7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;
8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушіге ұсынуы.
Заңның 32-бабының 2) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі және тапсырыс берушінің бекітуі талап етілмейді. Мұндай жағдайда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ конкурс және (немесе) өтпеді деп танылған аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың конкурстық және (немесе) аукциондық құжаттамасында көзделген тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен мерзімі және оларға ақы төлеу шарттары қолданылады.
143. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшыны не сараптама комиссиясын тартуға құқылы. Сарапшыны не сараптама комиссиясын тарту осы Ереженің 35-тармағында белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
144. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуді қамтамасыз етеді.
145. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге жазбаша нысанда Заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
146. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 147-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147. осы Ереженің 124-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.
Осы Ереженің 124-тармағының 3) тармақшасында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 6-тармағының талаптарын бұзған адамды қоспағанда, рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурстық өтінім берген әлеуетті өнім берушіге ең жоғары шартты жеңілдікпен сұрау салу жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 148-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
148. Осы Ереженің 124-тармағының 4) және 5) тармақшаларында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық баға ұсынысы жалғыз қабылданған болып табылатын конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушіге не конкурсқа қатысушыға сұрау салу жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 148-1-тармақпен толықтырылды
148-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 155-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайда сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 148-2-тармақпен толықтырылды
148-2. Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеген деп танудың негізінде бір көзден сатып алу шарты туралы ақпарат өткізілмеген деп танылған конкурстың немесе аукционның конкурстық немесе аукциондық құжаттамасына сәйкес болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 149-тармақ өзгертілді
149. Әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оның осы Ереженің 51-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны жібереді.
Заңның 32-бабының 4) тармақшасының негізінде мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда әлеуетті өнім берушіден мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзінің жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Егер неғұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
150. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қол қою үшін берілетін бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
2) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабының 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
151. Егер бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптама комиссиясы не сарапшы бекітілген жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса тіркеледі.
152. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастыруға тиіс.
153. 152-тармақтың шарты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын оларды бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 154-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
154. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу:
1) егер әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;
2) егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер әлеуетті өнім беруші қатысудан бас тартқан жағдайларда өтпеді деп танылады.
6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
155. Тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр бетіне бұрыштама соғуға тиіс осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сай үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын тапсырыс беруші өнім берушіге жібереді.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 156-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 156-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
156. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
157. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 158-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
158. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта авансты төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауы тиіс.
159. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы.
160. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
161. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.20.12 № 2138 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 162 тармақ өзгертілді
162. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша тауар биржалары арқылы айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ оны Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда берген өнім берушілерге қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 163-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
163. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
164. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 164-1-тармақпен толықтырылды
164-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өз конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау
165. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
166. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
7. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгі талаптар
Әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала
іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне
қойылатын талаптар
167. Арнайы тәртіпті Заңның 42-бабының 1-тармағында көрсетілген тапсырыс берушілердің басқару органдары бекітеді және мыналарға:
1) әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) біліктілік талаптарын белгілеуге;
2) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібіне;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 4) тармақшамен толықтырылды
4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушілерге қолдау көрсету тәртібіне
168. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) енгізу үшін әлеуетті өнім берушілерге біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға арналған құжаттарды қабылдау күнін, сондай-ақ Тізбеге енгізу үшін біліктігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы әлеуетті өнім берушілерге берілетін хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) мәтінін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 169-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
169. Хабарлама мәтінінде бұлардан басқа, тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар сұрау салу болуға тиіс.
170. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
171. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті берушілердің арасында біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы Хабарлама беруді жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталады
1) Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін Заңға сәйкес уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға хабарландыру мәтінін Бюллетенде жариялау үшін жіберуге;
2) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға;
3) уәкілетті органға Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтіні орналастырылған тапсырыс берушінің интернет-ресурсының электрондық мекен-жайын жіберуге;
4) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен Хабарлама алған адамның орналасқан жері, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ ол туралы басқа да мәліметтерді көрсете отырып, Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны табыс ету фактісінің тіркелуін қамтамасыз етуге тиіс.
Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны қайта жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиіс.
172. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізу үшін әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (бұдан әрі - Өтінім) қарау директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген мерзімде жүргізіледі.
