3. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру күнінде мынадай шарттардың біреуі немесе бірнешеуі бар болғанда:
салық төлеуші осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемелерін орындамағанда;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен аталған салық төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында белгіленген құжаттар тапсырылмаса;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) және 5) тармақшалармен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4) заңды тұлғаның құрылтайшысы:
әрекетсіз заңды тұлға;
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы;
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға болып табылса;
5) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер:
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы;
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға болып табылса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.
4. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге қолын қойғызып немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.
570-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қатаң есептілік бланкісі болып табылады және салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәліктің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып беріледі.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік мынадай міндетті деректемелерді:
1) салық төлеушінің атауын және (немесе) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2) сәйкестендіру нөмірін;
3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнін;
4) салық органының қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікке қол қойған күнімен оны беру күнінің сай келуін;
5) куәлік берген салық органының атауын қамтиды.
3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қосылған құн салығын төлеушіде сақталады.
4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік, салық төлеуші куәлікті жоғалтып алған жағдайды қоспағанда, салық органына қайтарылуы тиіс.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
5. Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiктi ауыстыруды:
1) қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiгi жоғалған (бүлiнген) жағдайда - салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi негiзiнде;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қосылған құн салығын төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе атауы өзгерген жағдайда - салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесi атының (ол болған кезде) немесе атауы өзгеруi туралы сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерi негізінде;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде үш жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi.
Салық төлеуші осы тармақшада көзделген салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесін - оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, қоса береді.
Сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың, оның ішінде нотариат куәландырған көшірмесі қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке, оны осындай салық органына осы Кодекске сәйкес оған сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында ауыстыру не басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.»;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы жаңа куәлік берілген кезде бұрын салық органы берген куәліктің бланкісі, салық төлеуші аталған куәлікті жоғалтып алған (бүлдірген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.
571-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Мынадай шарттар бір мезгiлде сақталған жағдайда:
1) салық салынатын айналым мөлшерi салықтық өтiнiш берiлген жылдың алдындағы күнтiзбелiк жыл үшiн осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан аспаса;
2) салық салынатын айналым мөлшерi мұндай салықтық өтiнiш берiлген ағымдағы күнтiзбелiк жылдың бастапқы кезеңi үшiн осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан аспаса, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығару үшiн қосылған құн салығын төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтінішке мынадай құжаттар:
1) салық төлеуші куәлікті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің түпнұсқасы;
2) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық органдары салық төлеушiнi осы баптың 2-тармағында белгiленген талап сақталған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығаруды салық төлеушiнiң салықтық өтiнiш берген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзуге мiндеттi. Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығару күнi мұндай салық төлеушiнiң салық органына салықтық өтiнiш берген күнi болып табылады.
Салық органдары салық төлеушiге салық төлеушiнiң салықтық өтiнiш берген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарудан мынадай:
1) салықтық өтiнiш берген жылдың алдындағы күнтiзбелiк жыл үшiн салық төлеушiнiң салық салынатын айналымының мөлшерi осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан асып түскен;
2) мұндай салықтық өтiнiш берiлген ағымдағы күнтiзбелiк жылдың бастапқы кезеңi үшiн салық төлеушiнiң салық салынатын айналымының мөлшерi осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан асып түскен жағдайларда бас тартады.
Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарудан бас тарту туралы шешiм уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша мұндай бас тартудың себебi көрсетiле отырып, салық төлеушiге жеке қолын қойғызу арқылы немесе жiберу фактiсiн растайтын өзге тәсiлмен табыс етiледi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару салық төлеушіні хабардар етпестен мынадай:
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны табыс етудің белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң табыс етпеген;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3) сот үкімінің заңды күшіне енген не қаулысы негізінде қосылған құн салығын төлеуші жалған кәсіпорын деп танылған;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
4) сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi негiзiнде дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны тiркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда жүргiзiледi.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша:
осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай анықталған күннен бастап;
осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;
салық органы соттың салық төлеушіні жалған кәсіпорын деп тану туралы заңды күшіне енген үкімін не қаулысын алған күннен бастап;
салық органы дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны тiркеудi жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығарады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен:
осы баптың 4-тармағы 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;
осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін -қылмыстық іс-әрекет басталған күннен бастап;
осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген тұлға үшiн - қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою күнiнен бастап шығарылды деп танылады.
