5) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.
404-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау
1. Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға берген кезде, салық төлеуші осы Кодекстің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.
3. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 405-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
405-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану кезінен бастап оларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
406-бап. Салық базасы
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалған салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары немесе аяқталған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:
Қ - салық салу мақсаты үшін мүліктің құны,
Қ б - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің бір шаршы метрінің базалық құны,
S - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің шаршы метрмен пайдалы ауданы,
К таб - табиғи тозу коэффициенті,
К функц - функционалдық тозу коэффициенті,
К айм - аймақтау коэффициенті,
К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің теңгемен көрсетілген бір шаршы метрінің базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады:
| Рет № | Елді мекеннің түрі | Базалық құн, теңгемен |
| 1 | 2 | 3 |
| | Қалалар: | |
| 1. | Алматы | 30000 |
| 2. | Астана | 30000 |
| 3. | Ақтау | 18000 |
| 4. | Ақтөбе | 18000 |
| 5. | Атырау | 18000 |
| 6. | Қарағанды | 18000 |
| 7. | Қызылорда | 18000 |
| 8. | Көкшетау | 18000 |
| 9. | Қостанай | 18000 |
| 10. | Павлодар | 18000 |
| 11. | Петропавл | 18000 |
| 12. | Талдыкорган | 18000 |
| 13. | Тараз | 18000 |
| 14. | Орал | 18000 |
| 15. | Өскемен | 18000 |
| 16. | Шымкент | 18000 |
| 17. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12000 |
| 18. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6000 |
| 19. | Кенттер | 4200 |
| 20. | Селолар (ауылдар) | 2700 |
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм, мұнда:
Қ - салық салу мақсаты үшін құн,
Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:
тұрғынжайдың салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері бойынша -25 процент, гараж бойынша - 15 процент,
S - тұрғынжайдың салқын жапсаржайларының, шаруашылық (қызметтік) құрылыстарының, шығыңқы ірге қабаттарының, жертөлелерінің, гаражының шаршы метрмен жалпы ауданы,
К таб - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған табиғи тозу коэффициенті
К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті,
К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймақтау коэффициенті.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозу коэффициенті амортизация нормаларын және тиімді уақытын есепке ала отырып, мына формула бойынша айқындалады:
К таб = 1 - М таб, мұнда:
М таб - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозуы.
Табиғи тозу мына формула бойынша айқындалады:
М таб = (Т баз - Т п.б) х Наморт/100, мұнда:
Т баз - салық есептелген жыл,
Т п.б - объектінің пайдалануға берілген жылы,
Н аморт - амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
| Рет № | Күрделік тобы | Ғимараттың сипаттамасы | Н аморт % | Қызмет ету мерзімі (жыл) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | 1 | Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар; | 0,7 | 143 |
| 2. | 2 | Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темір-бетонды, бетонды немесе ағаш; ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар | 0.8 | 125 |
| 3. | 3 | Қабырғалары жеңілдетіліп қаланған кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, жеңілдетіліп монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар | 1,0 | 100 |
| 4. | 4 | Қабырғалары аралас, кесілген ағаштан немесе бедерлі кірпіштен қаланған ғимараттар | 2,0 | 50 |
| 5. | 5 | Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар | 3,3 | 30 |
| 6. | 6 | Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар | 6,6 | 15 |
Егер тастан қаланған немесе тасымалы панелді тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозуы 70 проценттен жоғары болса, оның ішінде материалдардан салынған үйлерде 65 проценттен жоғары болса, онда 0,2-ге тең табиғи тозу коэффициенті қолданылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің сапасына қойылатын талаптарды ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мына формула бойынша есептеледі:
К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:
К қаб - тұрғынжайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін есепке алу коэффициенті,
К бұр - тұрғынжайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскелерінде орналасуын есепке алу коэффициенті,
К қ. мат - қабырға материалын есепке алу коэффициенті,
К жайл - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін есепке алу коэффициенті,
К жылу - жылыту түрін есепке алу коэффициенті.
Қабатына байланысты мынадай қабаттылықтың түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:
| Рет № | Қабат | К қабат |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бірінші | 0,95 |
| 2. | Аралық немесе жеке тұрғын үй | 1,00 |
| 3. | Соңғы | 0,9 |
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.
Тұрғынжайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскелеріндегі орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:
| Рет № | Тұрғынжайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскесінде орналасуы | К бұр |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бұрыштағы пәтер | 0,95 |
| 2. | Бұрышта орналаспаған пєтер немесе жеке тұрғын үй | 1,0 |
Қабырға материалына байланысты мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:
| Рет № | Қабырға материалы | Коэффициент |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Кірпіштен | 1,1 |
| 2. | Керамзит бетон блоктардан құралған | 1,0 |
| 3. | Керамзит бетон блоктардан құралған, кірпішпен қапталған | 1,05 |
| 4. | Темірбетон панелден | 1,0 |
| 5. | Кiрпiшпен қапталған темірбетон панелден | 1,05 |
| 6. | Балшықтан - саманнан | 0,5 |
| 7. | Саманнан, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған | 0,6 |
| 8. | Монолитты шлакты-бетонды | 0,7 |
| 9. | Темірбетон блоктардан | 1,0 |
| 10. | Жиналмалы-қалқанды | 0,6 |
| 11. | Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған | 0,75 |
| 12. | Кесiлген ағаштан | 0,85 |
| 13. | Шпалдан | 0,75 |
| 14. | Шпалдан, кiрпiшпен қапталған | 0,95 |
| 15 | Қамыс қаңқалы | 0,6 |
Тұрғынжайды, саяжай құрылыстары немесе аяқталмаған құрылыс объектісін барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.
Адамдардың тұруы (тұрмыстық), келуі үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде, 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.
Жылыту түріне байланысты мынадай жылытудың түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:
| Рет № | Жылыту түрі | К жылу |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Орталықтан жылыту | 1,0 |
| 2. | Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту | 0,98 |
| 3. | Қатты отын арқылы сумен жергiлiктi жылыту | 0,95 |
| 4. | Пешпен жылыту | 0,9 |
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алатын аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аймаққа бөлу коэффициентiн есептеу әдістемесіне сәйкес жергіліктi атқарушы органмен келiсiм бойынша белгілейді.
Аймаққа бөлу коэффицентін есептеу әдістемесін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
7. Айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеру коэффициентi (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек. өзг = ағ. ж. аек/өткен ж. аек, мұнда:
ағ. ж. аек - Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш;
өткен ж. аек - Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және өткен қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Салқын жапсаржайлар, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстар, шығыңқы iрге қабаттар, жертөлелер, гараж тұрғынжайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық базасы осы бапқа сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Бірнеше салық салу объектілері бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болып табылса, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық базасын әрбір объект бойынша дербес есептейді.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 407-бап жаңа редакцияда
407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат) осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, осы Кодекстің 57-тарауында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен мүлік салығын есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.
Мұндай ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
408-бап. Салық ставкалары
Салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,05 проценті |
| 2. | 1 000 000 теңгеден жоғары 2 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 процентi |
| 3. | 2 000 000 теңгеден жоғары 3 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 процентi |
| 4. | 3 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 процентi |
| 5. | 4 000 000 теңгеден жоғары 5 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 процентi |
| 6. | 5 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 5 800 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 процентi |
| 7. | 6 000 000 теңгеден жоғары 7 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 процентi |
| 8. | 7 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 процентi |
| 9. | 8 000 000 теңгеден жоғары 9 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 процентi |
| 10. | 9 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 процентi |
| 11. | 10 000 000 теңгеден жоғары 50 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 процентi |
| 12. | 50 000 000 теңгеден жоғары 120 000 000 теңгеге дейiн қоса алғанда | 223 300 теңге + 50 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 процентi |
| 13. | 120 000 000 теңгеден жоғары | 748 300 теңге + 120 000 000 теңгеден асатын соманың 1 процентi |
409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса, төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болған айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне барабар есептеледі.
Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек жүргізіледі.
5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын, уәкілетті орган беретін құжаттар болған жағдайда, салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
6. Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
8. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда, салық сомасы мүлікке меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі.
Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік құқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге мүлік салығының есептелген сомасы туралы салық органы жіберетін хабарламада оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Салықтың жылдық сомасын салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде (бастапқы тіркеуді қоспағанда) уәкілетті мемлекеттік орган салық салу объектілерінің құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңінде есептелген салық сомасы негізге алына отырып төленеді.
410-бап. Салық кезеңі
1. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есеп-қисабына кіреді
16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
59-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
411-бап . Төлеушілер
Мынадай:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
412-бап. Салық салу объектілері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор кассасы;
4) тотализатордың электронды кассасы;
5) букмекер кеңсесінің кассасы;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.
413-бап. Салық ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 413-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:
1) ойын үстеліне - айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматына - айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
3) тотализатор кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
4) тотализатордың электронды кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
414-бап. Салық кезеңі
Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
415-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 416-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
416-бап. Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi
1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.
2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшіндегі табыстың шектi мөлшерi:
1) казино қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;
2) ойын автоматтары залы қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;
3) тотализатор қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiн;
4) букмекер кеңсесi қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiн құрайды.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi мөлшерi Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.
417-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.
2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 418-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
418-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi бойынша салық органына табыс етіледі.
17-БӨЛІМ. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
60-тарау. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
1) бильярд үстелі - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);
3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);
4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі.
420-бап. Төлеушілер
Тіркелген салықты төлеушілер:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) картты (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.
421-бап. Тіркелген салық салу объектілері
Мыналар:
1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;