөпті байқаудан өткiзу;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
3) ветеринариялық-санитариялық сараптама;
4) дегельминтизация, дезинсекция, деразитация, дезинфекция (ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі дезинфекцияны қоспағанда);
5) жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларын және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне аудара отырып, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификат пен анықтамалардың бланкілерін, жануарға арналған ветеринариялық паспортты, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін жапсырмаларды (чиптерді) беру;
7) жаңадан келіп түскен жануарларды оқшаулап ұстау кезінде диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық өңдеу жүргізу.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 2376 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 24, 443-құжат; № 23, 931-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының