а. 31 ГГц-ден жоғары жиіліктердегі транзисторлық аспаптардың S-өлшемдерін өлшеуге арналған;
b. 333 МГц-ден астам жолдардың тест жүргізу жиілігімен функционалдық тесттерді орындауға қабілетті (ақиқаттық кестелер бойынша) интегралды схемаларды сынау үшін;
Ескерту: 3В002.b. тармақ төмендегілерді сынау үшін арнайы жобаланған сынақтар аппаратурасын бақыламайды;
1. Тұрмыстық немесе ойын электрондық аппаратурасына арналған «электронды жинамалар» немесе «электронды жинамалар» сыныбы аппаратураларын;
2. Бақыланбайтын электронды компоненттерді, «электронды жинамаларды» немесе интегралды схемаларды;
3. Есте сақтайтын құрылғыларды.
Техникалық ескерту:
Мұнда «тест жүргізу жиілігі» деп тестер цифрлық операцияларының жиілігі түсініледі. Сөйтіп, ол тестердің мультипликациялық режимде мәліметтер беруінің ең жоғары жылдамдығымен барабар. Ол сонымен қатар тестің жылдамдығы, ең жоғары цифрлық жиілік немесе ең жоғары цифрлық жылдамдық ретінде де белгілі.
с. 3А001.b.2. тармақта көрсетілген микротолқынды интегралды схемаларды сынау үшін;
3B002 а. 3B002 b. 3B002 с. | 9031 80 380 0 9031 80 390 0 9031 80 380 0 9030; 9031 20 000 0 9031 80 390 0 9031 80 380 9030 9031 20 000 0 9031 80 390 0 |
3С Материалдар
3С001 Келесі құрауыштардың кез келгеніне ие, бірнеше мәрте өсірілген эпитоксиалды қабаттары бар «төсемдерден» тұратын, гетероэпитоксиалды материалдар:
а. Кремний;
b. Германий;
с. Кремний карбиді; немесе
d. Галий немесе индий негізіндегі ІІІ/V қосылыстары;
Техникалық ескерту:
III/V қосылыс - Менделеев периодикалық жүйесінің IIIА және VА топтары элементтерінен тұратын (мысалы, галий арсениді, галий алюминоарсениді, индий фосфиті және т.б) поликристаллды немесе екі элементті немесе күрделі монокристаллды өнімдер;
3C001 а. 3C001 b. 3C001 с. 3C001 d. | 3818 00 3818 00 100 0 3818 00 900 0 3818 00 3818 00 900 0 3818 00 3818 00 900 0 3818 00 3818 00 900 0 |
3С002 Резистік элементтер және бақыланатын резистермен қапталған «төсемдер», мыналар секілді:
а. 350 мм-не кем спектральды сезімталдыққа пайдалану үшін арнайы бейімделген (оңтайландырылған), жартылай өтгізгіш витографияға арналған оң резистер;
b. 0,1 мкКлм/шаршы мм немесе жақсы сезімталдықтағы электрондық немесе иондық сәулелермен экспонирлеу кезінде пайдалануға арналған барлық резистер;
с. 2,5 мДж/шаршы мм. немесе одан жақсырақ сезімталдықтағы, рентген сәулелерімен экспонирлеу кезінде пайдалануға арналған барлық резистер;
d. «Силицирленген» резистерлерді қоса алғанда, суретті қалыптастыру технологиясына оңтайландырылған барлық резистер.
