осы Заң қолданысқа енгізілген, сондай-ақ ақпарат беруші кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шартты қайта жасасқан күнге дейін жасалған, банк қарызы, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыру, вексельдерді есепке алу, кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер шығару шарттары бойынша ақпарат беру жағдайында, «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес, кредиттік бюроларға берілетін ақпаратқа қолданылады;
осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін жасалған, банк қарызы, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыру, вексельдерді есепке алу, кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер шығару шарттары бойынша кредиттік бюроларға берілетін ақпаратқа қолданылмайды. Бұл жағдайда ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) өзі туралы ақпарат беруге кредиттік тарих субъектісінің келісімін ақпарат берушінің алуы мүмкін.
19. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін алынған, өзі туралы кредиттік есепті алуға кредиттік тарих субъектісінің келісімі мемлекет қатысатын кредиттік бюро беретін ақпаратқа қолданылады.
20. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 34-бабының 3-тармағында белгіленген талапқа сәйкес келетін жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акциялары жалпы санының кемінде он пайызы 2013 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында сатып алуға ұсынылуға және бір-біріне, жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) оның ірі қатысушыларына үлестес тұлғалар болып табылмайтын инвесторлардың шектеусіз тобы арасында сұраныс болған кезде, 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өткізілуі тиіс.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметін 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 9) тармақшасының төртінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарында, 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 9) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарында, 17) тармақшасының он төртінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.
21. Уәкілетті орган берген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияларды иеленетін ұйымдармен эмитенттер жасасқан, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттардың қолданысы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады.
22. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттар бірыңғай тіркеушімен ғана жасалады.
23. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркеуші лицензиясының қолданылуы бір айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған, сондай-ақ тіркеуші лицензиядан айырылған жағдайда эмитент осы тіркеушімен жасаған, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі шарт бұзылады.
24. Лицензияларының қолданылуы тоқтатылған тіркеушілер орталық депозитарийге берген, эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттардың 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай тіркеушіге берілуін орталық депозитарий жүзеге асырады.
25. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияларды иеленетін ұйымдар:
1) 2013 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей лицензиялар бланкілерін уәкілетті органға қайтаруға;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттардың берілуін жүзеге асыруға міндетті.
26. Осы баптың 5, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 20, 24 және 25-тармақтарында аталған тұлғалар көрсетілген тармақтарда көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 28-і.
№ 524-ІV