7) өтініш берілген спорт түрін, спорттық пәнді оқытудың әдістемесі мен бағдарламасы;
8) жарыс үдерісін көрсететін жарыс барысында түсірілген бейне (фото) материалдар;
9) Ұлттық Олимпиада комитетінде немесе халықаралық спорттық бірлестікте (егер ол осы бірлестікке мүше болса) спорттық ұйымның мүшелігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
10) спорт түрін дамытудың бағдарламасы.
60. Спорт түрлері қағидаларының 20-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырмаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге тапсырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде барлық құжаттарды қайтарады.
Өтініш келіп түскен күннен бастап, отыз күнтізбелік жұмыс күні ішінде қаралады.
61. Мыналар спорт түрін, спорттық пәнді танудан бас тарту туралы шешім қабылдауға негіздеме болып табылады:
1) өтініш иесінің құжаттарда расталмаған немесе өзгертілген ақпаратты ұсынуы;
2) өтініш берілген спорт түрінің, спорттық пәннің осы жарыс ережелерінің талаптарына сай болмауы;
3) өтініш берілген спорттық пәнде (спорттық пәндер үшін) жарыс нәтижелері бойынша медальдің сарапқа салынбауы.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тең жартысынан аз облыстарында дамыған спорт түрлерін, олардың даму ерекшеліктерін, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінде уағыздалатын спорт түрлерін ескере отырып, спорт түрлерінің Тізіліміне енгізеді.
62. Спорт түрін тану және оны Тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті орган құрамы үш адамнан кем болмайтын тұрақты әрекет ететін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
Комиссия өтініш берушінің ұсынған құжаттарына талдау жүргізеді және оның нәтижелері бойынша тиісті спорт түрін, спорттық пәнді Қазақстан Республикасында тану немесе танудан бас тарту және оларды Тізілімге енгізу (енгізбеу) туралы шешім қабылдайды.
Тиісті шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде өтінім берушіге жіберіледі.
Спорт түрін, спорттық пәнді танудан бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін және сондай шешім шыққан соң оның себептері жойылса, өтініш иесі уәкілетті органға құжаттарды қайта қарау туралы өтініш беруі мүмкін.
8. Тізілімді жүргізу тәртібі
63. Тізілім осы спорт түрлері ережесінің 5-қосымшасына сәйкес нысанда қалыптасады және жүргізіледі.
Тізілімнің нысаны мынадай бөлімдерден тұрады:
1) спорт түрінің атауы;
2) спорт түрінің нөмір - коды;
3) спорттық бағдарламаның атауы;
4) спорттық бағдарламаның нөмір - коды.
64. Нөмір - код 11 белгіден тұрады.
Нөмір - кодтар тиісінше спорт түрін, спорт түрінің атауын, маусымдылығын, спорттық пәнді, өңірлерде тарауын, спортшылардың жынысы мен жасын айқындайды.
65. Нөмір - кодтың бірінші саны спорт түрінің жеке нөмірі болып табылады:
1 - олимпиадалық спорт түрлері;
2 - олимпиадалық емес спорт түрлері;
3 - ұлттық спорт түрлері;
4 - техникалық спорт түрлері;
5 - Арнайы олимпиялық спорт түрлері;
6 - Паралимпиялық спорт түрлері;
7 - Сурдолимпиялық спорт түрлері;
8 - қызметтік - қолданбалы спорт түрлері;
9 - әскери-қолданбалы спорт түрлері.
Нөмір - кодтың екінші, үшінші, төртінші сандары спорт түрінің атауын айқындайды.
Нөмір - кодтың бесінші саны спорт түрінің, спорттық пәннің маусымын айқындайды:
1 - жазғы спорт түрлері;
2 - қысқы спорт түрлері.