Техникалық ескерту:
«Силицирлеу» әдісі - бұл дымқыл және құрғақ көріністердің сапасын арттыру үшін резистің бетін тотықтандыруды қамтитын процестер;
3C002 а 3C002 d. | 8541 40 100 0 8443 31 8443 32 8443 39 8443 99 8541 40 900 0 |
3С003 Органикалық-органикалық емес қосылыстар, мыналар секілді:
а. 99,999%-тан жоғары тазалықтағы (металл негіздегі) алюминийдің, галлийдің немесе индийдің негізіндегі органикалық металдық қосылыстар;
b. 99,999%-тан жоғары тазалықтағы (органикалық емес элементтік негіздегі) органикалық-мүсәтірлік, органикалық-сүрмелі және органикалық-фосфорлы қосылыстар;
Ескерту: 3С003 тармақ тек металдық ішінара металдық немесе металл емес элементі молекуланың органикалық бөлігіндегі көміртегімен тікелей байланысты қосылыстарды ғана бақылайды;
3C003 а 3C003 b. | 2931 00 950 0 2931 00 950 0 |
3С004 Инертті газдарда немесе сутегіде ерігеннен кейін де 99,999%-тен жоғары тазалыққа ие фосфордың, мүсәтірдің немесе сүрменің гидриді;
Ескерту: 3С004 тармақ инертті газдардың немесе сутегінің 20% немесе одан көп мольден тұратын гидридтерін бақыламайды;
3C004 | 2848 00 000 0; 2850 00 200 0 |
3D Бағдарламалық қамтамасыз ету
3D001 3А001.b. бастап 3А001.g.-ні қоса алғандағы немесе 3В тармақтар бойынша бақыланатын жабдықты «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арнайы жасалған «бағдарламалық қамтамасыз ету»
3D001
3D002 «Жабдықта» қолдану үшін арнайы жасалған «бағдарламалық қамтамасыз ету»
а. 3В001.а.-дан f-ке дейін тармақ бақылайтын жабдықта; немесе
b. 3В002 тармақ бақылайтын жабдықта;
3D002
3D003 Бүркеме шаблондарды өткізгіштердің, диэлектриктердің немесе жартылай өткізгіш материалдардың нақты топологиялық суреттеріне айналдыру мақсатында литографиялау, қорыту және шөктіру операцияларының дәйектілігін «әзірлеуге» әдейі арналған, негізі ретінде табиғи қасиеттерді білдіру алынатын «бағдарламалық қамтамасыз ету».
Техникалық ескерту: табиғи себептер мен әсерлері секілді табиғи қасиеттер дәйектілігінің негізінде айқындау үшін 3.D.3. тармағындағы «Табиғи қасиеттерді есепке алуға» негізделген есептерді пайдалану.
Ескерту: Жартылай өткізгіш приборларды немесе интегралдық схемаларды жобалауға арналған кітапханалар, жобалық атрибуттар немесе тиісті деректер, «технология» ретінде қаралады;
3D003
3D004 3А103 тармақ бойынша бақыланатын жабдықты «әзірлеуге» арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
3D004
3D101 3А101.b. тармақ бойынша бақыланатын жабдықты «әзірлеуге» арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
3D101
3Е Технология
3Е001 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3А, 3В немесе 3С тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды немесе материалдарды «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған технология;
1-ескерту: 3Е001 тармақ 3А003 тармағы бақылайтын жабдықтар мен компоненттерді «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологияларды» бақыламайды.
2-ескерту: 3Е001 тармақ b. 3А001.а.3-тен 3А001. а. 12-ге дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын, төменде санамаланған екі белгіге ие интегралдық микросхемаларды (ИС) «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологияларды» бақыламайды:
1. 0,5 мкм немесе одан жоғары «технологияны» пайдаланатын; және
2. «Көп қабатты» құрылымдары болмайтын;
Техникалық ескерту:
«Көп қабатты құрылымдар» термині көп дегенде үш металл қабаты немесе үш поликремний қабаты бар аспаптарды қамтымайды;
3Е001
3Е002 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес, 3Е001 тармағынан басқа, микробақылаулар микросхемаларын, микро ЭЕМ микросхемаларын, секундына 530 млн. немесе одан жоғары теориялық операциялық (Мтопс) «жиынтық теориялық» өнімділігіне («ЖТӨ») және таңдама ұзындығы 32 бит немесе одан жоғары арифметикалық-логикалық құрылғыға ие микробақылаулар микросхемаларын «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологиялар».
Ескерту: 3Е001 тармағы үшін бақылаудан босату туралы 2 ескертудің 3А002 тармағына да қатысы бар.
3Е002
3Е003 «Әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған басқа да «технологиялар»:
а. Вакуумды микроэлектрондық аспаптар;
b. Жоғары жылжымалы электронды транзисторлар секілді гетероқұрылымды жартылай өткізгішті аспаптар, гетероқұрылымды биполярлы транзисторлар, квантты ойықтары бар аспаптар немесе жоғары торлы аспаптар
Ескерту: 3Е003.b. тармағы 31,8 ГГц-дан төмен жиіліктерде жұмыс істейтін жоғары жылжымалы электронды транзисторлар және 31,8 ГГц-дан төмен жиіліктерде жұмыс істейтін гетероқұрылымды биполярлы транзисторлар шығару жөніндегі технологияларды бақыламайды.
с. «Аса өткізгіш электронды аспаптар»;
d. Электронды компоненттерге арналған алмаз пленкалы төсемдер;
е. Изолятор ретінде кремнийдің қос тотығы пайдаланатын интегралды схемаларға арналған «изолятордағы кремний» «төсемдер»;
f. Электрондық компоненттерге арналған кремнийдің карбидінен жасалған төсемдер;
g. 31,8 ГГц немесе одан жоғары жиілікте жұмыс істейтін электровакуумдық шамдар.
3Е003
3Е101 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3А001.а.1 немесе 2., 3А101 немесе 3D101 тармақтарда айқындалған жабдықтарды немесе «ету» «технологиялар»
3Е101
3Е102 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3D001 тармақта бақыланатын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге» арналған «технологиялар».
3Е102
3Е201 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3D001.е.2., 3А001.е.3., 3А201, 3А225-тен 3А233-ті қоса алған тармақтарда айқындалған жабдықты «пайдалануға» арналған «технологиялар».
3Е201
4-Санат
Есептеу техникасы
1-ескерту: Телекоммуникацияда немесе «жергілікті есептеу жүйелерінде» қолданылатын компьютерлер, тиісті жабдықтар мен «бағдарламалық қамтамасыз ету» де 5-санаттың 1-бөлімінде (Телекоммуникация) көрсетілген сипаттамаға сәйкестігіне орай талдануы тиіс.
2-ескерту: орталық процессорлардың шиналарды немесе арналарын, «жедел есте ұстау» немесе магнитті дискілердегі жинақтауларды бақылаушыларды тікелей байланыстыратын басқару құрылғылары 5-санаттың 1-бөлімінде қарастырылатын телекоммуникациялық аппаратура ұғымына кірмейді (Телекоммуникациялар).
Ерекше ескерту: Пакеттер коммутациясы үшін арнайы жасалған «бағдарламалық қамтамасыз етудің» бақылау мәртебесін анықтау үшін 5D001 тармақты пайдалану қажет (Телекоммуникациялар).
3-ескерту: Криптография, криптоталдау, ақпаратты көп салалы қорғауды сертификаттау функциясын немесе пайдаланушыларды оқшаулау не электромагниттік сәйкестікті шектеу (ЭМШ) функциясын атқаратын компьютерлер, тиісті жабдықтар мен «бағдарламалық қамтамасыз ету» де 5-санаттың 2-бөлімінде («Ақпаратты қорғау») көрсетілген сипаттамаға сәйкестігіне орай талдануы тиіс.
4А Жүйелер, жабдық және компоненттер
4А001 Төменде аталған ЭЕМ және тиісті жабдықтар, сондай-ақ «электронды жиынтықтар» және олар үшін арнайы жасалған компоненттер;
Ерекше ескерту: сондай-ақ 4А101 қараңыз
а. Арнайы жасалған, мынадай сипаттамаларға ие:
1. Техникалық шарттар бойынша сыртқы ортаның 228 К (-45oС)-тен
төмен немесе 358 К (85oС)-тен жоғары температурада жұмыс істеу үшін жарамды;
Ескерту: 4А001.а.1. тармағы азаматтық автомобильдер мен темір жол локомотивтері үшін арналған компьютерлерге қолданылмайды.
2. Радиациялық-шыдамды, төмендегі талаптардың кез-келгенінен асып түсетін:
а. Сіңірушілік дозасы = 5 х 103 рад (кремний);
b. Доза күшінің төмендеуі = 5 х 106 рад (кремний)/с; немесе
с. Жоғары энергетикалық бөлшектерден төмендеу = 1 х 10-7 қате /бит/ күн;
b. 5-санаттың (Ақпаратты қолдау) 2-бөлігінде көрсетілген шектен тыс сипаттамаларға немесе функциональдық ерекшеліктерге ие.
