121) мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша, жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар, банкрот, қайта ұйымдастырылған, таратылған, жұмысының бейіні өзгерген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
122) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктерінің тізбесін келісу;
123) Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру ережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүзеге асыру және ол туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндау;
124) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді брондау бойынша жұмысын үйлестіру;
125) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірыңғай үйлестіру кеңесінің, Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Сауда саясатының мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін қамтамасыз ету және Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық экономикалық және басқа да консультативтік-кеңесші органдарға қатысты;
126) Министрліктің құзыреті шегінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
127) Министрліктің құзыреті шегінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
128) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
129) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді жобаларын келісу және олар бойынша қорытындылар беру;
130) заң жобаларының ғылыми-экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
131) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары ұсынатын тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингтеу, сондай-ақ ішкі айналым, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарына уәкілетті органның (ұйымның) мәртебесін анықтауы үшін тауардың шығарылуы туралы сертификат беруді мониторингтеу;
132) Қазақстан Республикасының аумағында сандық шектеулерді қолданбай талқылау объектісі болып табылатын тауарлар импортын лицензиялау;
133) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау;
134) құзыреті шегінде жекелеген тауарлар түрлерінің импортына рұқсаттар беру;
135) лицензиалық бақылау;
136) лицензиялардың тізілімін жүргізу;
137) сауда өкілдіктерінің, сондай-ақ олардың қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету қызметін бақылау;
138) оларға қатысты сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын қазақстандық тауарлардың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағынан кері экспортына рұқсаттар беру;
139) республикалық және халықаралық көрмелерді, жәрмеңкелерді өткізуге бастамашылық жасау қатысу және ұйымдастыру;
140) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
141) сауда қызметі саласында орталық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
142) халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлеу;
143) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу және оларға жыл сайынғы шекті мәндер негізінде бағаларды анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
144) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің шекті мәндерін белгілеу тәртібін әзірлеу;
145) тауарлар биржалары қызметін мемлекеттік реттеу және «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар биржалары саласындағы мемлекеттік бақылау;
146) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын іске асыру;
147) кәсіпкерлік ортаға, жеке кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық ахуалына және инфроқұрылымына талдау жүргізу;
148) республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету;
149) мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру мен оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласында мемлекеттік саясатты және ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту шараларын іске асыру;
150) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;
151) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік саясатты насихаттау;
152) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелерінде инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жағдай жасау;
153) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастыру;
154) инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда шағын кәсіпкерліктің қатысуы үшін жағдай жасау;
155) шағын кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
156) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
157) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік шараларын орындауды ұйымдастыру және үйлестіру;
158) өңірлерді/аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
159) Елді аумақтық-кеңістік дамытудың болжамды схемасының негізгі бағыттарын іске асыру және мониторингтеу;
160) өңірлік даму саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру және мониторингтеу;
161) құзыреті шегінде Аумақты ұйымдастырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;
162) барлық деңгейдегі аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу;
163) жекелеген проблемалы аумақтар мен елді мекендердің кешенді даму жоспарларын орындауды іске асыру, мониторингтеу;
164) қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін анықтау үшін тексерулер жүргізу, олардың бәсекелестік басымдықтарын айқындау;
165) өңірлердің экономикалық әлеуетін жандандыру, қолда бар активтер мен өңірлерді шаруашылық айналымына тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
166) жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдау тетіктерін іске асыру;
167) Министрліктің құзыреті шегінде өңірлік даму саласында халықаралық жобаларды іске асыру;
168) өңірлер бөлінісінде экономикалық әлеуеті жоғары, орта, төмен елді мекендер тізбесін келісу;
169) қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
12. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
13. Министрлікті Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Министр басқарады.
Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
14. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
15. Министр осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;
4) қызметінде өзінің бақылауындағы ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өз құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
7) ведомстволардың актілерінің әрекетін толық немесе бір бөлігін тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды.
16. Министрлік аппаратына басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы жүзеге асырады.
17. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылық етуді жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртіптерінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысы мен құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің басшылары мен басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынылатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрдің келісімі бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарларға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
12) Министрдің келісімі бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің стратегиялық жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы Операциялық жоспарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және оның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;
21) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
22) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;
23) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тиісті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
19. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
20. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алқа болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының басшылары арасынан Министр бекітеді. Министрдің орынбасарлары және Жауапты хатшы лауазымдар бойынша алқа мүшелері болып табылады.
21. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
22. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.
23. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Министрліктің өзіне бекітіп берілген мүлікті, егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2006.12.10. № 982; 2008.17.07. № 693 (бұр.ред.қара); 2010.30.03. № 254 (бұр.ред.қара); 2011.19.05. № 544 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.26.07. № 858 Қаулыларымен (бұр.ред.қара); 2011.28.10. № 1224 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1116 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2007.26.01. № 61 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы.
2. ҚР Үкіметінің 2011.19.05. № 544 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007.19.01 № 39 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2008.17.11 № 962 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
5. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы.
6. «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы.
7. «Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі.
8. «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы