450-бап. Қолдану шарттары
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
Салықтық өтiнiш арнаулы салық режимiн қолдануға арналған өтiнiште көрсетiлген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Жер учаскесіне құқық ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жоғарыда көрсетілген күннен кейін туындаған жағдайда, ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш салық органына аталған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.
Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келісімi болып есептеледi.
2. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, таңдап алынған салық салу режимi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.
3. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар салықтық өтiнiшпен бір мезгiлде нотариат куәландырған немесе селолық (кенттiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерiне құқық белгiлеу, сәйкестендiру құжаттарының көшiрмелерiн табыс етiледi.
Көрсетiлген құжаттардағы деректер өзгерген кезде не басқа жер учаскелерiне құқықтар туындаған кезде олар жаңадан табыс етiледi.
4. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер арнаулы салық режимiн қолдану үшiн әдiлет органында мемлекеттік тiркелген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салықтық өтiнiштi табыс етедi.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аталған арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар жер учаскесіне құқық ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан кейінгі кезеңде туындаған жағдайда, аталған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына жер учаскесіне құқық туындаған күннен бастап ағымдағы күнтізбелік жылда арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті табыс етеді.
6. Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiштi табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша оның арнаулы салық режимiн қолдану туралы немесе арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту туралы шешiмдi шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi.
Бір данасы салық төлеушiге оның қолы қойылып тапсырылады немесе салық органы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде салық төлеушi шешiмдi алу үшiн салық органына келмеген жағдайда, ол хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.
Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген шешiм салық төлеушi почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап салық төлеушiге тапсырылды деп есептеледi.
Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеуi және салық төлеушiнiң осы бапта белгiленген мерзiмдерде осы бапта аталған құжаттарды табыс етпеуi арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.
7. Осы Кодекстiң 448-бабында белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтатуға арналған салықтық өтiнiштi осындай сәйкессiздiк туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына табыс етедi.
8. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда:
1) осындай сәйкессiздiк туындаған айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 451-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
451-бап. Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі
Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпорациялық табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 процентке азайтылуға жатады.
Осы бапта көзделген корпорациялық табыс салығының сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепті салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып кетуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылатын қосылған құн салығының асып кету сомасын айқындау кезінде 70 пайызға азайтылуға жатады.
452-бап. Салық төлеу және салық есептілігін табыс ету мерзімдері
Бюджетке осы Кодекстің 451-бабында көрсетілген салықтар мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
19-БӨЛІМ. БАСҚА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР
64-тарау. ТІРКЕУ АЛЫМДАРЫ
453-бап. Жалпы ережелер
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тіркеу алымдары (бұдан әрі - алымдар) - уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодекстің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 455-бабы 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.
2. Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі - тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
3. Осы Кодекстің 583-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 454-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
454-бап. Алым төлеушілер
Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелер тіркеуші органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезінде алымдарды дербес төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен 455-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
455-бап. Салық салу объектісі
Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттері:
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мыналарды:
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;
дара кәсіпкерлерді;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды;
жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң ипотекасын;
ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды;
көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды, сондай-ақ оларды қайта тiркегені;
теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпарат агенттiгiн мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) 456 баптың 1-бағанына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 456-бап өзгертілді
456-бап. Алым ставкалары
Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымдарды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi және мыналарды құрайды:
| Рет № | Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері | Ставкалар (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: | |
| 1.1 | заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 1.1.1. | заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 6,5 |
| 1.1.2. | шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 2 |
| 1.1.3. | саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 14 |
| 1.2 | бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 1.2.1. | қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
| 1.2.2. | қайта тіркегені үшін | 0,5 |
| 1.3 | балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 1.3.1. | мемлекеттік тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) | 2 |
| 1.3.2. | қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | 1 |
| 1.4 | 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
| 2. | Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 2.1. | дара кәсіпкерлерді тіркегені үшін | 2 |