Ескерту: 4А001.b тармағы пайдаланушы жеке өзі пайдалану мақсатымен алып жүретін компьютерлер мен тиісті жабдықтарға қолданылмайды.
4А001 а. 4А001 b. 4А002 | 8471 30 000 0 8471 41 000 0 8471 49 000 0 8471 50 000 0 8471 30 000 0 8471 41 000 0 8471 49 000 0 8471 50 000 0 8471 30 |
4А003 «Құрастырылмалы компьютер», «электронды құрастырмалар», тиісті жабдық және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер
1-ескерту: 4А003 тармаққа мыналар жатады;
а. векторлық процессорлар;
b. матрицалы процессорлар;
с. сигналды өңдейтін цифрлы процессорлар;
d. қисынды процессорлар;
е. «бейне сапасын жақсаруға» арналған жабдықтар;
f. «сигналдарды өңдеуге» арналған жабдықтар.
2-ескерту: 4А003 тармақта баяндалған «цифрлық компьютерлердің» және тиісті жабдықтардың бақылау мәртебесі, егер төмендегідей болған жағдайда, басқа да жабдықтың немесе басқа жүйелердің бақылау мәртебесімен айқындалады:
а. «цифрлық компьютерлер» немесе тиісті жабдықтар басқа жабдықтардың немесе басқа жүйелердің жұмыс істеуі үшін қажет болса;
b. «цифрлық компьютерлер» немесе тиісті жабдықтар басқа жабдықтардың немесе басқа жүйелердің негізгі элементі бола алмаса; және
1-ерекше ескерту:
Функциялары басқа жабдықтың функциональдық қызметімен шектелген басқа жабдықтар үшін арнайы жобаланған «сигналдарды өңдеу» немесе «бейне сапасын жақсару» жабдықтарының бақылау мәртебесі, алғашқысы «негізгі элементінің» белгісімен сәйкес келгеннің өзінде, басқа жабдықтың бақылау мәртебесімен айқындалады,
2-ерекше ескерту:
«Цифрлық компьютерлердің» немесе телекоммуникациялық аппаратураларға арналған тиісті жабдықтың бақылау мәртебесін анықтау үшін 5-санаттың (Телекоммуникациялар) 1-бөлігін қараңыз.
с. «Цифрлық компьютерлерге» және тиісті жабдықтарға арналған «технология» 4Е тармағының әрекетіне түседі.
а. «тоқтамауға төзімділікті» қамтамасыз ету үшін әзірленген немесе модификацияланған;
Ескерту: «Цифрлық компьютерлер» мен тиісті жабдықтар, егер оларда төмендегілердің кез келгені пайдаланылатын болса, 4А003.а тармағының мақсаты үшін «тоқтамауға төзімділікті» қамтамасыз ету үшін әзірленген немесе модификацияланған болып есептелмейді:
1. Жедел жадта сақталатын қатені табу мен түзету алгоритмі;
2. Екі «цифрлық компьютердің» өзара байланысы, егер белсенді орталық процессор істен шықса, күтуші, алайда қадағалаушы орталық процессор жүйенің функциясын жалғастыра алады;
3. Бірінші орталық процессор істен шығып, жүйенің жұмыс істеуін жалғастыру үшін бірінші орталық процессор оның жұмысын өзіне алатындай екінші орталық процессордың басқа жұмысты орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін екі орталық процессордың ақпарларды беру арналары арқылы немесе жалпы жадыны қолдану арқылы өзара байланысы; немесе
4. Бірінші орталық процессор істен шыққанда екінші орталық процессор оның жұмысын танып, істен шыққан құрылғының міндеттерін қалпына келтіретіндей «бағдарламалық қамтамасыз ету» арқылы біріктірілген екі орталық процессордың үйлесімділігі.
