521) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, жою және өтелін бақылауды жүзеге асырады;
522 сарапшы ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сақтауын жыл сайынғы бақылауды жүзеге асырады;
523) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
524) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
525) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн әзірлеуді жүзеге асырады;
526) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
527) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
528) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу тәртібін әзірлейді;
529) асыл тұқым кітабын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
530) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшін әдiстемелер мен техникалық құралдарды әзірлеуді жүзеге асырады;
531) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;
532) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлінен өсіру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;
533) мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді;
534) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
535) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететiн малды бағалау және өз төлiнен өсiру жөнiндегі қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
536) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаражаты есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
537) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-ұстау, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сақтау жағдайларының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
538) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
539) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
540) өткізілетін өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дәйектілігін тексереді;
541) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
542) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жеке және заңды тұлғалардан аттестаттауға және қайта аттестаттауға өтінімдер қабылдайды;
543) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
544) тұқым стандартын бекітеді;
545) өз құзыреті шегінде мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
546) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру тәртібін әзірлейді;
547) асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін әзірлейді;
548) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
549) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
550) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібін әзірлейді және бекітеді және оны тануды жүзеге асырады;
551) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
552) бағалау туралы деректердің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
553) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
554) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін әзірлейді;
555) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
556) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін әзірлейді;
557) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша субсидиялау тәртібін әзірлейді;
558) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізеді;
559) бал ара шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
560) бал ара шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
561) берілген өкілеттіктер шегінде бал ара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
562) бал араларын Қазақстан Республикасында тұқымдық аудандастыру жоспарын бекітеді;
563) бал араларын қорғау мен молықтыруға бағытталған ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырады;
564) ұлттық қауіпсіздікке, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында республиканың немесе өңірдің экономикасы үшін елеулі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын мемлекеттік уақытша басқаруды енгізу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
565) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша су пайдалану лимиттерін бекітеді;
566) ортақ су пайдаланудың үлгі қағидаларын әзірлейді;
567) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;
568) су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
569) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын әзірлейді;
570) судың бастапқы есебінің қағидаларын әзірлейді;
571) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жер үсті және жер асты су объектілеріне беретін оң қорытындысын жергілікті атқарушы органдардың тіркеу тәртібін белгілейді;
572) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;
573) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін әзірлейді;
574) жерлерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындайды;
575) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
576) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
577) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзірлеу мен бекіту тәртібін әзірлейді;
578) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру тәртібін әзірлейді;
579) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, орналастыру және пайдалануға беру тәртібін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын әзірлейді;
580) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді;
581) республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу тәртібін әзірлейді;
582) республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін әзірлейді;
583) ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін әзірлейді;
584) су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсер ету нормативтерін әзірлеу мен бекіту тәртібін әзірлейді;
585) экономиканың су секторын дамыту, оның ішінде жерлерді гидромелиорациялау бағдарламаларын әзірлейді;
586) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;
587) арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш нысанын бекітеді;
588) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу әдістемесін бекітеді;
589) бассейн ішіндегі су объектілері жай-күйінің мақсатты көрсеткіштеріне кезең-кезеңмен көшу мерзімдерін айқындау әдістемесін бекітеді;
590) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын әзірлейді;
591) сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін әзірлейді;
592) су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлейді;
593) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру шаруашылығы (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
594) сулардың және оларды пайдаланудың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
595) балық ресурстарын сақтау, өсімін молайту және аулау үшін (соның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
596) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
597) су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін әзірлейді және бекітеді;
598) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
599) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;
600) су заңнамасының бұзушылықтарын жоюға шаралар қабылдайды;
601) су объектілері бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су беру көлемдерін белгілейді;
602) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп, әрбір су объектісінің бассейні үшін судың жай-күйі мен сапа критерийлерінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлейді;
603) су пайдаланудың жыл сайынғы лимиттерін жылдың сулылығын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып нақтылайды;
604) экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі;
605) су шаруашылығы құрылыстарының және су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылыс, түбін тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргізу жобаларын келіседі;
606) негізгі өзендердің бассейндері мен жалпы республика бойынша басқа да су объектілері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлейді;
607) су объектілерін жеке және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдаланудың шарттарын келіседі;
608) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін балық шаруашылығы және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды келіседі;