| 2.2. | дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 0,25 |
| 3. | жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 3.1 | мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін: | |
| 3.1.1. | пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға | 0,5* |
| 3.1.2. | көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа | 8* |
| 3.1.3. | гараждарға | 0,5* |
| 3.1.4. | мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар): | |
| 3.1.4.1. | бір объект | 10* |
| 3.1.4.2. | екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер | 15* |
| 3.1.4.3. | алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер | 20* |
| 3.1.4.4. | оннан көп жеке тұрған объектілер | 25* |
| 3.2 | шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін: | |
| 3.2.1. | көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа, тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін | 1 |
| 3.3. | жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін | 0,5* |
| 3.4. | сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін | 0,5 |
| 3.5. | кондоминиум объектісін тіркегені үшін | 1 |
| 3.6. | ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.7. | құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.8. | жылжмайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.9. | құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.10. | міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқықтарын басқаға беруді тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.11. | құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін | 0,25* |
| 3.12. | жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін | 0,5* |
| 3.13. | құқықтық талап етуді тіркегені үшін | 0,25 |
| 3.14. | Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекетік органдар салған (туындатқан) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін | 0 |
| 3.15. | республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін | 0 |
| 3.16. | жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) жүйелі түрде тіркегені үшін | 0 |
| 3.17 | мемлекеттік органдар шешімінің негізінде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастр нөмірлері өзгерген кезде тіркегені үшін | 0 |
| 3.18 | жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 0,25 |
| 4. | Жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін | |
| 4.1. | жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін: | |
| 4.1.1. | жеке тұлғалардан | 1 |
| 4.1.2. | заңды тұлғалардан | 5 |
| 4.2. | жылжымалы мүлік кепілінің және кеменің немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 0,5 |
| 5. | 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) |
| 5.1. |
| 5.2. |
| 5.3. |
| 5.4. |
| 5.4.1. |
| 5.4.2. |
| 6. | Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: | |
| 6.1. | мыналарды мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 6.1.1. | механикалық көлік құралын немесе тіркемені | 0,25 |
| 6.1.2. | теңіз кемелерін | 60 |
| 6.1.3. | өзен кемелерін | 15 |
| 6.1.4. | шағын флот кемелерін: | |
| 6.1.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 3 |
| 6.1.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 2 |
| 6.1.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді | 1,5 |
| 6.1.5. | азаматтық әуе кемелерін | 7 |
| 6.1.6. | ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды | 14 |
| 6.2. | мыналарды: | |
| 6.2.1. | механикалық көлік құралын немесе тіркемені | 0,25 |
| 6.2.2. | теңіз кемелерін | 30 |
| 6.2.3. | өзен кемелерін | 7,5 |
| 6.2.4. | шағын флот кемелерін: | |
| 6.2.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 1,5 |
| 6.2.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді | 1 |
| 6.2.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді | 0,75 |
| 6.2.5. | азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін | 7 |
| 6.3. | мыналардың: | |
| 6.3.1. | механикалық көлік құралының немесе тіркеменің | 0,25 |
| 6.3.2. | теңіз кемелерінің | 15 |
| 6.3.3. | өзен кемелерінің | 3,75 |
| 6.3.4. | шағын флот кемелерінің: | |
| 6.3.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердіі | 0,75 |
| 6.3.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердіі | 0,5 |
| 6.3.4.3. | өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелердіі | 0,38 |
| 6.3.5. | азаматтық әуе кемелерінің | 3,5 |
| 6.3.6. | ғарыш объектілерінің және оларға құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 3,5 |
| 7. | Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін: | |
| 7.1. | дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркегені үшін | 11 |
| 7.2. | дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қайта тіркегені үшін | 5 |
| 7.3. | мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: | 0,7 |
| 8. | Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тiркегені үшін: | |
| 8.1. | авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тiркегені үшін | 3 |
| 8.2. | 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) |
| 8.2.1. |
| 8.2.2. |
| 8.3. | мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 2 |
| 9. | Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпарат агенттiгiн мемлекеттiк тiркегенi (есепке қойғаны) үшiн: | |
| 9.1. | балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы | 2 |
| 9.2. | өзге тақырыптағы | 5 |
| 9.3. | мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: | |
| 9.3.1. | балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы | 1,6 |
| 9.3.2. | өзге тақырыптағы | 4 |
Ескерту:
* Жылжымайтын мүлікке құқықтарды жылдамдатылған тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
457-бап. Алымдарды төлеуден босату
Алымдарды төлеуден мыналар:
1) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу кезінде:
шаруа немесе фермер қожалықтары;
І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
бөлек тұратын зейнеткерлер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл ішінде;
3) жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеу кезінде - мемлекеттік мекемелер;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар);
кәмелетке толмағандар босатылады.
458-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алымдардың сомалары белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
2. Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымдардың сомалары қайтарылмайды.
Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша олардың төленген жері бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиісті тіркеу органы берген құжаттарды олар табыс еткеннен кейін салық органдары жүргізеді.
65-тарау. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫМЕН