Орталыққа немесе оған одан әрі жіберу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына тапсырылған бағалы металлдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды сақтау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
24. Ақша түріндегі мүлік бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
Шетел валютасы операция жасалған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы бюджет кірісінің есебіне жатқызылады. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу тәртібін, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджет есебіне жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Ақша түріндегі мүлікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және олардың филиалдарына беруді осындай мүлікті алған орган мүліктің сомасы, берілу уақыты және алушысы көрсетілген беру туралы хабарламаны уәкілетті органға жібере отырып жүргізеді.
25. Мемлекет меншігіне келіп түскен салымдар (депозиттер) сомасы бірінші талап бойынша олардың қайтарылуы қажеттілігіне қарамастан немесе уәкілетті органның немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның жазбаша талабы бойынша депозиторларға алдын ала келісілген үстемеақымен не ондайсыз қандай да бір мерзім арқылы банктер атаулы құнда толық көлемде мемлекеттік бюджет кірісіне аударады.
26. Осы Ереже мемлекеттік лотереялардың лотерея билеттері бойынша ұтыс түрінде мүлікке қолданылады. Лотерея билеттері бойынша заттай ұтыстың құнын лотереяның ұйымдастырушысы болып табылатын тұлға бюджет кірісінің есебіне жатқызады.
Лотерея билеттерін беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, шығарылған күні, ұтыс ойынын жүргізген тұлғаның атауы, билеттердің сериясы, нөмірі және ұтыстың сомасы көрсетіледі.
27. Тасымалдауға, сақтауға, бағалауға, сатуға байланысты шығындары олардың бағалау құнынан асып түсетін қара және түсті металл сынығы Комиссияның шешімі бойынша неғұрлым тиімді баға мен шарттар ұсынған металл сынығын қабылдау жөніндегі мамандандырылған ұйымға тапсыру жолымен орналасқан жері бойынша өткізілуі мүмкін.
28. Арнаулы мемлекеттік қордағы мүлікті өткізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
29. Арнайы мемлекеттік қордың бағалы металдардан жасалған сыйлықтарын сараптауды, бағалауды және сақтауды оларды сатқанға дейін Орталық жүзеге асырады.
30. Сыйлықтарды тапсырған тұлға сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін уәкілетті орган сыйлықты сатуды жүргізеді.
31. Сапасы мен қауіпсіздігіне нормативтік құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлік шикізатын, тамақ өнімдерін, шыққан елі белгіленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін, акциздік таңбаларсыз өткізілетін темекі бұйымдарын және құрамында темекі бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргізуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетін тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысына сәйкес уәкілетті орган немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар құратын комиссия жояды.
Қажет болған жағдайларда комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өзге де мамандары тартылуы мүмкін.
32. Бөлшектелген көлік құралдары, өнеркәсіптік және өзге жабдық, құрылысы аяқталмаған объектілер не мәні жағынан ұқсас басқа мүлік қосалқы бөлшектер немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретінде бағаланады және сатылады.
33. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына қосылады.
Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдаланудың тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
34. Мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз өткізген жағдайда, өкілетті орган немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген орган және балалар үйімен, қарттар мен мүгедектер үйімен, балабақшамен, мектеппен, медициналық-әлеуметтік мекемемен немесе арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер арасында қабылдау-тапсыру (өткізу актісі) актісі үш данада мемлекеттік және орыс тілдерінде, қабылдау-тапсыру (өткізу актісін) актісін ресімдеуге қатысушы тараптардың әрқайсысына бір данадан жасалады.
5. Қорытынды ережелер
35. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше қарастырылмаған болса, осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген мүлікті өткізуден түскен қаражат, сондай-ақ 19-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша қайтарылмаған кепілдік жарналарының сомасы бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік бюджет кірісінің есебіне аударылады.
36. Мүлікті есепке алуға, бағалауға, сақтауға, қайта жіберуге, оны сатуды ұйымдастыруға және одан әрі пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
37. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Егер мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылған болса, оның құнын өтеу оны өткізуден алынған қаражат шегінде жүргізіледі.
38. Осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша мемлекет иелігіне өткен мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.
39. Уәкілетті органның және коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары осы Ереженің қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілікте болады.