173. Әлеуетті өнім берушілер Хабарламада сұрау салынатын құжаттардың толық тізбесін ұсынуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 174-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
174. Әлеуетті өнім берушілердің Өтінімдері тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады.
175. Тізбеге енгізуге өтінімдерді қарауды директорлар кеңесі не бірінші басшы құрған комиссия жүзеге асырады.
176. Өтінімдерді қарау кезінде комиссия жазбаша нысанда мыналарды:
1) Өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың Өтінімдеріне байланысты материалдарды және түсіндірмелерді;
2) Өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады.
Өтінімді жетіспей тұрған құжаттармен толықтырудан, Өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге орай Өтінімді Хабарламаның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
177. Комиссия Өтінім, егер Өтінімде берілген мәнді қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, Хабардың талаптарына сай келетін ретінде қарайды.
178. Комиссияның отырысына әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілдері аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізу құқығымен қатыса алады.
179. Әлеуетті өнім беруші, егер:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) оның және (немесе) оның қосалқы мердігерінің не бірлескен орындаушысының тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) оның Өтінімі Хабарламаның талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, Тізбеге енгізілмейді.
180. Егер әлеуетті өнім беруші Тізбеге енгізілмеген жағдайда, онда Тізбеге енгізу туралы хаттамада Өтінімді қайтарудың негіздемесі көрсетіледі.
181. Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілу үшін уәкілетті органға жіберілуге тиіс.
182. Комиссия Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына және Хабарламаның өзге де талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды Тізбеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 183-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
183. Тізбеге енгізу туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілерді Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойды.
184. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Өтінім берген әлеуетті өнім берушілерді комиссияның қабылдаған шешімі туралы:
1) Тізбеге енгізу туралы хаттаманың көшірмесін беру не жіберу;
2) қол қойылған хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлауға тиіс.
185. Комиссияның Тізбеге енгізу туралы шешіміне Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін
қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптар
186. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Тізбені қалыптастырады.
187. Директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 1) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталады
1) Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға Тізбенің мәтінін Бюллетеньде жариялау үшін Тізбенің мәтінін жіберуге;
2) Тізбенің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына тізбе мәтінін орналастыруға тиіс.
188- тармаққа өзгеріс енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысын қара (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 188- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
188. Тізбе директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген білікті әлеуетті өнім берушілердің ең аз санынан тұруға тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тоқсан сайын Тізбені жаңартып отыруға тиіс. Тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілер директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде олардың тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына және Хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растауды беруге тиіс. Осындай талаптарға сәйкестігі расталмаған жағдайда, көрсетілген әлеуетті өнім беруші директорлар кеңесі немесе бірінші басшы бекіткен мерзімде Тізбеден шығарылады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай жағдай болған кезде осы Ереженің 187-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиіс.
Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің
баға ұсыныстарына сұрау салу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне
қойылатын талаптар және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
189. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мерзімін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.
190. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы техникалық тапсырманы, техникалық ерекшелікті, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, шарттың елеулі талаптарын, сондай-ақ өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің басқа да талаптарын қамтитын сатып алу шартын (бұдан әрі - Талаптар) әзірлейді және тапсырыс берушіге бекітуге ұсынады.
191. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші Талаптарды бекіткеннен кейін олардың сатып алу затын жеткізуге Өтінімдер беру мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ мұндай өтінімдерді қарау тәртібін көрсете отырып, оларды Тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілерге жібереді.
192. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы Талаптарда көрсетілген күні, уақыты мен орнында өткізіледі. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына әлеуетті өнім беруші және (немесе) аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізуге құқығы бар оның уәкілетті өкілі қатысуға тиіс.
193. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға Талаптарда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді табыс етеді.
194. Әлеуетті өнім берушінің бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
195. Конкурстық комиссия хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді ұсынған әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді Талаптарда белгіленген мерзім өткенге дейін енгізеді.
196. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады және оларға әрбір конкурстық баға ұсынысын жариялайды.
197. Әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
198. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамайды. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі осы Ережеде айқындалады;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.
199. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 200-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
200. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазын анықтаған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді, оған отырысқа қатысқан барлық конкурстық комиссия мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы қол қояды.