Нөмір - кодтың үшінші саны спорт түрімен, спорттық пәнмен шұғылданудың маусымын, сондай-ақ спорт түрінің, спорттық пәннің ойын немесе ойын емес сипатын айқындайды:
1 - спорттың жазғы ойын емес түрі;
2 - спорттың жазғы ойын түрі;
3 - спорттың қысқы ойын емес түрі;
4 - спорттың қысқы ойын түрі;
5 - маусымдық емес, спорттың ойын емес түрі;
6 - маусымдық емес, спорттың ойын түрі;
7 - спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндерді біріктіретін маусымдық емес спорт түрі;
8 - спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндерді біріктіретін жазғы спорт түрі;
9 - спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндерді біріктіретін қысқы спорт түрі.
Нөмір - кодтың төртінші саны спорт түрінің, спорттық пәннің елімізде таратылуын көрсетеді:
1 - Қазақстан Республикасының тең жартысынан көп облысында дамыған спорт түрі, спорттық пән;
2 - Қазақстан Республикасының тең жартысынан аз облысында дамыған спорт түрі, спорттық пән.
Нөмір - кодтың бесінші белгісі спорт түрімен, спорттық пәнмен шұғылданушылардың жынысы мен жасын айқындайды:
А - ерлер, жігіттер (жасөспірімдер);
Б - әйелдер, қыздар (жасөспірім қыздар);
Г - ерлер, жігіттер (жасөспірімдер), әйелдер;
Д - қыздар (жасөспірім қыздар);
Е - ерлер, қыздар (жасөспірім қыздар);
Ж - әйелдер;
К - ерлер, әйелдер, қыздар (жасөспірім қыздар);
Л - ерлер, әйелдер;
М - ерлер;
Н - жігіттер (жасөспірімдер), қыздар (жасөспірім қыздар);
С - жігіттер (жасөспірімдер), қыздар (жасөспірім қыздар), әйелдер;
Ф - ерлер, жігіттер (жасөспірімдер), қыздар (жасөспірім қыздар);
Э - жігіттер (жасөспірімдер), әйелдер;
Ю - жігіттер (жасөспірімдер);
П - аралас жұп/топ;
Я - барлық санаттағылар.
66. Уәкілетті органның бастамасы, дене шынықтыру және спорт туралы жергілікті атқару органдарының, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың арыздары негізінде уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер енгізеді.
Мына жағдайларда өзгерістер енгізіледі:
1) спорт түрінің, спорттық пәннің атауы өзгертілсе;
2) спорт түрінің ережесі немесе ресми халықаралық спорттық жарыстардың ережелері (регламенті) өзгертілсе;
3) спорт түрлері, спорттық пәндер біріктірілсе;
4) спорт түрлері, спорттық пәндер бөлінсе;
5) спорт түрлері, спорттық пәндер алып тасталса.
67. Спорт түрлерін, спорттық пәндерді Тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы дене шынықтыру және спорт туралы жергілікті атқару органдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өзі шешім қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде хабарлайды.
68. Тізілімге өзгерістер енгізу туралы өтініште тиісті спорт түрінің, спорттық пәннің (спорттық пәндердің) атауы, сол спорт түрімен, спорттық пәнмен шұғылданатын спортшылардың жынысы және жас тобы, өзгерістер енгізудің негіздемесі көрсетіледі.
69. Спорт түрлерінің ережесінің 20-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар уәкілетті органға ұсынылмаса, уәкілетті орган өзіне түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде барлық ұсынылған құжаттарды қараусыз өтініш иесіне қайтарып береді.
70. Тізілімге өзгеріс енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдауға мыналар негіздеме болады:
1) өтініш иесі ұсынған құжаттарда расталмаған немесе өзгертілген ақпараттың анықталуы;
2) спорттық пәндерді біріктіру немесе бөлудің нәтижесінде туындайтын спорттық пән бойынша өткен жарыс нәтижелері бойынша медаль жиынтығы сарапқа салынбаса;
3) осы спорт түрімен шұғылданушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, қатысушылардың жас тобына өзгерістер енгізу мүмкін болмаса.
71. Спорт түрлерін, спорттық пәндерді Тізілімнен алып тастау үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) үш жыл ішінде жарыстардың бағдарламасында спорт түрінің, спорттық пәндердің болмауы;
2) Қазақстан Республикасының тең жартысынан астамында спорт түрін табиғи-климаттық жағдайларға, шұғылданудың күрделілігіне және өзге ерекшеліктеріне байланысты дамытудан бөлек, аталған спорт түрі Қазақстан Республикасы өңірлерінің кем дегенде, жартысында дамыса.