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-қосымша өзгертілді
Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру
АКТIСI
200 __ ж. "___"________________ ________________________
(жасалған күнi) (акті жасалған жерi)
Мына құрамдағы комиссия:
Уәкiлеттi орган өкiлi (коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi
органның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_______________________________________________________________________
(жауапты қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
___________________________________________________________________ өкiлi
(мүлiктi өткізушi ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_______________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
___________________________________________________________________ өкiлi
(мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_______________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
__________________________________________________________ баға берушiсi
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы, лицензияның күнi
және нөмiрi)
_______________________________________________________________________
(мүлiк бағалауды жүзеге асырушының аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы,
лицензияның күнi және нөмiрi)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы "___"___________ № ____
қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне
айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi
пайдалану ережесi негiзiнде
_______________________________________________________________________
(мүлiктiң бұрынғы иесінің аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы немесе ұйымның
атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
иелiгiне жататын ______________________________________________________
(соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң
нөмiрi, күнi)
сот актілерінiң негiзiнде тәркiленген (оның iшiнде заттай дәлелдер) немесе
_______________________________________________________________________
(соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)
иесiз деп танылған немесе _____________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе
_______________________________________________________________________
мүлiкті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен мүлiктiң _____________________________
_______________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе мүлiкті берген тұлғаның
аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
оның iшiнде жүк кеден декларациясына сәйкес "тауарды мемлекет пайдасына
беруден бас тарту" кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк
құралдары, сыйлықтар
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(кеден органының атауы, мекен-жайы, СТН-ы, ЖКД күнi және нөмiрi)
немесе ________________________________________________________________
(нотариустың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)
нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекет меншiгiне
өткен деп танылған, сондай-ақ _________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе
_______________________________________________________________________
мүлікті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттік меншiк құқығы туындағанын
растайтын өзге де құжаттардың негiзіндегі өзге де мүлiк
Мүлiктi тiзімдеу және бағалау
P/c № | Әрбiр заттың жан-жақты сипаттамасымен мүлiктiң атауы | | Саны | Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге* | Бар- лық сома- сы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 7 |
| Жиыны | | | | |
Жиыны (жазумен): _________________________________
Бюджетке аударуға жататын жиыны __________________
Осы акт ____ данада жасалды.
Комиссия мүшелерi: ______________ _____________________
(қолы) (аты-жөнi)
______________ _____________________
(қолы) (аты-жөні)
______________ _____________________
(баға бepyшi- (аты-жөні)
сарапшының қолы және мөрi)
______ ж. "___"_________ Иесiнiң қолы __________________
Осы актіде көрсетiлген Mүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым.
Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауысуы немесе
бүлiнуi үшiн ҚР ҚК 357-бабы бойынша қылмыстық және материалдық
жауапкершiлiк туралы ескертiлдi
_______ ж. "___"_________ __________________
(қолы)
________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, СТН-ы, мекен-жайы немесе мүлiкті қабылдаған
адамның аты-жөнi)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
─────────────────────────
* Бұл бағам егер мүлiкті уәкiлетті органға (коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органға) берушi ұйым алдын-ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.
2-қосымша
200__ жылға арналған __________________ уәкiлетті орган (коммуналдық
меншіктi басқаруға уәкiлеттi орган) есепке алуға қабылдаған мүлiктi
тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерінiң
ЕСЕПКЕ АЛУ КIТАБЫ
Р/с № | Жазба жүргі- зілген күн | Мүлікті тiзiмдеу, бағалау, қабылдау- беру ак- тiсiнiң нөмiрi және күні | Жазба жүргізудің негіздемесі (құжаттың атауы, нөмірі және күні) | Бұрынғы иесінің атауы немесе өтініш берушінің аты-жөні | Мүліктің атауы (санаты) | Мүліктің бастапқы бағасы, теңге | Мүліктің қайта бағалаудан кейінгі құны | Мүлiктердi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау- беру актiсi кiмге және қашан жiберiлдi | Мүлік үшін түпкілікті есеп айырысу күні | Бюджетке түскен нақты сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. 2. ... | | | | | | | | | | |
Ескерту: 8-баған қайта бағалау жүргiзiлген жағдайда толтырылады.
3-қосымша
2000 жылғы "___"___________________
мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi бойынша
есепке алуға қабылданған мүлiктің
№ ___ түгендеу кәртешкесi
Сауда немесе басқа ұйымның толық атауы
______________________________________________
СТН __________________________________________
Ұйымның мекен-жайы ___________________________
Телефоны ____________ Есеп-шоты ______________
Банктiң атауы ________________________________
(теңгемен)
| Операция мен құжаттардың атауы | Мүлікті тізімдеу, бағалау, қабылдау- беру актісі бойынша құны | Мүлікті қайта бағалау |
| Опера- цияны жасау | Бағалауға дейінгі сомасы (+) | Арзандатыл- ған сомасы (-) |
| | | | | |
таблицаның жалғасы:
Қайта бағалаудан кейінгі бағасы | Сатылғаны | Қалғаны | Бюджетпен түпкілікті есеп айырысу | |
Төлем құжатының күні мен нөмірі | Сомасы | Төлеуге | | |
Төлем құжатының күні мен нөмірі | Бюджетке түскен сомасы | |
| | | | | | | |
Ескерту: түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбында мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ мүлiктi беру уақыты көрсетiлетiн нұсқау болуға тиiс. Көрсетiлген түгендеу кәртешкесiне мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсiнiң нөмiрiне сәйкес нөмiр берiледi.