b. «Жиынтық теориялық өнімділікке» ие («ЖТӨ») 190 000 жоғары Смтоп (секундына миллион теориялық операциялар) «цифрлық компьютерлер»;
с. «Есептеу элементтерін» біріктіру жолымен өнімділікті көтеру үшін біріктірілген құрастырмалардың теориялық өнімділігінің жиынтығы 4А003.b. тармағында көрсетілген шектеуден асатындай етіп арнайы әзірленген немесе модификацияланған «электронды құрастырмалар»;
1-ескерту: 4А003.c. тармағы «электронды құрастырмалармен» байланысты емес түрде қойылған жағдайда, тек қана 4А003.b. тармағында көрсетілгеніндей шектен аспайтын «электрондық құрастырмалар» мен бағдарланатын өзара байланыстарға ғана таралады. Ол 4А003.d. немесе 4А003.е. тармақтары бойынша бақыланатын, құрылымы тек тиісті жабдық ретінде пайдалану үшін жарамды «электрондық құрастыруларға» жарамды емес.
2-ескерту: 4А003.c тармағы ең жоғарғы конфигурациясы 4А003.b. тармағында көрсетілгендей шектен аспайтын өнім немесе өнімдердің тұтас бір тобы үшін арнайы әзірленген «электрондық құрастырмаларды» бақыламайды.
d. Пайдаланылмайды;
е. 3А001.а.5. тармағында көрсетілгеніндей шектен аспайтын аналогті-цифрлық өзгерістерді орындайтын жабдық;
f. Пайдаланылмайды;
g. «Цифрлық компьютерлердің» немесе тиісті жабдықтың сыртқы жалғануын қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген және 1.25 Гбайт/с-тен астам жылдамдықпен мәлімет беруге қол жеткізетін жабдық.
Ескерту: 4А003. тармақ бойынша ішкі қосындыларға арналған жабдық (мысалы, артқы панелдер, шиналар), қосындыларды қамтамасыз етуге арналған пассивті жабдық, «желілік бақылаушылар» немесе «коммуникациялық арналар бақылаушылар» бақыланбайды.
4А003а А003b. 4А003 с. 4А003 d. 4А003 е. 4А003 f. 4А003 g. | 8471(аналогтық немесе гибридтық есептегіш машиналарынан басқа) 8443 31 8443 32 8528 41 000 0 8528 51 000 0 8528 61 000 0 8517 62 000 8471(аналогтық немесе гибридтық есептегіш машиналарынан басқа) 8443 31 8443 32 8528 41 000 0 8528 51 000 0 8528 61 000 0 8517 62 000 8471 (аналогтық немесе гибридтық есептегіш машиналарынан басқа) 8471 90 000 0 8525 60 000 0 8517 12 000 0 8517 61 000 8543 90 000 1 8471 90 000 0 8517 61 000 |
4А004 Төменде аталған ЭЕМ, арнайы әзірленген тиісті жабдық, «электрондық құрастырма» және оларға арналған компоненттер:
а. «Систоликалық матрицалы ЭЕМ»;
b. «Нейрондық ЭЕМ»;
с. «Оптикалық ЭЕМ»;
4А004 а. 4А004 b. 4А004 с. | 8471 8471 8471 |
4А101.а.1. тармақта айтылғандардан басқа, 9А004 тармақ бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе тармақ бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін конструкциясы күшейтілген немесе модификацияланған аналогті компьютерлер, «цифрлық компьютерлер» немесе цифрлық дифференциальды талдағыштар.
4А102 9А004 тармақ бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттардың немесе 9А104 тармақ бойынша бақыланатын ракета-зондтар жобасын модельдеу, кейіптеу немесе интеграциялау үшін арнайы әзірленген «гибридті компьютерлер».
Ескерту: Бұл бақылау жабдық 7D103 немесе 9D103 тармақтары бойынша бақыланатын бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтылған жағдайда ғана қолданылады.
4В Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
Жоқ.
4С Материалдар
Жоқ.
4В Бағдарламалық қамтамасыз ету
Ескерту: Басқа санаттарда көрсетілген жабдықты «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін «бағдарламалық қамтамасыз етудің» бақылау мәртебесін тиісті санат айқындайды. Берілген санатта осы санаттың жабдығы үшін «бағдарламалық қамтамасыз етудің» бақылау мәртебесі айқындалған.