Спорт түрлерінен жарыстардың
қағидаларына 1-қосымша
Жарыстардың негізгі сипаттары
р/с № | Жарыстың атауы | Өту кезеңі | Кім өткізеді | Кімдер қатысады | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Халықаралық жарыстар |
Кешенді бұқаралық-спорттық іс-шаралар: |
1 | Олимпиада ойындары | Төрт жылда бір рет | Халықаралық Олимпиадалық комитет (ХОК) | Олимпиадалық құрама команда | Қысқы, жазғы |
2 | Азия ойындары | Төрт жылда бір рет | Азияның Олимпиада комитеті (АОК) | Ұлттық құрама команда | Қысқы, жазғы |
3 | Өңірлік ойындар | Екі жылда бір рет | ХОК қолдауымен | Ұлттық құрама команда | Орталық Азия, Шығыс Азия, Африка-Азия, ТМД елдері және т.б. |
4 | Бүкіләлемдік Универсиада | Екі жылда бір рет | Халықаралық студенттік одақ | Студенттік құрама команда | Қысқы, жазғы |
5 | Олимпиадалық жасөспірімдер ойындары | Төрт жылда бір рет | ХОК қолдауымен | Жасөспірімдер құрама командасы | Қысқы, жазғы |
6 | Паралимпиялық ойындар | Төрт жылда бір рет | Параолимпиялық комитет Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен | Мүгедектер құрама командасы | Қысқы, жазғы |
7 | Арнайы Олимпиада ойындары | Төрт жылда бір рет | Арнайы Олимпиадалық комитет (Спешиал олимпикс) | Мүгедектер құрама командасы | Қысқы, жазғы |
Спорт түрлерінен жарыстар: |
1 | Спорт түрлерінен барлық жастағы топтарға арналған әлем чемпионаттары | Жыл сайын* Регламентке сәйкес | Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар | Ұлттық құрама команда | Спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың қағидаларына сәйкес жекелеген спорт түрлері бойынша екі, үш, төрт жылда бір рет өткізілуі мүмкін |
2 | Студенттер арасындағы әлем чемпионаты | Екі жылда бір рет | Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар | Студенттік құрама команда | |
3 | Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері | | Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар | Олимпиадалық құрама команда | Қысқы және жазғы ойындарға |
4 | Әлем чемпионаттарына іріктеу турнирлері | Регламентке сәйкес | Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар | Ұлттық құрама команда | Спорттың ойын түрлері бойынша |
5 | Спорт түрінен барлық жастағы топтарға арналған Азия чемпионаттары | Жыл сайын | Спорт түрлерінен Азия федерациялары | Ұлттық құрама команда | |
6 | Әлем кубогы - Азия кубогының кезеңдері - Гран-при жарыстары | Регламентке сәйкес | Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар | Ұлттық құрама команда | |
7 | Азия кубогы - Азия кубогының кезеңдері - Гран-при жарыстары | Регламентке сәйкес | Спорт түрлерінен Азия федерациялары | Ұлттық құрама команда | |
8 | Халықаралық жарыстар (турнирлер): «А» санатты халықаралық жарыстар (турнирлер) | Регламентке сәйкес | Спорт түрлерінен халықаралық федерациялар, ұйымдастырушы ел | Республиканың, облыстың, қаланың ең мықты спортшылары, спорт клубтары | Жарыстар (турнир) спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың күнтізбесіне, республикалық күнтізбеге енгізілген |
9 | Халықаралық жарыстар (турнирлер) | Регламентке сәйкес | Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорт ұйымдары | Республиканың, облыстың, қаланың ең мықты спортшылары, спорт клубтары | Кемінде 5 (бес) елдің қатысуымен |
10 | Халықаралық матчтық кездесулер | Регламентке сәйкес | Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорт ұйымдары | Республиканың, облыстың, қаланың ең мықты спортшылары, спорт клубтары | |
2. Республикалық жарыстар: |
| Кешенді бұқаралық-спорттық іс-шаралар: |
1 | Қазақстан Республикасының спартакиадасы | Төрт жылда бір рет | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары | Жазғы, қысқы |
2 | Универсиада | Екі жылда бір рет | | | Жазғы, қысқы |
3 | Қазақстан Республикасының халықтық спорт ойындары | Төрт жылда бір рет | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары | |
4 | Қазақстан Республикасының мектеп оқушылар спартакиадасы | Екі жылда бір рет | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының студенттер құрама командалары | Жазғы, қысқы |
5 | «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары | Төрт жылда бір рет | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары | |
6 | Қазақстан Республикасы ардагерлерінің спартакиадасы | Төрт жылда бір рет | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары | |
Спорт түрінен жарыстар: |
1 | Спорттың барлық түрлерінен барлық жастағы топтарға арналған Қазақстан Республикасының чемпионаты | Жыл сайын | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары | |
2 | Спорттың барлық түрлерінен Қазақстан Республикасының Кубоктары | Жыл сайын | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары | |
3 | Республикалық турнирлер | Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының құрама командалары | |
4 | Матчтық кездесулер | Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Регламентке сәйкес | |
Облыстық жарыстар: |
Кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар: |
1 | Қазақстан Республикасы Спартакиадасы | Төрт жылда бір рет | Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | Аудандардың құрама командалары | ІІ кезең жазғы, қысқы |
2 | Қазақстан Республикасы халықтарының спорт ойындары | Төрт жылда бір рет | Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | Аудандардың құрама командалары | ІІ кезең |
3 | Қазақстан Республикасының Оқушылар спартакиадасы | Екі жылда бір рет | Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | Аудандардың құрама командалары | ІІ кезең жазғы, қысқы |
4 | «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары | Төрт жылда бір рет | Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | Аудандардың құрама командалары | ІІ кезең |
5 | Қазақстан Республикасының ардагерлер спартакиадасы | Төрт жылда бір рет | Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органы | Аудандардың құрама командалары | ІІ кезең |
Спорт түрінен жарыстар: |
1 | Барлық жастағы топтарға арналған спорттың барлық түрлерінен облыстардың чемпионаттары | Жыл сайын | Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | Аудандардың құрама командалары | ІІ кезең |
2 | Облыстық турнирлер, матчтық кездесулер | Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес | Облыстың және Астана, Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган | Регламентке сәйкес | |
Аудандық жарыстар: |
Кешенді спорттық-бұқаралық іс-шаралар: |
1 | Қазақстан Республикасы Спартакиадасы | Төрт жылда бір рет | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Дене шынықтыру ұйымдарының құрама командалары | ІІ кезең жазғы, қысқы |
2 | Қазақстан Республикасы халықтарының спорт ойындары | Төрт жылда бір рет | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Дене шынықтыру ұйымдарының құрама командалары | |
3 | Қазақстан Республикасының Оқушылар спартакиадасы | Екі жылда бір рет | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Дене шынықтыру ұйымдарының құрама командалары | ІІ кезең жазғы, қысқы |
4 | «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары | Төрт жылда бір рет | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Дене шынықтыру ұйымдарының құрама командалары | |
5 | Қазақстан Республикасы ардагерлерінің спартакиадасы | Төрт жылда бір рет | Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган | Дене шынықтыру ұйымдарының құрама командалары | |
Спорт түрлерінен жарыстар: |
1 | Дене шынықтыру ұйымдарының спорт мектептерінде, оқу орындарында, ұйымдарда, мекемелерде өтетін жарыстар | Бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес | Дене шынықтыру ұжымдарының, спорт мектептердінің кеңестері | Барлық тілек білдірушілер | |
| | | | | | |
Спорт түрлерінен жарыстардың
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Спортшылардың сандық құрамы және жиындардың ұзақтығы
| Жиындардың атауы | Жиындарды өткізетін ұйым | Жиынның ұзақтығы | Жиынға қатысушылар | Жиынға қатысушылардың ең көп саны |
Халықаралық жарыстарға дайындау жөніндегі оқу-жаттығу жиындары |
1 | Қазақстан Республикасының құрама командалары мүшелерін тікелей әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына, Олимпиадалық, Параолимпиадалық ойындарға және басқа халықаралық жарыстарға дайындау жөніндегі оқу-жаттығу жиындары | Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі орталық және облыстық (республикалық маңыздағы қалалық) атқару органдары | 24 күнге дейін | Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелері | Дене шынықтыру және спорт жөніндегі орталық және облыстық (республикалық маңыздағы қалалық) атқарушы белгілейді |
2 | Тікелей универсиадаға, студенттер арасындағы әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарына, МССЖ чемпионаттарына дайындау жөніндегі оқу-жаттығу жиындары | Осы халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды жіберетін ұйымдар | 24 күнге дейін | Осы халықаралық жарыстарға қатысу командалар | Жарыстарға жіберілетін саны екі, құрамнан, ал спорттың жекпе-жек түрлері бойынша үш құрамнан аспайтын спортшылар |
3 | Қазақстан Республикасының құрама командалары мүшелерін халықаралық жарыстарға дайындаумен байланысты арнайы оқу-жаттығу жиындары (жалпы дене дайындығы, спортшыларды тексеру, қалпына келтіру үшін) | Дене шынықтыру және спорт жөніндегі орталық және облыстық уәкілетті органдар | 18 күнге дейін | Қазақстан Республикасының құрама командалары | Дене шынықтыру және спорт жөніндегі орталық және облыстық (республикалық маңыздағы қалалық) атқару атқару |
4 | Басқа халықаралық жарыстарға (ресми, жолдастық) тікелей дайындау жөніндегі оқу-жаттығу жиындары | Халықаралық спорттық байланыстардың жоспарына сәйкес командаларды халықаралық жарыстарға жіберетін ұйымдар | 18 күнге дейін | | |
Спорт түрлерінен жарыстардың
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Бұқаралық-дене шынықтыру, сауықтыру іс-шараларының және негізгі
республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспары
№ | Іс-шаралардың атауы | Өткізілу мерзімі және орны | Қатысушы ұйымдар | Команданың құрамы | Спортшылардың саны | Жаттықтырушылар саны | Төрешілер саны | Өткізетін, іссапарға жіберетін ұйым |
| | | | | | | | |
Спорт түрлерінен жарыстардың
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасында спорттық іс-шараларды өткізу мен
халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуға арналған қаржылық күнтізбе
№ п/п | Іс-шараның атауы | Өткізілу орны мен мерзімі | Қатысушылардың саны | Теңгелік шығыстар |
Спортшылар | Жаттықтырушылар, басқа қатысушылар | Төрешілердің, жұмысшылардың жалақысы | Жалақыға қоса аудару | Тамақтану |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
|
Теңгелік шығыстар |
Дәрі-дәрмек, фармакологиялық құралдар | Спорттық іс-шараларға қатысушыларға жүлделер, медальдар, грамоталар, дипломдар, кеңсе тауарлары | Ел ішіндегі жолақы, тәулікақы | Елден тыс жердегі жолақы, тәуліқақы, әуежай алымдары, жүкақы, кедендік басқа шығыстар (қажетіне қарай) | Спорт ғимараттарын және мүкәммаларды жалға алу | Байланыс қызметі (шұғыл қажет болғанда) | Автокөлік қызметі |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
|
Теңгелік шығыстар | Шығыстардың жиынтығы теңгемен | Валюталық шығыстар | Барлық шығыстар теңгемен |
Баспаханалық және өзге де шығыстар | Өкілдік шығыстар (Уәкілетті органның шешімі бойынша) |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
| | | | | | | | | |
Спорт түрлерінен жарыстардың
қағидаларына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы спорт түрлерінің тізілімі
Бөлім |
р/с № | Спорт түрінің атауы | Спорт түрінің нөмір-коды | Спорттық пәннің атауы | Спорттық пәннің нөмір-коды |