609) елді мекендер шегінен тыс жерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, ізденіс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
610) Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгілеген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттарды беруді, олардың қолданылуын тоқтатуды және кері қайтаруды жүзеге асырады;
611) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады;
612) су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;
613) су шаруашылығы теңгерімін әзірлейді;
614) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
615) бассейндік схемалар мен су объектілеріне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің нормативтері негізінде өзен бассейндері бойынша су пайдалану лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
616) елді мекендердің шегінен тыс су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
617) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметінің белгіленген режимінің сақталуын жүзеге асырады;
618) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын жүзеге асырады;
619) су объектілері бойынша су пайдаланудың және су бөлудің белгіленген нормалары мен қағидаларының, лимиттерінің, сондай-ақ су пайдалану режимінің сақталуын жүзеге асырады;
620) су тарту құрылыстарын, су шаруашылығы (елді мекендерде орналасқандарынан басқа) жүйелерін және су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын жүзеге асырады;
621) су объектілерінен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшеріне бастапқы есеп жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығына, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын жүзеге асырады;
622) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын жүзеге асырады;
623) су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын жүзеге асырады;
624) су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жер беті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын жүзеге асырады;
625) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және оның экономика салаларының объектілерін салуға, жаңартуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметіне сай келуін жүзеге асырады;
626) су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін жүзеге асырады;
627) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің және озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асырады;
628) су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
629) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
630) салық органына ұсынғанға дейін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растауды жүзеге асырады;
631) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.15.07. № 1071 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.05. № 428 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді
14. ҚР Үкіметінің 2011.13.12. № 1517 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15. Министрліктің өзіне жүктелген тапсырмаларды іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға:
1) өз құзыреті шегінде міндетті түрде орындалатын нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) қолданыстағы заң актілерінде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
17. Министр Министрлікті басқаруды жүзеге асырады, Министрлікке жүктелген тапсырмаларды орындауға және оны өз қызметінде жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2205 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Осы мақсатта Министр:
1) реттеуші саладағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасайды;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекетінің тәртібін және құзыретін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің толық немесе бөліктерінің күшін жояды немесе тоқтатады;
5) Министр бұйрығына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
8) Министрлікке келімге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына бұрыштама қояды және келіседі;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
19. Министрлік қабылдаған шешімдер Министрдің бұйрығымен ресімделеді.
20. Министрліктің аппараты басшылығын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы жүзеге асырады.
21. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттілігінің қысқаруына әсер етпейді.
22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Министрге, Премьер-Министрге, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.
23. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастырған мемлекеттік басқарудың реттеуші саласындағы саясатты жүзеге асыруды және оның тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратын басқарады, ұйымдастырады, үйлестіреді және оның бөлімшелерінің жұмысын қадағалауды жүзеге асырады;
3) Министрліктің қаржылық және материалдық-техникалық, құқықтық-ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдаушылық қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келісуден кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісуден кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, құжат айналымын ұйымдастырады және кадрлық қызмет жұмысын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды;
7) Министрлік қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісуден кейін Министрлік басқармалары мен департаменттерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомство басшылары тағайындауға ұсыным берген ведомство басшыларының орынбасарларын тағайындауда Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметтен босатады және қызметке тағайындайды;
11) Министрмен келісу арқылы Министрлік қызметкерлеріне сыйақы және үстемақы төлеу, көтермелеу, біліктілігін көтеру, даярлау (қайта даярлау), материалдық көмек көрсету, еңбек демалыстарын беру, іссапар мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісу арқылы еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен Министрлікті қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жылдық жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижесі туралы жылдық есепті әзірлеуді және Министрлік басшысына бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына берілетін бюджеттік өтінімдерді Министрге ұсыну, сонымен катар басқа да бюджеттік процестің рәсімдерін орындауды, Министрліктің бюджеттік өтінімдерін дайындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржылық есебін және қаржыландыру жоспарын Министрмен келісуден кейін бекітеді және дайындауды қамтамасыз етеді;
17) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын және регламенттерін әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісімге түсетін нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді ұйымдастырады;
20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынаста Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
24. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті түрде орындауға тапсырмалар беруге;
2) Жауапты хатшының құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдар мен құжаттарды, лауазымды тұлға үшін қажетті ақпараттарды, материалдар мен құжаттарды өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұрауға және алуға;
3) жеке қолданысқа құқықтық актілер жасауға құқығы бар.
25. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікте болады.
26. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
27. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің қызметін қамтамасыз ететін құзыреті мен өкілеттігі, Министрмен келісуден кейін жауапты хатшы бекіткен құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер Министрліктің жұмыс регламентін белгілейді.
4. Министрліктің мүлкі
28. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және айналым қаражатының негізгі қорларынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
29. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
30. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітіліп берілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен алуға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.