қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға қатысуға міндетті.
10-2-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау
Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау үшін осы объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының және терроризм актілерінің салдарларын жоюға және (немесе) барынша азайтуға мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың дайындығының деңгейін арттыру жөніндегі құқықтық, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, арнайы, күзеттік және өзге де шаралар жүзеге асырылады.
10-3-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының міндеттері
1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік іс-әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау мақсатында:
1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;
2) үлгілік паспорттың негізінде - өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;
3) персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;
4) жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;
5) объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.
Терроризм актісі жасалған жағдайда меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары және (немесе) қызметкерлері жасалған терроризм актісі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе ішкі істер органдарына дереу хабарлауға және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Тиісті іс-шараларды іске асыру мақсатында меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары қажетті қаржыландыруды көздеуге міндетті.
3. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының аталған міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
9) 13-бапта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтары құрылады.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органының бастығы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысы болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң бастығы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетiлуге жататын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткiзу кезiнде республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.
Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтың басшысын Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан тағайындайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
10) 13-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Терроризм актісінің қоғамдық қауіптілігінің ауқымы мен дәрежесіне, күтілетін теріс салдарларына қарай терроризмге қарсы операцияға басшылық жасауды республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабының басшысы жүзеге асырады.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) терроризм актісінің жасалғаны туралы немесе оның дайындалып жатқаны туралы, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияның басталғаны туралы расталған ақпаратты алған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне дереу хабарлайды;»;
11) мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2, 14-3-баптармен толықтырылсын:
«14-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін терроризм актілерінің жолын кесуге тарту
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:
1) терроризм актісін жасау үшін пайдаланылатын не террористер басып алған әуе кемелері ұшуының жолын кесуге;
2) Қазақстан Республикасының ішкі суларында және аумақтық теңізінде, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында орналасқан теңіздегі экономикалық қызмет объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесуге, сондай-ақ теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген тәртіппен терроризмге қарсы операцияның өткізілуіне қатысуға тартылады.
2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолданады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шегіне қатысты бөлігінде «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері қолданылады.
14-2-бап. Әуе кеңістігіндегі терроризм актілерінің жолын кесу
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы әуе кеңістігіндегі терроризм актісінің қатерін жою немесе жолын кесу мақсатында қолданады.
2. Егер әуе кемесі жердегі басқару пункттерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы радиокомандаларына және (немесе) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оны жолдан ұстап қалуға көтерілген ұшу аппараттарының радиокомандалары мен көрінетін белгілеріне ден қоймаса не себебін түсіндірмей, радиокомандаларға және көрінетін белгілерге бағынудан бас тартса, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы осы әуе кемесін қонуға мәжбүрлеу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданады. Егер әуе кемесі қону туралы талаптарға бағынбаса және адамдардың қаза табуының не техногендік апат туындауының нақты қаупі төнсе, қару мен жауынгерлік техника аталған әуе кемесін жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданылады.
3. Егер әуе кемесін терроризм актісін жасау үшін пайдалану туралы немесе әуе кемесін басып алу туралы анық ақпарат бар болса және бұл ретте қалыптасқан мән-жайлардан туындайтын, оны қондыру үшін қажетті барлық шаралар таусылса және адамдардың қаза табуының не техногендік апат туындауының нақты қаупі төнсе, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қару мен жауынгерлік техниканы аталған әуе кемесін жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданады.
14-3-бап. Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде терроризм актілерінің жолын кесу
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актісінің қатерін жою мақсатында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қару мен жауынгерлік техниканы қолданады.
2. Егер теңіз немесе өзен кемелері және корабльдер (жүзу құралдары) Қазақстан Республикасының су кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы командаларға және (немесе) белгілерге ден қоймаса не тоқтау туралы талаптарға бағынудан бас тартса, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери корабльдерінің (ұшу аппараттарының) қаруы терроризм актісінің қатерін жою мақсатында жүзу құралын тоқтауға мәжбүрлеу үшін қолданылады. Егер жүзу құралы тоқтау туралы талапқа бағынбаса және (немесе) оны тоқтауға мәжбүрлеу мүмкін болмаса және бұл ретте қалыптасқан мән-жайлардан туындайтын, оны тоқтату үшін қажетті барлық шаралар таусылса және адамдардың қаза табуының не экологиялық апат туындауының нақты қаупі төнсе, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери корабльдерінің (ұшу аппараттарының) қаруы жүзу құралын жойып жіберу арқылы оның қозғалысының жолын кесу үшін қолданылады.»;
12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақтағы құқықтық режим
1. Терроризм актісінің жолын кесу және оны ашу, оның салдарларын барынша азайту, тізбесі «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау мақсатында терроризмге қарсы операция басшысының шешімі бойынша оның өткізілу шегінде терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі оны өткізу кезеңіне енгізілуі мүмкін.
2. Терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу туралы шешім (шегінде (соларда) осындай режим енгізілетін аймақты (объектілер тізбесін) және қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер тізбесін айқындауды қоса алғанда) және оның күшін жою туралы шешім тиісті аумақтың халқына, жергілікті атқарушы органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, ұйымдарының әкімшіліктеріне, объектілерінің басшыларына бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілері арқылы дереу жеткізіледі.»;
13) 15-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) күзет қызметін тоқтата тұру.»;
14) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Терроризм актісінің салдарынан немесе оның жолын кесу кезінде келтiрiлген зиянды өтеу
1. Жеке және заңды тұлғаларға терроризм актісінің салдарынан келтірілген мүліктік зиянды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Терроризм актісінің салдарынан келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру оны жасаған адамдардың есебінен жүзеге асырылады.
3. Терроризм актісінің жолын кесу кезінде терроризм актісін жасаушы адамның (адамдардың) денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян, сондай-ақ осы адамның (адамдардың) өлуінен туындаған зиян өтелуге жатпайды.
4. Терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
15) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлген адамдарды жерлеу тәртібі
Терроризм актісін жасауы салдарынан, сондай-ақ олар жасаған терроризм актісінің жолын кесу кезінде өлгендіктен, террористік іс-әрекетке қатысуына байланысты өздеріне қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылған адамдарды жерлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Аталған адамдардың мәйіттері жерлеуге берілмейді және олар жерленген орын туралы хабарланбайды.».
10. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат):
2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бұқаралық ақпарат құралдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге міндетті.».
11. «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат):
8-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің талап етуі бойынша терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аймақтағы күзет қызметін тоқтата тұруға міндетті.».
12. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;»;
2) 31-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады.».
13. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
6-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «тоқтатыла тұрса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.» деген сөздер «тоқтатыла тұрса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы қаңтардың 8-і.
№ 63-V