106) аса қауіпті зиянды организмдер тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
107) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесін айқындайды;
108) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың лауазымын иеленуге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
109) бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдары, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттар тізбесін бекітеді;
110) өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған құқықтық және экономикалық шарттарды жетілдіреді және республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласы жай-күйінің ахуалын зерделейді;
111) залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантиндік объектілермен залалданған карантинге жататын өнімді алу және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейді;
112) әкелінетін карантинге жататын өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлейді;
113) карантинге жататын өнім тізбесін әзірлейді;
114) топырақ құнарлылығын сақтау, өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді;
115) өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
116) карантинге жататын өнім транзитінің шарттарын айқындайды;
117) карантинге жататын өнімге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар береді;
118) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеуді, өндірістік сынауды және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
119) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану құқығына тіркеу куәлігін беруді жүзеге асырады;
120) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
121) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
122) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастырады;
123) фитосанитариялық іс-шаралар ұйымдастыруды жүзеге асырады;
124) пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;
125) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу немесе оның күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
126) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
127) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндік объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы дерекқор құрады және мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
128) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
129) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құрады;
130) пестицидтер (улы химикаттар) түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді;
131) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
132) тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтер (улы химикаттар) санын айқындайды;
133) өсімдік шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
134) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
135) фитосанитариялық бақылау бекеттеріне әкелінетін карантинге жататын өнімді көлік құралдарын, қол жүгін және багажды тұрақты бастапқы карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде - үлгілерді іріктеп алып, оны зертханалық сараптауды жүргізеді әрі әкелінетін және әкетілетін карантинге жататын өнімге құжаттарды қарайды;
136) әкелінетін карантинге жататын өнімнің түпкілікті қабылданатын пункттерінде оның шыққан аумағы мен орнының, межелі пунктінің, сондай-ақ карантиндік объектілер таралмаған немесе олар мәнсіз аз таралған аймақтардың фитосанитариялық сипатын ескере отырып, осы өнімді тұрақты қайталама карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде - үлгілерді іріктеп алып оны зертханалық сараптауды жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
137) әкетілетін карантинге жататын өнімді тиеп жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде - үлгілерді іріктей отырып, оны зертханалық сараптауды және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
138) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетілетін және транзиттік карантинге жататын өнімдердің карантиндік құжаттарының бар болуын және дұрыс ресімделуін тұрақты негізде қарайды;
139) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жататын өнімді тұрақты тексеріп қарауды, қажет болғанда - үлгілерін іріктей отырып, оған зертханалық сараптау жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
140) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;
141) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
142) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде импорттық егу және отырғызу материалының карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен көмескі залалдануының болуын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
143) өсімдік қорғау және карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
144) жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
145) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
146) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнайы қоймаларды (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын әзірлейді;
147) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаларының негізінде карантиндік шаралар әзірлейді;
148) астық және оның тіршілік циклының процестері бойынша техникалық регламенттер әзірлейді;
149) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
150) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
151) астық нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіреді және реттейді;
152) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
153) астық өндірушілерді қорғауда демпингке қарсы шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
154) астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлейді;
155) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
156) астық сақтау қағидаларын әзірлейді;
157) астық қолхаттарын беру, айналымы және оны өтеу қағидаларын әзірлейді;
158) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
159) электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
160) астық қолхаттарының үлгілерін және астық қолхаты жазылатын бланкілерді шығару, алу, сақтау және жою қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды әзірлейді;
161) астық нарығының мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
162) астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
163) мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
164) астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
165) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелер негізінде жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астық нарығына қатысушылардағы астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексереді;
166) облыстар бөлінісінде мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлейді және бекітеді;
167) сатып алу бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
168) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;
169) агент пен отандық астық өндіруші, сондай-ақ агент пен астық экспорттаушы арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
170) ішкі нарықты реттеу мақсатында агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
171) астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
171-1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
172-1) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндетті сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
172) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растаулардың нысандарын әзірлеп, бекітеді және оны астық экспорттаушыға береді;
173) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану қағидалары жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
174) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы жария шарттардың үлгі нысандарын әзірлейді;
175) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құрудың, жұмыс істеуінің және таратудың талаптарын, астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алудың тәртібін, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуі тәртібін әзірлейді;
176) дәнді дақылдар өсіру технологиясын дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді;
177) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды;
178) мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарымен және көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарымен астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуді келіседі;
179) астық қабылдау кәсіпорындарының: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарын беру, айналымы және өтеу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелердің негізіндегі тоқсан сайынғы жоспарлы тексеріс, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініші негізіндегі жоспардан тыс тексеріс түрінде жүзеге асырады;
180) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталуы тұрғысынан астық экспорттаушылар қызметін бақылауды жүзеге асырады;
181) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқама береді;
182) астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтау тұрғысынан астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
183) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
184) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;
185) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелтуге және тасымалдауға (орын ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады;
186) астық қауіпсіздігі мен сапасына бақылауды жүзеге асырады;
187) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға бақылауды жүзеге асырады;
188) ветеринариялық-санитарлық бақылау мен қадағалауға жататын техникалық регламенттерді әзірлейді;
189) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді;
190) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
191) ветеринария саласындағы нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
192) ветеринария мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
193) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
194) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есеп және есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
195) бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепті және есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлейді;
196) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
197) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын әзірлейді;
198) жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
199) экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді;
200) алдын алу, диагностика және жою бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін әзірлейді;
201) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өмірі мен денсаулығы үшін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сәйкес келетін ветеринариялық нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
202) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және нормативтерді, нормативтік құжаттарды әзірлейді;
203) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдар құрады;
204) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
205) малды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді;
206) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындау (малды сою), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді;
207) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді;
208) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
209) жаңадан жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаларды келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
210) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
211) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлейді;
212) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін лицензиялауды жүзеге асырады;
213) жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
214) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестiгiн айқындау тәртiбiн белгiлейдi;
215) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
216) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізеді;
216-1) ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
217-1) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы мәніне жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде ветеринария саласындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;
217) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
218) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді;
219) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды;
220) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі;
221) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
222) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады;
223) ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
224) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
225) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлейді;
226) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады;
227) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді және береді;
228) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штамдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткізілуін), сақталуын және жойылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
228-1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
228-2 жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
229) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидаларын әзірлейді;
230) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі;
231) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлейді;
232) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді;
233) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру ережелерін бекітеді;
234) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат ұсынады;
235) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
236) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
237) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөпке және жемшөп қоспаларына қорытындылар береді;
238) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар береді;
239) бірінші рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасының аумағына бірінші рет әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
240) жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізеді, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды тексереді;
241) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық құжаттарды береді;
242) ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөп қоспаларының Мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
243) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы жеке және заңды тұлғаларға келіседі;
244) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамалардың жобаларын келіседі;
244-1) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
245-1) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;