54. Мелиоративтік мақсатта алынған балық ресурстарының және басқа су жануарларының көлемі кіші түрлер бөлінісінде аулауды есепке алудың арнайы журналында тіркеледі. Журнал тігілген, нөмірленген және ведомствоның аумақтық органы басшысының қолымен және мөрмен бекітілген болуы тиіс.
8. Өсімді молайту мақсатындағы аулау тәртібі
55. Өсімді молайту мақсатындағы аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын олардың өсімін молайту мақсатында аулау.
56. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау кез келген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, жылдың және тәуліктің кез келген уақытында, пайдалануға рұқсат етілген барлық кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдары мен тәсілдерінің түрлерімен жүргізіледі.
57. Мемлекеттік тапсырыстан тыс жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесіне сәйкес айқындалатын құралдармен, тәсілдермен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
58. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мемлекеттік тапсырыстан тыс жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау аталған балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектісімен келісім болған жағдайда жүргізіледі.
9. Эксперименттік аулау тәртібі
59. Эксперименттік аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерінің тиімділігін зерделеу мақсатында аулау.
60. Эксперименттік аулау балық аулаудың жаңа құралдары мен тәсілдерін қолдануға рұқсат және эксперименттік аулауға рұқсат болған жағдайда жүргізіледі.
61. Эксперименттік аулау тек ведомствоның аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен ғана жүзеге асырылады, оның нәтижелері актілінеді және оларды балық шаруашылығы субъектісі эксперименттік аулауға рұқсатты пайдалану жөніндегі есеппен бірге береді.
62. Бекітіліп берілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде эксперименттік аулау осы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектісінің келісімі болған жағдайда жүргізіледі.
63. Эксперименттік аулау эксперименттік аулауға рұқсатта көрсетілген тәсілдермен және құралдарымен жүзеге асырылады.
10. Қорытынды ережелер
64. Осы Ереженің сақталуын бақылауды ведомство және оның аумақтық бөлімшелері, балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі жүзеге асырады.
65. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 18 наурыздағы
№ 246 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту, пайдалану және қорғау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 12, 140-құжат).
2. "Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 49, 479-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерiн бөлу жөнiндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысының 3-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414 және 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 мамырдағы № 427 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 190-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 және 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1204 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 495-құжат) 1-тармағы.