7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасы аумағында филиал, өкілдіктер арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда - осы Кодекстің 37, 41-баптарында көрсетілген салықтық өтінішті тапсыру күнінен бастап;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) және 3) тармақшалар жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда - осы Кодекстің 39-бабында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап;
3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда - осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап жүргізіледі.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Қосылған құн салығын төлеуші банкроттық себебі бойынша таратылған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.
9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
10. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұруды салық төлеуші қызметін тоқтата тұру туралы салықтық өтінішінде көрсеткен кезеңге, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңге қосылған құн салығын төлеушінің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру туралы шешімнің негізінде жүзеге асырады.
Қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру мерзімін ұзартқан жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысы салық төлеушінің қызметті қайта бастау күніне дейін тоқтатыла тұрады.
11. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қолданысының тоқтатыла тұруы туралы ақпарат қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтата тұру кезеңі көрсетіле отырып уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
§ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі
572-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою
1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін салық төлеуші келу тәртібімен салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш береді.
Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш тапсыруы оның хабарламаларды кепілдік берілген жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электронды құжат алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларын алуға келісімі болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салық органы электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініші қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды тіркеу журналына қолын қойғызып:
1) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі ақпаратты электрондық жеткізгішті;
2) электронды құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді береді.
4. Электронды құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім нысанын уәкілетті орган белгілейді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Салық төлеушілер электрондық құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімде сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе, осындай келісімді осы тармақта белгіленген тәртіппен қайта ресімдеуге міндетті.
Мұндай келісімді қайта ресімдеуді электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы жүргізеді.
Салық төлеуші көрсетілген салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесін - оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда қоса береді.
Электрондық құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді қайта ресімдеу үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі, оның ішінде нотариат куәландырған көшірмесі, оны осындай салық органына ауыстыру не осы Кодекске сәйкес құжатқа сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Электрондық құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы қайта ресімделген келісімді алу кезінде бұрын салық органымен жасалған келісім салық төлеушінің аталған келісімді жоғалту жағдайларын қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 573-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
573-бап. Электрондық цифрлы қолтаңбаны ауыстыру және жою
1. Салық төлеушi электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшiн орналасқан немесе тұрғылықты жерi бойынша салық органына электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беруге:
1) электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешiм қабылдаған;
2) тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аяқталған;
3) электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жоғалған;
4) кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жұмыс iстемейтiндей болып бүлiнген жағдайларда құқылы.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Электрондық цифрлы қолтаңбаны жою салық төлеушiнiң салық органымен осы бапта белгiленген жағдайларда хабарламаның кепiлдi жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.
3. Салық органы электрондық цифрлы қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшiн электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
4. Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшiнсiз салық төлеушiнi мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастаған күннен бастап бір жұмыс күнi iшiнде электрондық цифрлы қолтаңбаны жояды.
5. Салық органы салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды уәкiлеттi органның электрондық цифрлы қолтаңбаны жою туралы шешiмi негiзiнде бір жұмыс күнi iшiнде:
1) салық төлеушiнi соттың заңды күшiне енген үкімі не қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын деп таныған жағдайда - салық органы соттың үкімін не қаулысын алған күннен бастап;
2) салық төлеушiнi мемлекеттік тiркеу жарамсыз деп танылған жағдайда сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi негiзiнде салық органы соттың шешiмiн алған күнiнен бастап жүргiзедi.
§ 5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі
574-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою
1. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтің мынадай түрлерін:
1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді;
2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;
3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;
5) темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
6) лотереялар ұйымдастыруды, өткізуді және лотерея билеттерін сатуды;
7) ойын бизнесін;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.
2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салық органдарында тіркеу болып табылады.
3. Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензиясының қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.
4. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін салық төлеуші салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша салық органына келу тәртібімен қызметтің жекелеген түрлерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсырады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып табыс етіледі:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 1-тармағы 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - меншік құқығын растайтын құжат немесе мұнай өнімдері базасын (ыдысты), автомобильге май құю станцияларын, алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу кезінде қойма (қосалқы, инженерлік-техникалық) үй-жайларды жалдау шарты;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 1-тармағы 1), 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - осы баптың 1-тармағы 1), 4), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялар.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеу карточкасын бере отырып, салық төлеушіні салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қояды.
Тіркеу карточкасы - салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің салық органдарында тіркелгенін куәландыратын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойған кезде салық органы беретін қатаң есептілік бланкісі.
Тіркеу карточкасын салық органы салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып береді.