371) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
372) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
373) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
374) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
375) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу жөнінде ұсыныс жасайды;
376) дериваттар тізбесін әзірлейді;
377) аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
378) жануарлар үйірімен мекендейтін жерлерді периметрі бойынша олардың індері орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшірмей жыртуға келісім беруді жүзеге асырады;
379) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуіне келісім беруді жүзеге асырады;
380) жерсіндіруге рұқсат береді;
381) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
382) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
383) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
384) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
385) қорықшының төс белгісінің және айырым белгісі бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
386) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
387) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
388) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
389) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
390) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын белгілейді;
391) жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
392) су қоймаларына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылығы үшін мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
393) Қазақстан Республикасының Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын алу жөнінде ұсыныс енгізеді;
394) жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерін әзірлейді;
395) жануарлар дүниесі объектілерін алу квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді;
396) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
397) су қоймаларын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді;
398) аңшылық, балық аулау қағидаларын әзірлейді;
399) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын және балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
400) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерлерін әзірлейді;
401) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлейді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
402) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды, олардың уылдырығын өткізу қағидаларын әзірлейді;
403) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
404) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алуға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
405) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді;
406) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді;
407) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
408) зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді;
409) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
410) аңшылық пен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді;
411) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киімді киюге құқығы бар қызметкерлерінің тізбесін әзірлейді;
412) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын әзірлейді;
413) шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттар жасасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
414) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді;
415) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;
416) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
417) әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
418) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілер қатарына жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын әзірлейді;
419) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
420) тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды келiседі;
421) сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоспағанда, жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсат береді;
422) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
423) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiнде бағдарламалар әзiрлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
424) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
425) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi;
426) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
427) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді;
428) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлердің материалдарын, сондай-ақ тендер жеңімпазымен жасалатын шарттардың жобаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, аумақтық бөлімшелермен және өзге де мемлекеттік органдармен келіседі;
429) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және оларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
430) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қатынастары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
431) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;
432) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
433) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;
434) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
435) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
436) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын есептеу, орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша, орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлейді және бекітеді;
437) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды және оны іске асырады;
438) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді;
439) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
440) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
441) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді және рұқсаттар береді;
442) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін қалыптастырады және бекітеді;
443) орман тұқымдарын аудандастыруды әзірлейді және бекітеді;
444) орман шаруашылығы саласында ынталандыру қағидаларын және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
445) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
446) білім беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімі бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
447) орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
448) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
449) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
450) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
451) дериваттардың тізбесін әзірлейді;
452) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді алып қою көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
453) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді;
454) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
455) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын әзірлейді;
456) мемлекеттік орман қорын санаттарға бөлу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
457) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді;
458) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілері жағалауындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерінің енін белгілеу қағидаларын әзірлейді;
459) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды әзірлейді;
460) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер әзірлейді;
461) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, жанама орман пайдалану қағидаларын әзірлейді;
462) ормандарды молықтыру және орман өсіру қағидаларын әзірлейді;
463) отырғызылатын материалдарды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
464) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін әзірлейді;
465) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын әзірлейді;
466) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді;
467) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзірлейді;
468) орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын әзірлейді;
469) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен анықтау қағидаларын әзірлейді;
470) мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындарда өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларын әзірлейді;
471) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
472) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жеке орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын әзірлейді;
473) мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ережені әзірлейді;
474) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды әзірлейді;
475) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені әзірлейді;
476) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шаралары орындалуының сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
477) орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiн, орманның санитарлық жай-күйiн, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
478) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
479) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды дер кезiнде анықтау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
480) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауыл және орман шаруашылықтарын кешенді жүргізу үшін жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ағаш және бұта өсімдіктерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
481) ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
482) кеспеағаштардың бөлінуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
483) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
484) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
485) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргiзілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
486) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердiң қорғалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
487) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
488) мақта саласын дамыту, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
489) мақта саласын дамыту саласындағы мемлекеттік инспекторлар туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
490) мақта нарығының мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
491) мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
492) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалануды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
493) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларының жобасын әзірлейді;
494) мақта қолхаттарын беру, оның айналымы, күшін жою және өтеу қағидаларының жобасын әзірлейді;
495) мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларының жобаларын әзірлейді;
496) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
497) шитті мақта сапасын сараптауды жүргізу және шитті мақта сапасы туралы куәлік беру қағидаларын әзірлейді;
498) шитті мақта сапасы туралы куәліктің нысандарын (үлгілерін) әзірлейді;
499) мақта талшығы сапасы паспортының нысандарын (үлгілерін) әзірлейді;
500) мақта нарығының мониторингін жүргізеді;
501) есеп құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта нарығының мониторингін жүргізу бойынша есептілік ұсыну мерзімдерін әзірлейді;
502) кепіл туралы мәліметтер бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны беру тәртібін айқындайды;
503) мақта қолхаттарын берумен қоймалық қызмет бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын орындау мәселелері бойынша есеп құжаттарының, есептілік ұсыну мерзімдерінің тізбесі мен нысандарын әзірлейді;
504) шитті мақтаны сақтау және оны мақта талшығына қайта өңдеу шарттарының үлгі нысандарын әзірлейді;
505) мақта талшығының сапасын сараптауды жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру қағидаларының жобаларын әзірлейді;
506) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызметі мен оларды тарату қағидаларының жобаларын әзірлейді;
507) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы қағидаларының жобаларын әзірлейді;
508) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алуы қағидаларының жобаларын әзірлейді;
509) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларының жобаларын әзірлейді;
510) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау қағидаларының жобаларын әзірлейді;
511) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 36-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды;
512) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
513) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
514) мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қояды;
515) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 32-бабының 2-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде мақтаны жөнелтуге уақытша тыйым салады;
516) мақта қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды жүзеге асырады;
517) аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтардың) қызметін бақылауды жүзеге асырады;
518) сараптау ұйымының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
519) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізуін бақылауды жүзеге асырады;
520) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, жою және өтеуін бақылауды жүзеге асырады;