4D001 а. 4А001-ден 4А004-ке дейінгі немесе 4D тармақтар бойынша бақыланатын жабдықты «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» немесе «бағдарламалық қамтамасыз ету» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
b. 4D001.а. тармағы бақылайтын «бағдарламалық қамтамасыз етуден» өзгеше, төменде санамаланғандарды «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
1. Секундына 28 000 миллион теориялық операциядан асатын (Мtops) «құрамдас теориялық өнімділікке» (ҚТӨ) ие цифрлық ЭЕМ; немесе
2. 4D001.b.1, тармағында белгіленген «ҚТӨ» шоғырлануының шегін арттыру үшін «есептеу элементтерінің» шоғырлану (конфигурациялау) функциясын жақсарту үшін арнайы әзірленген және модификацияланған «электрондық жинама».
4D001
4D002 4Е тармақ бойынша бақыланатын «технологияларды» қолдау үшін арнайы жобаланған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
4D002
4D003 Арнайы «бағдарламалық қамтамасыз ету», мыналар сияқты:
а. «Бастапқы мәтінде» «мәліметтерді көп ағынды өңдеу» жабдығы үшін арнайы әзірленген операциялық жүйелерді «бағдарламалық қамтамасыз ету», «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеу» үшін инструментарий және компиляторлар;
b. Пайдаланылмайды;
с. 5-санаттың («Ақпаратты қорғау») 2-бөлігінде көрсетілген шектен асатын сипаттамаға ие немесе функцияны атқаратын «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
Ескерту: 4А001.c тармақ пайдаланушы жеке өзінің пайдалану мақсатына алып жүретін «бағдарламалық қамтамасыз етуге» қолданылмайды.
4D003
4Е Технологиялар
4Е001 4А немесе 4D тармақ бойынша бақыланатын, Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» жабдығы немесе «бағдарламалық қамтамасыз ету» үшін арналған «технологиялар».
b. 4Е001.а. тармағымен бақыланатындардан басқа, төменде көрсетілгендерді «әзірлеу», «өндіру» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «технологиялар»:
1. Секундына 28 000 миллион теориялық операциядан асатын (Мtops) «құрамдас теориялық өнімділікке» (ҚТӨ) ие «цифрлық ЭЕМ-дар»; немесе
2. 4Е001.b.1 тармағында белгіленген, «ҚТӨ» концентрациясының шегін арттыру үшін есептеу элементтері шоғырлануын (конфигурациясын) жақсарту үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «электрондық жинақтамалар».
4Е001
«Теориялық жиынтық өнімділікті» («ТЖӨ») есептеу жөніндегі техникалық ескерту
Осы техникалық ескертуде пайдаланылатын қысқартулар:
«ЕЭ» Есептеу элементі (қарапайым арифметикалық қисынды құрылғы)
ЖҮ Жүзбелі үтір
ТҮ Тіркелген үтір
Т Орындау уақыты
ХОR Жоюшы немесе
ОП Орталық процессор
ТӨ Теориялық өнімділік (бір «ЕЭ»)
«ТЖӨ» Теориялық жиынтық өнімділік (барлық «ЕЭ»-лердің)
R Есептеудің тиімді жылдамдығы
СҰ Сөздің ұзындығы
L Сөз ұзындығын түзету
х Көбейту белгісі
«t» орындау уақыты микросекундпен белгіленеді, ТӨ және ТЖӨ секундына миллион теориялық операциялармен (Смтоп) көрсетіледі, СҰ битпен белгіленеді.
ТЖӨ есептеудің негізгі тәсілі
«ТЖӨ» - бұл секундына миллион теориялық операциялар есептеу өнімділігінің шамасы, есептеу элементтерінің ЕЭ конфигурациясының «ТЖӨ» есептеп шығару кезінде мына үш кезеңді орындау қажет:
1. Әрбір «ЕЭ» үшін тиімді есептеу жылдамдығын анықтау;
2. Бұл жылдамдық (К) үшін сөз ұзындығын (L) түзету керек, нәтижесінде әр «ЕЭ» үшін теориялық өнімділікті (ТӨ) бермек;
3. Егер «ЕЭ» біреуден артық болса, онда ТӨ-ні біріктіру және осы конфигурация үшін ТЖӨ жалпы санын алу керек болады.
Толық баяндалуы төменде көрсетілген.
1-ескерту: Ортақ жадыға, сондай-ақ әрбір ішкі жүйе жадысына ие ішкі жүйелерге біріктірілген көптеген «ЭЕ» үшін «ТЖӨ»-ні есептеу екі кезеңде жүргізіледі: алдымен «ЕЭ» бірлесіп пайдаланылатын есте сақтау құрылғысымен топтарға біріктіріледі, содан кейін ұсынылған әдісті пайдалану арқылы жалпы жадыға ие емес барлық «ЕЭ» топтары үшін «ТЖӨ» есептеліп шығарылады.
2-ескерту: Іс-әрекет жылдамдығы мәліметтерді енгізу-шығару құрылғысының және шеткері функциональдық блоктар жұмысының жылдамдығымен шектеулі (мысалы, дисковод, беру және дисплей жүйелерін бақылаушылар) «ЕЭ» «ТЖӨ»-ні есептеу кезінде біріктірілмейді.
«ТЖӨ» Бойынша техникалық ескерту
Төменде келтірілген кестеде әрбір «ЕЭ» үшін R-дің тиімді жылдамдығын есептеп шығарудың есептеу әдісі көрсетіледі:
1-кезең: R-ді есептеп шығарудың тиімді жылдамдығы
Әрекеттерді орындаушы «ЕЭ» үшін: Ескерту: әрбір «ЕЭ» жеке-дара бағалануы тиіс | R-ді есептеп шығарудың тиімді жылдамдығы |
Тек ТҮ-ден | 1 (Rxp)=---------- 3x(txpadd) егер қосу операциялары болмаса: 1 (Rxp)=--------- (txpmult) Егер де қосу операциясы, не көбейту операциясы болмаса, онда Rтү бар арифметикалық операциялардың ең шапшаңы арқылы есептеледі 1 (Rxp)=-------- 3x(txp) X және Z ескертулерін қараңыз |
Тек ЖҮ-ден | 1 1 (Rfp)=max-------,------- (tfpadd) (tfpmult) X және Z ескертулерін қараңыз |
Екі түрі - ТҮ-ден және ЖҮ-ден. (R) | Rпү, Rжү екі маңызын есептеп табу |
Көрсетілген арифметикалық операцияларды орындамайтын қарапайым логикалық процессорлар үшін | 3 R=-------- 3xtlog Мұндағы tlog - «жоққа шығарушы ИЛИ»-ді орындаудың немесе «жоққа шығарушы ИЛИ»-ді орындамайтын аппараттық логика үшін уақыт, ең шапшаң және қарапайым логикалық операция. X және Z ескертулерін қараңыз |
Көрсетілген арифметикалық және қисынды операцияларды орындамайтын арнайы қисынды процессорлар үшін. | R=R'x WL/64, Мұндағы R' - секундтағы нәтижелер саны, WL - логикалық операциялар орындалатын биттер саны, ал 64-64 биттік операцияның қалыптасу факторы. |
W ескерту: Деректерді ағындық өңдеу режимінде жұмыс істейтін және әрбір машиналық тактіде бір арифметикалық немесе логикалық операциялар орындауға арналған «ЕЭ» үшін есептеу жылдамдығы цикл аяқталған соң айқындалуы мүмкін. Мұндай «ЕЭ» үшін есептеудің тиімді жылдамдығы (R) мәліметтерді ағындық өңдеу режимінде онсыз режимдегіге қарағанда жоғары.
X ескерту: Бір цикл ішінде көп мәрте арифметикалық операциялар орындайтын «ЕЭ» үшін (мысалы, цикл ішінде екі қосу немесе цикл ішінде екі тәуелсіз логикалық операциялар) t орындау уақыты былайша есептеледі:
циклдың уақыты t =
бір машиналық циклдегі тәуелсіз операциялардың саны
Бір машиналық циклде түрлі үлгідегі арифметикалық немесе логикалық операцияларды орындайтын «ЕЭ» бір мезгілде жұмыс істейтін көптеген жекелеген «ЕЭ» (мысалы, бір циклде қосу және көбейту операцияларын орындайтын «ЕЭ» екі «ЕЭ» ретінде қаралуы тиіс, олардың біреуі бір циклде қосуды, ал екіншісі - көбейтуді орындайды) ретінде қаралуы тиіс. Егер жекелеген «ЕЭ» скалярлы да, сондай-ақ векторлы де функцияларды орындайтын болса, онда орындаудың ең қысқа уақытының мәні пайдаланылады.
Ү ескерту: Егер «ЕЭ» ЖҮ-мен не қосу операцияларын, не ЖҮ-мен көбейту операцияларын орындамай, бірақ ЖҮ-мен бөлу операцияларын орындайтын болса, онда:
1
Rжү =
t бөлу ЖҮ
Егер «ЕЭ» кері шаманы алу операцияларын орындап, бірақ ЖҮ-мен не қосу операцияларын, ЖҮ-мен не көбейту немесе бөлу операцияларын орындамайтын болса, онда:
1
Rпз = t ЖҮ кері шамасын алу
Егер көрсетілген командалардың бірде-біреуі орындалмайтын болса, онда орындаудың тиімді жылдамдығы R жү=0
Z ескерту: Қарапайым қисындық операция - бұл бір командада берілген ұзындықтың екі операндасынан артық емес бір логикалы іс-қимыл орындалатын операция. Күрделі логикалық операция - бұл бір командада екі немесе одан көп операндалармен көп мәрте қисындық іс-қимылдар орындалатын және бір немесе бірнеше нәтижелер берілетін операция.
Есептеулердің жылдамдығы операндалардың барлық қолдау көрсетілетін ұзындықтары үшін есептеледі, бұл ретте деректерді өңдеудің екі режимі де ағындағы да (егер қолдау көрсетілсе) және ағындық емесі де қаралады және мыналарға негізделген операндоның әрбір ұзындығы үшін ең тез командалар пайдаланылады:
1. Реттіліктегі операциялар немесе регистр-регистр операциялары. Алдын ала айқындалған операндоға немесе операндоларға арналған операциялар үшін генерацияланатын орындаудың аса қысқа уақытын болдырмайды. (мысалы, 0 немесе 1-ге көбейту). Егер регистр-регистр үлгісіндегі операцияларға қолдау көрсетілмесе, (2) тармақты басшылыққа алу керек.
2. Регистр-регистр немесе жады-регистр үлгісіндегі ең тез операциялар. Егер мұндай үлгідегі операцияларға қолдау көрсетілмесе, (3) тармақты басшылыққа алу керек.
3. Жады-жады үлгісіндегі операциялар.
Кез келген жағдайда жоғарыда санамаланғандардың ішінен дайындаушының паспорттық деректерінде көрсетілген операцияларды орындаудың ең қысқа уақытын пайдаланыңыз.
2-кезең: СҰ әрбір қолдау көрсетілетін операндоның ұзындығы үшін ТӨ
R (немесе R') есептеулерінің тиімді жылдамдығын L сөз ұзындығын түзете отырып мынадай түрде қайта есептеңіздер:
ТП= R х L
мұндағы L = (1/3 + ДС/96)
Ескерту: Осы есептеуде пайдаланылатын СҰ сөз ұзындығы - бұл биттегі операнданың ұзындығы. (Егер операцияда түрлі ұзындықтағы операндалар іске қосылған болса, ең жоғары СҰ-ны пайдаланыңыз.)
Жүзбелі үтірмен есептеу жүргізуге қабілетті процессордағы немесе функционалдық құрылғыдағы арифметикалық және логикалық құрылғының (АЛҚ) комбинациясы және АЛҚ экспоненттері ТЖӨ-ні есептеу кезінде сөз ұзындығы (СҰ) деректерді ұсынудағы биттердің (32 немесе 64 разрядтағы) санымен барабар бір «ЕЭ» ретінде қаралады.
Бұл есептеу ХОК операциясы пайдаланылмайтын мамандандырылған логикалық процессорларға қолданылмайды. Бұл жағдайда:
ТП=R.
Төмендегілер үшін ТҮ-нің ең жоғары нәтижелі мәнін таңдаңыз: